Файл: азастан Республикасы ылым жне жоары білім министрлігі лкей Марлан атындаы Павлодар педагогикалы университеті.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 127
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті
Педагогика жоғары мектебі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пән «Бастауыш мектепте қазақ (орыс) тілін оқыту әдістемесі»
Тақырып «Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту»
_________________
(баға)
Оқытушы:
___________________________
1.1. (аты-жөні, лауазымы, ғылыми дәрежесі)
1.2. ____________________________
1.3. (қолы) (күні)
Топ ________________________
Студент ____________________
(аты-жөні)
2023
Мамұны
Кіріспе
Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың қазіргі жағдайы
Бастауыш мектепте қазақ тілін жаңа технология бойынша оқыту
Бастауыш мектепте қолдануға тиімді жаңа технологиялар
Оқыту әдісі, оның түрлері
Қорытынды
Кіріспе
Оқытудың жаңа технологияларын бастауыш мектепте қолдану
Бүгінгі таңда адамның қоғамдағы орны, оның әлеуметтік және рухани көзқарасы жаңа талаптарға сай жеке тұлғаны қоғамға жаңаша даярлауда, оның жалпы білімдік және кәсіпке даярлығын дұрыс жолға қоя білуінде. Осыған орай білім берудің тұтас жүйесін құру негізгі мәселелердің бірі болып, үздіксіз тәлім тәрбиеден, яғни от басынан бастап, қоғам саранысын өтей алатын жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
Ал оқушылардың бойындағы білім негіздері бастауыш мектептен бастау алатыны түсінікті. Соңғы жылдарда білім беру туралы, әсіресе, үздіксіз білім беру туралы көбірек сөз қозғалып жүр. Сондықтан мәселені бұл тұрғыдан алғанда, бастауыш мектепте сапалы білім беру шешуші рөлдердің бірін атқаратыны даусыз. Бастауыш мектепте оқитын балалардың жасы төмен болғанына қарап, оларға білім беру де жеңіл болады деген түсініктен аулақ болу керек.
Қазақ тілін оқу-білу не үшін қажет? Себебі қазақ тілі — қазақ реслубликасының мемлекеттік тілі, ол онеркәсіп пен техниканың, ғылым мен мәдениеттің және қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласын қамтып көрсететін бай лексикасымен, қалыптасқан жазу жүйесімен және әр түрлі стильдік тармақтарымен (қөркем сөз стилі, ғылыми стиль, публицистиқалық стиль және т.б.) сипатталады.
Қазақ тілінде көптеғен ғазет -журналдар шығады. Көркем әдеби шығармалар мыңдаған тиражбен басылып, таратылып отырады. Қазақ тілінде ғылыми әдебиеттер шығарылады, ғылымның алуан түрлі саласы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Соның нәтижесінде қазақ тілінің леқсикасы саяси және ғылыми-техниқалық терминдермен толығып баюда.
Қазақ тілінін өзі және оны оқыту әдістемесі арнайы ғылымның зерттеу объектісіне айналып, оның әр түрлі сөздіктері мен тұрақты оқулықтары жасалуда.
Қазақ тілі жалпы білім беретін мектептерде, жоғары жәнс арнаулы оқу орындарында арнайы пән ретінде оқытылуда. Қазақ тілінін жеке грамматикалық категорияларының өзі арнаулы ғылыми-зерттеу жұмысының объектісі болып, олар жөнінде көптеген ғылыми еңбектер жазылуда.
Еліміздің егемендікке қолы жеткеннен бері қазақ тілі орыс және басқа тілдерде жүретін мектептерде міндетті түрде оқытылуда.
Бастауыш сыныпта балалар қазақ тілі сабақтарында нені білуге тиіс?
Балалар бастауыш сыныптарда сауатын ашады, оқуға, жазуға үйренеді, ойын ауызша және жазбаша жүйелі дұрыс, анық, дәл жеткізе алатындай білім алады, оны іске асыру шеберлігін меңгеріп, дағдыланады, яғни дұрыс сөйлеуге үйренеді.
