Файл: азастан республикасы білім жне ылым министрлігі м.Уезов атындаы ОТстік азастан университеті филология факультеті.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 74

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

«ФИЛОЛОГИЯ» ФАКУЛЬТЕТІ

«ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ» КАФЕДРАСЫ



СҒЗЖ

Тақырыбы: Сын есімді оқыту барысында ұлттық рухани тəрбие беру.

Орындаған: Давлетова Гулдана

Шымкент қ., 2022

Мазмұны

Кіріспе.........................................................................................................1

1 Сын есімнің жасалуы.......................................................................... 2

1.1 Сапалық сын есімнің шырай категориясы..........................................5

2 Шырай категориясы...................................................................................7

2.1 А.Ысқақовтың зертеуі..........................................................................11

2.2 Сын есім өз семантикалық ерекшелігі...............................................15

Қорытынды................................................................................................17

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .............................................................19

Кіріспе

Сын есім – семантикалық сипаты жағынан (жалпы грамматикалық мағынасы) жағынан заттың әр түрлі сапа, белгісін, түсін, затқа, құбылысқа, іс-әрекетке қатысын білдіретін сөздер, сондықтан қандай? қай? қайдағы? қашанғы? тәрізді сұрақтарға жауап береді.
Сын есімнің мынадай маңызды белгілері болады:
1.Заттың түсін, түрін білдіреді: ақ (қағаз), көк (сия), қара (костюм), сұр (бұлт), құла (бие), күрең (ат), қызыл (сиыр), жасыл (желек), т.б.
2. Заттың көлемдік, аумақтық, салмақтық белгісін, сынын білдіреді: биік (үй), кіші (інісі), тар (бөлме), ұзын (жіп), жеңіл (жүк), т.б.
3.Заттың сапалық белгісін, сипатын білдіреді: жақсы (сөз), жаман (ырым), сараң (кісі), тентек (бала), алғыр (оқушы), зерек (оқушы), жалқау (кісі), т.б.
4.Заттың дәміне, иісіне, және басқа сипаттарына байланысты белгілерін білдіреді: ащы (сөз, тұщы (ас), қышқыл (қымыз), тәтті (су), жұмсақ (төсек).

5. Затқа, қимыл-әрекетке, мезгіл-мекенге қатысты сынды білдіреді: тасты (жер), балалы (үй), білімді (жігіт), көтеріңкі (көңіл), сусыз (арна), қысқы (каникул), аспалы (шам), жазғы (демалыс), төменгі (ағыс),т.б.
6.Сын есім қандай? қай? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Жақсы (қандай?) бала, таза (қандай?) бөлме, қызыл (қандай?) орамал, үлкен (қай?) бала, кіші (қай?) қызы. Желсіз түнде жарық ай сәулесі суда дірілдеп …(Абай). Осы сөйлемде желсіз, жарық сөздері түн және ай деген зат есімдердің сын-сапасын білдіріп тұр. Қандай? деген сұраққа жауап береді. Қандай түн? – Желсіз түн; қандай ай? – жарық ай. Сөйтіп, заттың сынын, сапасын, сипатын түр-түсін, көлемін білдіріп, қандай? қай деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы сын есім деп аталады.

Мағыналық жағынан сын есімдер заттың сапалық, сындық белгісін, түсін

1

білдіріп, сапалық сын есім және бір затқа, құбылысқа, қимылға қатысын білдіріп, қатыстық сын есімдер болып бөлінеді. Сапалық сын есім мен қатыстық сын есімнің айырмасы ең алдымен білдіретін мағынасына байланысты.
Негізгі түбір сын есімнің өзінен болып, заттың снын, түр-түсін тікелей анықтайтын болса, ол сапалықсын есім болғаны. Мысалы: көк (шөп), қызыл (бояу), жақсы (сөз), ащы (су), көкшіл (мата), қызғылт (орамал), жақсырақ (орын), ащылау (қымыз), жап-жасыл (орман), тұп-тұщы (өзен).
Сын есім басқа сөз табынан да жасала береді. Зат есім, есімдік, етістік, үстеуге сын есім тудыратын жұрнақтар жалғанып, туынды сын есім жасалады. Оны қатыстық сын есім дейді. Қатыстық сын есімнің мағынасы өзіне негіз болған түбір сөздің мағынасымен байланысты, соған қатысты болады.
Мысалы: өнерлі жігіт, орманды алқап. Сонымен, заттың түр-түсін, сын-сапасын тікелей анықтайтын сын есімді сапалық сын есім дейміз. Сапалық сын есімдерге шырай жұрнақтары жалғана алады. Ал заттың сын-сипатын, әр түрлі белгісін басқа сөз табының қатысы арқылы білдіретін сын есімді қатыстық сын есім дейміз.

