Файл: азастан Республикасы ылым жне жоары білім министрлігі лкей Марлан атындаы Павлодар педагогикалы университеті.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 129
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ауыл мектебінің бастауыш сатысында білім сапасын жетілдіру үшін әдіс-тәсілдер пайдаланылады:
- диалогтық: қарым-қатынас арқылы жаңаны түсіну (мүғалім - оқушы, оқулық - оқушы, оқушы - оқушы);
- эвристикалық: өз бетінше іздену, іс-әрекет жасау арқылы білім алуы;
- зерттеу: объектіні білу үшін тәжірибелер жүйесін жасау;
Оқу сапасын жетілдіруде оқытудың қазіргі технологиясын жетілдірудің маңызы ерекше. Қазіргі кезеңде ақпараттық баяндау технологиясынан іс-әрекеттік - дамытушы, баланың жеке сапаларын кең салада қалыптастыруға өте қажет болып отыр. Мұнда білім мазмұнын жетілдірумен қатар оны қабылдау тәсілдерін жетілдіріп, оқушының танымдық , шы-ғармашылық күштерін жетілдіру әдістеріне басым бағыт берілуде. Бастауыш сатыдағы баланың жетекші іс-әрекеті оқу әрекеті. Олардың даму ортасы құрбыларымен пікірлесу, мүғалімдерден білім-тәрбие алу, түрлі кітаптарды оқу болады. Олардың даму мақсаты өзін қоршаған ортаны танып , білу. Баланың қызығушылығын арттыру үшін: назарын аудару, еліктету, білуге ұмтылу, өзіне-өзі сенімді болу, тең қарым-қатынас жасауы қажет. Бастауыш сатыда жетекші іс-әрекет: пәндік, ойын, оқу, қарым-қатынас, бейімделу. Бұнда білім, білік, дағды бірінші орында. Базалық деңгейде білімді меңгеру - ойға тоқу, қолдану қажет. Баланы шектемей, оған еркіндік беру керек, сонда оның ой өрісі дамиды. Бала тез сөйлесе, оның дамуы тез болады. Ол оқу материалын тез меңгереді.
Ауыл мектебінің бастауыш сатысында пәндерді оқытудың қазіргі технологияларын жетілдірудегі проблемалар айқындалды:
- бастауыш сатыдағы оқу процесін ұйымдастырудың бір сарындылығы. оқытудың қазіргі технологияларын тиімді қолдану және оқыту әдістерін іс -әрекеттік тұрғыда жетілдіруде, нәтижеге бағдарлап оқытуда түсінбеушіліктің болуы қиындықтар туғызуда.
- мұғалімнің қазіргі технологияларды өзі оқып үйренуі үшін оқу-әдістемелік құралдардың жеткіліксіздігі;
- білімін көтеру мақсатында арнаулы курстардың аз ұйымдастырылуы, сонымен бірге семинарлардың өз дәрежесінде өткізілмеуі;
- мұғалімнің қазіргі технологияларды тиімді пайдалануды, оқыту әдістерін іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіруді, нәтижеге бағдарлап оқытуды өзі меңгеріп, оны одан әрі дамытып, нәтижесін тексеруге толық дағдыланбауы ;
Сонымен бірге, оқушыларды кіші жастан өз бетінше ізденуге, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне, топпен және дара жұмыс істеуге дағдыландырып, өзін-өзі тексеруге, өзін-өзі бағалауға, қорытынды жасай білуге, өз пікірін айта білуге, өмір дағдыларына бейімдеу қажет.
Мектептің материалдық базасын оқушыларға қажетті қазіргі талапқа сай көрнекі және техникалық , оқу-әдістемелік құралдармен және балалар әдебиетінің жаңа басылымдарымен толықтыру қажет.
Қорыта айтқанда, өркениетті елдер мен отандық тәжірибеде ауыл мектептерінің бастауыш сатысында пәндерді оқытудың қазіргі технологияларын зерделеп, ұлттық құндылықтарымызды ескере отырып, одан әрі жетілдіру арқылы еліміздегі оқушылардың білім деңгейін бәсекеге қабілетті елдердегі білім деңгейіне көтеруге болады.
Қазіргі жалпы орта білім беру жүйесі өтпелі кезең қасиеттерімен сипатталады. Себебі оның бойында бұрынғы жүйеге тән кемшіліктер мен сол кемшілікті жою бағытындағы жаңа бастамалар қатар кездеседі.
