ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 23
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КеАҚ
Жаратылыстану институты, Химия кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Қазақстандағы генетика ғылымының дамуы
Тексерген: Қойлыбаев Жасұлан
Орындаған: 6В01508 –Химия- биология мамандығының
3-курс студенті Ахметова Жауқазын
Алматы, 2023ж.
Жоспар:
-
Кіріспе -
Генетиканың қысқаша даму тарихы және негізгі даму кезеңдері -
Қазақстанда генетиканың дамуы -
Қорытынды -
Пайдаланылған әдебиеттер
-
Кіріспе
Генетика — бүкіл тірі ағзаларға тән тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының бір саласы. Ағзалардың тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі туралы ғылымды генетика деп атайды (грекше “genetіkos” — шығу тегіне тән). Бұл атауды 1906 жылы ағылшын биологы У.Бэтсон ұсынды.
Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің заңдылықтарын ашып, оларды қоғамды дамыту үшін пайдаланудың жолдарын шешуде генетика ғылымы зор үлес қосты. Сондықтан, биология ғылымының басқа салаларының арасында маңызды орын алады. Жер бетіндегі тірі материяның дамуы олардың үздіксіз ұрпақ алмастыруымен қатар жүріп отырады. Тіршілік организмдердің көбеюімен тікелей байланысты. Сол арқылы белгілі бір биологиялық түрге тән белгілер мен қасиеттер ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Басқаша айтқанда, ұрпақтар белгілі дәрежеде өзінің ата-анасына ұқсас болып туады. Мұны тұқым қуалаушылық дейді. Көпшілік жағдайда организмнің белгілері мен қасиеттері өзгермей біршама тұрақты түрде берілетіндіктен, ұрпағы ата-аналарына ұқсас болып келеді. Бірақ олардың арасында толық ұқсастық болмайды. Бір ата-анадан тарайтын ұрпақтың бір-бірінен қандай да бір белгісі жөнінен айырмашылығы болады.Организмнің тұқым қуалаушылық қасиеті сыртқы орта факторларының әсерінен үнемі өзгеріп отырады. Оны — өзгергіштік дейді. Көбею барысында организмнің белгілі бір қасиеттерінің тұрақты сақталуымен қатар, екінші біреуі өзгеріске ұшырайды. Осыған байланысты олар жаңарып, түрлене түседі.Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік — бірімен-бірі қатар жүретін, бір жағынан бір-біріне қарама-қарсы, өзара тығыз байланысты процестер.
II. Генетиканың қысқаша даму тарихы және негізгі даму кезеңдері
Тұқым қуалаушылық туралы алғашқы түсініктерді тіпті ертедегі грек ғалымдары да берген болатын. Грек дәрігері Гиппократ (біздің эрамызға дейінгі 400 жылдары) әкесінің де, шешесінің де "тұқымы" организм клеткаларының экстрактыларынан тұрады, бұл экстракт өзінің таңбасын жаңа дараға жеткізеді және оның белгілі бағытта дамуын басқарады деген болжам ұсынды. Генетиканың дамуына Ч.Дарвиннің "Түрлердің пайда болуы" деген еңбегі өте үлкен әсер етті. Өз еңбектерінде Ч.Дарвин пайдалы өзгергіштікке негізделген қолдан сұрыптаудың творчестволық мәнін ашып берді. Тұқым куалау құбылысын түсіндірмекші болып 1868 жылы өзінің пангенезис гипотезасын ұсынды. Ол гипотеза бойынша эмбриондар мен эрғанизмдердің барлық клеткаларында, тканьдерінде өте ұсақ бөлшектер геммулалартүзіледі; ол геммулалар өсімдіктер мен жануарлардың тамыр жүйкелері арқылы қозғала отырып жыныс клеткаларына жетеді. Организмнің барлық бөліктерінің құрылымы мен функциялары туралы ақпарат (хабар) осы жолмен жыныс клеткаларына түседі. Бірақ, дене шеткалары бөлшектерінің жыныс клеткаларына осылайша жеткізілуі гуралы түсінік дұрыс емес еді, кейінірек көптеген басқа зерттеушілердің жүргізген тәжірибелерінің нәтижелері бұл түсінікті жоққа шығарды. Дегенмен бұл гипотезада ұрпақ белгілерінің дамуын анықтайтын жыныс клеткаларында ерекше бөлшектер болады, деген дұрыс болжам бар еді.