1 Сын есімнің жасалуы.

Сын есім құрамы жағынан негізгі сын есім және туынды сын есім болып бөлінеді. Ешбір қосымшасыз негізгі түбір күйінде жұмсалатын сын есімді негізгі сын есімдейді. Мысалы: қара, көк, биік, таза, жақсы, сары, терең, т.б. Бұл сияқты сөздер — әрі қарай бөлшектеуге келмейтін негізгі түбірлер.
Басқа сөздерден жұрнақ арқылы жасалған сын есімді туынды сын есім дейді. Мысалы: көш-пелі (ел), кеш-кі ауа), өнер-лі (жігіт), аудан-дық (комитет), азаматтық (борыш), тарих-и (оқиға), үрк-ек (ат), т.б. Құрамы жағынан туынды сын есім негізгі түбір мен қосымшадан (жұрнақтан) тұрады. Демек, туынды сын есімдер жұрнақтар арқылы жасалған сын есімдер болып

2

табылады. Туынды сын есімдер жұрнақтар арқылы есім сөздерден де, етістіктен де жасалады. Мысалы: қыс-қы (күн), су-сыз (жер), сөз-шең (адам), т.б. сын есімдердің түбірі зат есім болса, тол-ық (адам), көтер-іңкі (көңіл), ауыспа-лы (егіс), үсте-ме (ақы) ,т.б. сын есімдердің түбірі – етістік. Сондықтан да сын есім жасайтын жұрнақтар екі топқа бөлінеді: есім сөзден сын есім тудыратын жұрнақтар және етістіктен сын есім тудыратын жұрнақтар. Сын есім сондай-ақ қосарлану және тіркесу арқылы жасалады. Мысалы: үлкен-кіші, апалы-сіңлілі, биік-биік, жақсы-жаман, балалы-шағалы және шұбар ала, қара көк, ақ сақалды, жирен қасқа, т.б. Бұлар құрамына қарайкүрделі сын есімдер деп аталады. Бір ғана түбірден, негізгі немесе туынды түбірден тұратын сын есімдер дара сын есімдердеп аталады.


Есім сөздерден сын есім тудыратын негізгі жұрнақтар:
1. лы,-лі, -ды,-ді,-ты,-ті; тау-лы, тас-ты, дене-лі, көрік-ті, өнер-лі т.б.
2. –сыз,-сіз: жер-сіз, қызмет-сіз, жол ас-сыз, ағаш-сы.
3. –ғы,-гі –қы, -кі: жаз-ғы, іш-кі, сырт-қы, соң-ғы, күз-гі, түн-гі т.б.
4. –лық,-лік, -дық,-дік, -тық,-тік: азамат-тық, жыл-дық, көлем-дік, күн-дік, өлке-лік, кәмелет-тік т.б.
5. –шыл,-шіл: жер-шіл, ұйқы-шыл, күлкі-шіл, үй-шіл, сыр-шыл т.б.
6. –шаң,-шең: бой-шаң, сөз-шең, киім-шең, тер-шең т.б.
7. –дай,-дей, -тай,-тей: үй-дей, қой-дай, арыстан-дай, ат-тай, түлкі-дей т.б.
8. –кер,-қой,-қор,-паз,-ымпаз,-імпаз: табыс-кер, найза-гер, әуес-қой, сән-қой, бәле-қор, жем-қор, шай-қор, өнер-паз, әсем-паз, жеңім-паз т.б.
9. –и,-ы, -і: тарих-и дін-и, әдеб-и, ресм-и, мәден-и, қазақ-ы, қалмақ-ы, естек-і, (башқұр-лық), алтай-ы, араб-ы т.б.
Ескерту: 1. Көрсетілген жұрнақтардың кейбірі басқа сөз табында да кездеседі. Мысалы: -лық,-лік, -дық,-дік, тық,-тік жұрнағы зат есім де жасайды: жақсы-лық, жаман-дық, дос-тық, күрде-лік, орын-дық, т.б. –сыз,-сіз, -дай,-дей, -тай,-тей –шаң,-шең т.б. үстеуде де кездеседі. Мысалы: ақы-сыз берді, ат-сыз келді, қыс-тай дайындалды, тоты-дай сайрады, көйлек-шең

