Файл: Мектепке дейінгі трбие мен оытуды лгілік оу бадарламаларын бекіту туралы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 404
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Күтілетін нәтижелер:
жұмыс тәсілдерін таңдайды және негіздейді;
қағаздан симметриялық пішіндерді қия алады;
бірнеше бөліктерден өрнек құрастырады;
дайын үлгілермен, шаблондармен, трафареттермен жұмыс жасайды;
геометриялық элементтерден өрнек құрастырады, заттарды қазақ өрнектерімен безендіреді;
еңбек қауіпсіздігі және жеке бас гигиенасы ережесін сақтайды.
192. Музыка.
Музыка тыңдау.
Шығармалардың эмоционалдық мазмұнын, олардың сипатын, көңіл күйін, әсерлі реңктерін ажырату. Музыкалық шығармаға өзінің қатынасын білдіру, оның мазмұны мен сипаты туралы пікірін айту.Қазақтың ұлттық аспабының дыбысталуымен таныстыру. Ұлттық, домбырада және қобызда орындалатын "күй" жанрымен таныстыру, күйші-композитор: күйші Құрманғазының, қобызшы Қорқыттың шығармашылығымен таныстыру.
Ән айту.
Дауысы мен есту қабілеттерін дамытуға арналған жаттығуларда қиын емес әуендерді 2–3 жақын үндестікте дауысын дәл келтіріп орындауға үйрету, септима мен терция дыбыстарын ажырату, қолымен бағытын (жоғары-төмен) көрсете отырып, әуеннің жоғарғы-төменгі қозғалысын ажырату.
Әннің сипатын қабылдау, дауысын дұрыс келтіріп орындау, ырғақтық бейнесі мен динамикасын дәл беру, әннің кіріспесін, басын, қайырмасын ажырату. Мерекелік әннің шаттық көңілін көңілді жеткізіп, жеңіл, ширақ дауыспен шумақтардың соңын жұмсартып айту. Қазақ халқының музыкасын қабылдау.
Музыкалық-ырғақтық қимылдар.
Музыка сипатын анық ырғақты жүріспен, музыканың ширақ сипатын жеңіл, ырғақты жүгіріспен беру жаттығуларын орындау.
Ойындар, хороводтар.
Музыка сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындау: қол ұстасып шеңберде айтылатын әндермен шеңберді айналып жүру, музыкалық тіркестерге сәйкес қозғалыстарды өзгерту, жылдамдық пен ептілікті білдіру, пьесаның аяқталуын белгілеу, ұлттық ойындардың көңілді сипатын бере білу, дауыстардың биіктіктерін ажыратып, үлкен шеңберден кіші шеңберге қайта тұру.
Билер.
Әуеннің би сипатын сезіну, би қимылдарының элементтерін орындау, халық биін үйрену арқылы көркем мұраның кейбір элементтерімен таныстыру.
Би шығармашылығы.
Таныс би қимылдарын қолдана отырып, ойдан би шығару іскерліктерін дамыту, мәтінге сәйкес әнді жеке сахналау мен шығармашылық тапсырмаларды орындауға баулу.
Балалардың музыкалық аспаптарында ойнау.
Ересектердің орындауындағы музыкалық пьесаларды тыңдау, жоғарғы регистр, аспаптың дыбысталу тембрін ажырату. Әуеннің ырғақтық бейнесін ұрмалы аспаптарда жеке және барлық топпен ойнау. Қазақтың ұлттық ұрмалы аспаптарында ойнауға үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
қарапайым жанрларды ажыратады (күй, өлең, би, марш);
қарапайым музыкалық терминдерді, ән айту дағдыларын игерген;
пластикалық, ырғақты, мәнерлі қимылдарды орындайды;
балалардың музыкалық аспаптарының дыбысталуын тембрі бойынша ажыратады және оларды атайды, балаларға арналған музыкалық аспаптарда жеке және топтың құрамында ойнай біледі.
12-параграф. ІI жартыжылдық
193. Сурет салу.
Заттық сурет салу.
Қоршаған ортадағы болмысты, (заттарды, өсімдіктерді, ойыншықтар мен гүлдерді) заттарға қарап отырып, бейнелеу дағдыларын қалыптастыру. Олардың сипаттық белгілерін байқауға үйрету. Табиғаттың күрделі емес бейнесін суретте көрсету. Ағаштың бұтақтарына, бұталардың жапырақтарына немесе гүлдеріне, кейбір бөлме өсімдіктеріне қарап сурет салу.
