Файл: 1. 1 Негізгі терминдер мен анытамалар.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 137

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Оны байланыс сызығы 1 км-ден аспайтын кезде, жақында электромагнитті бөгеттер туғызатын көдер жоқ жерде және мәліметтерді жіберу жылдамыдығы 115-200 бит/с-тан артық емес кездерде ғана қолданылады.

2.2 RS-485 өнеркәсіпті интерфейсі

Стандарттың негізгі талаптарын баяндау кезінде келесі терминдер қоданылады.

Байланыс сызықтары — ақпараттық алмасу кезінде қатысатын, оның арасында мәліметтер, синхронизация және басқару сигналдарымен бірге және құрылғылар арасында ақпараттың орын ауыстыру мақсатында қолданылатын, физикалық орта.

Мәліметтерді жіберу каналы— байланыс жүйесінің құрылғылары арасындағы ақпаратты жіберу мен сигналдарды түрлендіру аппаратурасымен қоса, физикалық орталардың және техникалық құралдардың жиынтығы.

Құрастырғыш

а) байланыс сызығының жіберу жағындағы электронды тізбек немесе реле контактісі (көзі), олардың көмегімен қосушы кабель бойымен аяқталған қысымға екілік сандық сигналдарды жіберу жүзеге асырылады;

б) екілік сандық сигналдардың жіберушісі.

Аяқталған қысым

а) алмасу тізбегінің қабылдау жағындағы электронды тізбек (тұтынушы), оның көмегімен екілік сандық сигналдар қабыладанады, құрастырғыштан байланыс кабеліне;

б) екілік сандық сигналдардың жіберушісі.
2.2.1 Сандық аппаратураның комплекстарында және көпнүктелі жүйелерде екілік сигналдармен алмасу кезінде стандарт қабылдағыштар мен құрастырғыштардың электрлік параметрлеріне талаптар қояды. Осы стандарттың талаптарына сай қабылдағаштар мен құрастырғыштар жүйеге енгізілуі үшін тек жалпы кабелге қосылуы жеткілікті.

Байланыс жүйесіне кабелмен бір немесе бірнеше қабылдағышпен және жүкті резисторлармен қосылған бір немесе бірнеше құрастырғыштар кіреді. Жүйенің электрлік сипаттамалары құрастырғаштар мен қабылдағыштарының қосылған нүктелерінде жүргізілген өлшеу нәтижелері бойынша кернеудің, тоқтың және кедергінің рұқсат етілген мәні бойынша анықталады. Осы стандарт ақпараттық алмасуға қатысатын құрылғының дұрыс жұмыс жасауына сипаттамаларды анықтамайды, олар сигналдың сапасы; байланыс сызығына рұқсат ету жолдары; алмасу мәжіліс хаты; интерфейстің қосқыштарының контактілерінің мәні мен нөмірленуінежәне тағы басқаларына. Жоғарыда айтылған байланыс жүйесіне қойылған қосымша талаптарды қоюшы стандарттар мен спецификациялар құрастырғыш пен қабылдағыштың электрлі параметрлеріне талаптар бөлімінде нағыз стандартқа сілтемелер жазылады деп болжалынған.

2.2.2 Құрамына құрастырушылар мен қабылдағыштар кіретін байланыс жүйесінің структуралық сызбасы нағыз стандартқа сәйкес №1 суретте көрсетілген. Жүйенің элементтері болып құрастырғыштар, қабылдағыштар, жалғастырушы кабель және келісіші резитторлар (Rc) табылады. Жүктілік болып енжар жағдайдағы құрастырғыш (G), қабылдағыш (R) немесе олардың параллелді. Эквивалентті жүкке құрастырғыштың жұмыс істеуіне мүмкіндік болу үшін RS-485-тің электрлік параметрлері таңдалады, 32 бірлік жүктілікке сәйкес және келісуші резистордың кедергісінің жалпы мәніне, 60 Ом-ға сәйкес алынған.

