Файл: Лт. Жаа лемдегі жастар келбеті Гт. Себеп стеулері, табыс септігіндегі есімше Таырыпа атысты лексика жне терминология.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 38

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сабақтың тақырыбы

Л/т. «Жаңа әлемдегі жастар келбеті»

Г/т. Себеп үстеулері, табыс септігіндегі есімше

Тақырыпқа қатысты лексика және терминология:
Жастар - молодежь- youth

Жастар саясаты - молодежная политика- youth policy

Көшбасшы жастар – лидер молодежи- youth leaders

Ел болашағы - будущее страны- the future of the country

Жас мамандар - молодые специалисты- young professionals

Білімді ұрпақ - образованное поколение- educated generation
Оқыңыз және есте сақтаңыз.
Ұйымдастырушылық қабілет Алдыңғы буын

Жастар ұйымы Кейінгі ұрпақ

Толеранттылық Халықаралық жастар қоғамы

Жастар секторы Жауапкершілі

Жастар практикасы Жан-жақты жетілген тұлға

Ой қозғау. Сөздер бұлты бойынша тақырыпқа болжам жасату, ойларын білу.


Жастар,

білімді,

жастар, субмәдениеті

жан -жақты,

келбет


1. Тыңдалым. «Ел ертеңі -білімді жастар» тақырыбында бейнеақпаратты көру,тыңдау.

https://youtu.be/BZcLFIoIe1M сілтемесінен бейнақпарат.

1.1. Бейнеақпараттағы мәселеге болжау жасау. Әңгіме құраудың алдында сөйлеу кезінде интонацияға, төл әріптердін айтылуына көңіл бөлу. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма барысында орындалуын қадағалап отыру.

1.2. Тыңдалым мәтіні бойынша 5 негізгі ақпаратты анықтаңыз.


1 Студенттерді кәсіпкерлікке баулу жұмыстары жүргізіліп жатыр.


1.3. «Жастар дегеніміз кім?» деген сұраққа жауап бере отырып, төмендегі сызба бойынша топтастырыңыз.


Белсенді адамдар


2. Айтылым

2.1. Айтылым тапсырмасы

«Еркін микрафон». Жұбыңызбен сөйлесіп, сұхбат құрыңыз.

-Сәлем, сен біздің елімізде жастарға арналған қандай бағдарламаларды білесің?

- .........................................................................................................................

- Ол бағдарламалардың саған тигізер пайдасы бар ма?

- ...........................................................................................................................

- Сен тікелей жастармен жұмыс жасайтын маман болсаң, оларға қандай қызмет ұсынар едің?

- ..............................................................................................................................

- ХХІ ғасыр жастарының бойында қандай қасиеттер болуы керек деп ойлайсың?

- ................................................................................................................................

2.2. Төменде берілген мақалдың жалғасын айтыңыз.

1. Жақсы жастан шығады,....................................... (темір тастан шығады).

2. Үлкенге құрмет,........................................................................ (кішіге ізет).

3. Жасыңда жалықпасаң, ................................( қартайғанда тарықпайсың).

4. Жасыңда оқтай түзу болсаң да, ....................( қартайғанда жақтай иілесің).

2.3. Жағдаят. Сіз жоғары білімді, білікті мамансыз, ал сіздің жақын досыңыз жоғары білімі жоқ, жұмысқа орналаса алмай жүрген адам. Сіз оған қандай кеңес бересіз?

3. Оқылым.

3.1. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.

Бүгінгі жастардың келбеті қандай?

