Файл: азастан республикасы білім жне ылым министрлігі м.Уезов атындаы ОТстік азастан университеті филология факультеті.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 76

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
категориясы бола алмай, оның белгінің реңкінің бір түрі шырай түрі ғана лексика-грамматикалық категориясы болып қалыптасқан. Сондықтан да сынның (сапаның) белгісінің артық я кемін, солғын я айқын сияқты т.б. дәрежелерін білдіргеннің бәрі шырай көрсеткіші деп танылып келсе, әсіресе ондай таным арнайы зерттеулерден берік орын алса да (М. -ҚШК), кейінгі еңбектерде оларды жаппай шырай категориясына енгізіп, шырай тұлғалары деп тани бермей, осы айтылғандай сипаттары зерттеушілерді ойландыруда, А.Ысқақов белгінің реңін және шырай категориясын бөле отырып, заттың белгісі, сипаты (түсі, түрі, сапасы, көлемі, аумағы, салмағы, сыры т.б.) біркелкі болмай, рең жағынан әр түрлі дәрежеде болатынын, демек, сипатының – я белгінің бір затга артық, бір затта кем болатынын білдіретін сын есім формалары шырай формалары деп аталады дейді. Заттың сындық белгілерінің бәсеңдік, солғындық реңдері мен мәндерін білдіретін формаларға -ғыл, (-қыл), (-қылт), -ғылт, -ғылтым (-қылтым), -ғыш,

8

-ғана (-кене), -ілдер, -қай, -қан, -ақ (-ек), -шыл (-шіл) -шылтым (-шілтім), -ша (-ше) қосымшалары жатады», дей келіп, шырай категориясы түрлерін жасайтын қосымшаларға -рақ, -рек, -ырақ, -ірек, және -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу екі қосымшасынан басқа өнімсіз жұрнақтар ретінде -қыл, -кіл, -ғыл, -қылт, -ғылт, -тым, -шыл, -шіл, -қай, -ақ қосымшалары жататынын көрсетеді (Ы.А. -ҚҚТ, 192, 197). Яғни шырай формаларының қатарына -ша, -ше, -ақ -ек, -ғыш, -қана, -кене сияқты қосымшалар енбей қалған. Ал И.Маманов шырай категориясының тұлғалары деп бірді-екілі емес, сапалық сын есімнің баршасына да жалғана алатын, сөйтіп, сапалық сын есімнің кез келген шырай түрін жасай алатын қосымшаларды атайды.
„Қазақ тіліндегі сөз тудырушы және форма тудырушы қосымшалардың ара жігін айыру үшін, олардың сөз мағынасын өзгерту, өзгертпеуі толық критерий бола алмайды. Сондықтан да форма тудырушы қосымшаларды сөз тудырушы қосымшалардан айырудың екінші бір басты белгісі – оның грамматикалық абстракция жасау қабілетіне сүйенген жөн. Былайша айтқанда, форма тудырушы қосымша бір сөз табына, не бір сөз табының бір тобына, тіпті кейбіреулері бірнеше сөз табына түгелдей жалғанады да, грамматикалық абстракция жасайды. Шырай формаларының морфемалары сын есімнің бір тобы сапалық сын есімдерді түгелдей қамтитын грамматикалық көрсеткіші болып саналады. Мысалы, жақсырақ, ақылдырақ, үлкендеу, тарлау т.б. Мұндағы -рақ, -рек, -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу қосымшалары сапалық сын есімдерге түгелдей жалғанады. Алғыш, -гіш, -ғылт, -шыл қосымшалары бірді-екілі сөздердің ғана құрамында кездеседі. Сонымен бірге ақшыл, сарғыш, сұрғылт, сөздерінің өзі шырай формасымен түрленеді. Мысалы, ақшылырақ, сарғыштау т.б. Жалпы тіл білімінің қағидасы бойынша, бір категорияға жататын грамматика-лық формалар бірінің үстіне бірі жалғанбайды. Бір септік жалғауының үстіне екінші септік жалғауы, бір есімше формасының үстіне екінші бір есімше жалғанатын -ғыш,


