Файл: азастан Республикасы ылым жне жоары білім министрлігі лкей Марлан атындаы Павлодар педагогикалы университеті.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 131

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Әр турлі деңгейде оқыту мен тәрбиелеу жүйесінде бала тұлғасын дербес дамыту принципі. Бұл барлық жағынан ба-ланың дербес ерекшеліктерін ескере отырып, әр түрлі міндеттерді шешу мумкіндіктерін, алға қойған мақсатты шешудегі қарқындылығын дамыту.

Нәтижелі шығармашылық қызмет принципі.

Бағдарлама мазмұны тек әр пән бойынша білім мен тәрбие беруге және оны меңгертуге ғана емес, сонымен қатар оқушылардың шығармашылық қызметін дамытуға бағытталған. Бұл әр уақытта балалардың эвристикалық қабілеттерін дамыта отырып, оқу іс-әрекетін, оқушылардың қызығушылығы мен бейімділігін дамыту, ойлан тап, ойдан шығар, орында, қиялда, құрастыр, дайында т.с.с жаңа нәтижелер жасауға бағыттайтын тапсырмалар беру арқылы жүзеге асады.

Мәдениеттендіру принципі. Кез келген пәннің мазмұнында оқушылардың жеке басынан бастап оның жалпы мәдениетін көтеру, ол ушін отбасының гигиенасынан басталатын түрлі қатынастың біртіндеп, мәдени орталықтарды, адам баласының қай салада болсын Республикамыздың ғана емес, адамзат тарихынан бастап, қолы жеткен жетістіктерін қамту көзделген.

Экологиялық принцип. Әр сынып сайын оқушының өзін-өзі байқауы, өз әрекетін басқаның тиімді әрекетімен салыстыруы, қоршаған ортаға, табиғатқа адами, мәдени қатынас жасауға мүмкіндік беру жағы қарастырылады.

Өлкетану принципі. Әр пәннің әр тарауы жергілікті материалдармен байланыстыра оқытуды талап етеді. Бұл әрине мүғалімдердің әдістемелік ізденістерін, қосымша материалдардың молдығын керек етеді.

Осы сияқты білім берудің дидактикалық принциптерін сақтай отырып бағдарламаны жүзеге асыру арқылы 12 жылдық білімнің бастауыш буынындағы оқыту мен тәрбие талаптарын қамтамасыз етуге жағдай тумақ. Білім беру барысында осы дидактикалық принциптердің жүзеге асырылуы негізінде баланың жалпы дамуын қамтамасыз ету мәселесі жүзеге аспақ. Олар: баланың жеке бастық іс-әрекетінің, әлеуметтік, зейінінің, тілі мен ойының, қимыл әрекетінің т.б. дамуы қамтамасыз етіледі. Бірақ бұл дамулардың бәрі де бала мүмкіндігінен асып кетпеуге тиісті. Ең басты көңіл аударылатын мәселе - бул баланың денсаулығын сақтау. Баланың ақыл-ой резервтері мен мүмкіндіктерін асыра бағалап алмай, оларды дамытуға лайықты қарым-қатынас әдістерімен қарулану.

Қазіргі таңда бастауыш буында білім берудің ерекшелігін ескеріп, оны жүзеге асыру үшін мектеп жағдайында әлде де болса, бірнеше мәселелердің шешімін табу міндеттері туындайды:


Біріншіден, мектеп мұғалімдерін қайта дайындау. Оларды теориялық тұрғыдан да, әдістемелік түрғыдан да қаруландыру. Бұл тұрғыдан Республикада азды -көпті жағдайлар жасалуда. Әсіресе, эксперименттік мектептер мұғалімдері соңғы 3 жыл ішінде бірнеше рет дайындықтардан өтті. Бұл жағынан Республиканың бүкіл облыс орталықтарының және эксперименттік сыныптары бар аудандары мен ауылдарындағы мұғалімдердің бәрі дерлік авторлар қауымымен тікелей кездесіп, бағдарлама мазмұны мен оқулықтар жайында өз пікірлері мен ойларын еркін ортаға салу дәрежесіне жетіп отыр. Олар алты жасар балалармен жұмыс істеудің біраз ерекшеліктерін меңгеріп қалды десек, артық емес.

