Файл: Мектепке дейінгі трбие мен оытуды лгілік оу жоспары жне.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 103

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы

негізінде 2022 – 2023 оқу жылына арналған

ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы

негізінде 2022 – 2023 оқу жылына арналған

ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы

негізінде 2022 – 2023 оқу жылына арналған

ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы

негізінде 2022 – 2023 оқу жылына арналған

ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы

негізінде 2022 – 2023 оқу жылына арналған

ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы

негізінде 2022 – 2023 оқу жылына арналған

ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы

негізінде 2022 – 2023 оқу жылына арналған

ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы

негізінде 2022 – 2023 оқу жылына арналған

ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы

негізінде 2022 – 2023 оқу жылына арналған

ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары




Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы

негізінде 2022 – 2023 оқу жылына арналған

ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары



Білім беру ұйымы: «Әсел» бөбекжайы МКҚК

Топ: № 4 «Қарлығаш» мектепалды тобы

Балалардың жасы: 5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі: мамыр айы, 2022-2023 оқу жылы.


Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

Мамыр

Дене шынықтыру

Жалпы дамытушы жаттығулар. Қолдың күшін жетілдіруге арналған жаттығулар. 3-5 метр қашықтықта екі қолын жерге қойып, жүру (бір бала екінші баланы аяғынан ұстайды).

Негізгі қимылдар.

Жүру. Сапта бір-бірден, екеуден, аяқтың ұшымен, аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру

Ересектің белгісімен тоқтап, қозғалыс бағытын өзгертіп, шашырап жүру.

Жүгіру.Кедергілердің арасымен өту арқылы «жыланша» жүгіру.

Тепе-теңдік сақтау. Скамейканың үстіне қойылған текшелерден аттап жүру. Арқан бойымен бір қырымен, қосалқы қадаммен (өкшені арқанға, аяқ ұшын еденге қою) жүру, кедір-бұдыр тақтай бойымен жүру.

Еңбектеу,өрмелеу. Заттардың арасымен «жыланша» төрттағандап еңбектеу, кедергілер арасынан еңбектеу. Гимнастикалық қабырғамен өрмелеу және бір гимнастикалық қабырғадан екіншісіне ауысып өрмелеу.

Секіру. Оң және сол аяқты алмастырып, заттардың арасымен (арақашықтығы 3 метр). Бір орында тұрып биіктікке секіру (6-8 см).

Лақтыру,қағып алу домалату. Допты бір қатарға қойылған заттардың арасымен домалату. Допты екі қолымен заттардың арасымен (арақашықтығы 4 метр) жүргізу.

Спорттық жаттығулар. Велосипед, самокат тебу. Шеңбер бойымен және тура жолмен өз бетінше екі дөңгелекті велосипед тебу.

Спорттық ойындар.Баскетбол элементтері. Кеуде тұсынан екі қолымен допты бір-біріне лақтыру. Берілген бағытқа допты оң және сол аяқпен тебу.

Сапқа тұру. сапқа бір, екі, үш қатармен тұру, бір-бірінің жанына және бір-бірінің артынан сапқа тұру, орнында айналу, оңға, солға бұрылу, сап түзеп, бір және екі, үш қатармен қайта тұру.

Музыкалық-ырғақтық қимылдар. Қимылдардың ырғағын музыкалық сүйемелдеумен үйлестіру. Түзу бағытта адымдап жүру. Жұбымен шеңбер бойымен жүру.

Қимылды ойындар. Балаларды жарыс элементтері бар ойындар мен эстафеталық ойындарға қатысуға баулу.

Дербес қимыл белсенділігі. Қимылды ойынның дамуына ықпал ететін әртүрлі құралдар мен спорттық жабдықтары бар ортаны құру. Балалардың құрдастарымен қимылды ойындарды өз бетінше ұйымдастыруына жағдай жасау, олардың жарыстар ұйымдастыруға деген белсенділігін қолдау. Балалардың дербес қимыл белсенділігін ұйымдастыруда, меңгерген қимыл дағдыларын жетілдіру үшін серуен өткізілетін орынды жабдықтау, ойын алаңында балалардың жүруіне арналған кедергі жолдар жасау.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Адам ағзасы және оның қызметінің ерекшеліктері туралы түсініктерді кеңейту. Балалардың назарын ағзасы мен денсаулығының ерекшеліктеріне аудару. Салауатты өмір салтының маңызды компоненттері: дұрыс тамақтану, қимылдар, ұйқы және күн, ауа мен су және денсаулыққа зиян келтіретін факторлар туралы түсініктерді кеңейту.

Мәдени- гигиеналық дағдылар. Мәдениетті тамақтану және асхана құралдарын еркін қолдану дағдыларын жетілдіру. Жеке гигиена ережелерін орындауда өзін-өзі бақылауды дамыту: дененің тазалығын бақылау, қол-аяғын жуу, тістерін мұқият тазалау, тамақтанғаннан кейін ауызды шаю, қол орамалды пайдалану, белге дейін дымқыл сүлгімен сүртіну. Осы шараларды жүргізудің және жеке гигиена заттарын пайдаланудың қажеттілігін түсіну.