9

-шыл, -ғылт қосымшалары шырай формасының грамматикалық көрсеткіші емес, олар сөз тудырушы қосымшаға жатады. Есімше, көсемше, рай және субстантив формаларының қосымшалары жалғанған сөздеріне грамматикалық мағына үстеумен қатар, барлық түрлеріне түгелдей жалғанып, грамматикалық абстракция жасайды. (М. — ҚҚТЛТ, 49-50). Жол-жөнекей айта кету керек, ғалымның бұл позициясының тілдегі грамматикалық тұлғалардың мәнін анықтай түсуде ғылыми негізі бар мәнді дәлел екенін, көптеген грамматикалық құбылыстарды қайта қарап, қайта саралау керек екенін көрсете отырып, ғалым пікірінің екінші критерийіне байланысты тіл заңдары қатып-қалған, өзгермейтін қағида емес, белгілі бір құбылыстарға байланысты кейбір шарттылық та болып отыратындығын да ескерткен жөн екенін естен шығармауымыз керек. Етіс жұрнақтарының бірінің үстіне бірі жалғануы соның көрінісі, тілдік құбылыстың грамматикалық емес, лексикалық немесе лексика-семантикалық сипатының бір белгісі болу керек. Ал А Ысқақов шырай жұрнақтарының бірінен кейін бірі үстеліп әсіресе -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу жүрнағының қосыла жалғануын оғаш деп есептемейді Сапалық сын есімнің шырай категориясы мен реңдік мәнді топтары (түрлері) бір-біріне жақын тілдік құбылыс болғанымен, бірдей емес екенін көреміз. Сын есімнің реңдік мәнді түрлері зат есімнің реңдік мәнді түрлерімен семантикалық (лексика-грамматикалық) сипаты жағынан сәйкес келеді. Зат есімнің де, сын есімнің де реңдік мәнді түрлерін жасайтын қосымшалар, бір жағынан, әдеттегі форма тудыратын парадигмалық жүйенің түрі болып табылатын қосымшалардан да, екінші жағынан, белгілі топқа жататын сөздерге түгел жаппай жалғана алмау сипаты жағынан, сөзжасам қосымшаларынан да, семантикалық сипаты яғни жаңа сөз, лексема тудыра алмау жағынан да ажыратылып, өзгеше топтағы қосымша екенін көрсетеді. Сондай-ақ сапалық және қатыстық сын есімдердің ара жігін ажыратуда да кейде қиындық туып отыратынын да ескерте кеткен

10

жөн. Бұның өзі, ең алдымен, тілдің өзі, оның жекелеген элементтері қатып қалғап нәрсе емес, әр уақытта даму үстіндегі болып отыратын тілдік процесс, құбылыс екенін көрсетеді. Мысалы, қатыстық сын есімдер тұлғалық құрамы жағынан әдетте туынды түбірлер болып келеді де, оның мағынасы сол сөздің түбірі білдіретін мағынаға қатысты болады. Сын есімнің бұл түрі қатыстық деп аталуының мәні де осында жатыр. Бірақ ондай қатыстық мәндегі туынды түбір сөздердің біразы семантикалық өзгеріске үшыраудың салдарынан сапалық сипатты, мәнді біртіндеп білдіре бастаудың нәтижесінде сапалық сын есімге ауысады. Мысалы, толық, ашық, ақылды сияқты сындар толу, ашу қимылына, ақыл деген заттық ұғымға тікелей қатысты, солардан жасалған, бірақ сол қатыстық мәнді ғана білдірумен шектеліп қалмаған, екінші бір заттың сапалық сипатын білдіруге ауысқан, сондықтан да оларға шырай формалары жалғанып, шырай категориясы жасалады да, ол шырай категориясы сапалық сын есімнен жасалады: толық – толықтау – толығырақ – топ-толық – тым толық – ашық – ашықтау – ашығырақ-ап-ашық-өте ашық, ақылды-ақылдылау- ап-ақылды -өте ақылды т.б.


Сын (сапалық) есімнің шырай категориясы лексика-грамматикалық категория, жалпы сын есімнің түрлену жүйесі емес, сапалық сын есімнің семантикалық және грамматикалық тұлғалану сипаты болып табылады. Өйткені шырай қосымшалары түбірге (сапалық сын есімге) жалғанып, түбір білдіретін мағынаны өзгертіп жібере алмағанымен, оған сәл де болса өзгеріс енгізіп немесе қосымша реңк, мән үстеп отырады. Мысалы, қызыл мен қып-қызыл, үлкен мен үлкенірек, ащы мен ащылау семантикалық жағынан бірдей емес. Зат есімде үй-ді (салды), үй-дің (төбесі),үй-лер-дің (көрінді), етістікте (сөзді) айт-ып-ты, оқы-ған-мен т.б. сөздерде -дітабыс септік жалғауы: -діңілік септік жалғауы, -леркөптік -іңтәуелдік және атау септік нөлдік тұлғалары үй деген сөздің жалпы грамматикалық мағынасына ешбір өзгеріс енгізбей (деректі зат атауы болып қалып отыр), оған тек қосымша тура объектілік,