3

отырды т.б. Бұндай сөздер сөйлемде білдіретін мағынасы мен қызметі арқылы ажыратылады.
Араб-иран тілдерінен енген –кер,-қой,-қор,-паз жұрнақтары үндестік заңына бағынбайды, өйткені бұл жұрнақтардың жуан-жіңішке сыңарлары жоқ.
2.Етістіктен сын есім тудыратын жұрнақтар.
Етістіктен сын есім тудыратын негізгі жұрнақтар:
1.-ғақ, -гек, -қақ,-кек, -ақ, -ек:ұрыс-қақ, үрк-ек, қорқ-ақ, бөл-ек т.б.
2. –ық, -ік, -қ, -к: тол-ық, сын-ық, аш-ық, ақса-қ, сире-к, біт-ік т.б.
3.-ғыш, -гіш, -қыш, -кіш: біл-гіш, жаз-ғыш, көр-гіш, айт-қыш, бар-ғыш т.б.
4. –ғыр, -гір, -қыр, -кір: ұш-қыр, ал-ғыр, тап-қыр, біл-гір т.б.
5. –шақ, -шек: ұрын-шақ, жасқан-шақ, сүрін-шек, қызған-шақ, мақтан-шақ т.б.
6. –ыңқы, -іңкі, -ңқы, -ңкі: бас-ыңқы, көтер-іңкі, шаш-ыңқы, салбыра-ңқы т.б.
7. –ынды, -інді, -нды, -нді: жаса-нды, құра-нды, түй-інді, т.б.
8. –малы, -мелі, -балы, -белі, -пелі: көтер-мелі, таңда-малы, айнал-малы, жылжы-малы, ауыс-палы, көш-пелі т.б.
9. –ымды, -імді, -мды, -мді: жара-мды, шыда-мды, қон-ымды, келіс-імді т.б.
10. –аған, -еген: қаш-аған, сүз-еген, қаб-аған т.б.
11. –улы, -улі: қаңтар-улы, іл-улі, ая-улы, ас-улы т.б.
12. –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе: қыз-ба, бұра-ма, бас-па, боя-ма т.б.
Сын есім қатары адъективтену (сын есімге ауысу) процесі арқылы да толығып отырады. Мысалы, сүзеген, қабаған, тебеген, жанар (тау), құттықтау (сөз), т.б. қазіргі кезде етістік емес, сын есім деп танылады.
Грамматикалық, құрамдық сипаты жағынан сын есімдер көбіне негізгі түбір және шырай категориясын жасауға негіз болатын сөздер, қатыстық сын есімдер, туынды түбір (басқа сөз таптарынан жасалған) және шырай формаларын жалғамайтын сөздер болып келеді.

Сын есімнің түрлену жүйесі деп шырай тұлғаларын айтып жүр. Бірақ бұл – дұрыс емес. Түрлену жүйесі жағынан сын есім — түрленбейтін сөз табы.