Бүгінгі жастардың келбеті қандай? Соңғы кезде құрбыларымның бойындағы теріс қылықтарды көріп қатты ойланамын. Жастар - еліктегіш, қоғамда болып жатқан жаңалықтарды тез қабылдап, оны ой сүзгісінен өткізбей жатып бойға сіңіріп үлгереді. Батысқа табынушылық, діни адасушылықтар, терроризм, жастар арасында есірткінің таралуы, мәдени деңгейдің құлдырауы қоғамымыздың өзекті проблемасы болып отыр. Қазір теледидардан үнді, корей, түрік сериалдары көп беріледі. Сол сериалдар жастардың сол елдердің салт-дәстүрлерін қабылдап еліктеуіне септігін тигізеді. Сөйтіп кейбір жастарымыздың санасы улануда. Қазақтың жас ұлы мен қызының қолынан темекіні көргенде ешкім таң қалмайтын болды. Ешкім ескерту жасамаған соң, қазіргі жастар бұл әрекеттерін теріс деп санамайды.

Ақжарқын Ділбайқызы





3.2. Алдыңғы буын жастары мен кейінгі буын жастарының айырмашылықтары мен ұқсастықтарын «Венн диаграммасына» топтастырыңыз.



3.3. Сөйлемді оқып, ақпараттың дұрыс не бұрыс екенін ажыратыңыз.


Ақпарат

Дұрыс

Бұрыс

Қазір теледидардан қазақ, өзбек, қырғыз сериалдары көп беріледі.







Жастар - еліктегіш, қоғамда болып жатқан жаңалықтарды тез қабылдап, оны ой сүзгісінен өткізбей жатып бойға сіңіріп үлгереді.







Жастарымыздың темекіге, жаман әдетке қызығушылығы жоқ.







Сериалдар арқылы жастардың санасы уланады.








4. Жазылым

4.1. Жазылым тапсырмасы. Тыңдалым және оқылым материалдарын пайдалана отырып, көтерілген мәселелерге «SWOT» талдау жүргізіңіз.

S – Мықты тұсы

W- Әлсіз тұсы

Кәсіпкер жастар жақсы өмір сүре алады.

 Жастардың көбісі батыс елдері мәдениетіне еліктейді.







O – Мүмкіндіктер

T – Қауіп

 Бағдарламалар арқылы жастар жұмысқа орналаса алады.

 Еліктеушілік жастар санасын улауда.










4.2. Төменде берілген сөйлемдерді өз ойыңызбен аяқтаңыз.



4.3. Берілген сөздерден себеп-салдар үстеулерді теріп жазыңыздар. Әдейі, текке, бекерге, ертең, босқа, мүлдем, әрең, былтыр, амалсыздан, мүлде, орасан, осынша, сонша,қасақана, биыл, ежелден,кейін, онша, шарасыздан, лажсыздан, босқа, тым, аса.,

Еске түсіреміз. Себеп-салдар үстеулері қимылдың себебін, нәтижесін білдіреді. Себеп-салдар үстеулері не себепті? неге? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: бекерге, босқа, текке, амалсыздан, шарасыздан, лажсыздан.
Табыс септігі қимыл объектісін толық қамтып, нұсқап көрсетеді, етістік сөзбен байланысты. Мысалы: кітап+ты оку, шығарма+ны жазу.Ал, есімше болса етістіктерше де, есімдерше де түрленетін және солардың қызметін атқара алатын етістіктің бір түрі.Жұрнақтары: -ған, -ген, -қан, -кен, -атын, -етін, -йтін, -йтын, -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек, -ар,-ер, -с, (-тұғын). Ерекшелігі: әрі есім сөздер сияқты түрленеді, әрі етістік. Мысалы: Асыл бұл кітапты бірнеше рет оқыған. Оқыған адам озады.

4.4. «Елге қызмет ету- азаматтық парыз» тақырыбына эссе жазу, мағынасына қарай мақал-мәтел қолдану.



СОӨЖ: «Мен жастарға сенемін» (М.Жұмабаев). Өлеңді мәнерлеп оқу, жаттап алу; өлең мазмұнындағы фразеологизмдердің мағынасын ашу;

СӨЖ: «Жас болу оңай ма?» тақырыбына пікірталас. «Жастар: кеше, бүгін, ертең». Тұсаукесер.