Нағыз стандартқа сәйкес электрлік параметрлерді өлшеу байланыс сызығының құрылғыны қосуға арнайы кәсіпорын бөлген нүктеде жүргізіледі. Құрастырғыштың қосу нүктелері А, В, С, ал қабылдағыштың қосу нүктелері - А, В', С болып белгіленеді.



2.2 сурет - Жүйесінің құрылымдық сызбасы
G — құрастырғыш;

R — қабылдағыш;

G/R. — қабылдағыш/құрастырғыш қосындысы;

L — тармақталу тізбегінің ұзындығы. Нағаз стандарттың нұсқауы бойынша тармақталу тізбегенің ұзындығы 0-ге тең болып алыған;

Rc — келісім резистор. Нағыз стандартпен келісім резисторының қосылу нүктелері және кедергісі қарастырылманған. Құрастырғыш кедергісі 120 Ом болатын 32 бірлік жүкпен және 2 келісімді резистормен жұмыс атқара алады.

Құрастырғыштың шығыстағы каскады шығыстағы кедергісі аз симметриялы кернеу көзі түрінде көрсетілген, байланысқа қосылатын жасаушы кернеуінің 1,5-тен 5,0-ге дейінгі аралығы қолданылады.

Құрастырғыш пен қабылдағыштың кіріс/шығыс сигналдарының деңгейлері мәліметтерді жіберу кезінде келесі:

- А (А) нүктесіндегі потенциал В (В) нүктесіне қарағанда логикалық 1 мәні үшін кері болуы тиіс (қоспау жағдайы - МАRК немесе ӨШІРІЛГЕН - ОFF).

- А (А) нүктесіндегі потенциал В (В) нүктесіне қарағанда логикалық 0 мәні үшін дұрыс болуы тиіс (қосу жағдайы - SРАСЕ немес ҚОСЫЛҒАН - ОN).

- UАВ дифференциалды кернеудің кез келген екілік мәні үшін құрастырғыштың шығыстағы клеммаларында өлшеулер 1,5 В аз емес және 6,0-тан көп болуы қажет. UАС және UВС кернеулерінің мәндері жерге қатысты құрастырғыш пен қабылдағыштың әрбір шығыстағы клеммасында 6,0 В-тан көп болмауы тиіс.

RS-485 стандарты бойынша байланыс сызығы мәліметтерді жіберудің жылдамдығы бойынша және қосушы кабелдің түрімен анықталады (мысалға, 120 Ом толқынды кедергісі бар, бойлық сыйымдылығы 42 пФ/м кабелді қолданған жағдайда и требуемой скоростью передачи данных 38 400 бит/с кабелді қолданған жағдайда ең көп ұзындық 1150 м-ге тең), сигналды қайталағыштарды қолданбаған жағдайда байланыстың ең көп ұзындығы 1,5 км.



RS-485 стандарты өте бөгетке тұрақты, өйткені екі сигналды сымдарда қолданылатын және қабылдағыштың кірісіне түсетін синфазды бөгеттер ақпаратты сигнал болып қабылданьайды. Бөгеттердің кернеуінің өлшемі ақпартты жіберуге бөгет жасамайды, 25 В-қа дейін жетуі мүмкін.

RS-485 стандарты бойынша мәліметтерді жіберудің физикалық ортасы болып экрандалған өрілген жұп немесе коаксиалды кабел болуы мүмкін.


3 АБЖ ТП ҚҰРАСТЫРУДЫҢ МЕТОДИКАСЫ
3.1 Технологиялық процесстердің жүйелерін автоматтандыруан жобалауға тапсырма

- Өндіріс орнының аты және жобаның тапсырмасы (мысалға, «УМЗ» АҚ №1 цехының ФБА ерітіндісінің корректировкасы мен тазалау бөлімінің автоматтандыруы»).