4

Ал шырай тұлғалары жалпы сын есімнің емес, оның бір ғана тобының – сапалық сын есімнің ғана лексика-грамматикалық категориясы.
1.1 Сапалық сын есімнің шырай категориясы.
Шырай категориясы әдетте сын есімнің категориясы деп танылып жүр. Бірақ, біріншіден, сын есімнің бәрі бірдей, яғни сын есімге сөз табына жататын сөздердің барлығы шырай тұлғаларымен түрленбейді, шырай тұлғалары кез келген сын есімге жалғана бермейді. Мысалы, жақсы -жақсырақ -жап -жақсы-тым жақсы, үлкен-үлкендеу-үп-үлкен-аса үлкен, сары-сарылау-сап-сары-өте сары т.б. болса да, таулы дегеннен таулырақ, не тап-таулы, өте таулы деп, кешкідегеннен кешкілеу не кеп-кешкі, аса кешкі деп, алғыр дегеннен алғырарақ не ап-алғыр деген сөз формаларын, шырай түрлерін жасауға болмайды. Яғни сын есімнің бір түрі-сапалық сын есімдерге шырай жұрнақтары жалғанып, шырай түрлерін жасауға болса, сын есімнің мағыналық тобының екінші тобы-қатыстық сын есімдерге шырай жұрнақтары жалғана алмайды да, одан шырай түрлері жасалмайды. Сонда шырай категориясы жалпы сын есімге емес, сын есімнің бір ғана семантикалық түрі — сапалық сын есімге ғана тән екен. Екіншіден, сын есім – қазақ тілінде түрленбейтін сөз табы. Яғни сын есім өзінің семантикалық (мағыналық), қызметтік ерекшелігі – зат атауының (зат есімнің) әр түрлі сапалық, сындық белгілерін, түр-түсін, бір сөзбен айтқанда, заттың әр түрлі белгісін білдіретін сөздер болғандықтан, сөйлеу процесінде осы мәнде негізінен зат есіммен тіркесіп қолданылатыны белгілі.
Кейде қимыл, іс-әрекеттің, процестің сын-қимылын, амалын білдіріп, етістікпен тіркесіп, кейде тіпті зат есімнің орнына субстантивтеніп жұмсалуы сын есімнің әдеттен тыс қолданылуы болып саналады. Сын есімнің әдеттегі қолданысында ол түбір тұлғасында тұрып, өзі анықтайтын зат есіммен (немесе заттанған сөзбен) тек орын тәртібі арқылы байланысып, синтетикалық түрлену тәсілінің оған ешбір қатысы болмайды. Мысалы, Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан, Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.

5

Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ (А.) Сұйықтау, қоңыр шашының арасынан бас құйқасы да қылаңданып көрінеді. (М.Ә.) Шымқай қызыл гүлдердің үлкеп шоғы бірден назар аударады (М.Иман-жанов). Желсіз түнде жарықай. Сәулесі суда дірілдеп, Ауылдың маңы терең сай, тасыған өзен гүрілдеп (А). Берілген мысалда сын есімдер зат атауын анықтап, сұрдеген бұлтты, түсі суықдеген бұлтты, дымқыл деген тұманды, шоқпардайдеген кекілді, сұйықтаужәне қоңырдеген шашты, шымқай қызылдеген гүлдерді, үлкендеген шоқты, желсіздеген түнді, жарықдеген айды, тереңдеген сайды анықтап, атрибуттық қатынаста орын тәртібі арқылы байланыса қолданылған. Бұл мысалдан сын есімдердің, біріншіден, сапалық түрі болсын, қатыстық түрі болсын өзі анықтайтын сөзімен байланысында, сол сөзге қатысында, сол сөздің қандай тұлғада жұмсалуына бейтарап екенін, қызметі жағынан анықтауыштың, байланысу тәсілі жағынан таза орын тәртібі арқылы ерекшеленетінін байқау қиын емес. Екіншіден, сын есім түбір күйінде қолданылса да, шырай тұлғаларында қолданылса да, оның бұл грамматикалық тұлғалық көрсеткіші яғни шырай формасы зат есіммен грамматикалық байланысқа ешбір қатысы болмай, тек сол сын есімнің семантикалық сипатын, семантикалық реңдік мәнін айқындау, көрсету үшін қолданылғанын көреміз.Мысалдағы грамматикалық сипаты жағынан сұйықтау шаш (сұйық деген сапалық сын есім – тау қосымшасы үстелу арқылы салыстырмалы шырай түрінде қолданылған) пен қоңыр шаштың арасында ешбір айырмашылық жоқ. Әрине, бұлардың (сын есімдердің) семантикалық ерекшеліктері яғни біреуінің сұйықтық-қоюлық жағынан сындық белгісі, екіншісінің түске байланысты мәнін білдіріп отырғаны ескеріліп отырған жоқ. Бұл жағынан келгенде, мысалы, орыс тіліндегі сын есіммен салыстырғанда, грамматикалық сипаты жағынан үлкен айырмашылығы бар. Орыс тілінде сын есім зат есіммен грамматикалық байланысқа түсіп тек жағынан (мысалы, большая школа — үлкен мектеп,


