Файл: Барлы оушылар істей алады Оулыта берілген жне осымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жмыс жасайды. Сраа жауап береді. Физикалы былыстара мысалдар келтіре алады, оулытаы тапсырмалармен жмыс жасайды.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 109
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/ Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||
Сабақтың басы 3 мин. 5 мин. «Сұрақ менен,жауап сенен» әдісі | Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау. Ыстық алақан» тренингін ұйымдастыру. Мұғалім үй тапсырмасын «Сұрақ менен,жауап сенен» әдісі арқылы сұрайды. Қозғалыстың салыстырмалылығы дегенді қалай түсінесіз? Қозғалыстың салыстырмалылығына мысалдар келтіріңіз. | Оқушылар бір-бірінің қолдарын ұстап, оң алақандарын бір-бірінің үстіне қойып, жылы лебіздерін білдіредң Оқушылар сұрақтарға жауап береді | Ынталандыру Дескриптор -Қозғалыстың салыстырмалылығын біледі -Қозғалыстың салыстырмалылығына мысалдар келтіреді. Жалпы балл-2 | Сұрақтар слайд | ||
Сабақтың ортасы. 3 мин «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі Білу «Менің ойым» 2 мин Түсіну «Кітаптың ойы» 5 мин «Сәйкесін тап» 2 мин Қолдану «Тәжірибе бекеті» 10 мин | Жаңа тақырыпты «Ойлан, жұптас,бөліс» әдісі Оқушыларға шаблон- карта таратылады. Шаблон- картамен қалай жұмыс жасайтынын мұғалім түсіндіріп кетеді.Шаблон карта үш бөліктен тұрады: «Менің ойым», «Кітаптың ойы», «Қолдану» «Менің ойым» (Жеке жұмыс) Бұл бөлікте оқушылар жаңа тақырып бойынша өз ойларын, білімдерін көрсетеді.Мұнда оқушыларға бұрын өздерінде бар білімді өз сөздерімен жазу тапсырылады. 1.Механикалық қозғалыс дегеніміз................... 2.Механикалық қозғалыстың түрлері................ «Кітаптың ойы» (жұптық талқылау). Бұл бөлікте жаңа тақырыпты меңгерту үшін тұжырымдамалық органайзерді қолданамын. Оқушылар оқулықты қолданып, жаңа тақырыпты меңгереді.Яғни шаблон картада берілген тұжырымдамалық органайзерді толтырады. Жазған тапсырмаларын жұпта талқылайды. Тапсырма «Сәйкесін тап» Төмендегі суреттерді қозғалыстың түрлерімен сәйкестендіріңіз «Қолдану» бөлігінде оқушылар алған білімдерін тапсырмаларды орындап, қолданады. Оқушылар кітапта берілген тәжірибені жасайды.Оны топта талқылайды. | Оқушылар шаблон-картмен жұмыс жасайды Оқушылар өз ойларын жазады | Дескриптор: -Механикалық қозғалыстың анықтамасын біледі -Механикалық қозғалыстың түрлерін біледі. Жалпы балл-2 Дескриптор: -Түзусызықты қозғалыстың түрлерін біледі -Бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстың анықтамасын жазады -Бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстарға мысал келтіреді Жалпы балл-3 Дескриптор: -Суреттерде берілген денелердің қозғалысын бақылайды. -Денелердің қозғалысы қозғалыстың қай түріне жататынын анықтайды. -Қозғалыстың түрлерімен сәйкестендіреді. Жалпы балл-3 Дескриптор: -Тамызғышы бар шыны ыдысты қолдана отырып, тәжірибені жасайды. -Сызық бойымен тамған тамшыларды бақылайды. -Тамшылардың суретін салады. Қозғалыстың түрлерін ажыратады Жалпы балл-3 | Шаблон-карта Дәптер слайд дәптер Тамызғышы бар шыны ыдыс,гір тастары, ұзын жіп, ақ парақ | ||
