Файл: Мектепке дейінгі трбие мен оытуды лгілік оу бадарламаларын бекіту туралы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 1072
Скачиваний: 1
| Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі | А. Аймагамбетов | | |
| | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 қыркүйегі № 412 Бұйрыққа қосымша | ||
| | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығына 1-қосымша | ||
4. Бағдарлама мазмұны: 1) күтілетін оқыту нәтижелері түрінде ұсынылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге; 2) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім беру арасындағы оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттерін ескере отырып, сабақтастық пен үздіксіздік қағидаларын қамтамасыз етуге; 3) бастауыш білім беру ұйымдарында мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілерді оқыту үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді жасауға; 4) қимылды, коммуникативтік, танымдық, шығармашылық, әлеуметтік білім, білік және дағдыларын, өз бетінше үйрену дағдыларын соның ішінде ерте жастағы балаларда қалыптастыруға; 5) тәрбие мен оқытудың психологиялық-педагогикалық жағдай жасауға; 6) тәрбиеленушілердің жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу қызметіне дайындыққа; 7) "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру шеңберінде ұлттық салт-дәстүрлер мен жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген рухани-адамгершілік дағдыларды қалыптастыруға; 8) креативтілікті, коммуникабельдікті, сыни ойлауды және командада жұмыс істей білуді дамытуға бағытталған әлеуметтік-тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған. 5. Әрбір білім беру саласындағы күтілетін нәтижелер жартыжылдықтар бойынша берілген. 6. Бағдарламаның мазмұны балалардың физикалық және психикалық дамуының жас кезеңдерін ескере отырып, келесі жас топтарында іске асырылады: 1) бөбек жасы – 0-3 жас: нәрестелік жас – туғаннан бастап; ерте жас – 1 жастан бастап (ерте жас тобы); кіші жас – 2 жастан бастап (кіші топ); 2) мектепке дейінгі жас – 3-6 жас: орта жас – 3 жастан бастап (ортаңғы топ); ересек жас – 4 жастан бастап (ересек топ); мектепалды жас – 5 жастан бастап (мектепалды тобы, мектепалды сыныбы). 7. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын тәрбиеленушілердің игеру мерзімі - 5 жыл. 8. Бағдарлама меншік нысанына қарамастан, мектепке дейінгі ұйымдардың барлық түрлеріне және мектепалды даярлық сыныптарына ұсынылады.2-тарау. Ерте жас тобы (1 жастан бастап)1-параграф. "Денсаулық" білім беру саласы 9. "Денсаулық" білім беру саласының базалық мазмұны дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады. 10. Мақсаты денсаулықты сақтау технологиясын қолдана отырып, балалардың толыққанды денесін және
психикасын дамытатын, ағзаны шынықтыратын, негізгі қимылдарды дамытатын жағдайлармен қамтамасыз ету болып табылады.
11. Міндеттері:
– балалардың өмірін қорғауға және денсаулықты нығайтуға жағдай жасау;
– жүру, жүгіру, өрмелеу, лақтыру, секіру, тепе-теңдікті жетілдіруге мүмкіндік беретін негізгі қимыл түрлерін дамыту және үйлестіру;
– денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мәдени-гигиеналық дағдыларын қалыптастыру;
– дербестікке, дене жаттығуларын орындауға ынтасын тәрбиелеу.
– құрдастарымен бірге қатар ойнау білігін қалыптастыру, өз қалауын тежеу.
12. Дене шынықтыру (1 жастан 1 жас 6 айға дейін).
Негізгі қимыл түрлерін дамыту және үйлестіру біліктер мен дағдыларды қалыптастыратын ойын барысында қамтамасыз етіледі:
1) жүру. тура жолдың бойымен (ені 25-30 см, ұзындығы 2–3 м) жүру, ересектің көмегімен және көмегінсіз гимнастикалық тақтай бойымен (ені 25-30 см) жүру, ересектің көмегімен жәшікке (биіктігі 10–15 см) шығу және одан түсу, еденде жатқан лентадан (арқаннан, таяқтан) аттап өту.
2) еңбектеу. Орындықтың, үстелдің, арқанның (биіктігі 50 см), доғаның астынан төрттағандап еңбектеп өту, бөренелер арқылы өту, параллель жатқан арқандардың арасынан (жол бойымен) еңбектеу. 2 м қашықтыққа дейін еңбектеу, құрсаудан еңбектеп өту. Шағын саты бойымен жоғары, төмен (биіктігі 1 м) өрмелеу;
3) лақтыру, домалату. Допты бір қолмен және қос қолмен ұстау; түрлі көлемдегі доптар мен шарларды жинау, оларды өздігінен себетке (жәшікке) салу, шарларды домалату, допты екі қолмен алға лақтыру, допты алға домалату (отырып, тұрып), допты төменге, алысқа лақтыру.