Сауықтыру-шынықтыру шаралары. Су температурасын біртіндеп төмендете отырып, қарапайым шараларды өз бетінше жүргізуге дағдыландыру, балалардың денсаулығын, шынықтыру құралдарының әсерлеріне бейімделу деңгейін ескеріп, қарама-қарсы температурадағы сумен шайыну, таңертеңгі жаттығуды орындауға қызығушылық тудыру, дене бітімін қалыптастыру және өкшелерді нығайту.

Сөйлеуді дамыту

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті. Сөйлеуде интонациялық мәнерлілік құралдарын қолдану: дауыс қарқынын, логикалық үзіліс пен екпінді реттеу.

Сөздік қор. Зат есімдер мен жалпылаушы сөздерді дұрыс қолдана білуді дамыту.

Тілдің грамматикалық құрылымы Сөйлемдердегі сөздерді: зат есімдерді /сан есімдермен /және сын есімдерді зат есімдермен үйлестіре білуді жетілдіру.

Түбірлес сөздерді жасау және қолдана білу, етістіктерді жалғаулармен қолдану, сөйлеу әдебін, жай және жайылма сөйлемдерді қолдану дағдыларын қалыптастыру;

Байланыстырып сөйлеу . Сын есімдер мен үстеулерді қолдану арқылы, сұрақтарды дұрыс қоюға және қойылған сұрақтарға қысқаша немесе толық жауап беруге баулу, әңгімелесу кезінде өзін мәдениетті ұстау, әдепті және сабырлы болуға дағдыландыру.

Шығармашылық сөйлеу әрекет. Суреттер бойынша шығармашылық әңгімелерді құру.

Көркем әдебиет

Сахналық қойылымдарға қатысуға баулу, онда рөлді, сюжетті таңдауда бастамашылық пен дербестік танытуға ынталандыру, белгілі образды сомдауда эксперимент жасауға, түрлендіруге мүмкіндік беру.

Сауат ашу негіздері

Сөйлем туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру (грамматикалық анықтамасыз), сөйлем сөздерден тұратынын түсіну. Сөйлемді ауызша талдау: жай сөйлемдерді сөздерге бөлу, сөйлемдегі сөздердің ретін, санын анықтау. берілген сөзге сөйлем құрастыру.

Жазу кезінде саусақтармен біркелкі жоғарыдан төменге, солдан оңға қимылдарды орындап, сызықтарды үзбей салуға үйретуді жалғастыру.

Қазақ тілі

Тілдік дамытушы орта. Ауызекі сөйлеуді қарым-қатынас құралы ретінде дамыту.

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті. Тілдік және артикуляциялық аппаратты, тыныс алуды және таза дикцияны дамыту, қазақ тіліне тән «һ» дыбысы, осы дыбыстан тұратын сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру. Фонематикалық естуді дамыту, сөздегі дыбыстардың орнын анықтау (басы, ортасы, соңы).

Сөздік қор. Шағын өлеңдер, санамақтар, жаңылтпаштар, тақпақтар жаттату, жұмбақтар шешкізу. Балаларды шешендік өнерге, айтыс өнеріне баулу.

Тілдің грамматикалық құрылымы. Өз ойын жайылма сөйлемдермен жеткізуге мүмкіндік беру.

Байланыстырып сөйлеу. Берілген сурет бойынша оған дейінгі және одан кейінгі оқиғаны ойлап табуға баулу.

Математика негіздері

Жиын. Жиынның бөліктерін санау және элементтердің (заттардың) бір-біріне қатынасы негізінде салыстыру бекіту.

Сан және санау. Заттардың саны олардың көлеміне, арасындағы қашықтыққа, пішінге, орналасуына, сондай-ақ санау бағытына байланысты емес екенін түсіндіру.

Шама. Заттар тобынан 2-3 белгілері бойынша сәйкес келмейтін затты бөліп алуды үйрету.

Геометриялық фигуралар. 8-10 бөліктерден пішіндерді жинап, құрастыру.

Кеңістікті бағдарлау. Кеңістік туралы түсініктерді бекіту.

Уақытты бағдарлау. Заттар мен құбылыстардың математикалық мәнін тануға қызығушылық пен эмоционалды көзқарасты, ойлау мәдениетін, таным процесін ерікті реттеу, шыдамдылық, ұқыптылық, өзіне деген сенімділікті қалыптастыруға баулу.

Сурет салу

Балалардың суретте қарапайым сюжеттерді: әлеуметтік оқиғаларды, қоршаған өмірдегі оқиғаларды, мерекелерді, адамдардың еңбегін, ертегілердің, өлеңдердің, әндердің желісін жеткізе білуін жетілдіру.

Сурет салуда ұқыптылықты, қауіпсіздікті сақтауға үйрету.

Өткенді қайталау.