Сабақтың соңы. Сабақты қорытындылау 5 мин 5мин Рефлекция Бағалау Үй тапсырмасы | «Серпілген сауал» әдісі Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында төмендегі сұрақтарды қойып,қағаз лақтырамын.Қағып алған оқушы сұрақтың жауабын айтып, қайта мұғалімге лақтырады. Түзусызықты қозғалыстың қандай түрлері бар? Бірқалыпты қозғалыс дегеніміз не? Бірқалыпсыз қозғалыс дегеніміз не? Бірқалыпты қозғалысқа қандай мысалдар келтіруге болады? Бірқалыпсыз қозғалысқа қандай мысалдар келтіруге болады? Осы қозғалыстардың қай түрі өмірде сирек кездеседі? Бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстарды қандай тәжірибе жасап бақылауға болады? «Тазалық» әдісі арқылы кері байланыс жасаймын. Оқушыларға чемодан,еттартқыш, қоқыс жәшігінің суреттері бар парақша тарқатылады.Оқушылар бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарды чемоданға салады (жазады), бүгінгі сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салады (жазады), ал бүгінгі ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса еттартқышқа салады (жазады) Тапсырмалардың бағалау критерий бойынша бағаланады. Түзусызықты бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстарға эссе жазу. | | Дескриптор: -Түзусызықты қозғалыстың түрлерін біледі. -Қозғалыс түрлерінің анықтамаларын айтады. -Қозғалыстың екі түріне мысалдар келтіреді -Бірқалыпты қозғалыстың өмірде сирек кездесетінін біледі. Жалпы балл-4 Жалпы балл-112 | Умаждалған қағаз Түрлі-түсті чемоданның, еттартқыштың, қоқыс жәшігінің суреттері бар үлестірмелі материалдар | ||
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? | Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | ||||
Әр оқушының қажет-тілігін және білім деңгейін ескере отырып тапсырмалар құрастыр-дым.Кері байланыста, дескрипторлармен жұмыс жасағанда оқушылардың білім деңгейінің қай сатыда екенін білдіре отырып, қолдау жасаймын. Барлық оқушылар: «Серпілген сауал», «Ойлан,жұптас, бөліс» әдістерін бүкіл сыныптың қажеттілігіне қарай таңдадым.Бұл әдістер оқушылардың тақырып бойынша танымдық қабілеттерінің қалыптасыуына жол ашады.Оқылым,айтылым, жазылым дағдыларын дамытады. Көптеген оқушылар: «Сәйкесін тап» тапсырмасын орындай отырып, қозғалыс түрлерін бір-бірінен ажыратады, кестені толтырады,логикалық ойлау дағдылары дамиды,білім деңгейі артады озат оқушылар топтағы оқушыларға көпірше қызметін атқарады.Сыныптағы оқушылардың барлығының сабақ мақсатына жетуіне ықпал жасаймын. Кейбір оқушылар: Сыныптағы қабілеті жоғары оқушыларға «Тәжірибе бекеті» әдісін алдым. Эксперименттік тапсырмаларды орындау барысында қозғалыстың түрін бір-бірімен салыстыра отырып, қорытынды жасайды. Тапсырма барысында оқушылардың танымдық және сын тұрғысынан ойлау дағдысын дамытуға ықпал жасаймын. | Әрбір кезеңде ауызша кері байланыс беру арқылы оқушыларды ынталандыруға бағыттаймын және оларға әр тапсырмада дескрипторларды ұсына отырып, оқуының қай деңгейде екенін білуіне жол ашамын және мақтап, мадақтау арқылы қолдау көрсетіп отырамын. Оқушылардың бүгінгі сабақты қалай меңгергендігін «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалаймын | Физика кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі еске салынады. | ||||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек? 1: 2: |
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Жылдамдық және орташа жылдамдықты есептеу
Бөлімі: | |
Педагогтің аты-жөні: | |
Күні: | |
Сыныбы: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Жылдамдық және орташа жылдамдықты есептеу |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 12.2.1.4 – қозғалыстағы дененің жылдамдығы мен орташа жылдамдығын есептеу |
Бағалау критерийлері | -Жылдамдық туралы ұғымды біледі -Жылдамдықтың өлшем бірліктерін ХБЖ-не келтіре алады. -Қозғалыстағы дененің жылдамдығы мен орташа жылдамдығын есептейді. -Жылдамдық формуласын түрлендіре алады. |
+
