Файл: Трі тренинг, ой блісу Крнекілігі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 28

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Мақсаты: оқушылардың мамандық таңдау, олардың типтері мен түрлері туралы түсініктерін жетілдіру, білімдерін кеңейту, оқушыларға мамандықтың еңбек қызметінің негізгі бөлігін түсіндіру; мамандыққа деген ықыласын, қызығушылығын артыру арқылы өз қалауын жасауға мүмкіндіктер туғызу.

Түрі: тренинг, ой бөлісу

Көрнекілігі: мамандықтың анықтамасы жазылған слайдтар, проективті тақта, нақыл сөздер

Жоспары:

  1. Кіріспе

  2. Мамандықтың психологиялық типтері

  3. Мамандық құндылықтары

  4. «Қазіргі заманның табысты мамандары»

  5. «Кім болғым келеді?» оқушылардың ойтолғаулары


Жастықта еңбек ету қандай қызық,

Қуаныш билемей ме бойды кернеп?...

Қызықты тұрмысымды етем десең,

Аянбай маңдай термен істе қызмет.

Нұрпейіс Байғанин

Кіріспе.

Мына жарық дүниеге келген әрбір саналы адамның парызы- Елі мен Жерінің игілігіне еңбек ету,өмірден өз орнын табу, адам деген ардақты атына сай өмір сүру.Тағдырдың әркімге әрқилы сыйы сол: біреулер өзінің қабілетіне, қалауына, мінез- құлқына, дүниетанымына, біліміне сәйкес мамандықты меңгермей мақсат-мүддесіне жете алмайды; екінші біреулер таланты мен талғамына, талабы мен таным-түсінігіне сәйкес мамандықты меңгерсе де тірлікте жолы болмайды.

Жас ұрпақ, яғни адам тәрбиесі туралы ой толғаған бір ұлағатты ұстаз «Адамда бір ғана мамандық болуға тиіс: ол- шын мәнінде адам деген атқа ие болу» дейді. Оның мұндағы бейнелеп айтып отырған ой- пікірі: кез-келген адам адал, адамгершілігі жоғары, еңбекте қабілетті де зейінді, өз міндетіне жауапты, бейнетке төзімді, мейірімді де білімді жан болса, ол таңдаған мамандық маңызды, жұмысы жемісті болып, өмірде жарқын із қалдыра алады.

Ал енді «Мамандық дегеніміз не?» деген сұраққа жауап беріп көрелік. Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандайда бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің бөлігі.

Адам екі нәрсені таңдауда жаңылыспауы керек. Соның алғашқысы мамандық таңдау екен, өйткені мамандық әрбірімізге өмір бойына азық боларлық, тұрмыстық, рухани тұрғыда жанға жайлылық берер кәсіп. Психологтар: «Кез- келген адам өзінің мамандығына риза болу керек
, егер риза болмаса эмоционалдық тұрғыда күйреуге ұшырайды» дейді. Мамандық таңдау барысында оның болашақтағы қажеттілігін де нысанаға алған дұрыс.

Мамандықтың психологиялық типтері

Барлық мамандықтар еңбек затына (қызметкердің ісі немен байланысты) және еңбек құралдарына (ол машиналарды ма, әлде қол құралдарын пайдалана ма) және т.б. байланысты белгілі бір типтерге жатқызылады. Ұсынылып отырған типологияны есепке ала отырып, әр мамандыққа оның қандай критерий бойынша қандай типке жататындығын білуге болады.Содан кейін өзіңіз үшін қалаулы еңбек құралын таңдай отырып, «мамандықтың мінсіз формуласын» жасай аласыз.Осыған байланысты өзіңізге қай мамандық жақын, ал қайсысы келмейтінін түсінуге болады.

Еңбек құралына байланысты барлық мамандықтар 5- ке бөлінеді.

«Адам- табиғат»

өсімдік өсіруші, зоотехник- жануар өсіруші,қоян, ара агроном,кинолог,химиябактериологиялық зертханашы, мал дәрігері,гүл өсіруші, орманшы, жануарлар паркі, қорық, ботаникалық бақша мамандары

«Адам-техника»

Бұл жерде негізгі, жетекші еңбек құралы- техникалық нысандар (машиналар, механизмдер), материалдар, қуат түрлері

Құрылысшылар,машинист,ұшқыш,кеме жүргізушісі,көліктердің барлық түрінің жүргізушісі, дәнекерлеуші, ағаш шебері,инженерлер, аяқ киім, сағат жөндеуші,химия өнеркәсібі,ағаш өңдеу,құрылыс материалдары, тоқыма өнеркәсібі мамандары

«Адам-адам»

Бұл жерде негізгі, жетекші еңбек құралы адамдар болып табылады.Бұл мамандықтардың жетістікке жетуі үшін алдымен адамдармен қарым-қатынасты орнату және оны ұстап тұру, оларды түсіну, олардың ерекшеліктерін білу, сонымен қатар өндіріс, ғылым, өнерге тиісті салада білімі болуы қажет. Жұмыста өте маңызды қасиеттер- адамдармен жұмыс барысында тұрақты жақсы көңіл- күй, қарым- қатынасқа деген қажеттілік, адамдардың күйін,ойларын түсіну қабілеті, әртүрлі адамдармен тіл табыса алу қабілеті.