Сол кезеңдегі бірқатар ғалымдар (Англияда - Т.Найт, Германияда Гертнер, Францияда - Ш.Ноден т.б.) тұқым қуалау заңдылықтарын ашуға тырысты. Бірақ, генетика үшін аса маңызды ғылыми деректер жинақталғанымен тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтары толық анықталмады.
1865 жылы чех жаратылыстану зерттеушісі Грегор Мендельдің "Өсімдік будандарымен тәжірибелер" атты еңбегі жарық көрді. Өсімдіктерді будандастыру бойынша қойылған ұқыпты тәжірибелер оған тұқым қуалаудың негізгі заңдарын ашуға мүмкіндік берді. Осы зерттеулерінің нәтижесі 1865 жылы Брно (Словакия) қаласы табиғат зерттеушілер қоғамының отырысында баяндалды. Бірақ, оның жұмысы өз замандастарының арасында толық қолдау таппады, сонымен Мендельдің ілімі 35 жыл бойы ұмыт қалды.
1900 жылы Г.Д.Фриз (Голландия), К.Корренс (Германия), Э.Чермак Австрия) бір-бірімен байланыссыз, әртүрлі объектілермен тәжірибелер жүргізіп, Мендель тапқан белгілердің тұқым қуалау заңдылықтарын қайтадан ашты, сондықтан осы 1900 жыл генетиканың дүниеге келген, яғни туған жылы деп есептелінеді. Тұқым қуалау заңдарының қайтадан ашылып жарық көруі, өсімдіктер мен жануарлардың басқа түрлерінде де осы заңдылықтардың болатындығын тексеруге арналған жұмыстардың әрі қарай жүргізіле беруіне мүмкіндік тудырды. Нәтижесінде Мендель ашқан тұқым қуалау заңдарының универсальды (әмбебап, жан-жақты) және материалдық негізі бар екендігі анықталды. Көптеген зерттеушілер организмдердің тұқым қуалау ерекшеліктері ген деп аталатын хромосома бөлшегіне тәуелді деген қорытындыға келді.
Өзінің келесі даму тарихында генетика бірқатар кезеңдерден өтті, ол кезеңдер бір-бірімен өте тығыз байланысты. Бұл ғылымның келесі кезеңге көшу мүмкіндігі ондағы ашылған жаңалықтарға байланысты. Генетиканың даму тарихын шартты түрде негізгі бес кезеңге бөлуге болады.
• Бірінші кезең 1900-1912 жылдар аралығы. Бұл жылдар Мендель ашқан тұқым қуалау заңдылықтарының беку жылдары болды. Әр түрлі елдерде, түрлі объектілермен жасалған гибридологиялық тәжірибелерден орасан көп деректер алынды, олар Мендель ашқан тұқым қуалау заңдарының универсальды сипатта екендігін толық дәлелдеді. Аз жылдар ішінде генетика өз алдына ғылым болып қалыптасты және кең көлемді ғылым ретінде танылды. 1906 жылы ағылшын ғалымы У.Бэтсон жаңа ғылымның атын - генетика деп атауды ұсынды (латынның geneo - шығу тегіне, тууға қатысты). 1909 жылы Дания ғалымы В.Иоғансен ген, генотип және фенотип деген терминдерді ұсынып, оларды биологиялық әдебиеттерге енгізді. Голландия ғалымы Г.Де Фриз 1901 жылы мутациялық өзгергіштік теориясын ұсынды, ол теория бойынша организмдердің тұқым қуалайтын қасиеттері мен белгілері кенеттен өзгереді деген ұғым қалыптасты.
