Файл: Мектепке дейінгі трбие мен оытуды лгілік оу жоспары жне.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 30

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бекітемін:

«Ақбота» балабақшасының

меңгерушісі:

Г.М.Тусипбаева___________

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022 – 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

Желтоқсан айы 2022жыл



Ұйымдастырылған іс әрекет

Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері

Дене шынықтыру

Жалпы дамытушы жаттығулар.

Қолды кеуде тұсында айқастыру және екі жаққа жазу

Алға және екі жаққа еңкею. Еденде отырып, аяқтарды кезекпен бүгу және жазу.

Іштің және аяқтың бұлшық еттерін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығулар.

Таяныштан ұстап отыру, аяқтың ұшымен тұрып, тартылу.

Негізгі қимылдар:

шағын топпен және бүкіл топпен қарқынды өзгерте отырып жүру.

құрсаудан құрсауға аттап өту;

әртүрлі қарқынмен, заттардың арасымен жүгіру.

доғаның, гимнастикалық скамейканың астынан

нысанаға дейін төрттағандап (алақанымен, тіземен тіреп) еңбектеу.

отырып және тұрып, түрлі заттардың астынан 0,5-1,5 метр арақашықтыққа доптарды домалату

алға қарай ұмтыла қос аяқпен затқа дейін (10-15 сантиметр) секіру
Мәдени-гигиеналық дағдылар.

Ересектің бақылауымен бетін, қолдарын ластанған кезде және тамақтың алдында өз бетінше жуу, беті мен қолын жеке орамалмен құрғатып сүрту, ересектің көмегімен өзін ретке келтіру.

Жеке заттарды қолдану (қол орамал, майлық, орамал, тарақ, түбек),

киіміндегі олқылықты байқау және оны өз бетінше, ересектердің көмегімен ретке келтіру, белгілі бір ретпен киіну және шешіну, әртүрлі ілгектерді қолдана білу, ұйықтар алдында киімдерін шкафқа немесе орындыққа ұқыпты бүктеп қою. Үстел басындағы мәдениеттің қарапайым дағдыларын қалыптастыру:

нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып шайнау, тамақ ішкенде сөйлемеу, үстел басында дұрыс отыру.
Сауықтыру-шынықтыру шаралары.

Балаларды топта жеңіл киінуге үйрету. Күн тәртібіне сәйкес олардың таза ауада болу ұзақтығын қамтамасыз ету.Серуенде қимылды ойындарға қатысуға және жаттығуларды орындауға қызығушылық пен ықылас танытуға баулу. Шынықтыру шараларын өткізу.

Қимылды ойындар.

Балаларды ересектермен бірге қимылдары жеңіл, мазмұны қарапайым қимылды ойындар ойнауға ынталандыру. Балалардың ойынға қызығушылығын дамытуға ықпал ете отырып, негізгі қимылдарды (жүру, жүгіру, лақтыру, домалату) жетілдіру. Қимылдарды үйлесімді орындауға, кейбір кейіпкерлердің қарапайым әрекеттерін жеткізе білуге үйрету (қоян сияқты секіру; аю сияқты қорбаңдап жүру).

     

Спорттық жаттығулар:

Мұзды жолдармен сырғанау: балаларды қолынан жетелеп сырғанату.
Дербес қимыл белсенділігі.

Ересектің бақылауымен ойын әрекеттерін (спорттық, би) орындауға, қимыл белсенділігіне жағымды эмоция білдіруге, бұрын меңгерген қимылдарды өз бетінше орындауға ықылас танытуға баулу.

Сөйлеуді дамыту

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

Сөйлеу қарқынын, дауыстың жоғарылығы мен күшін ескеріп

артикуляциялық гимнастика жасау
Сөздік қорды қалыптастыру.

Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлеріне баулу, балаларды бесікпен

таныстыру, қуыршақты бесікке бөлеп, бесік жырын айтып отырып ойнату арқылы балаларды қамқорлыққа баулу
Тілдің грамматикалық құрылымы

Сөздердің дұрыс айтылуын, зат есімдердің көпше түрде дұрыс қолданылуын ескеріп, сын есімдерді зат есімнің көпше түрімен сәйкестендіруін үйрету.
Байланыстырып сөйлеу.

Қарапайым сюжеттік суреттердің мазмұнын айтып беру. Кейіпкерлердің әрекеттерін (қимылдарын) қайталатып ойнату.

Көркем әдебиет

Балаларды бесік жырларын, халық әндерін, ертегілерін, авторлық шығармаларды тыңдауға үйрету.Балаларды педагогтің көмегімен өлеңді толық қайталауға ынталандыру.

Сенсорика

Берілген заттардың 3-4 сенсорлық қасиеттеріне байланысты таңдауды жүзеге асыра отырып, түсі, көлемі, өлшемі бойынша әртекті заттарды салыстыру, заттардың санын ажырату (біреу-көп), әртүрлі көлемдегі заттарды атауын жетілдіру.

Құрастыру

Тұрғызылған қарапайым құрылыстарды атау, қорапқа құрылыс бөлшектерін ұқыптылықпен жинауды.

Құрдастарымен бірге құрастыруға баулу, олармен ойнау, қарапайым құрастыру дағдыларын бекіту: үстіне, жанына қоюды жетілдіру.


Қоршаған ортамен таныстыру

Ересектердің еңбегін бақылауға баулу, ересектердің әрекеттерді қалай орындап жатқанына балалардың назарын аудару.

Ненің «дұрыс» немесе «дұрыс емес», «жақсы» немесе «жаман» екені туралы қарапайым түсініктерді қалыптастыру.

Есімін атағанда жауап беру, өзін айнадан және фотосуреттерден тануын ұйымдастыру.

Сурет салу

Балалардың бейнелеу әрекетіне деген қызығушылығын ояту, көркемдік қабылдауларын дамыту.

Ересектермен бірлескен әрекеттерге қызығушылықты ояту. Қағазға, құмға саусақпен сурет салу, ересектер салған суретті толықтыру.

Белгілі бір ережелерді орындау: дұрыс отыру, қағазды умаждамау, қаламды тарсылдатпауды, жұмысты ұқыпты жасауды.

Мүсіндеу

Қуыршаққа арналған әшекейлерді (білезік, жүзік, қол сағат) мүсіндеу, заттардың ұқсастықтарын табуды.

Мүсіндеуге арналған материалдарды қолдану, қолды дымқыл шүберекпен сүрту, дайын болған бұйымды тұғырға орналастыру, жұмыстан кейін материалдарды жинауға үйрету.

Жапсыру

Жапсыруға қызығушылықты ояту. Материалдардың (қағаз) қасиеттері туралы түсінік қалыптастыру және оларды қолданудың қарапайым әдістерін (ұсақтау, жырту, бүктеу), жапсыру жұмыстарын жасау тәсілдерін (желімсіз) үйрету.

Фланелеграфта геометриялық фигураларды орналастыруын дамыту.


Музыка

Музыка тыңдау: Музыканы тыңдауға қызығушылықты қалыптастыру, музыканы эмоционалды көңіл-күймен қабылдау, оны тыңдау, дыбысталу ерекшеліктерін ажырата білу.

Ән айту: Әнді жеке және топпен айту, әуенді интонациямен және ырғақты дұрыс жеткізу.

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар. Қарапайым би қимылдарын орындау: қолдың білектерін айналдыру, шапалақтау және аяқты тарсылдату, жүрелеп отыру, аяқтарын қозғау, айналу; денені оңға, солға бұру, басты оңға, солға ию, қолдарды сермеу.