Сөйтіп, қазақ тілін университеттер мен институттардың Бастауыш
оқыту педагогикасы, әдістемесі факультеттерінде және педогогикалық училищелерде оқудағы мақсат – болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне қазақ тілін ("Әліппені", "Әдебиетті оқытуды", "Грамматиканы") оқыту әдістемесінің теориясы жайында жүйелі білім бере отырып, І-ІV сыныптардағы сабақтардын мазмұны мен көлемін,. оларды жүйелі де тиімді жүргізу тәртібін көрсетумен қатар, оны оқыту әдістемесінен орындалатын жұмыс түрлеріне үйрету.
Қазақ тілінің мектепте оқушыларға білім, тәрбие берудегі және оларды дамытудағы маңызы зор. Ана тілінің баға жетпес құдіреті мен қуаты, адамды ерлікке, Отанын, туған халқын сүюге тәрбиелеудегі күшін кезінде К.Д.Ушинский: "Халық тілі — тарих шекарасынан әлдеқайда әріректен басталатын, оның бүкіл рухани өмірінің еш уақытта солмайтын және өмір бойы қайтадан шешек атып тұратын тамаша гүлі. Тілде бүкіл халық, оның күллі елі — барлық, толық ойы мен сезімі туған елінің өлеңінде, әндерінде..-" деп көрсеткен болатын. Сондықтан да ана тілі бастауыш мектептерде ең негізгі пән болып есептеледі. Өйткені ана тілінде оқу-жазуға дағдылану арқылы басқа пәндерді оқып үйренуге жол ашылады. Бұл жөніндеде ұлы педагог К.Д. Ушинский: "Ана тілін толық менгермеген бала тарихты және жаратылыстану ғылымдарын үйренген кезде, теореманы, математиқалық бір есепті өз сөзімен айтып бере алмай, дәл осындай күйге ұшырайды. Ана тілі басқа пәндердің бәріне қатысы бар және олардың нәтижелерін өзіне жинақтайтын басты, өзекті пән екені енді түсінікті емес пе?" — деген болатын.
Балалар ана тілі арқылы адамгершілікке, еңбекке, патриоттық рухқа тәрбиеленеді.
Ана тілінде жақсы оқи алатын бала өзі оқыған немесе айтылған ойды да дәл түсінеді.
Ал мектепте оқытылатын грамматика, әдебиеттік оқу, тіл дамыту сабақтарының, бір жағынан, білімдік мәні, екінші жағынан тәрбиелік мәні, үшіншіден, баланың жеке басындағы қасисеттерді дамытып, олардың әлеуметтік бағдарларын айқындай түсуде орасан зор улес қосатыны мәлім.
Бастауыш мектепте ана тілінен оқушыларға білім, білік, тәрбие беруде және оларды дамытуда мынадай міндеттер іске асырылады:
1. Оқушыларды білімдік, тәрбиелік, дамыту жағынан құнды. Шәкірт ұғымына сай келетін, анық та дәл, көркем тілмен жазылған материалдарды іріктеп алып, қазақ тілі сабақтарында пайдаланып отыру;
2. балаларды дәл, анық, бейнелі сөйлеуге, жүйелі түрде. үнемі дағдыландыру;
3. көркем шығармалар арқылы білім бере отырып, балалардың сезімдеріне әсер етіп, адамға қажетті моральдық қасиеттер. адамгершілік мінез-құлықтардың қалыптасуына жағдай туғызу. Үздіксіз білім беру бастапқы процестен басталып, мемлекеттік жүйе және қоғамдық мекемелермен жалпы біліммен адамды мамандыққа даярлау нәтижесімен көрінісін беруі қажет. Үздіксіз білім беру жүйесі - бір жағынан ыңғайлы, екіншіден, әлеуметтік педагогикалық принцип XXI ғасырдағы тұтас жүйе болып табылады. Үздіксіз білім беру жүйесі адамның өмір бойы жалпы жүйеден, жүйелеп білім алуына бағытталған, білім беру мекемелерінен тұрады. Осы жүйеде мемлекеттік, мемлекеттік емес, жалпы қоғамдық базалы және қосымша білім беретін мекемелердің өзара байланысынан құрылған. Білім беруді тұтас басқару жүйесі: білім беру министрлігі, академиясы, мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары мектеп-университеттер, институттар (магистратура, докторантура), департаменті, қосымша білім беру мәдени-тәрбие ұйымдары, білімді жетілдіру иституттары, білім беру департаменті-аймақтық, облыстық, қалалық, аудандық, ауылдық- орта білім лицей, гимназия, колледж, толық және толық емес білім беру-қалалық политехникалық колледж және ауылдық политехникалық колледждер;