Келесі біліктерді қалыптастыру:
1) түрлі жануарлардың сипаттық ерекшеліктерін байқап және оларды суретте бейнелей білу;
2) жануарлардың бейнелерін жеңіл қозғалыстар мен қалыптарды бейнелеу арқылы мәнерлі бере білу;
3) жүн мен қауырсынға тән бейнелеу;
4) қажетті түсті алу үшін қарындашты әртүрлі басып қолдану;
5) табиғат нысандарын бейнелеу;
6) түстерді жеткізу үшін қағаздың түсін және түстердің үйлесімділігін таңдау;
7) өз жұмысының нәтижесін бағалау.
Құстардың сыртқы бейнесі туралы жалпы ұғым қалыптастыру; барлық құстар түсіндегі, пішіні мен бөліктеріндегі айырмашылықтарына қарамастан құрылымы жағынан ұқсас болып келетіні жайлы түсінік беру. Суретте түрлі құстарға тән ерекшеліктерін бере білуге үйрету.
Заттар мен олардың суретін салу тәсілдері туралы жиналған ұғымдары балалардың сюжетті сурет салуына ауысады.
Сәндік сурет салу.
Түрлі пішінді қағазда симметриялық ою-өрнектерді құрастыра білуге үйрету, көлемді пішіндерді безендіру.
Сұлбаларға орналастыра отырып, қазақ оюларының элементтерін құрастыру, қазақ оюларына тән түрлі түстердің үйлесіміне құрылған тапсырмаларды орындау, таныс элементтерден композициялар құрастыру, ұжымдық жұмыстарды орындау. Қазақ ою-өрнектерінің сипатын, түсінің үйлесімділігін бере отырып, көлемді пішіндерді безендіру.
Өз ойлары бойынша сурет салу, алдыңғы сабақтардағы суреттерін үлгі ретінде қолдана отырып, жаңа композиция құру және заттарды әшекейлеу. Халықтың сәндік өнерінің желісі бойынша сурет салу.
Сюжеттік сурет салу.
Бұлыңғыр немесе шуақты күнді, мерекелік от шашу, кешкі өзендегі кеме және тағы басқа қағаздың түсіне сәйкес бояуларды таңдауға үйрету.
Қоғамдағы, қоршаған ортадағы жағдайлар, мерекелер, адамдардың еңбегі, ертегі, тақпақ, ән әуендері және тағы басқа сияқты күрделі емес сюжеттерді суретте көрсете білуге үйретуді жетілдіру.
Қазақ халқының өмірін, еңбегін, тұрмысын көрсете отырып, қазақ ертегісінің, аңызының желісі бойынша сурет салу.
Жаз мезгілінің табиғат құбылыстарын, жазғы демалыстағы оқиғаларды, қарапайым сюжеттерді суретте бере білу білігін бекіту. Ұжымдық жұмыстарды, ойдан сурет салуды қолдану.
Күтілетін нәтижелер:
сурет салуда түрлі техниканы дербес қолданады;
күрделі емес ойыншықтардың, жануарлар мен адамдардың суретін салады, сурет салуда адамның қарапайым қимылдарын бере біледі;
үшбұрыштар мен алтыбұрыштардың ортасын, бұрыштарын, жиектерін көрсете отырып, сәнді өрнектерді салады;
қазақ оюларының элементтерін салады және олармен киімдерді, тұрмыстық заттарды безендіреді;
мазмұнды суреттерді салады;
ұжымдық жұмыстарды орындайды, өз ойы бойынша сурет салады.
194. Мүсіндеу.
Заттық мүсіндеу.
Адамның бейнесін, жануарлардың қозғалыстағы мүсінін, үйлесімділікті, қол-аяқ қалпын дұрыс мүсіндеуге үйрету. Заттардың ұзын және қысқа, жуан және жіңішке белгілерін көрсете білуге, бөліктердің салыстырмалық көлемдерін сақтауға, мүсінделген пішіндердің бөліктерін нақтылауға, оларды бір-біріне қосып, біріккен жерлерін тегістеуге үйрету.