6

болъшой институт — үлкен институт), жекешелік — көптік жағынан, септік түрленуі жағынан (у болъшой школы — үлкен мектептің, большому институту – үлкен институтқа т.б.) бір тұлғада ғана түрленіп (согласование) қолданылады да, ол сын есімнің түрлену жүйесі деп танылады. Ал қазақ тіліндегі сын есімнің сипаты, жоғарыда көрсетілгендей, мүлде басқаша. Сондықтан да осындай грамматикалық сипатына қарап, сын есімді сан есім, үстеу сияқты түрленбейтін сөз табы деуге болады. Ал шырай тұлғалары жалпы сын есімнің сөз табы ретіндегі түрлену тұлғасы емес, бір ғана мағыналық тобының семантикалық сипатын көрсететін лексика-грамматикалық тұлғалану көрсеткіші болып табылады.

2 Шырай категориясы.

Шырай категориясы затқа, құбылысқа байланысты біртектес, бір ыңғайлас сынның, сапалық, белгінің, түр-түстің т.б. сапалық сипаттың артық я кемін немесе тым артық я тым кем екенін білдіретін белгілі қосымшалар үстелу немесе басқа тәсілдердің жүйелі жолдары арқылы жасалатын сапалық сын есімнің парадигмалық түрі. Сондықтан шырай категориясы, біріншіден, жалпы сын есім атаулының емес, тек сапалық сын есімнің, екіншіден, таза грамматикалық емес, лексика-грамматикалық категориясы болып табылады. Өйткені жоғарыда көрсетілгендермен бірге, шырай қосымшалары сапалық сын есімдердің (сын есім түбірдің) семантикасына (жалпы грамматикалық мағынасына) өзгеріс енгізіп, қосымша реңк үстейді, семантикалық жағынан улкен мен үлкендеу, үп-үлкен, өте үлкен, биік пен биіктеу, біп-биік, күрең мен күреңдеу, күп-күрең т.б. бір емес.
Бұл жағынан (семантикалық) келгенде, сөз жоқ, шырай категориясы сапалық сын есімнің реңдік мәні немесе белгі реңінің бір көрінісі болып табылады. Айта кету керек, сөз табының реңдік мәні оның ерекше семантикалық түрі болып саналады да, грамматикалық немесе лексика-грамматикалық

7

категориясы дәрежесіне жете алуы да, жете алмауы да мүмкін. Осы мәндес зат есімнің реңдік мәнді түрлері белгілі қосымшалар арқылы жасалатын тобы (әр түрлі эмоциялық-экспрессиялық мән үстейтін, сыйлау, қүрметтеу, еркелету, менсінбеу, кекету, қомсыну, кем түту т.б. мән үстейтін) болса да, зат есімнің жеке грамматикалық немесе лексика-грамматикалық категориясы болып таныла алмайды. Ал етістіктің модальділік сипаттағы түрлері бір емес, бірнеше грамматикалық категориясы (рай категориясы, және шақ категориясы т.б.) болып қалыптасқан. Ал модальдылықтың үшінші бір тобы (жекелеген сөздер арқылы, мысалы, көрінеді, болады, болмайды, шығар т.б.) көмекші етістіктер: айтатын көрінеді, сөйлеп болмайды және қосымшалар арқылы, мысалы, -сы-сі, -сын, -сін, -ымсыра, -імсіре т.б. жасалатын жеке сөздер де грамматикалық немесе лексика-грамматикалық категория дәрежесіне көтеріле алмады (танылмай жүр.) Сондықтан да сапалық сын есімнің реңк сынның я белгінің реңкі мәнді тобы толық грамматикалық лексика-грамматикалық