• Генетиканың дамуының келесі кезеңінде (шамамен 1912 жылдан 1925 жылға дейін) тұқым қуалау факторлары хромосомалармен байланысты екені дәлелденді. Тұқым қуалаудың хромосомалық теориясын жасауда АҚШ ғалымы Т.Г.Морганның және оның шәкірттерінің (А.Стертевант, Г.Меллер, К.Бриджес) жұмыстары маңызды роль атқарды. Бұл авторлар, кейінірек генетикалық зерттеулердің негізгі объектісі болған жеміс шыбыны дрозофиламен жасаған тәжірибелерінде, гендердің хромосомаларда бірінен соң бірі тізбектеле орналасатындығын, әр геннің онда белгілі орны болатындығын және гендердің бір-бірінен белгілі бір ара қашықтықта орналастындығын анықтады. Тұқым қуалаудың хромосомалық теориясы биологияның ең ірі жетістігі болды, бұл теория тек генетикалық мәліметтерге ғана емес, сол сияқты митоз және мейоздағы хромосомалардың қозғалу сипатына, тұқым қуалаудағы ядроның ролі туралы мәліметтерге де сүйенді. Генетиканың дамуының бұл кезеңінде көптеген белгілі генетиктер құнды зерттеулер жүргізді. Генетиканың көптеген проблемалары бойынша кең көлемде жүргізілген зерттеулер нәтижесінде ол жылдары қысқа мерзім ішінде тұқым қуалауды зерттеу саласында бұрынғы Кеңес үкіметі алдыңғы мемлекеттердің қатарына шықты. Генетиканың дамуында Н.К.Кольцовтың, Ю.А.Филипченконың, З.И.Вавиловтың, Г.Д.Карпеченконың, А.С.Серебровскийдің т.б. ғалымдардың еңбектері маңызды роль атқарды.
• Генетиканың дамуының үшінші кезеңінің (шамамен 1925-1940 жылдары) ең басты ерекшелігі - мутацияларды қолдан алу мүмкіндігінің ашылуы. 1925 жылы орыс ғалымдары Г.А.Надсон мен Г.С.Филиппов саңырауқұлақтармен, ал 1927 жылы АҚШ ғалымы Г.Меллер дрозофиламен жасаған тәжірибелерінде рентген сәулелерінің тұқым қуалайтын өзгергіштіктердің пайда болуына себепкер екендігі туралы мәліметтерді. Кейінірек 30-40 жылдары химиялық қосылыстардың да мутациялар тудыратыны анықталды (В.В.Сахаров, М.ЕЛобашев, И.А.Рапопорт). Бұл кезеңде эволюцияның генетикалық негіздерін зерттеу бағытындағы жұмыстар да дамыды (С.С.Четвериков, Р.Фишер, Дж.Холдейн, С.Райт).
• Төртінші кезең шамамен 40-шы жылдардан 1955 жылға дейінгі уақытты қамтиды. Бұл кезең биохимиялық және физиологиялық белгілер генетикасы бойынша ғылыми жұмыстардың дамуымен сипатталады. Әртүрлі организмдердің, соның ішінде дрозофила мен нейроспораның тұқымқуалайтын белгі-қасиеттерінің қалыптасуы негізінде биохимиялық процестердің жататындығын зерттеу геннің әрекетін түсіндіруге мүмкіндік туғызды. Дж. Бидл және Э. Тэтум қандай болмасын ген организмде бір ғана ферменттің түзілуін анықтайды деген қорытындыға келді. Содан келіп, "бір ген - бір фермент", деген ұғым қалыптасты, кейінірек бұл ұғым "бір ген -бір белок", "бір ген - бір полипептид" деген қағидаға ұласты. Микроорганизмдер гендерінің құрылымын молекулалық деңгейде талдауға мүмкіндік беретін бірсыпыра жаңа генетикалық құбылыстар ашылды. Генетиканың даму тарихындағы осы кезеңнің соңғы жылдарында бактерияларда генетикалық трансформация мен трансдукция құбылыстарының табиғаты анықталды. Вирустардың инфекциялық элементі олардың өз нуклеин қышқылдары болып табылатындығы белгілі. Ф.Крик пен Дж.Уотсонның 1953 жылы ДНҚ молекуласының құрылысын анықтауы аса зор жетістік болды. Молекулалық биология мен молекулалық генетиканың келешектегі көптеген бағыттарының дамуында ДНҚ-ның құрылысының анықталуы орасан зор роль атқарды.