Екіншіден, мұғалімдер қауымын оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету. Бұл турғыдан да біраз мәселе бастауыш сыныптарға байланысты жасалды. Әр пән бойынша оқу әдістемелік кешендер дайындалды. Осы тұста айта кетерлік жағдай, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының "Мектепке дейінгі және бастауыш білім" кафедрасының бір топ оқытушылары 12 жылдық білімнің бастауыш буын стандарты, бағдарламасы, оқулықтары және оқу-әдістемелік құралдарының авторлары ретінде көптеген ғылыми әдістемелік еңбектер беріп қана қоймай, Республика бойынша келешекте жаңа жүйемен жұмыс істейтін мұғалімдерді әдістемелік тұрғыдан дайындау ісіне белсенді түрде атсалысып отыр.

Үшінші, яғни 12-жылдық білімге көшудегі басты мәселелердің бірі-оқушыларды керекті оқу құралдарымен қамтама-сыз ету. Бұл мәселе бойынша әр сыныптың әр пәніне арналған оқулықтар мен оқушыларға арналған дәптерлер берілді. Бірақ, мұнымен оқу әдістемелік кешендер қамтамасыз етілді деп қарау қиын. Себебі, әлде де болса оқу ісін күшейтуге, білім берудің тиімді жолдарын іздестіріп, белсенді әдістерді қолдануға жол ашатын көмекші көрнекі құралдар жеткіліксіз.

Бұрынғы кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның киностудиясының көмегімен талай оқу фильмдері, диафильмдер әр пәннен жарық көрген болатын. Қазір олар оралмасқа кетті, тозды, мазмұны ескерді т.б.

Ал осы таңда, бейнелі суреттер, таратып беретін дидактикалық материалдар, қазақ тілінде лотолар (зоологиялық, био-логиялық т.б.), диафильмдер мен кино-фильмдер, хрестоматиялар шығаруға көңіл бөлінбей отыр. Оқу кешеніне оқулықпен бірге дәптер, әдістемелік нұсқау, ең жақсы деген жағдайда, кейбір пәндерден хрестоматия берілсе, соған қанағат етудеміз. Білімге аямай қаржы бөліп отырған жағдайда керекті құралдарға мұндай немқұрайлы қарауға болмайтындығы белгілі. Сондықтан да, бұл мәселеге Білім және ғылым министрлігі тарапынан көңіл бөлінуге тиіс деп ойлаймыз.



Қазіргі ғаламдану заманында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, индустрияның қарыштап өсуі, әлемдік деңгейге көтерілуге бет бұруы кезеңіндегі ұлттық мәдени-тарихи, рухани құндылықтарымызды бойына сіңірген азаматтарға қоғамның сұранысының өсуі мектептерде жас ұрпақ бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, білім жетістіктерін өркениетті елдердің білім деңгейіне көтеру қажеттігін алға тартады.

Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында (1 наурыз, 2006) төртінші басымдық білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі деп атап көрсетілген. Бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуда жастарға білім берудің маңызы ерекше. Осыған орай оқушылардың білім жетістігін өркениетті елдердің білім деңгейіне көтеру, нәтижеге бағдарлап оқыту, ұлттық құндықтарды оқушылар бойында қалыптастыру, білім беруді ізгілендіру, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру, фундаментальді білім беру, қазіргі оқыту технологиясын жетілдіру жәнет.б. басым бағыттарды 12 жылдық мектептің бастауыш сатысындағы пәндер бойынша мемлекеттік міндетті білім стандартын, оқу бағдарламасын жетілдіруде басшылыққа алудың қажеттігі туындап отыр.

Қазір өркениетті елдерде білім берудін, аяқталған сипатынан үздіксіз білім беруге көшу қалыптасуда, қоғамның дамуына сәйкес мектептің бастауыш сатысында тұлғаны дамыту, оның жеке мүмкіндіктерін толық пайдалану қажеттігі туындауда.

Ғылыми-зерттеу барысында Еуропа елдерінде бастауыш білім берудің сапасының жоғары екенін байқадық. Еуропа елдерінде бастауыш білімді неғұрлым ерте жастан бастауға, балаға өмір сүру дағдыларын меңгерту ұстанымдарына басымдық беріліп, ал шет тілдерін екінші тіл ретінде кешірек оқыту ойластырылуда.