Бұрынғы орта білім жүйесінің негізгі сипатын үздіктерге, озық тәжірибелерге бағдарлану; эксперименттік бағдарламалардың енгізілуі, оқу-материалдық базаның нашарлауы және біртекті бағдарлама құраса, білім сапасының көрсеткіші ретіндс мектептегі бірнеше таңдаулы мұғалім; түрлі конкурстар жүлдегерлері; нәтижені ішкі бағалау болып келді. Өтпелі кезеңнің жалпы орта білім жүйесінің негізгі ұстанымы барды сақтау, оны жетілдіру, серіктестерге бағдарлану, барша үшін жоғары тиімділіктегі педагогика болып отыр. Сонымен қатар білім беру үрдісінде нәтижені іштей және сырттай бағалаудың қатар жүргізілуі, жергілікті оқу жоспарын құрастыру мен бағалау жүйесін жетілдіру бағытында ізденіс жмыстарының қарқынды басталуы өтпелі кезеңнің орта білім жүйесінің сипатын толықтыра түседі.
Жаңа заман талабына сай білім берудің негізгі мақсаты оқушыларда басты құзіреттіліктердің қалыптасуы, яғни балалар мен жастардың шығармашылық қабілеттерін ұштау, өздігінен білім алу дағдысын, қоғамдық белсенділігін қалыптастыру, олардың бойында тұтас дүниетанымды және қазіргі ғылыми дүниетанымды, этносаралық қарым-қатынас мәдениетін қапыптастыру.
Қазіргі мектептің білім мазмұнын ізгілендіру мен даралауға айқын бет бұру мынадай міндеттер жүктейді:
-
оқушының жеке тұлға ретінде және іс-әрекет субьектісі ретінде тұрақты және дәйекті дамуына жағдай жасау; -
оқушылардың белгілі бір білімді таңдауы мен меңгеруін, олардың оқу процесі кезінде таңдау мүмкіндіктері мен құқықтарын қамтамасыз ету;
-
оқу-тәрбие субъектілері арасындағы пайдалы диалогтық "тең дәрежеде" жүргізуге негізделген ынтымақтастық педа-гогикасының ізгі қатынастарын орнықтыру. Республиканың терең әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар жолына түсуі оқушыларды еңбекке даярлау жүйесіне жаңаша тұрғыдан келуді және олардың өнімді еңбегін ұйымдастырудың тиімді нысандарын іздестіруді талап етеді. Соның бастыларының бірі - 12 жылдық білім беруге көшудің дайындық шаралары. 12 жылдық білім беру ол тек қазіргі 11 жылдыққа 1 жылды қоса салу емес, жалпы орта білім беру мазмұнының құрылымдық және мазмұндық түрғыда жаңғырып өзгеруі, қайта қалыптастырылуы. 12-жылдық оқыту мерзімін енгізудегі негізгі мақсатты анықтайтын факторлар бар. Олар: білім беру парадигмасының өзгеруі, (бұрын ең жақсы оқушы терең білімді, тәртіпті болса жарайтын болса, қазір бұл талаптарға қоғамдық белсенділік, әлеуметтік бейімделу, өз бетінше білім алу сияқты қасиеттер қосылып отыр)
-
білім сапасын арттыру қажеттілігі, (оқу мазмұнын қайта қарау арқылы пән бағдарламаларына өзгеріс енгізу, нәтижелі білім беру тактикасын басшылыққа алу, оқушылар білімін бағалау жүйесін жетілдіру) -
оқушылардың денсаулығын сақтау, (апталық жүктемені жеңілдету, пән мазмұнын оқушының физиологиялық, психологиялық ерешеліктеріне сәйкестендіру т.б) -
оқушыларды әлеуметтендіру, әлеуметтік шиеленісті төмендету.
Білім реформасы қазір әлемнің көптеген дамыған елдерінде жүріп жатыр. Оларда бейіндік оқыту проблемасына көп көңіл бөлінеді. 12 жылдық мектеп жағдайында бейіндік оқыту мәселесін дұрыс шешудің мүмкіндігі бар. Бұл негізгі және жоғарғы мектепті бітірушілердің кәсіпті барынша саналы түрде таңдауына ықпал етеді.
12 жылдық жалпы білім беретін мектеп - бұл негізгі сатыда бейіналды оқыту (оқушыларды кәсіби бағдарлы оқуға дай-ындау мақсатында) және жоғарғы сатының 12 сыныптарында беиіндік оқытуды қамтамасыз ететін жалпы білім беретін орта мектептің тиімді моделі.