- Жобалауға негіз (берілген автоматтандару объектісіне экономикалық мақсатқа лайық технико-экономикалық негіз).

- Автоматтандырылған жүйе жобасымен қамтылған өндірістер, цехтар, құрылғылар, егер әрбіреуінде арнайы шарттар болса оларды қарастыру қажет (мысалы, өртке және жарылысқа қауіпті орындар класы, мұндағы агрессивті, ылғалды, дымқыл, шаңданған қошаған орта және т.б.).

- Жобалаудың сатылылығы.

- Техникалық проектінің нұсқаларын дайындауға талаптар.

- Автоматтандырудың жоспарланған деңгейінің күрделі шығындарына және ғылыми-зерттеу жұмыстарына, тәжірибе-құрастырушылық жұмыстарға және жобалау жұмысына шамамен алынған шығын.

- Автоматтандырудың деңгейі мен көлемі бойынша технологиялық процесті басқаруға және объектіні басқарудың құрылымын орталақтандыруға ұсыныстар (ол дегеніміз технологиялық процестің толық автоматтандырылуы қажет пе, кейбір технологиялық процесстердің шектерін жарым-жарты автоматтандыру немесе тек технологиялық объектінің бақылау жүйесін құрған жеткілікті ме және технологиялық процесстің жұмысы туралы мәліметтерді жинастыру).

- Орталықтандарылған және жергілікті басқару пунктерін, щиттерді және пульттерді орналастыруға ұсыныстар (диспетчерлер орны, цехтіктер, агрегаттықтар және т.б.).

3.2 Мәліметтер мен материалдар

- Құрылғылардың сипаттамалары, құбырдың ішкі диаметрлері және коммуникациялары, қабырғалар қалыңдығы және тұрбалардың материалдары бар технологиялық схемалар.

- Қажетті сипаттамалар мен талаптары бар бақыланатын және реттелетін параметрлер тізімі (ол дегеніміз технологиялық параметрлердің оптималды, анықталған және апаттық мәндері).


- Құбыр коммуникацияларының және технологиялық құрылғылар орналасқан бөлімшелердің сызбалары, оның ішінде щиттар мен пульттер орналасуға ұсынылған орында (план және кесу сызбасы).

- Технологиялық құрылғылар сызбасы, оның ішінде: автоматтандырудың құралдары мен приборлардың орналасуы, приборлардың құрылғыларымен бірге басқару жүйелеріндегі автоматтандыру құралдары комплект түріндегі сипаттамасы, щиттар мен пульттардың комплектілік сызбалары және т.б.

- Автоматтандырылған жүйелердің техникалық құралдарының орналасуы мен орнатылу орындарының құрылыстық сызбалары.

- Автоматтандыруды жобалау кезінде қолданылатын электроқозғаушыларды басқару, пусктік аппаратура және басқару бекеттерінің сызбалары.

- Шығын, қысым, су температурасы тұрбаларының диаметрлерінің көрсетумен сумен қамтамассыз ету сызбасы.

- Қысым, температура, ылғалдылық, және ауаның шаңдануы көрсетілген, ауаны тазалау және кептіру құрылғыларының бар екенін анықтаудың ауамен қамту сызбасы.

- Реттеуші органдардың, жіңішкерту құрылғыларының және сұрақ беттерін толтыру үшін қажет мәліметтер.

- Автоматтандыру жүйесіне сенімділік талаптары (анықталған уақыт мезетіндегі АБЖ ТП элементтердің мәндерді кабыл алмауының ықтималдығы, резервтеудің (екі еселенген резервтеу) қажеті бар ма жоқ па).