Жапония, Корея, Сингапур сияқты Шығыс елдері математика пәнін меңгеруден алдыңғы қатардан көрінуде. Австралия елдерінде кіші жастан көптілділік пен көпмәдениеттілік тәрбие беру өмір салтына айналған. Американдықтар балабақшада және бастауыш мектепте еркіндік пен тәртіп арасын теңестіруге тырысады. Олардың от басындағы бағаланатын құндылықтар мектепте жалғасын табады. Атап айтсақ, балалардың ақыл-ой жағынан аса жоғары дамыған болуы, тәуелсіз болуы, әр нәрсені білуге құштарлығы, ұшқыр қиялды, жақсы сыпайы мәнерінің қалыптасуы, әлеуметтендірілген, ынтымақтасуға дайын болуы жәнет.б. идеяларын қалыптастырады. Кіші жастан балаларды сөз бостандығына, өз пікірін, өз ойын айтуға, өз сөзін қорғауға уйретуге басты назар аударылып, сабақта өте көп сұрақтар қойылады, олардан өз сезімдерін әртүрлі айтулары сұралады. Мектептің алғашқы сатысынан бастап-ақ қазіргі американдық саяси жүйе бойынша сабақтар көптеп ұйымдастырылады. Мұғалім сабақта шығарманың, ойтолғаудың бағытын ғана анықтап береді, одан әрі оқушылар өз ойларын жеткізу түрлерін өздері таңдап, пікір сайыс, талқылаулар, рөлдік ойындар түрінде өткізеді. Пікір талас нәтижесі
алдын ала жобаланбайды, оқушылар өздері бірлесіп айқындап, әр оқушы өзінше орындап, өз пікірлерінде қалады. Америка мектептеріндегі сұрақтар тасқыны, креативтілікті, ойлау қабілетін дамытады.

Америкада қазіргі ең белгілі оқыту әдісі- құрандылық жол (конструктивистік подход) кең тараған. Бұл әдістің тиімділігі бала өз қолымен жасағанды, ұзақ есте сақтайды, баланы өз қолымен білімге жетуге үйретеді. Ғылыми жобалау бағыты құрылған: балалар қандай эксперименттер көмегімен өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап ала алатынын өз бетінше ойлап табады, берілгендерді сараптайды, қорытындылар жасайды, келесі проблемаларды айқындайды. Ал үлкендер (мүғалім, ата-ана, бекітілген ұстаз және т.б.) жолын айтады, кеңес береді, қауіпсіздігін бақылайды, бірақ дайын шешуін бермейді. АҚШ-та "негізгі өмірлік стратегиялық дағдыларды меңгеру "тұжырымдамасына негізделіп, бастауыш мектептегі бағдарламаны реформалау жүргізіледі. Олардың базалық мазмұны ең қажет деген оқу, жазу, есептеу, дағдыларын берік меңгеруді, АҚШ-тың әлеуметтік-саяси құрылысы туралы ілгері түсініктер қалыптастыруды, қоғамдық мораль мен мінез-құлық нормаларын, география, табиғат және оны қорғау туралы түсініктерді қарастыра-ды. Элективті курстар (таңдауы бойынша) ерте жастан орта сатыдағы білімге енуге дайындық база ретінде ойластырылған.

Жапонияда баланың жалпыға ортақ білімді меңгеруге және жеке қабілеттері, бейімі, мүдделері бойынша алынатын диверсификациялық білім беруге көңіл бөлінеді. Онда білім беру жүйесі демократиялық сипаттарға ие: қоғам мүшелерінің білім алудағы теңдігі, мектеп жүйесінің орталықсыздандырылуы, білім беру жүйесінің барлық сатыларының бір-бірімен сабақтастығын қамтамасыз ететін ашықтығы, оқу үрдісінің еркін, шығармашыл ойлап, жұмыс істей алатын адам қалыптастыратын сипатта ұйымдастырылуы. Бастауыш мектепте (1-6 сыныптар) жапон тілі мен арифметикаға оқытуға уақытының негізгі бөлігі берілген. Қалған уақыттарында жаратылыстану, қоғамтану, музыка, адамгершілік сабақтары, дене тәрбиесі, көркемөнер, қолөнері оқытылады Сонымен бірге, "өмір тура-лы" (сейкацу) интегративтік бағдарлама бойынша жаратылыстану және қоғамдық ғылымдар тығыз байланыста варитивті түрде оқытылады.

