Файл: Ырыз гимназия кмм ылымиж o б a таырыбы Мaгнит жнe oны олдану Орындаан Серікызы Айбану.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 234
Скачиваний: 1
СОДЕРЖАНИЕ
Мұны тексеру үшін мен эксперимент жүргіздім
1. Мен бұранданы стақан суға лақтырдым.
Қорытынды: магниттік күш заттар мен заттар арқылы өтеді.
Ауырлық күші денелер арасындағы қашықтыққа тәуелді ме?
• әр түрлі мөлшердегі үш магнит;
кейбір монеталар магнитке бірден тартылады, ал басқалары магнитке жақындағанда ғана пайда болады.
Магниттер келесі эксперименттен көрініп тұрғандай, тарта да алады, сонымен қатар итере де алады.
Осы жұмыс барысында менің білгендерім:
1) Магниттің пішіні мен мөлшері оның беріктігіне әсер етеді.
2) Магниттер темір немесе болат, никель және басқа да металдардан заттарды тарту қабілетіне ие.
3) Магниттік күш заттар немесе заттар арқылы өтуі мүмкін.
4) Магниттер тек қана тарта алмайды, сонымен қатар кері тебеді.
-
магнит деген не, магнит өрісі жайлы кеңінен танып білу; -
магниттің құрамын зерттеп, оның басқа заттарға серін анықтау; -
адамдардың трмыста магнитті қалай пайдаланатынын және оның тиімді жақтарын қарастыру.
-
Теориялық бөлім -
Магнит және оның шығу тегі. Магнит деген не?
Магнит – темір, болат, никель және басқа да металдарды тарта алатын дене. Екі мың жылдан астам уақыт бұрын ежелгі гректер темірді өзіне тартатын қасиеті бар минерар – магнетиттің бар екенін білді.Металдық жылтырайтын қара түсті күшті магниттік қасиеті бар минерал – бұл магнетит.Магнитті ең алғаш рет Кіші Азиядағы Магнес атты қойшы Ида тауынан тауып алған болатын. Ойламаған жерден қойшының таяғының темір ұшы қатты затқа тиіп кетіп, әдеттен тыс өзіне тарта түскен.Минералдың таң қаларлық қасиеті сонау антикалық дәуірден бері белгілі. Көне Грекияда оны "Алып тас" деп атаған. Платонның сөзімен айтқанда, "тек темір заттарды өзіне тартатын қабілеті ғана емес, сонымен бірге өз күшімен олардың бір-біріне тартылуына да ықпал етеді". Ол тұста мұндай метаморфоз нағыз таңғажайып болып табылатын. Оның үстіне бұл көріксіз тастың қаншалықты пайдалы екендігі тез арада белгілі болды.Клеопатра және көптеген атақты египеттік ханымдар магниттен жасалған әшекейлерді тағатын, себебі оның ұзақ жылдар бойы сұлулық пен жастықты сақтауға көмектесетініне сенімді еді.Көптеген елдерде магнитті "қорғайтын тас" деп атайды. Оның өз иесін таза емес күштерден қорғайтын қасиеті бар. Яғни, бүкіл жамандықты тартып алып, ұстап тұрады. Аңыздарда айтылғандай, Ұлы Александр жорыққа шыққанда жауынгерлерін магнит түйірімен қамтамасыз етіп отырыпты. Жаман рухтардан, жаудың оғынан, басқа да жамандықтардан аулақ болу үшін магнитті пайдалануды әдетке айналдырыпты.Магнит түріктің қаласының атына байланысты қойылған, (грек. magnetіs, Magnetіs lіthos — Магнесия тасы; Магнесия — Кіші Азиядағы көне қала) — магниттелушілік қасиеті бар, яғни магнит өрісін туғызатын дене. Темірге қарағанда магнетит адамдарды өзінің темір заттары өзіне тартатын ерекше қасиетімен қызықтырды. Дегенмен, осы магниттің тарту күші салыстырмалы түрде соншалық үлкен емес. 1825 жылы У.Стерженнің алғашқы электромагнитті ойлап табуымен магниттер ығыстырыла бастады. Магниттер жасанды және табиғи болып екіге бөлінеді. Табиғи магниттер магнитті темір рудасынан алынады. Ең үлкен танымал магнит Тарту университетінде сақтаулы.Оның массасы 13 кг, көтеру күші 40 кг.