- Ғылыми-зерттеу жұмыстарының, тәжірибе-құрастырушылық жұмыстардың нәтижелері, олар басқару объектісінің динамикалық қасиетінің математикалық сипаттамасынан тұруы қажет. Егер осы математикалық тәуелділіктер белгісіз болса, онда жобалаудың тапсырмасында тәжірибеден немесе осы түрде жұмыс атқаратан құрылғылардың эксперименталды уақыт немесе жиілікті сипаттамалары немесе әрбір басқару каналында объектінің динамикалық сипаттамаларын графикалық түрде көрсететін сипаттама берілуі қажет (үдеу қисығы немесе АФЖС графиктері).

3.3 Жобалау құжатнамасының құрамы

Жобада келесі қөұжатнама құрылады:

- бақылау мен басқарудың құрылымдылық схемасы (күрделі көпдеңгейлі басқару жүйелеріне);

- техникалық құралдар комплексінің (ТҚК) құрылымдылық схемасы;

- технологиялық процесстердің автоматизацяларының функционалды схемалары
;

- автоматтандырылған бақылаудың, реттеудің, басқарудың, сигналдатудың және қоректенудің принципиалды электрлік, гидравликалық және пневматикалық схемалары;

- щиттар мен пульттардың жалпы түрлері;

- щиттар мен пульттардың монтажды схемалары немесе электрлік және тұрбалық сымдардың щиттар мен пульттардағы монтаждау кестелері;

- сыртқы электрлік және тұрбалық схемалар;

- өндірістік және әкімшілік орналастырудағы щиттар мен пульттардың, техникалық есептеу құрылғыларының орналасуы көрсететін жоспар;

- электрлі және тұрбалы сымдардың, автоматтандырудың құралдарының орналасуының жоспары;

- приборлардың, автоматтандырудың құралдырының, есептеу техникасы құралдарының, электроаппаратураның, құбыр арматурасының, щитар мен пульттардың, негізгі монтажды материалдар мен бұйымдардың және стандарталмаған құрылғылардың спецификациялары мен мәлімдеу ақпартізімі;

- АБЖ ТП элементтеріне өзгертулер мен монтаж бойынша ұсыныстары бар түсіндіргіш хат, мұнда регуляторларды таңдау есептеулері мен құрылғының жұмысының әр түрлі технологиялық режимінде табылған параметрлерінің шамамен мәні болуы қажет;

- объектінің автоматтандыруымен байланысты тапсырыс берушіге тапсырмалар:

1) автоматтандыру құралдарын электроэнергиямен, қысылғын ауамен, гидравликалық энергиямен, жылутасымалдаушымен және талап етілген параметрлері бар хладоагентпен қамтамассыз ету;

2) автоматтандыру жүйелерінің орындарын жобалауға (щиттар мен пульттарды, есептеу құрылғыларын, датчиктерді және т.б. орнатуға), сонымен қатар оперативті жұмыскерлердің жұмыс атқару орнына (туннелдер, каналдар, этакадалар және т.б.), құрылыс конструкцияларындағы ойық және төсегіш құрылғыларда;

3) өндірістік байланыс құралымен қамтамассыз ету;

4) құбырларда, технологиялық құрылғыларда төсегіш құралдарын, біріншілік приборларды, реттеуіш және ілмектік оргнадарын және т.б. орнату мен орналастыру;

5) өрт сөндіру және өрт сигнализациясы құрылғыларына.

- Датчиктер, түрлендіргіштер, орындаушы құрылғылар және реттеуші құрылғыларының технологиялық құрылғыда монтаж жасауға қажетті төсейтін құрылғылар сызбасы (бобышкалар, штуцерлер, гильзалар, қалталар, ұлғайтқыштар, фланцты қосқыштар, жауапты фланцтар, ауыспалы патрубкалар және т.б.).

3.4 Технологиялық процесстің формалануы

Технологиялық процесстің жалпы реті келесі кезеңдерден тұрады:

3.4.1 технологиялық процесс кез келген әңгіме түрінде оның қалыпты жағдайда және апаттық жағдайларда жұмыс істеуі сипатталатын маңызды суреттеуді құратсыру;