Қытайдағы бастауыш мектепте баланы дене жағынан, интеллектуальдық, моральдық, эстетикалық тұрғыдан дамытуға, тән саулығы мен ақыл-ойын тәрбиелеуге жағдайлар жасауды міндеттейді.


Қытайда бастауыш мектепте оқу жоспарының жаңа құрылымында мектептегі пәндердің кешенді жүйесі жетекші рөл атқаратындығына бағдарланған.

Өркениетті елдердің мектептің бастауыш сатысында пәндерді оқыту технологиясын жетілдірудегі тенденциялары айқындалды:

- ойын арқылы оқытуға басымдық беру;

- оқушының өз ойын, өз пікірін ескере отырып оқыту;

- зерттеу тәсілдеріне үйрететін инновациялық оқыту;

- оқытуға ақпараттык, және коммуникативтік технологияларды кеңінен пайдалану.

Ж.Аймауытовтың пікірінше оқыту - білім көбейту, ақыл күшейту. Бұл барлық пәндерді оқытуда еске ұстайтын қағида. Оқыту барысында оқушылардың өмір дағдылары жөнінде түсінігі қалыптасып, айналадағы өзін қоршаған орта жөнінде білімі кеңейіп, біртіндеп тұжырымдалып, реттелген сипатқа ие болады. Олар өмірде кездескен әртүрлі қиындықтардан, ситуациялардан алған білімдерін пайдалана отырып, өздері жол тауып шығуға дағдылануы қажет. Сонда оқушы өзі ойланып, өзі дұрыс шешім қабылдауға, өзін-өзі басқара білуге, өзінің ісіне өзі жауап беруге кіші жастан дағдыланады.

З.И.Калмыкова "Жеке басты дамыту, әсіресе интеллекті адамды дамыту тек іс-әрекет нәтижесінде жүзеге асады. Оқушылардың негізгі іс-әрекеті оқу, білім алу. Сондықтан, баланың дамуы оқу барысында болмақ "-деп пікір айтқан.

Л.С.Выгодский - баланың кешегі күнгі дамуы емес, ертеңгі күнгі дамуына қарау керектігін айта келіп, бірінші зона - бүгінгі қолы жеткен сатысы, екінші зона – оған жақын түрған зона, олардың бұрында алған білімдерінің негізінде оқу әрекеттерін күрделендіріп, түрлендіру қажеттігін алға тартады.

Ауыл мектебінің бастауыш сатысындағы оқыту процесінде білім беру іс-әрекет түрінде жүзеге асырылып, өмір дағдыларына қалыптастыру, шығармашылықпен жүмыс істеуге, балалардың өздерінің ізденуіне, зерттеу және тәжірибе жүргізуге бағыт беруі қажет.

Мұғалім белгілі іс-әрекетке оқушыларды ынталандырып отырады.

Леонтьевтің парадигмасы бала психологиясы дамуындағы төмендегідей генетикалық сабақтастықты айқындайды:

- сезімге байланысты қарым-қатынас (жаңа туған балада);

- манипулятивтік іс-әрекет (ерте балалық шақта);

- ойын (мектепке дейінгі кезеңде);

- оқу (кіші жастағы оқушыларда);

- қарым-қатынас (жас өспірімдерде);

- оқу-кәсіптік (жоғары сыныптарда)

-2001 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі мен ЮНЕСКО және Сорос-Қазақстан қоры бірлестікте пилоттық жоба аясында бастауыш білім сапасының мониторингі жүргізілді. Онда мемлекеттік стандарт пен бастауыш сатыда оқушылардың білім, білік және дағдыларының сәйкестігі зерттелді. Ғылыми-зерттеу нәтижесі бойын-ша эксперимент жүргізілген мектептерде білім жетістіктерінен 1-сынып оқушылары бірінші орында, ал 2-сынып оқушыларының білім деңгейінің төмендігі байқалған. Сонымен бірге, ғылыми-зерттеу жұмысының қорытысында оқушылардың оқу бағдарламасын толық меңгеретіндіктері және білім жетістіктерінін, міндетті мемлекеттік білім стандартының талаптарына сәйкес келетіні анықталған. Дегенмен, ауыл мектептері оқушыларының білім жетістіктері қала мектептері салыстырғанда төмен екендігі байқалған.