Мәдени-гигиеналық дағдылар:
1) баланы жуынудың қарапайым дағдыларына, киінуге, шешінуге және түбекке сұрануға үйрету;
2) ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу, бетінің, қолының, мұрнының ластығын байқауға, оларды жууға, сүртуге, дымқыл киімін шешуге үйрету.
Балаларды шынықтыру ауа, су шараларымен, серуен кезінде ультракүлгін сәулелердің әсерлерімен жүзеге асырылады. Ата-аналардың тілектерін ескере отырып, 2-3 минут бойы жылы құмның үстінде жалаң аяқ жүруге рұқсат ету.
Ауа ванналары күніне бірнеше рет киіну-шешіну кезінде қолданылады, ауа ванналарының ұзақтығы 2-3 минуттан, 6-10 минутқа дейін ұзартылады.
Қасында бірге ойнап жатқан балаға назар аудара білуді, оның жағдайын түсіну, жылаған балаға жан ашырлық танытуды қалыптастыру. Құрдастарына кедергі жасамауға, ойыншықтарды алып қоймай бірге ойнауға үйрету.
Күтілетін нәтижелер: – негізгі қимыл түрлерінің алғашқы дағдыларына,өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларына ие; – дене жаттығуларын орындауға ықылас танытады, ересектердің көмегімен өзін ретке келтіреді; – тазалық пен ұқыптылыққа қанағаттанған сезімін білдіреді; – қатар ойнап жатқан досына назар аударады, оның жағдайын түсінеді, жылаған балаға жанашырлық танытады. 13. Дене шынықтыру (1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін): 1) жолмен жүру (ені 30 см, ұзындығы 3-5 м), орындықтардың, текшелердің, таяқтардың, кегльдердің арасымен, текшелерден, құрсаулардан, таяқшалардан аттап жүру, құрсаудан құрсауға өту, жоғары, төмен қойылған көлбеу тақтай үстімен, тәрбиешімен бірге гимнастикалық орындықтың үстімен жүру, доппен жүру (сырғанаудан кейін), жәшікке немесе гимнастикалық орындыққа көтерілу және одан түсу, жүру ("солдат", "тышқан", "ит", "құс", "аю" және басқалар); 2) еңбектеу. Гимнастикалық орындықтың үстінен, астынан өрмелеп еңбектеу, домалаған доптың артынан еңбектеу, жоғары қойылған көлбеу тақтайдың, гимнастикалық орындықтың бойымен еңбектеу; 3) бір аяқты екінші аяқтың жанына қойып, бөренеден асып өту; 4) домалату, лақтыру. Допты шағын төбешіктен домалату, допты тәрбиешіге домалату және лақтыру; допты алға, жоғары лақтыру, баланың кеудесінің деңгейінде тартылған лентадан допты асыра лақтыру. Жалпы дамытушы жаттығулар: қолды жоғары көтеріп, төмен түсіру, қолды алға созу, қолды арқаға қою, бүгу және қайта жазу, қолдың білектерін сермеу, айналдыру, қолдың алақандарын жоғары, төмен бұру, қолдың саусақтарын бүгу, ашу, саусақтарды жұмып, ашу, ұсақ заттарды саусақтарымен іліп алу, заттарды бір-біріне беру арқылы отырып және тұрып оңға, солға қарай бұрылу, алға еңкейіп және түзулену, сүйемелдеу арқылы жүрелеп отыру, секіруге ұмтылу. Ұйымдастырудың түрлері – жұптасу, шағын топпен, топпен жұмыс. Мәдени-гигиеналық дағдылар. Гигиеналық талаптарды сақтау: 1) тамақтану кезінде: үстел басына қолды жуғаннан кейін отыру, орындыққа өзі отырып, одан өзі тұру; тамақты төгіп-шашпай ұқыпты ішу, майлықты қолдану, тамақтан соң алғыс айту; 2) жуыну кезінде: қолдарын (алақандарын бір-біріне үйкелеу) және бетінің төменгі жағын алақанымен жуу, ересектердің көмегімен беті-қолдарын сүрту; 3) киініп-шешіну кезінде: киімдерін белгілі тәртіппен шешу және кию, оларды дұрыс жинау, киіміне арналған шкафты білу;