11

грамматикалық меншіктілік, көптік, 2-жаққа тәуелдік субъектілік мағыналар үстеген; етістікте де -ып көсемше жұрнағы, -ты 3-жақ жіктік жалғауы -ғанесімше жұрнағы -мын1-жақ жекеше жіктік жалғауды да айт, оқықимыл, іс-әрекеттің мағынасына ешбір нұқсан келтірмей, өзгеріс енгізбей, сол жалпы грамматикалық (түбір білдіретін) мағынаның қимыл және сабақты мәннің үстіне шақтық, жақтық (жекешелік) мағыналарын үстеген. Ал айт-ыл-ма-ды, жүр-гіз-се-м дегенде, біріншіден, -ыл, -гізқосымшалары түбірдің семантикасына өзгеріс енгізген: сабақты етістікті (айт) салт етістікке айналдырған (айтыл), салт етістікті (жүр) сабақты етістікке айналдырған (жүргіз), яғни түбір білдіретін жалпы қимыл, іс-әрекет өзгермегенмен, сабақтылық-салттылық сипаты өзгерген, екіншіден, қосымша мән үстелген: қимылдың субьект мен обьект арасындағы белгілі қатысты білдіру, сондай-ақ -ма(-ба) жұрнағы сол қимылдың (айту, жүру) болмайтынын білдіріп, түбір семантикасына өзгеріс енгізіп отыр, ал -ды, -се, -м қосымшалары (жедел өткен шақ, шартты рай, 1-жақ жекеше жіктік жалғауы) түбір семантикасына өзгеріс енгізбей тек қосымша шақтық, шарттылық, жекеше жақтық мағыналар үстелген. Осыдан көрінетіндей, шырай категориясының грамматикалық сипаты етістіктің сабақты-салт етістік, етіс болымсыз етістік категорияларына ұқсас келеді де, лексика-грамматикалық категория болып табылады.

2.1 А.Ысқақовтың зерттеуі.

Шырай категориясының мәнін тану үшін А.Ысқақовтың мына пікірін келтіре кетейік: Сын есімнің шырай деп аталатын категориясының мазмұны да, формасы да әлденеше заттың (әр түрлі я біркелкі белгілерін емес) біркелкі белгілерінің өзара айырмашылықтарын демек, сол біркелкі белгілердің бір-бірінен я артық, я кем екендігін анықтау арқылы туады. Екінші сөзбен айтқанда, біреуі ақ, біреуі қызыл, біреуі қара, біреуі сары, біреуі қоңыр,


12

біреуі көк түсті нәрселерді немесе біреуі үлкен, біреуі кіші, біреуі тік, біреуі сопақ, біреуі тік нәрселерді (дұрысында түстер мен сындық белгілерді) (-И.С.) салыстырудан шырай категориясы тумайды.
Тілді, оның ілімде оқушылардың ана тілін оқыту барысында балалардың сөйлеу барысын, дағдысын дамытуға көп көңіл бөлу керек пе, болмаса қалай дұрыс сөйлеу қажеттігі туралы ғылыми ұғымдарды немесе грамматиканы меңгертуге көп назар аудару қажет пе деген мәселенің айналасындағы бір-біріне кереғар пікірлер бұрынғы кеңес мектебінің 70-жылдан астам тарихының өн бойында үнемі жалғасып келеді. Мәселен, 20-жылдары «грамматиканы арнайы оқытудың қажеті жоқ, оның сөйлеу барысында оқушылардың өздері-ақ үйренеді» деген көзқарас үстем болса, отызыншы жылдардың бас кезінен бастап кеңес мектебінде оқушыларға сөйлеу, жазу дағдыларын үйрету тілдің лексикалық, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік жүйелерін меңгертумен қатар жүргізіле бастады. Ал 50-жылдары оқушылардың сөйлеу және жазу дағдыларындағы олқылықтар сөздердің лексикалық мағыналарын үйретуге аз көңіл бөлігендігінен деп табылады. Осы жағдай 60 — жылдары бастауыш мектептерде берілген білім мазмұны мен оқыту әдістерін жақсарту жұмыс іске асуға алып келді.
60- жылдары бастауыш мектеп бағдарламасына, оның ішінде тіл пәнін оқытуға байланысты жүзеге асырылған өзгерістердің мәні неде еді? Бастауыш мектептерде тілді оқыту барысы мынадай тәсілдерді қамтыды:
а) оқуға үйрету;
ә) сөздік қорын стилистиакалық дәлдікті, мазмұндылықты, логикалық жүйелікті қамититын оқушылардың байланыстырып сөйлеуін дамыту;
б) фонетиканы сөз құрамы және грамматиканы (морфология, синтаксис) меңгерту;
в) графикалық, пунктуациялық дағдыларды қалыптыстыру.
Жаңа бағдарлама бойынша осы айтылған мәселелердің арасында тығыз