Мүсіндеу

Ойдан өз бетінше мүсіндеуге, ұжымдық жұмыстарды орындауға баулу. Мүсіндеген заттарымен түрлі ойындар ойнау.

Жұмысты ұқыпты орындау, заттарды жинау, қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Жапсыру

Қайшы мен желімді дұрыс қолдану дағдыларын жетілдіру, еңбек қауіпсіздігі мен жеке гигиена ережелерін сақтау.

Өткенді қайталау.

Құрастыру

Құрылыс материалдарынан құрастыру. Ауызша сипаттау бойынша ұсынылған тақырыпқа, өз бетінше ойдан құрастыруға баулу.

Қағаздан құрастыру.Ұжыммен сюжетті құрастыруға баулу.

Табиғи, қалдық материалдардан құрастыру. Ойынға қажетті құрылысты бірлесіп ойдан құрастыруға, алдағы жұмысты бірге жоспарлауға, бір-бірімен келісіп орындауға, дайын құрылыспен ойнауға мүмкіндік беру.

Музыка



Музыка тыңдау: Музыкалық естуді жоспарлы, жүйелі дамытуға мүмкіндік туғызу. Оркестрдің орындауындағы музыканы тыңдауға қызығушылығын арттыру.

Дәл және жалған дыбыстауды естудің көмегімен ажырату дағдыларын қалыптастыру.

Музыкалық әсерді молайту, динамикалық естуді дамыту; қарым-қатынас жасау арқылы түрлі халықтардың өміріне, тұрмысына және мәдениетіне қызығушылықтарын арттыру.

Ән айту: Музыкалық тіркестер арасында тыныс алуға үйрету.

Жеке бірінші ре-си октавасы диапозонында ән айту дағдыларын қалыптастыру.Әнді бір мезгілде бастап, бірге аяқтауға, әуен сипатын бере білу дағдыларын қалыптастыру.

Ырғақты қимылдар: Би элементтерін біріктіру негізінде би композициясын шығару қабілеттерін дамыту. Музыка сипатына сай таныс би қимылдарын орындау дағдыларын

бекіту. Қазақ би қимылдарының элементтерін орындау қабілеттерін жетілдіру.

Түрлі халықтардың билерінің ерекшеліктерімен таныстыру.

Аспапта ойнау: Қазақтың соқпалы аспаптарында анық және ретімен ойнауға үйрету.

Балаларға арналған ұрмалы аспаптарда қарапайым әндердің ырғағын ансамбльмен әннің бастамасын орындау біліктілігін дамыту. Қазақтың соқпалы аспаптарында анық және ретімен ойнай білуді бекіту: асатаяқ, тоқылақ, қоңырауы бар жыланбас. Балаларға арналған музыкалық аспаптарда ойнау іскерліктерін дамыту.

Қоршаған ортамен таныстыру

Бала, оның отбасы, үйі. Алғыс айтуға, сыпайы сөйлеуге үйрету. Балаларды жалпы қабылданған нормалар мен ережелерді саналы түрде орындауға баулуды жалғастыру.

Заттық әлем, кеңістікті бағдарлау. Заттардың сапаларымен қасиеттерін сипаттау. Үй-жайларда, балабақша ауласында, жақын маңдағы шағын ауданда еркін бағдарлай білуді бекіту.

Көлік, байланыс құралдары. Арнайы көлік құралдарының түрлерін, белгілі бір жұмыс түрін орындау үшін олардың жабдықталуын түсіну, ұялы телефон, смартфон, компьютер, ғаламтор, теледидардың қолданылуын білу, оларды қолдануда қауіпсіздікті сақтауды бекіту.

Еңбекке баулу. Еңбек ардагерлерін, қарттарды құрметтеу, үлкенді сыйлау, олардың еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

Адамгершілік және патриоттық тәрбие.Өз Отанын жақсы көру, оны қорғаудың, Қазақстан әскерінің маңыздылығын түсіну. Ұлы Отан соғысы жылдарында Отанын қорғаған қазақстандық жауынгерлердің - Кеңес Одағының батырлары Бауыржан Момышұлының, Әлия Молдағұлованың, Мәншүк Мәметованың, Халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың ерліктері туралы білу, оларды құрметтей білуге тәрбиелеу.

Жол қозғалысы ережелері. «Велосипедке арналған жол (электросамокат, гироскутер, сигвей)» жол белгілерімен таныстыруды жалғастыру.

Табиғатпен таныстыру. Адамның табиғаттың бір бөлігі екенін және оны қорғау, сақтау керек екенін, күн мен ауаның адам, жануарлар мен өсімдіктер өміріндегі маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру.

Өсімдіктер әлемі. Өсімдік жапырақтары, сабақтарының қозғалуы, гүлдердің күн шыққанда жапырақтарының ашылуы және кешке жабылуы.

Жануарлар әлемі. Табиғи-климаттық аймақтар (ақ аю, итбалық, пингвин, жираф, піл, маймыл) бойынша топтастыру.