Ортақ композиция жасау үшін ұжымдық мүсіндеудің, адамның, жануарлардың, ойыншықтардың, халық шығармашылығының заттарын қарап мүсіндеу дағдыларын дамыту. Кеуде, бас және басқа да бөліктерді мүсіндей білуге, мүсіндеу тәсілдерін іріктеуде дербестікті білдіру, сазбалшықты бөлуге, өз жұмысын алдында тұрған үлгімен салыстыруға үйрету.
Мүсіндеудің түрлі әдістерін қолдану: құрылымдық (жеке бөліктерден) және мүсіндік (негізгі бөліктерді тұтас кесектен жасайды). Қарап мүсіндеуге ойыншықтарды, пішіні шағын мүсіндерді, халық шеберлерінің бұйымдарын қолдану.
Сәндік мүсіндеу.
Затқа қарап, ұсынылған және өз ойлары бойынша сәндік мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру.
Заттарды әсемдік элементтермен безендіру.
Сәндік пластиналарды мүсіндеуге, жұмыс барысында әртүрлі пішінді кескіштерді қолдануға, сазбалшық тілімшелеріне бедерлер жасауға, түрлі ойыншықтарды, ыдыстарды халық бұйымдарының мәнерінде өздігінен мүсіндеуге, оларды өрнектермен әсемдеуге үйрету.
Сюжеттік мүсіндеу.
Ертегілер мен әңгімелердің мазмұны бойынша сюжеттік композиция жасау дағдыларын жетілдіру.
Ұжымдық жұмыстарды орындауға баулу.
Қалыптасқан іскерлік пен дағдыларды жеке мүсіндеуде, ұжымдық мүсіндеуді орындау барысында ойында, үйді және мереке күндері ауланы сәндеу үшін қолдану.
Күтілетін нәтижелер:
мүсіндеудің түрлі техникаларын қолданады;
ортақ композиция жасау үшін ұжымдық мүсіндеу дағдыларын меңгерген;
түрлі тәсілдерді қолдана отырып, заттардың пішіні мен бөлшектерін бере біледі;
сәндік элементтермен заттарды безендіреді.
195. Жапсыру.
Заттық жапсыру:
1) түрлі пішіндерді қию дағдыларын бекіту: симметриялық емес сұлбаларға салынған немесе қиялдағы сұлбалармен қию дағдыларын қалыптастыру;
2) күрделі жапсырмалар құрастыру біліктерін қалыптастыру, жырту тәсілімен ғажайып құс, алтын балық, алқызыл гүл бейнелерін жасауға үйрету;
3) алған біліктері мен дағдыларын ойында, үйшікті, мереке күндері үй-жайды және учаскелерді безендіру үшін жеке және ұжымдық жапсырмаларды жасау кезінде қолдану. Ойлауы бойынша жапсыру дағдыларын бекіту.
Сәндік жапсыру.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
1) аналар мен әжелерге сыйлықтарды, қуыршақтарға арналған киімдерді, ұлттық әшекейлерді, табақтарды, құмыралар мен вазаларды балалардың ойлауы бойынша безендіруде жапырақтар мен гүлдерден өрнектер құрастыруды;
2) мүсіндерді қатпарланған қағаздан бірдей пішіндер және екіге бүктелген қағаздан симметриялы пішіндер қию арқылы ұлттық ою- өрнектермен безендіруді;
3) бейнелерді айқын беру үшін сұлбаны қию және жыртып жапсыру тәсілдерін қолдануды;
4) "қошқар мүйіз" өрнегін түрлендіріп: жиектеме өрнек, қоймүйізді жұп шиыршықтар, геометриялық өрнектерді қолдануды;
5) қазақ өрнектеріне тән: жасыл, қара, ақ, сұр, қызыл, ашық түстерді қолдануды;
6) жеке, сондай-ақ шағын топпен композициялар жасауды.
Сюжеттік жапсыру.
Балалардың жапсыруда сюжетті композиция құрастыра білулерін жетілдіру, Қазақстанның табиғаты мен жерлестердің еңбегін бейнелейтін ұжымдық композицияларды орындау.
Күтілетін нәтижелер:
салынған немесе қиялдағы контур бойынша бейнелеуді игерген;
ойлауы бойынша күрделі жапсыруларды құрастыра алады;
екіге бүктелген симметриялы пішіндегі қағазды қияды;
Қазақстанның табиғатын, адамдардың еңбектерін бейнелей отырып, копозицияларды орындайды;
еске түсіру бойынша, затқа қарап, пішініне, пропорциясына, көлеміне,