Жалпы вертикал бойынша, мектепке дейінгі, жалпы орта мектеп, кәсіби білім беру, жоғары мектеп, мамандықты көтеру іс-әрекетінің өзгеруіне байланысты қайта даярлау, жалпы білімдік деңгейін және мәдени көзқарасын байыту. Бұл жүйенің компоненттерінің бәрі горизонталды түрғыдан өзара байланысты. Мысалы, мектеп, мектептен тыс, мектепке дейін және отбасы тәрбиесін жатқызуға болады. Байланыс оқыту формасында да мемлекеттік, мемлекеттік емес, қоғамдық мекемелерде байқалады. Үздіксіз білім беру негізі мектепке дейінгі және базалық, жалпы орта мектеп, лицей, гимназия, колледждерде және кәсіби білім берудегі түрлі типтік мекемелерде іске асырылады. Білімнің негізі мен танымдық білік осы мекемелерде қалыптастырылады. Бұндай жағдай жалпы білім беру мекемелерінің әлеуметтік рөлін қамтамасыз ететін және гуманистік, гуманитарлық бағытының мазмүнын. сонымен қатар педагогикалық іс-әрекеттің әдістері мен формасына ықпал етеді.
Бастауыш мектепте жаңа технологияларды пайдалана отырып, қазақ тілін оқыту мұғалімнен қажырлы еңбекті талап ететіндігі сөзсіз. Бұл тұрғыда, педагогикалық менеджмент ұғымына тоқталып өтудің маңызы зор. Менеджмент ұғымы ауда-саттық пен бизнеске қатысты көптеп қолданылып жүргендігі анық. Ал педагогикаға, бастауыш мектепте оқытуға қатысты бұл ұғымды қалай түсіну керек?
Педагогикалық менеджмент принциптер, әдістер, құралдар мен формаларды өзара қатынастықта басқару өнері болып табылады. Педагогикалық менеджмент теориясы жүйені жаңаша басқару практикасына қалай әсер береді? Оның резерві қандай?
Біріншіден, басқару процесінің интенсивті психологизациялануында белгілі бір нәтижеге жетуде, өзара сыйлы қарым-қатынас атмосферасында, ұжымның әр мүшесіне сәттілік пен сенім артылады.
Екіншіден, менеджментті игеру жоғарыдан бұйрық беруші әкімшілік басқару жүйесінен горизонталды кәсіби маманмен қарым-қатынастық жүйеге бағытталған. Бұл жаңа жүйе негізі корпоративтік басқару стилінде құрылған іс-әрекет нәтижесінің максималды шегіне жетуде әр адамның табиғи дарыны және жеке тұлғалық қасиеті ескертіледі.
Үшіншіден, педагогикалық менеджмент әр адамның жеке тұлға ретінде дамуына, педагог пен басқарушының мотивтік ориентациясын координациялауда, білім беру жуйесінің дамуы мен дамушысына жағдай жасайды.
Төртіншіден, жаңа білімді дамытуда және мекеме жүйесін құруда негізгі рөлін мәдени тұрғыдан ұйымдастыруда, жалпы
адамзаттық және үлттық құндылықтарды, әлемдегі мәдениетті игеруде жеке басты жауапкершілігі білім беру стандартында қамтамасыз етілуі керек. Мәдени құрылымдағы білім беру функциясы кәсіпкершілік пен менеджменттік құндылықтардың дамуына ықпал етеді. Соңында барлық білім алушылар кеңістіктігіне қатынасқандарға психолого-педагогикалық комфорттық жағдай туғызады. Демек қазақ тілін оқытудағы қолданатын барлық әдіс-тәсілдердің, амалдар мен формалардың барлығын бір сөзбен педагогикалық менеджмент деп атауға болады.