Жасанды магниттер – бұл әртүрлі ферромагниттерге негізделген адам жасаған магниттер.«Ұнтақ» магниттер (темірден, кобальттан және басқа да қоспалардан) өз салмағынан 5000 есе көп жүк көтере алады. Жасанды магниттерді XVIII ғасырда Англияда ысқылау әдісімен ала бастады. Аңыз бойынша ең мықты табиғи магниттің бірі Ньютонда болған, оның сақинасына магниттің өзінің салмағынан 50 есе артық салмақты затты тарта алатын магнит қойылған. Дененің магнит өрісіне ендірілгеннен кейін магниттің қасиетке ие болатын кесегі жасанды магнит деп аталады. Ал алдын ала магниттелген ферромагнитті не ферримагнитті материалдан жасалған белгілі бір пішіні (таға тәрізді, ұзынша жолақ түрінде, т.б.) бар магнит тұрақты магнит деп аталады. Ол электроникада, радиотехникада және автоматикада тұрақты магнит өрісінің автономды көзі ретінде кеңінен қолданылады. Магниттің қасиеттері Магнит дайындалған материалдың магнит гистерезис тұзағы тармақтарының магнитсіздендіру сипатымен анықталады. Магнит — Fe, Co, Nі, Аl, гексогональді ферриттер, т.б. негіздегі қорытпалардан жасалады. Асқын өткізгіш материалдан жасалған орамасы бар соленоидты немесе электрмагнитті асқын өткізгіш магнит деп атайды. Оны заттардың магнит-элетр және оптикалық қасиеттерін, плазманы, атом ядроларды және элементар бөлшектерді зерттеуге арналған тәжірибелерде қолданады. Асқын өткізгіш Магнит байланыс техникасында және радиолокацияда электрмашиналарының Магниттік өрісінің индукторы ретінде пайдаланылады.Магнетит, әдетте, октаэдр түрінде әдемі кристалдарды құрайды, кристалдар топ-топ болып шоқталып жиналады, қылшық тәрізді болады және олардың бетінде штрихтар пайда болады.Жаңалаудағы шөгінділерде жиналған магнетит қара құмдар деп аталады. Өте әдемі кристалдар Швейцарияда бар. Ең үлкен магнетит орындары Норвегияда. Магнетит кені біздің елімізде Уралда (Магнит тауы, Высокая тауы, Благодать тауы), Кавказда, Азербайжанда (Дашкесан), Курск магнит аномалиясында, Ангарскіде, Қазақстанда (Кен төбе, Қостанай, Атансор, Ұлытау кендері тағы басқа), Украинада (Кривой Рог) кездеседі. Шет елдегі кені АҚШ-та (Жоғары көл кені, Лабрадор түбегіндегі кен, Адирондак тауы, Магнет-Коув тауы т.б.), Швецияда (Кирунаваар, Люоссаваар кендері) бар.Магнетит сондай-ақ Германияда, Руминида, ОАР-да өндіріледі. Осы уақытқа дейін созылып келе жатқан темір ғасыры – бұл магнит ғасыры.
Әр елде магнитті әр қалай атаған. Қытайлықтан оны чу-ши, гректер – адамас және кламит «геркулес тасы», француздар – айман, үндістер – тхумбака, мысырлықтар – Ора сүйегі, испандықтар – пьедрамант, немістер – магнес және зигельштейн, ағылшындар – лоудстоун. Осы аттардың бәрі «темірді жақсы көруші» болып аударылады.2. 2 Магнит қалай жұмыс жасайды?Магнит құрамында ұсақ магиттік күші бар миллиондаған бөлшектер бар. Бұл бұлшектер белгілі бір ретпен тізбектеліп, магнит немесе магнит өрісі қолжетімді жерде орналасқан белгілібір металдарды тартуға немесе кері итеруге қабілетті бір бағытта күш жұмсайды.Темір сияқты азғантай металдар ғана магниттік бөлшектерге ие. Темірде бұл бөлшектер қажеттік формаға тез тұрып, магнит түзе алады. Егер оны балғамен ұрып жіберсе, магниттің бөлшектерінің қатары шашырап, темір магниттік қасиетінен айрылады.«Магнит өрісі» терминін 1845 ж. ағылшын физигі М. Фарадей енгізген. Ол электр өзара әсер сияқты магнит өзара әсер де бірыңғай материялық өріс арқылы беріледі деп санаған. Магнит өрісінің көздері — магниттелген денелер, тогы бар өткізгіштер және қозғалыстағы зарядталған денелер. Магнит өрісі зарядталған микробөлшектердің (электрон, протон, ион), сондай-ақ, микробөлшектердің меншікті (спиндік) магнит моменті болуының нәтижесінде пайда болады.Қозғалмайтын электр зарядтары электр өрiсiн туғызады, қозғалатын зарядтар басқа өрiс – магнит өрiсiн туғызады. Ток өтетiн өткiзгiштер арасындағы пайда болатын әсер магниттiк әсер деп аталады. Бұл жағдайда өткiзгiштердiң бiр-бiрiне әсер ететiн күштерiн магниттiк күштер деп атайды.Магниттік күштер – заттардың магнитке тартылу күші. Магниттер әртүрлі металдардан жасалған заттарды тартады; магниттің формасы мен өлшемі оның күшіне әсер етеді; магниттік күш заттардың бойымен өтеді.
-
магниттер тіпті алысырақ орналасқан затты тарта алады; -
адамдар магниттің қасиеттерін өз мақсаттарына пайдаланады.
2. 3 Магниттің өзіндік қасиеттеріМагниттің негізгі қасиеттерін қарастырайық. Егер магнит бағыттарына магнит жақындатсақ, сқлтүстік полюсі оңтүстік полюсті тартатынын, оңтүстік полюсі солтүстік полюсті тартатынын, және аттас полюстер бірін-бірі тебетінін байқауғаболады. сондықтан аттас полюстер тебісіп, түрлі полюстер тартылатынын білеміз.Оны магнитті магниттік полюстерге жақындату арқылы көруге болады. Қозғалыстағы зарядталған бөлшекке магнит ағыны тарапынан әсер ететiн күштi Лоренц күшi деп атайды. Магнит өрiсiнде қозғалатын электрондардың бастапқы бағытынан ауытқуына әкелiп соғатын Лоренц күшi, табиғаттың көптеген құбылыстарында кездеседi.Магнитті пайдалану. Магнит электроникада, радиотехникада және автоматикада тұрақты магнит өрісінің автономды көзі ретінде кеңінен қолданылады. Магниттік тізбек электр машиналары, трансформатор, тұрақты магнит, электрмагнит, электр өлшеуіш приборлар, т.б. жасау ісінде пайдаланылады. Электрмоторларда электр энергиясын механикалық энергияға түрлендіру үшін қолданады.
-
4 Жердің магниттік өрісі