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/ Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы 10 минут | 1. Ұйымдастыру бөлімі Оқушылардың зейінін шоғырландыру, түгелдеу. 2. Атмосфералық орта қалыптастыру «Досыма ақ тілегім» әдісі бойынша бір-бірлеріне жақсы лебіздерін білдіреді. 3. Топқа бөлу "Мозаика" Оқушылар мозаика арқылы үш топқа топтастырылады және бағалау парақшалары беріледі. Мозаикада жылдамдық, орын ауыстыру, уақыт шамаларының таңбалары бір бетіне, екінші бетіне тақырыптың сөздері жазылады. 1-топ Жылдамдық 2-топ Орын ауыстыру 3-топ Уақыт 4.Үй жұмысын "Ия немесе жоқ" әдісі бойынша тексеру | Оқушылар «Досыма ақ тілегім» әдісі бойынша бір-бірлеріне жақсы лебіздерін білдіреді. Әр топқа сұрақтарға тез-тез ия немесе жоқ деп жауап береді | Дескриптор -Механикалық қозғалысты сипаттайтын шамаларды біледі - Қозғалыстың салыстырмалылығына мысалдар келтіреді Жалпы балл-2 | Р. БАШАРҰЛЫ маркер, А4 парақ, суреттер 1 қосымша |
Сабақтың ортасы 20 минут | 1. Жаңа сабақ «Болжау» әдісі Интербелсенді тақтадан спидометр, жылдамдық формуласы, арбашалар, метр, машиналар, сағаттың суреттерін шығарамын, артынан 1,5 минутдай жылдамдық тақырыбына байланысты бейнеролик көрсетемін. Бұл әдіс сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашуға ықпал етеді. Оқушылардың болжамдарын тыңдап, қосымша сұрақтар қою арқылы қолдау көрсетемін. 1.Жылдамдық қандай шама? 2. Жылдамдық формуласы қалай оқылады ? 3. Жылдамдықтың өлшем бірліктерін атаңыз? 4. Арбашалардың жылдамдығын анықтау үшін не керек? 2. Жаңа сабақты бекіту Есеп шығару мысалдары: Алматыдан шыққан автобус Сарыөзекке дейiнгi 180 км жолды 2,5 сағ жүредi. Автобустың қозғалысын бiр қалыпты деп ұйғарып, оның жылдамдығын Халықаралық бірліктер жүйесінде анықтау керек. Кез келген есепті шығаруда оқушылардың ой әрекеті мен бар ықыласты, ең алдымен, есептің мазмұнын теориялық талдауға бағыттайтын төмендегі жазу формасын ұсынамын. «Кім жылдам» әдісі бойынша жаттығулар орындау. Постермен жұмыс Жаттығу 2.1 № 3,4,5 3. Сергіту сәті «Менің көңіл-күйім» жаттығуы Алдарындағы бланкіге өз көңіл-күйлерінің суретін салады. | Оқушылар интербелсенді тақтадағы суреттерге және бейнероликке қарап, берілген 3 минуттың ішінде 20 сөзді құрастырып, жазған ақпараттарын топта талқылайды. | Дескриптор - Жылдамдық, орташа жылдамдық шамаларының физикалық мағынасын біледі - Жылдамдық, орташа жылдамдық формуласымен танысады Жалпы балл-3 Дескриптор -Жылдамдықтың өлшем бірліктерін ХБЖ-не келтіре алады - Жылдамдық, орташа жылдамдық формуласымен танысады. -Жылдамдыққа есептер шығара алады Жалпы балл-4 | Интербелсенді тақта А4 парақ бейнеролик 2-қосымша флипчарт Маркер А4 парағы стикерлер 3-қосымша Маркер А4 парағы стикерлер 3-қосымша |
Сабақтың соңы. 5мин Рефлекция 5мин Бағалау Үй тапсырмасы | 4. Жаңа сабақты қорытындылау Элективті тест Мұғалім алдын ала əрбір оқушыға A, В, С арқылы белгіленген түстері сəйкес ақ, сары стикерді таратады. Əрбір сұрақты қойғаннан кейін 20сек. кідіріп, сыныптан тест жауабына сəйкес əріпті көтерулерін сұрайды. Өзін-өзі жəне бірін-бірі бағалауды жүзеге асыру үшін дұрыс немесе дұрыс емес жауаптарды диалог құру арқылы талқылайды. "Басбармақ" әдісі Тапсырмалардың бағалау критерий бойынша бағаланады. Үйге тапсырма Жаттығу 2.1 №8 | | Дескриптор -Жылдамдықтың өлшем бірліктерін ХБЖ-не келтіре алады - Жылдамдық, орташа жылдамдық формуласымен танысады. -Жылдамдыққа есептер шығара алады Жалпы балл-3 Жалпы балл-12 | 4-қосымша |
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? | Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | ||
Рефлексия. Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? | Бағалау криитериәлері 4-қосымша "Басбармақ" әдісі | Физика кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі еске салынады. | ||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек? 1: 2: |
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Әртүрлі механикалық қозғалыстардың графиктері
Бөлімі: | |
Педагогтің аты-жөні: | |
Күні: | |
Сыныбы: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Әртүрлі механикалық қозғалыстардың графиктері |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 12.2.1.5 – s -тің t-ға тәуелділік графигін тұрғызуда координаталар осьтерінде және кестелерде өлшем бірліктерін дұрыс белгілеу; |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар істей алады: Орын ауыстырудың уақытқа тәуелділік графигін тұрғызуда координаталар осьтерінде және кестелерде өлшем бірліктерін қалай белгілеуді түсінеді. Көптеген оқуышылар істей алады: Білгенін тапсырмаларды орындауда қолданып, графиктерді түрлендіреді Кейбір оқушылар істей алады: Әртүрлі механикалық қозғалыстардың графиктері бойынша болашақта ықтимал салдарын сипаттайды. |
Бағалау критерийлері | - Бірқалыпты қозғалыстың графигін тұрғызады. - Координата осьтерінде шамалардың өлшем бірліктерін белгілейді. |
Құндылықтарға баулу | Адамдар арасындағы ерекшеліктерді бағалап, өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау; |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/ Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы 10мин. | с Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау. Психологиялық ахуал «Жасырын сурет » Ойын оқушының маңдайларына әртүрлі стикерлердегі суреттер (құбылыс, формула, дене, өлшем бірліктер) жапсырылып, соны үш сұрақпен табу. t м/c Ойын соңында сурет арасындағы байланысты табу арқылы топтарды қалыптастыру және оларға ат беру. (жылдамдық, уақыт, орын ауыстыру) Үй тапсырмасы. «Поп-корн» статегиясы. Өзара сұрақтармен алмасады. Болжау Сабақ тақырыбы «Әртүрлі механикалық қозғалыстардың графиктері» таныстырылғаннан кейін кейін оқушыларға: Бугінгі сабақта әңгіме не туралы болады деп ойлайсыздар? Қандай мәселе маңайында өрбиді? Қандай негізгі мәселелер көтеріледі деп ойлайсыздар?» деген сұрақтар қойылады | Оқушылар стикердегі (құбылыс, формула, дене, өлшем бірліктер) суреттер бойынша 3 топқа бөлінеді Оқушылар осы сауал төңірегінде ойланып, өз ойларын ортаға салады. | Дескриптор -Қозғалыстағы дененің жылдамдығы мен орташа жылдамдығын есептейді. | Суреттер |
Сабақтың ортасы. 15 мин. | Тапсырма№1 Оқулықпен жұмыс: Топтық орын ауыстырудың уақытқа тәуелділік графигі атты «ТАНЫСТЫРЫЛЫМ» дайындау. Бұл (оқушыларға өз білімдерін өзінің пайымдаулары мен сыныптастар арасында талқылау арқылы ойластыруға мүмкіндік береді.) Сіздердің болжауларыңыз тура келді ме, жоқ па? Неліктен деп ойлайсыз? Тапсырма№2 Жұптық жұмыс. Зерттеушілік тапсырма Компьютерде « Қозғалыстар мен кинематикалық өлшемдердің уақытқа тәуелділігі моделі» көмегімен орынауыстыру мен уақыттың әр түрлі мәндеріндегі, олардың тәуелділіктерінің графиктерін зерделейді. Сергіту сәті: «Кім жылдам» Тақтада физикалық шамалар, өлшем бірліктер өлшем бірліктерді сәйкестендіру,ХБЖ не келтіру | Оқушылар топ бойынша окулықпен жұмыс жасап, таныстырылым жасайды, қорғайды Оқушы нақтылы іс-әрекетті іс жүзінде орындауға мүмкіндік алады Тақтадағы физикалық шамаларды оқушылар жылдам, ХБЖ-не келтіреді. | Дескриптор - Өз білімдерін пайымдайды, тақырыптың негізгі мақсатын түсінеді - Баяндау барысында қозғалыс теңдеуі,орын ауыстырудың уақытқа тәуелділік графигі, координаталық остер (ордината, абцисса), өлшем бірліктер туралы түсіндірді. Жалпы балл-3 Дескриптор -Графиктерді тұрғызады -Уақыттын мәндерін өзгертеді Жалпы балл-2 | оқулық Флипчарт, Интернет желі Физика,12-11кл. Библиотека наглядных пособий. ink Физикалық шамалар, Өлшем бірліктер |
Сабақтың соңы. 5 мин 5мин 5мин Рефлекция Бағалау Үй тапсырмасы | Бекіту тапсырмалары. Жеке жұмыстар. «Көршіңмен бөліс» Тапсырма 3 Дененің бір қалыпты қозғалысының теңдеуі х=3+6????. a) кестені толтырыңыз; ә) кестедегі мәндерді пайдаланып, координатаның уақытқа тәуелділік графигін тұрғызыңыз. Тапсырма 4 Екі дененің қозғалысы x21=5t, x2=125-2t теңдеулерімен берілген. Олардың кездесетін жері мен уақытын аналитикалық және графиктік тәсілмен анықтаңыз. Кері байланыс. Жұмыс істеу ниетін, сабақтағы көңіл күйін, материалды түсінуін, жұмысқа қабілеттілігін нысанада белгілейді. Рефлексия. 20 SMS Оқушылар қағаз телефонға бүгінгі тақырып бойынша 20 сөз жазады. Тапсырмалардың бағалау критерий бойынша бағаланады. Үйге тапсырма: 1. § соңындағы сұрақтарға жауап беру. 2.Тақырып бойынша есеп құрастыру 3.Эссе . «Күнделікті өмірдегі қозғалыс » | Оқушылар 3,4 тапсырмада жоғарыда алған теориялық білімдерін практикада яғни есеп шығаруда қолданады. | Дескриптор -Кестені толтырады -Графиктер осьтерінде шамалар мен өлшем бірліктерді белгілейді -Кестедегі мәліметтер бойынша координатаның уақытқа тәуелділік графигін тұрғызады Жалпы балл-3 Дескриптор -Аналитикалық жолмен денелердің кездесу уақытын анықтады; -Денелердің кездесу орынын анықтады; -Екі дененің қозғалыс графигін салды; -График бойынша денелердің кездесу орны мен уақытын анықтады Жалпы балл-4 Жалпы балл-12 | |
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? | Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | ||
Рефлексия: Сабақты жоспарлау алдына өзіме төмендегідей сұрақтар қойдым. Сабақты қалай бастаймын? Оқудың мақсаты қалай? Оқушылар тақырып бойынша қазір не біледі? Сабақтың мақсаты сыныптағылардың барлығы үшін бердей ме? Мен сыныпты топтарға қалай бөлемін? Менің дайындаған тапсырмаларым оқушыларды оқу мақсатына жетуіне әкелеме және олардың қажеттілігін қанағаттандыра ма? Тақырыпты игеруде қандай қиыншылықтар болуы мүмкін? Оқушылар сабақ барысында қалайша әрекет етеді? Тақырыптың жалғасы ретінде қандай үй жұмысын ұсынамын? Сабақты жоспарлауымды осы сұрақтарыма жауап бере отыра жасадым. Бұл менің сабағымның тиімді, сәтті болуына әкеледі деп болжаймын. | Қалыптастырушы бағалауды әр тапсырмадан кейін жүргізе отырып, бағалау барысында олардың тақырыпты игеру деңгейін қадағалай отыра, оқушылардың оқу мақсатына итермелеу, бағыт бағдар беру. Сабақ соңында рефлексия, керібайланыс ұсыну. Сабақта әр түрлі бағалау стратегияларын қарастырдым. | Физика кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі еске салынады. | ||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек? 1: 2: |
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Әртүрлі механикалық қозғалыстардың графиктері
Бөлімі: | |
Педагогтің аты-жөні: | |
Күні: | |
Сыныбы: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Әртүрлі механикалық қозғалыстардың графиктері |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 12.2.1.6 – дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигінен келесі жағдайларды анықтау: (1) дененің тыныштық күйін, (2) тұрақты жылдамдықпен қозғалысын; |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар істей алады: Кез-келген уақыт мезетіндегі дененің орнын графикте белгілеуді үйренеді Көптеген оқуышылар істей алады: Графикте дененің тыныштық күйіндегі және тұрақты жылдамдықпен қозғалысын анықтайды Кейбір оқушылар істей алады: Дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигінен екі жағдайында жылдамдық мәнін анықтайды |
Бағалау критерийлері | -Кез-келген уақыт мезетіндегі дененің орнын графикте белгілеуді үйренеді -Графикте дененің тыныштық күйіндегі және тұрақты жылдамдықпен қозғалысын анықтайды -Дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигінен екі жағдайында жылдамдық мәнін анықтайды |
Құндылықтарға баулу | Ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу құндылықтарына баулу сапалық және эксперименттік тапсырмалар арқылы іске асырылады. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/ Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 10 мин | с Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау. Ынтымақтастықты қалыптастыру, оқушылардың сенімділігін арттыру. Шаттық шеңбер "Жақсы тілек- жан жылуы " Үй тапсырмасын сұрау кезінде «Семантикалық карта» әдісін пайдаланамын. | «Жақсы тілек- жан жылуы» оқушылар бір-бірлеріне тілектер айтып, жақсы көңіл күймен сабақты бастайды. Оқушылар картаны толтырады. | Дескриптор_-_Кестедегі_мәліметтер_бойынша_координатаның_уақытқа_тәуелділік_графигін_тұрғызадыЖалпы_балл-2Дескриптор'>Дескриптор - Қозғалыстағы дененің жылдамдығы мен орташа жылдамдығын есептейді. | Р. Башарұлы Физика және астрономия 12-сынып. Алматы «Атамұра» 2012 жыл. 93-95 беттер | ||||||||
Сабақтың ортасы 15мин | Жаңа сабақта «Жақсартуға арналған уақыт» әдісін пайдаланамын 1-тапсырма Мына жағдайлар үшін бірқалыпты түзусызықты қозғалыс графиктерін сызыңдар
2-тапсырма Суретте бірқалыпты қозғалатын екі дененің (I және II) қозғалыс графиктері берілген. Олардың қайсысының жылдамдығы үлкен? Жауабыңызды дәлелдеңіз. 3-тапсырма а)суретте дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигі берілген.Графикпен танысып төмендегі тапсырманы орындаңыз: Гграфиктің әр бөлігіне сәйкес дененің жылдамдығын анықтаңыз АВ бөлігінде......................... ВС бөлігінде......................... СД бөлігінде......................... б)дененің барлық жолдағы (АД аралығы) орташа жылдамдықты анықтаңыз | Оқушылар кестеге қарап дәптерлеріне график тұрғызады Оқушылар графикке қарап екі дененің жылдамдықтын салыстырады График бөліктері үшін жылдамдығын есептейді | Дескриптор - Кестедегі мәліметтер бойынша координатаның уақытқа тәуелділік графигін тұрғызады Жалпы балл-2 Дескриптор - 1,2-ші график бойынша дене жылдамдығын анықтайды -Екі дененің жылдамдықтарын салыстырады Жалпы балл-3 Дескриптор - АВ бөлігі үшін дене жылдамдығын анықтайды - ВС бөлігі үшін дене жылдамдығын анықтайды -СД бөлігі үшін дене жылдамдығын анықтайды -Барлық жолдағы жылдамдықты анықтайды Жалпы балл-4 | Дәптер Слайд ДК экран оқулық | ||||||||
Сабақтың соңы 10мин Рефлекция Бағалау Үй тапсырмасы | Жаңа сабақты бекітуде «Ойлану уақыты» әдісін пайдаланамын 1 тапсырма Дененің қозғалыс теңдеуін және жылдамдығын анықта 2 тапсырма Графикті пайдаланып қозғалыс теңдеуін жазыңыз БББ кестесі
Тапсырмалардың бағалау критерий бойынша бағаланады. Оқулықтағы §20 қайталау 12-жаттығу. Өзін -өзі тексеру сұрақтары | Оқушылар жаңа сабақты бекіту тапсырмаларын орындайды. | Дескриптор -Графикке қарап, қозғалыс теңдеуін анықтайды -Жылдамдығын анықтайды Жалпы балл-2 Дескриптор -Графикке қарап, қозғалыс теңдеуін анықтайды Жалпы балл-1 Жалпы балл-12 | Дәптер Слайд ДК экран оқулық | ||||||||
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? | Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | ||||||||||
Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені,оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілет- терін ескере отырып әзірлеуді қамтуы мүмкін (Гарднер бойынша көптік зият теориясы).Уақытты тиімді пайдалана отырып, саралауды сабақтың кез келген кезеңінде қолдануға болады. | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ кезінде нені үйренгендерін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдерді жазыңыз. | Физика кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі еске салынады. | ||||||||||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек? 1: 2: |