Педагогикалық менеджменттің құрамында қарастырылатын жаңа технологияларға тоқталмас бұрын, сабақ беру жүйесіндегі дәстүрлі әдіс-тәсілдер топтамасы туралы сөз қозғаудың маңызы зор.
Оқыту әдісі дидактиканың негізгі бір қадамды бөлігі және оның мақсаты, мазмұны, әдістері және ұйымдастыру формаларының біртұтастығы болып табылады. Әдіс деген сөз гректің "методос" деген сөзінен шыққан. Метод деген ұғым - белгіт ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жол-дары деген мағынаны білдіреді. Оқыту әдістері туралы әрбір автор өз анықтамасын береді.
Педаготкалық энциклопедияда "Оқыту әдістері - мұғалім мен оқушылар жүмысының тәсіпдері, солардың көмепмен оқушы білімді, іскерлікті және дағдыны игереді; оқушылардың дүниетанымы қалыптасады, қабілеттері дамиды" - деп жазылған. "Әдіс - дәл, жалпы мағынасында мақсатқа жету, іс-әрекетті нақты ретке келтіру тәсілдері".
Сөздік "Әдіс" - мақсатқа қол жеткізетін жол, тәсіл, белгілі жолмен тәртіпке салынған іс-әрекет" - деген анықтама береді.
"Оқыту әдісі - оқушыларға білім беру және оларды дамыту мақсатында мұғалім оқушылардың бірлесіп жасайтын қызметі мен қарым - қатынасының тәсіл -амалдары", - деген де пікір айтылады.
Оқыту әдістері - оқытушы мен оқушылардың жұмыс істеу әдісі, оның арқасында білім, іскерлік, дағды қалыптасып, оқушылардың дуние танымдылығы мен қабілеттілігі артады.
Оқыту әдістері - мұғалім мен оқушылардың бірлесе жасайтын әрекеті.
Оқыту әдістері - мұғалім мен оқушыпар-дың өзара әрекетінің барысында білім алу жолдары.
Оқыту әдістері - мұғалім мен оқушылар-дың өзара әрекетінің негізінде білім, тәр-бие және таным процесін жетілдіру.
"Әдіске" қатысты аныктамаларда бәріне ортақ пікір: "белгілі бір мақсатты көздеген мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынас және іс-әрекет".
Олай болса, оқыту әдістері - оқытудың мақсат-міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал-тәсілдері мен қуралдарының жиынтығы болып табы-лады. Мұғалім оқыту әдістерінің көмегімен оқушыларға білім беріп, олардың тәжірибелік әрекетін уйымдастыруда өзінің іс-әрекетін оқушылардың таным әрекетіне басшылық етумен байланыстырады.
Оқыту әдісін жүйелеу, топтастыру -үнемі айтыс туғызып келе жатқан педаго-гикадағы күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Оның өзіндік тарихы да бар.
ХХ-шы ғасырдың 20-шы жылдарында белгілі педагог ғалымдар Б.Е.Райков, К.П.Ягодовсжий, М.М.Пистрак т.б. оқытудың түсіндірме, практикалық еңбек, эвристикалық, зертгеу, лабораториялық әдістерін жасады. 30-шы жылдары М.М.Пистрак, П.Н.Шим-бирев, И.Т.Огородников оқытудың жаңа адістврін ұсынды. Бұларға әңгіме, әңпмелеу, көрсету, демонстрация, лекция.кітаппен жұмыс, лабораториялық жұмыс жатады.
1950 жылдардан бастап оқыту әдісін классификациялау мәселесіне айрықша көңіл бөлінді. Грузин педагогы Д.О. Лард-Кипанидзе оқыту әдістерін топтастырып, оны үшке бөлді: сөздік әдістер, кітаппен жұмыс істеу әдістері, оқыту тәжірибелік сабақтар адістері.
50-жылдардың аяғы мен 60-жылдардың басында кеңес дәуірінің дидактары Е.Я.Голант, СХ.Шаповаленко, Н.М.Верзилин білім көзін негізге ала отырып, оқыту әдісінің жаңа классификациясын усынып, оларды үш топқа бөлді: