Файл: Сабаты таырыбы азаты лтты сндіколданбалы нері Сабаты масаты.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 24
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық сәндік-қолданбалы өнері
Сабақтың мақсаты: Қолда бар халық қолөнерінің нәрін тиімді пайдаланып,оны ізденімпаздықпен жаңарта отырып келешек ұрпақтың бойына сіңіру
Сабақтың міндеті: Оқушыларға қазақ халқының қолданбалы өнерінің түрлері жөнінде мәлімет беру, олардың функционалдық сауаттылығын арттыру.
Оқушыларға ою – өрнектер өнерін үйрету үстінде эстетикалық талғамдары мен өнерге деген шеберлікке ынта, қабілетін арттырып, көркемдікпен, әсемдікпен жасалғанына көздерін жеткізе отырып тәрбиелеу;
Оқушыларды халқымыздың салт – дәстүріне, қолөнеріне терең үңілдіріп, ой - өрісін дамыту;
Сабақтың түрі: Практикалық жұмыс
Сабақтың әдісі: Сыни тұрғыдан ойлау
Көрнекілігі: АКТ, ұлттық бұйымдар, дайын үлгі
Сабақтың барысы: « Біз кешегі бабаларымызбен ғана емес, бағамызбен ертеңгі шамамызбен мақтана алатын қолөнер туындыларымызды да ойлауымыз керек» Н.Ә.Назарбаев
1.Қызығушылықты ояту: “ Шашу”
2. Топқа бөлу:Геометриялық пішінді тәттілер арқылы.
3 . Пішіндер бойынша сипаттама
Шаршы : Шыдамды, ерекше тиянақты,көздеген мақсатына жетпей қоймайды, мұндай адамдардан керемет маман иесі шығады
Үшбұрыш: Мақтағанды сүйетін,өзінің пікірін жөн деп санайды,бірақ бәсекеге қабілетті қарсылас
Шеңбер: Мейірімді, ашық мінезді ,өзгенің қуанышына қуана алады , дау-дамайды ұнатпайды.
4.Мағынаны ашу . Мәтінмен жұмыс
1-топ :Қолөнердің шығу тарихы
2-топ: Зергерлік бұйымдар
3-топ: Сәндік-қолданбалы өнер
5.Слайд « Қазақтың ұлттық сәндік-қолданбалы өнері»
6.Сарамандық жұмыс Тәуелсіздікке тарту ретінде бұйымдар жасау
(Әр түрлі материалдардан )
Айтсаң – ұмытып қаламын.
Көрсетсең –есімде қалады,
Өзіме жасатсаң--үйреніп аламын
Конфуций
Кіріспе нұсқау:
Жұмыс барысындағы қауіпті жағдайлар:
-инемен, түйрегішпен немесе қайшымен, саусақты, қолды немесе көзді жарақаттап алудан сақтану керек.
Жұмыс басталғанда:
-инешекте қанша ине, қанша түйрегішбар екенін санау;
-құрал-жабдықтарды арнайы бөлінген жерге қою.
Жұмыс барысында:
-мұқият болу;
-саусақты инемен немесе түйрегішпен шаншып алмау үшін оймақ кию;
-инені, түйрегішті пайдаланғаннан кейін қайтадан инешекке немесе арнаулы қорапшаға салу;
-қайшының ұшын өзіңнен бұрып, оң жаққа қою.
Жұмыс соңында:
-инешектегі ине мен түйрегішті санау, түгелдеу;
-жұмыс аяқталғаннан кейін бұйымдарды, құрал-саймандар мен аспаптарды арнаулы орындарына жиыстырып қой.
Ағымды нұсқау:
1.Эскиз сызу
2.Пішіндерді қию
3.Негізгі бетке орналастыру
Қорытынды нұсқау:
Дайын бұйымның сапасын тексеру.
Сергіту сәті Топ серуені
Сабақты қорыту: Әр топ өз жұмыстарын қорғайды
Кері байланыс “Бес саусақ әдісі”
Бас бармақ:Бүгінгі үйренгенім
Сұқ саусақ:Топта кімге риза болдым ?
Ортаңғы саусақ: Қандай жаңалық аштым
Аты жоқ саусақ:Маған не ұнады
Шынашақ: Көңіл-күйім..
Рефлексия Аралдар әдісі . Смайликтер арқылы «Қуаныш» аралы, «Белгісіздік» аралы, «Бермуд үшбұрышы», «Алғыс» аралы
1.Қол өнердің шығу тарихы
Қазақ қол өнерінің өсу жолы, өзіне тән даму тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан басталады. Оған бұрын Қазақстан жерінде бұрын – соңды жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған ежелгі мәдениеттің үлгілері дәлел бола алады. Мұның өзі қазақ өнерінің Республика жерінде мекендеген сақ, үйсін, қаңлы, қыпшақ, ғұн, қарлұқ және тағы да басқа көне түркі тайпаларының мәдениетімен төркіндестігінің айғағы.
Қазақ халқы – кең байтақ Республика жеріндегі ертеден қалыптасқан көне мәдениеттің мұрагерлері және сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып байытушы. Қазақ өнері толассыз дамудың нәтижесінде ХІХ ғасырдың екінші жартыс мен ХХ ғасырдың басында Қазақ халқының дәстүрлі қол өнері өз дамуында айтарлықтай жоғары деңгейге көтерілді.
Халқымыздың ұлттық киімі – біздің өшпес мәдени мұрамыз. Ұлттық киіміміз әлем халқының алдында ұлтымыздың ерекшелігін танытады. Қазақ халқының әлемге өнерін паш етеді. Атадан балаға мирас болып келеҚазақы киім көненің көзі. Оны ескерткіш ретінде болашақ ұрпаққа сақтау қажеттігін ескерсек, оған барынша қамқорлық жасап қалпына келтіру, баламаларын көптеп шығара түсу басты парыз болмақ. Себебі уақыт өткен сайын ұлттық киімді сақтап, зерттеп білудің қиынға түсе беретіні де күмән туғызбаса керек.
Қазақтың ұлттық киімі болғандықтан оны әшекейсіз немесе ою - өрнексіз көзге елестету мүмкін емес. Халқымыз киімге ою - өрнектің түр – түрін пайдаланған. Мысалы: әуеге, әсемдікке, жануарларға қарап та ою - өрнек шығарған. Бұл коллекцияда кәдімгі ұлттық киімде қолданылатын ою - өрнек алынған. Ол былғарыдан қырқылып алып, жапсырылған, яғни кестемен қондырылған десе де болады.Ежелден көшіп – қонып, мал баққан қазақ халқы үшін көліктің негізгі түрі – салт ат болды, ал соған орай, ер – тұрман жабдықтарының алатын орны да ерекше еді. Осы халқымыздың керемет бір байлығын пайдалана отырып, коллекция шығарған себебіміз, оны одан әрі дамытып, жаңғырту болды. осы коллекция арқылы ұлттық қол өнеріміздің шыңын шарықтата түсу.
Ата – бабамыздан келе жатқан ұлттық өнерімізді бойымызға дарытып, оны жас ұрпаққа үйрету біздің міндетіміз. Өрісі биік, өрісі кең өнер атауының қай саласынан болсын, жер жүзіндегі басқа да халықтар сияқты қазақ халқы да өзінің көне замандардан бері келе жатқан тамаша тарихымен және бір өзіне ғана тән қайталанбастай ерекшелігімен көзге түсті. Ал қандай да болсын өнер және талант иелерін өмірге келтіретін де сол халық. Сондықтан біз оларды халық дейміз. Міне сол халық таланттарының қолынан шыққан зергерлік бұйымдар, киім үлгілері, қай заманда болмасын өз маңызын жоғалтпайды.
2.Сәндік қолданбалы өнер туралы түсінік.
«Сәндік-қолданбалы өнер» ұғымы ХХ ғасырдың екінші жартысындағы алпысыншы жылдардың ортасында пайда болды. Бұған дейін ол халықтың қарапайым түсінігінде, «қолөнер» ұғымының аясында қабылданып, пайдаланылып келді. «Сәндік-қолданбалы өнер», «қолөнерінің» өңделіп жетілген формасы іспеттес болғандықтан, екеуін бір-бірінен бөлектеп қарауға болмайды, керісінше, олар бірін-бірі мазмұндық тұрғыда толықтыра түседі. Оны «қол өнер», «сәндік-қолданбалы өнер» ұғымдарына берілген анықтама-түсініктер дәлелдейді. Біз ғылыми еңбектерде осы ұғымдарға берілген анықтамаларды жүйеге келтіреміз және сәндік қолданбалы өнер, өзінің бастауын қолөнерден алады, қолөнер туындыларының ою-өрнекпен әшекейленуі сәндік-қолданбалы өнердің пайда болуына себеп болады, деп ой түйіндейміз. Ғалымдардың (К.Әмірғазин, Е.Асылханов, Қ.Болатбаев, М.Мырзақанов, Ж.Балкенов, С.Жолдасбекова, Ұ.Әбдіғапбарова және т.б.) «сәндік-қолданбалы» өнер түрлері бойынша ұсынған жіктемелеріне де жан-жақты сипаттама беріп топтастырамыз.
Жіктемелердің ішінде біз Ұ.Әбдіғапбарованың жіктемесін толығымен қолдаймыз, өйткені бұл қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің атқаратын міндеттерін толығымен ашып көрсетуге, әшекейлік (ою-өрнектік) мазмұнын бір-бірінен ажыратып көрсетуге, өнер түрлеріне қарай сұрыптап пайдалануға, сәндік-қолданбалы өнер түрлерінің кейбіріне толықтырулар ендіруге мүмкіндік береді. Мысалы, зерттеу мақсатына қарай біз Тоқыма өнері, Киіз өнері Кесте және тігін өнері, Ши өнері топтамалары аясын былайша толықтырамыз: кілем (түкті кілем, тақыр кілем, басқұр, желбау, бау; қоржын, аяқ қап); алаша (қақпа, бұхар, кежім, терме); бізбен тоқу (киім, тұтыну бұйымдары); ілмекпен тоқу. Киіз өнері: киіз (ақ киіз, от киіз; текемет (ақ текемет); сырмақ; аяқ қап, қоржын, жайнамаз. Кесте және тігін өнері: киім тігу, тұрмыстық бұйымдар тігу мен кестелеу түрлері. Ұлттық киімдердің түрлері: ұлттық сырт киімдер: (жадағай, шапан, жарғақ шалбар, күпі, сырмалы шапан, тайжағы, тон, ішік, шапан, шидем); сұлықтар: «аба, кебенек, кенеп, сырттық, шекпен); іш киімдер (бешпент, дамбал, жейде, көйлек, камзол, шалбар, жеңсіз); ерлердің бас киімдері (бөрік, далбағай (жалбағай), жекейтымақ, күлапара, қалпақ, құлақшын, малақай, мурақ, тақия, тымақ, шалма); әйелдердің бас киімдері (тақия, бөрік, сәукеле, жаулық, желек, қасаба, кимешек, қарқара). Төсек жабдықтары: көрпе; шымылдық; төсеніш көрпеше; құрақ көрпе; жапқыш; ақ жайма. Ши өнері: орама ши (алаша ши, есік ши, жолым ши және т.б.); ақ ши (өре ши, мал соятын ши, ас шиі, қазақ ши, киіз басатын ши, қабырға ши және т.б.; шым ши (кілем ши, тұс ши және т.б.); шиден жасалатын тұрмыстық заттар (масахана, шыпта, қабырғалық, терезе жапқыш, шәйнек түп, кесе түп, қазан түп жәнет.б.).
3.Зергерлік бұйымдар.
Қазақтың халықтық зергерлік өнері ұлттық мәдениет тарихынан ерекше орын алады. Өнердің бұл түрінің түп төркіні мыңдаған жыл әріде жатыр. Археология мен топонимиканың деректеріне қарағанда, Қазақстан территориясында мыс, қалайы, алтын, тағы басқа асыл және түсті металдарға бай кен орындарын игеру ісінің ежелгі замандарда – ақ қолға алынғандығын айғақтайды. Қазақтың зергерлік өнері ежелгі дәстүрлердің сабақтастығы мен көрші халықтар мәдениетінің өзара ықпалы арқылы қалыптасқан. Зергерлік өнердің өзіндік жасалу ерекшелігіне тән кәсіптік мінездемесі бар. Қазақ зергерлері (зер – зар парсы тілінде алтын ұғымын білдіреді) көбіне жеке – дара жұмыс істеп, өз өнерінің қыр – сырын ұрпақтан – ұрпаққа үйретіп отырған. Зергерлердің басты жұмысы – қоғамның барлық әлеуметтік топтарының сұранысына ие болған - әйелдердің әшекей бұйымдарын жасау. Ол тек эстетикалық сұраныстан ғана емес, сондай – ақ діни – идеологиялық, әдет – ғұрыптық, салт – дәстүрлік қажеттіліктен де туындап жатты.
Негізгі материал ретінде тіл – көзден, пәле – жаладан сақтайтын тылсым күші, қасиеті бар деп танылған алтын, көбінесе күміс пайдаланылды.
Ата – бабаларымыздан мирас болып қалған зергерлік бұйымдар Сырым Датұлы атындағы тарихи - өлкетану музейінде де сақтаулы.Алқа – омырауға тағатын, көбіне күмістен соғылатын әйелдердің сәндік, әсемдік бұйымы.Білезік – білеккке салатын күмістен, алтыннан соғылатын әйел бұйымы, жасалуына қарай алтын білезік, күміс білезік, құйма білезік, сағат білезік, тоспалы білезік, бұрама білезік, қос білезік, тағы басқа атаулары бар.Бес білезік – алтын, күмістен, асыл тастардан, көз орнатылған, күміс шынжыр, арқылы бес сақина бекітілген аса қымбат білезік.Балдақ – алтыннан, күмістен соғылған, жұмыр сақина. Жүзік – қымбат тастардан, көз орнатылған жалпақ сақина оның еркектер де, әйелдер де салатын түрлері болады.Моншақ – түрлі тастар тізілетін моншақтар.Тұмарша– сәндік үшін омырауға тағатын үшбұрышты салпыншақты күміс бұйым.