Жоғары сыныптарында оқушыларда бейіндік оқыту мәселесі жан-жақты дайындықты қажет етеді. Біріншіден, бұл материалдық-техникалық базаны бейіндік оқыту талаптарына сәйкестендіру; екіншіден, оқу-әдістемелік жабдықтау, үшіншіден, педагог кадрларды арнайы даярлықтан өткізу, төртіншіден, оқушылар мен олардың ата-аналарымен тусіндіру жұмыстарын өткізу. Жоғарыда келтірілген мәселелер бойынша дайындық жұмыстарын алдын-ала жүргізгенде ғана біз нақты нәтижелерге қол жеткізе алмақпыз.
Жоғары сыныпта бейінді таңдау үшін, оқушы ең әуелі өз қабілетін сынап, бағытын анықтап алуы керек. Яғни, оқушы негізгі буында өз бетінше кәсіби бағдарын анықтауы керек. Осы арада төмендегідей сұрақтар туындайды. Оқушының қызығушылығын, бейімділігі мен қабілетін ескеру үшін оқу үрдісі қалай ұйымдастырылуы керек? Қазіргі қолданылатын оқу үрдісінің қай бөліктерін дамытып, қайсысынан бас тарту керек? Бейіналды дайындықтың құрылымы неден түруы керек? Бейіндік оқытуға көшу жағдайында оқу жоспарын қалай құру керек?
Бейіналды дайындықты ұйымдастыруда ең әуелі мектептің ресурстық мүмкіндігі зерделенуі керек, содан кейін базалық оқу жоспарын оқушыларды кәсіби бағдарлы оқыту мақсатында қолдану мүмкіндіктерін анықтау қажет.
12 жылдық жалпы орта білім тұжырымдамасына сәйкес республика мектептерінде бейіналды оқытуды үш негізп бағыт бойынша жүргізу жоспарланып отыр. Ол мектептің ұсыньісы бойынша таңдау курстарын оқыту, ақпараттық жұмыс және кәсіби бағдарлау орталықтарының диагностикалық және кеңес беру қызметінен тұрады. Бейіналды оқытүдың негізгі мақсаты оқушылардың қабілеітері мен білім деңгейіне сай болашақ мамандығын таңдауына көмек беру, қолдау жасау. Қазір мектептерде оқытылып жүрген тандау курстары негізінен бір ғана мақсатта оқушы шығармашылығын дамытуға немесе белгілі бір пәннің мазмұнын тереңдетуге ғана бағытталган. Ал бейіналды оқытуда берілетін таңдау курстары оқушы танымын, шығармашылығын дамытуды, белгілі бір кәсіп саласы туралы мағлұматтар берумен қатар нақты кәсіби дағдыларды игеру барысында оқушының өз таңдауының дұрыстығына немесе бұрыстығына көз жеткізуге көмектесетіндей болуы шарт. Осыған орай біз қолданыстағы таңдау курстарының мазмұнын, оқыту технологияларын толығымен қайта қарап, жаңа талаптарға сай қайта дайындауымыз қажет.
Бейіндік және бейіналды дайындық -бұл оқушыны өзінің кәсіби жолын саналы таңдауға дайындау жүйесінің екі басты бөлігі. Бейіндік оқыту 11 жылдық мектеп жағдайында негізінен гимназия, лицейлерде ғана жүргізіліп келді. Бұл мектептердегі оқу жоспарын шартты түрде басты үш бөлікке бөлуге болады.
1-бөлік - жалпы білім беретін базалық пәндер (мемлекеттік міндетті стандарт аясында оқытылатын пәндер жиынтығы);
2-бөлік - жалпы орта білім деңгейінде бағдарлы оқытылатын пәндер (белгілі бір бейін бойынша бағдарлы пәндер жиын-тығы);
3-бөлік - таңдау принципі бойынша оқытылатын міндетті элективті курстар.
Бірінші екі бөліктің мазмұны мемлекеттік стандарт деңгейінде анықталады. Ал соңғы бөлік мазмұны оқушылардың таңдауына сәйкес мектептің ресурстық мүмкіндігі аясында шешіліп жүр. Соңғы жылдары оқушының өзіндік танымын дамыту мақсатында олардың шығармашылықпен жұмыс жасауына көңіл бөлінуде. Бірақ бұл шараға барлық оқушы тартылмай, дарынды балалармен жұмыс бағдарламасы аясында шектеліп отыр. Ал, 12 жылдық жалпы орта білім тұжырымдамасында оқушының жеке ізденушілік мәдениетін қалыптастыруға нақты орын берілуі көңіл қуантарлық жағ-дай. Яғни, 12 жылдық мектепте оқушының жеке ізденушілік және шығармашылық да-муын қамтитын оқу жоспарының төртінші бөлігі міндетті болады Оқушының ізденушілік мәдениетінің ерте бастан қалыптасуы - оның өз бетінше білім алу нәтижелігінің кепілі болмақ.