13

байланыс орнату қажет деп табылады. Бұрын балалардың орфографиялық дағдысын қалыптастыру грамматиаклық ұғымдарды меңгертуге, байланыстырылып сөйлеуді дамытуға бағытталған жұмыстармен байланыссыз жүргізілсе, немесе грамматикалық ұғымдарды меңгерту тілдің лексикалық және синтакситік жүйесін оқумен ұштастырылмаса,енді мұның бәрін бір мақсатқа – оқушылардың өз ойларын мазмұнды, грамматикалық тұрғыдан сауатты, стильдік жағынан ойын дәл бейнелеп айта және жаза білу дағдыларын қалыптастыруға бағындыру қажет болады.
Жоғарыда атап өткеніміздей, бастауыш сынып оқушыларына грамматикалық ұғымдарды меңгертуде түсіндіргенді қайталап айтып беруге (репродуктивті) баулау әдісі ойдағыдай нәтиже бермейді. Бұл әдіске машықтанған оқушылар көбінесе грамматикалық ұғымдарды жаттап, еске сақтауға бейім болады. Ал жаттап алынған білім мен дағдының көп уақыт өтпей-ақ ұмытылатыны, оқушылардың күнделікті тұрмысында пайдаланылмайтындығы белгілі. Сондықтан әдіскер-ғалымдар басатуыш сыныптарда грамматикалық ұғымдарды меңгерту үшін қолайлы әдістемелік жағдайлар жасау қажеттігін көптеп айтып жүр. Мұндай әдістемелік жағдайлардың бірнеше түрлері белгілі.

1) Оқушылардың белсенді ойлау қызметі іске қосу.
2) Сөзге немесе сөйлемге қатысты оқушылардың саналы лингвистикалық көзқарасын дамыту.
3) Өтілген грамматикалық ұғымның айқын және көмескі белгілерін меңгеру.
4) Жаңа меңгерген грамматикалық ұғымды бұрын өтілген ұғымдар жүйесімен байланыстырып отыру. Бұл әдісті берілген білімді жинақтап отыру әдісі деп те айтуға болады.
5) Жаңа граматикалық ұғымды түсіндіру үшін оқушылардың бұрынғы білімдері мен дағдыларына сүйеніп отыру.
6) Грамматикалық ұғымдарды көрнекі құралдар көмегімен меңгерту.
14

Көрнекі құралдар қандай мақсатқа арналса да, олардың айқын, әдемі, қолдануға ыңғайлы болғаны дұрыс.
Сын есімнің семантиаклық топтары, шырайлары және синтаксистік қызметі.
Есімдер деп аталатын сөздердің ішіндегі зат есімнен кейінгі есесі де, еншісі де мол сөз табы сын есім.
Семантикалық жағынан зат есім әр алуан ұғымдарды білдіретін сөздердің лексика-грамматикалық тобы болса, сын есім неше алуан сыр сипатымен алуан байланысты ұғымдарды білдіретін сөздердің лексика-грамматикалық тобы ретінде бөлінеді. Сөйтіп, сын есім деп заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін (түр-реңін) және басқа сол сияқты сыр-сипаттарын білдіретін лексика-грамматиакалық сөз тобын айтамыз.
Сын есімнің семантикалық мағынасы оның морфологиялық ерекшеліктері де, синтаксистік қызметтеріне де сараланып айқын көрініп отырады.
Морфологиялық сипаттары жағынан да сын есімнің өзіне ғана тән, өзге есімдерден басқа ерекшеліктері бар.

2.2 Сын есім өз семантикалық ерекшелігі.
Сын есім өз семантикалық ерекшелігіне қарай затты сыр-сипат (сапа, түр, рең, салмақ, көлем т.б.) жағынан анықтайды, бірақ ол (сын есім) анықтауыш қызметін атқарып тұрғанда, еш уақытта да тәуелденбейді, көптелмейді және септелмейді.
Зат есімге тән көптік, тәуелдік, септік жалғаулары зат есімнің де, сын есімнің де қызметтерін бірдей атқаратын синкретикалық омоним сөздерге (мысалы: салқын, көк, суық, жарық, жүйрік, терең т.б.) қажетінше жалғана берулерімен қатар, белгілі бір контексте қолдау ыңғайына қарай субстантивтенетін сын есімдерге (мысалы: үлкенге үлкенше, кішіге кішіше қызмет ет; ескіге жаңа, жаңаға ескі — өлшеуіш т.б.) жалғана береді. Сын есімде көптік, тәуелдік, септік категориялары болғанымен, оның өзіне тән ерекше шырай категориясы бар. Бұл ерекшелік те – сын есімнің зат есімнен бөлінерлік, өз алдына дербес категория екені дәлел.