Қарастырылып отырған кезеңнің басында бұрынғы Кеңес Одағында генетикалық зерттеулер біршама қарқынды дамып, дүние жүзіндегі алғашқы орындардың біріне ие болды. Бірақ, 40-шы жылдардың соңында КСРОда Мендель заңдарын, тұқым қуалаушылықтың хромосомдық теориясының негізгі қағидаларын толық жоққа шығарған Т.Д. Лысенконың көзқарасы кең етек алды.
1948 жылдың тамыз айында ВАСХНИЛ-дің (Бүкілодақтық ауылшаруашылығы академиясы) ғылыми сессиясы болып, әртүрлі ғылыми мекемелерде жүргізіліп жатқан генетикалық зерттеулер лысенкошілдер тұрғысынан қатаң сынға алынды. Соның салдарынан генетикалық ғылыми мекемелер мүлдем жабылып атақты генетик-ғалым, академик Н.И.Вавилов бастаған белгілі оқымыстылар қуғынға ұшырап, көпшілігі абақтыға жабылды. Бұл Кеңес Одағы генетикасы тарихындағы ең ауыр кезең болды.
Т.Д.Лысенкомен оның жолын ұстаған оқымысты сымақтылардың көзқарастарының уақытша қолдау табуы олардың берген ұсыныстарының негізінде ауылшаруашылық өсімдіктері мен жануарларының өнімі күрт артады деген құрғақ уәдеге байланысты болды. Өмір ол ұсыныстардың қате екендігін және Т.Д.Лысенконың жүре пайда болған белгілердің тұқым қуалау туралы антигенетикалық концепциясынық дұрыс еместігін көрсетті.
Бірақ, мұндай өзгерістер болғанға дейін бұрынғы Кеңес Одағында генетикалық зерттеулер жоғарыда айтылғандай тоқтап қалды. Жоғары оқу орындарында генетика пәні оқытылмады және генетикалық әдебиеттердің баспадан шығарылуына тыйым салынды.
КСРОда генетиканың қайта жаңғыруы кеңестік биология ғылымы Т.Д.Лысенконың теріс көзқарастарынан құтылғаннан кейін, тек 60-шы жылдардың бас кезінде ғана басталды.
• Генетиканың қазіргі даму кезеңі (1955 жылдан осы уақытқа дейін) тұқым қуалау құбылыстарын молекулалық деңгейде зерттеумен сипатталады. Генетиканың дамуының осы кезеңінде ашылған жаңалықтарды жай ғана санап айтудың өзі көп орын алар еді, дегенмен осы жетістіктердің кейбіреулерін атап өтейік олар:
-
генетикалық кодтың анықталуы; -
геннің химиялық синтезі; -
кері транскрипция құбылысының табылуы; -
гендердің экзон - интрон құрылымының ашылуы; -
рекомбинанттық ДНҚ технологиясы; -
генетикалық және клеткалық инженерия бойынша жұмыстардың дамуы.
III. Қазақстанда генетиканың дамуы
Ерте заманнан бастап XIX ғасырдың 10—20-жылдарын қамтиды. Бұл кезеңді халықтық селекциялық жұмыстардың кезеңі дейді. Халық қолында бар малдың асыл тұкымын, өсімдіктердің сорттарын сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа беріп жалғастырып отырды. Мысалы, қазақтың атақты Еділбай қойы, қаракел қойлардың түрлері, бидайдың жергілікті сорттары: ақбидай, қожабидай, көжебидай, сырбидай, т.б.
Қазақстанда 1910 жылғы мағлұматтар бойынша, қойдың саны 18,4 млн, басқа түліктер 11 млн болған. Өсімдіктер селекциясында сұрыптау жолымен алынған тарының сортынан Шығанақ Берсиев әр га-дан 210 ц өнім алып, дүниежүзілік рекорд жасады.
Қазақстанда селекциялық жұмыстар бұдан 100 жылдай бұрын (1901— 1910 ж.) басталды. Алғашқы Красноводопад селекциялық станциясы 1906 жылы қазіргі Түркістан облысында құрылды. Ал 1930—1956 жылдары Қазақтың мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Қазақтың егіншілік ғылыми-зерттеу институты (