Оқу жоспарының осы төрт бөлігін түрлі мазмұнда жинақтау барысында әрбір мектептің жеке оқу жоспары қалыптасады. Жоғары сыныптарда оқу жоспарының жылжымалы (вариативті) бөлігімен қоса "технология" пәніне бөлінген сағаттарды элективтік курстарды оқытуда қолдану мүмкіндігі бар. Бұл курстар өңірлік және мектептік деңгейде құрастырылып, сарапталады.
Элективті курстар төмендегідей мақсаттарды көздейді:
1. Қазіргі заманның өзекті мәселелерін зерделеу;
2. Болашақ мамандықтың ерекшеліктерін таныстыру, оқушылардың түрлі іс-әрекеттерді орындауы барысында осы ма-мандық иесі ретінде өзіндік сыналуына жағдай туғызу;
3. Оқушының шығармашылық, танымдық іс-әрекеін қалыптастыру;
4. Бейіндік (профильдік) пәндердің мазмұнын толықтыру;
5. Оқушының белгілі сала бойынша қабілетін ұштау, оның бойында келешекке қажет білік пен дағдының қалыптасуына мүмкіндік жасау;
6. Оқушының білімге деген құштарлығын жоғары дәрежеде дәйектеу мақсатында, бала бойындағы қызығушылықты, шығармашылық шабытты жандандыру.
Мысалы, жаратылыстану-математика бағытының жаратылыстану - ғылыми бейіні бойынша:
- Химиялық анализ теориясы және тәжірибе;
- Экологиялық практикум;
- Тіршіліктің химиялық негіздері;
- Генетика және медицина; Биологиялық зерттеулердегі статис-
тикалық әдістер:
- Қала экологиясы сияқты таңдау курстарын жүргізуге болады. Курстардың тақырыбынан олардың өңірлік, жетімділік, таңдау және даралау қағидаларын басшылыққа ала отырып таңдалғанын көруге болады. Өңірлік сипат - жергілікті жерге қатысты материалдар (экология мәселелері) мен облыстың еңбек рыногындағы мамандықтарды (өнеркәсіпті аймаққа қажет эколог, химик-технолог, генетик) қамту. Таңдау және даралау - оқушыға курстар тізбесін ұсыну арқылы оның өз қабілеті мен болашақ, мамандығына сәйкес таңдау жасауына мүмкіндік туғызу. Қол жетімділік қағидасы - курстардың ауыл, қала оқушыларына бірдей дәрежеде берілу мүмкіндігінің ескерілуі. Оқу үрдісін жеке тұлғаға бағдарлаудың тиімді жолы бейіндік оқыту. Себебі, бейіндік оқыту барысында басты мақсат оқушының қабілеті мен бейіміне сәйкес оның білімге сұранысын жан-жақты қанағаттандыру.
12 жылдық білім беру жүйесіне жаппай көшкен кезде бейіндік оқытуды жүргізуге біздің мектептеріміз қаншалықты дайын, міне, осы мәселені біз үнемі назарымызда ұстап, оң шешімін қазірден бастап қарастыруымыз қажет.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. - Астана, 1 наурыз, 2006.
2. Парамонова Л.А., Протасова Е.Ю. Дошкольное и начальное образование за рубежом: история и современность. - Москва, Издательский центр "Академия", 2001.
3. Сакенова Е.Н. Современные тенденции совершенствования образовательного процесса в начальном звене. - Открытая школа, №2, 2005.
4. Жұмашева Т.С. Оқытудың жаңа технологияларын білім салаларында қолданудың ерекшеліктері. «Бастауыш мектеп»№2. 2007ж.
5. Жұмабаева Ә. Қазақ тілін дамыта оқытуда әңгіме әдісін қолдану. «Бастауыш мектеп»№11-12. 2006ж.
6. Құдабаева Қ. Білім берудің бағыттары. «Бастауыш мектеп»№7. 2006ж.
7. Аймағамбетова Қ. 12 жылдық орта білім жүйесіне өтуге байланысты бастауыш сыныптарда білім беру ерекшеліктері. «Бастауыш мектеп»№2. 2007ж.
8. Ералиева М. Ауыл мектебінің бастауыш сатысында оқытудың қазіргі технологияларын жетілдіру. «Бастауыш мектеп»№10. 2006ж.
9. Тойбазарова Н. Грамматикалық ұғымдарды дамыта оқыту технологиясын педагогикалық психология тұрғысынан тану негіздері. «Бастауыш мектеп» №7. 2006ж.
10. Ауесхан А. Бейіндік оқыту – оқу үрдісін жеке тұлғаға бағдарлаудың тиімді жолы. «Бастауыш мектеп» №. 2006ж.