Педагогтар, дәрігер, сатушы, кітапханашы, тілші, милиционер, заңгер, даяшылар, шаштараз, саяхат жетекшісі.

«Адам-белгілер жүйесі»

Бұл жерде негізгі, жетекші еңбек құралы- шартты белгілер, сандар, кодтар

Почташы, телеграфшы, түзетуші (корректорлар), лингвист, экономист, кассир, бухгалтер, математик-ғалымдар, ғалым тарихшылар, фармацевтер, құрастырушылар, картографтар, программистер, ЭВМ операторы.



«Адам-көркем бейне»

Бұл жерде негізгі, жетекші еңбек құралы-шығармашылық бейне, оны құру әдістері.Бұл типтегі мамандық ерекшеліктерінің бірі- еңбекке кеткен күші, шығындары сырт көзден таса болып қала болып қала береді, олар тек нәтижесін көреді.

Бұлар архитекторлар, суретшілер, әншілер, музыканттар, сазгерлер, мүсіншілер, модельдер, дизайнерлер, театр әртістері. Кино. Опера. Балет. Цирк, театр әртістері. Әрлеушілер (визажистер) және стилистер.

Мамандық құндылықтары

Мамандықты таңдау үшін адам ең алдымен өзін, өз қабілеттерін, бейімділігін тану керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрлері өте көп, таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет. Таңдаған мамандықтарыңыз қоғамға қажетті, маңызды, бағалы болуы шарт. Өз ісіне сенімді, мамандықты дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді.

Еңбек мақсатына байланысты мамандықты 3топқа бөлуге болады.

Гностикалық: тани білу, айыра білу,бағалау, тексеру (санитарлық дәрігер, әдеби сыншы, бақылаушы, сауда адамы, сарапшы, тергеуші).

Өзгеретін: өңдеу,орнын ауыстыру, ұйымдастыру, басқа түрге енгізу( жүргізуші, суретші, оқытушы, паркет төсеуші, слесарь, тігінші).

Іздеушілік: жасап шығару, ойлап табу, жаңа нұсқасын табу, құрастыру (киім пішуші, селекционер, безендіруші суретші).
Мамандық таңдауда мынадай бір формула бар:

«Үйренгім келеді- үйрене аламын- үйрену керек».

Үйренгім келеді- бұл талап- тілектің, мақсат пен мүдденің, ынта мен ықыластың кеңістігі.

Үйрене аламын- қабілет- қарымның, таланттың, денсаулықтың кеңістігі.

Үйрену керек- еңбек нарығындағы сұраныстардың, аймақтағы әлеуметтік- экономикалық мәселелердің, әлемдік экономикалық даму тенденцияларының кеңістігі.
«Тізбекті үзбе» ойыны

Қатысушының бірі мамандықты атайды, келесі оқушы аталған сөздің соңғы әрпінен басталатын мамандықты атайды.

«Ең жақсы» ойыны

Ең ақшасы көп... (банк қызметкері,экономист)

Ең жасыл..... (эколог,географ,бақташы, гүл өсіруші)

Ең тәтті.... (аспаз, кондитер)

Ең күлкілі....( клоун, карикатурашы)

Ең жауапты....( сот, бухгалтер, адвокат)

Ең салмақты.... (мұғалім, заңгер)

Ең қарым- қатынасы күшті... (бизнесмен)

«Бұл кім?» кәсіби бағдар ойыны

Қазір мен сендерге әртүрлі мамандықтар айтамын, ал сендер секунд ішінде жолдастарыңызға қарап,аталған мамандық көбірек кімге үйлесетінін іштей анықтайсыңдар. Сосын не себепті сол адамды таңдағандарыңды және не себепті сол мамандыққа сәйкес келетіндігі туралы өз ойларыңды жеткізесіңдер.


Мұғалім, жүргізуші, дәрігер, тігінші, әнші,журналист,спортшы, программист, эколог, заңгер.

«Жағдаяттық сұрақтар»

1.Сен өзіңе ұнаған мамандықты таңдадың, бірақ ол мамандыққа ата- анаң қарсы. Сен ол кезде не істер едің?

2.Ата- анаң саған бір мамандықты таңдап берді, бірақ ол мамандық саған ұнамады. Сен ата- анаңның шешіміне қарсы боласың ба?

Қорытынды.

Мамандықтың жақсы, жаманы болмайды. Тек сіз таңдаған мамандық халыққа, елге, ең бастысы өзіңізге пайдалы болу керек.

Әбу насыр Әл- Фараби «..адам кез келген жұмысқа жарамды бола бермейді...Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахат табу, соның рахатын көру- біздің мақсатымыз болып табылады» деген.