Файл: Мектепке дейінгі трбие мен оытуды лгілік оу жоспары жне.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 114

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы

негізінде 2022 – 2023 оқу жылына арналған

ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы

негізінде 2022 – 2023 оқу жылына арналған

ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы

негізінде 2022 – 2023 оқу жылына арналған

ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы

негізінде 2022 – 2023 оқу жылына арналған

ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы

негізінде 2022 – 2023 оқу жылына арналған

ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы

негізінде 2022 – 2023 оқу жылына арналған

ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы

негізінде 2022 – 2023 оқу жылына арналған

ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы

негізінде 2022 – 2023 оқу жылына арналған

ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы

негізінде 2022 – 2023 оқу жылына арналған

ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы

негізінде 2022 – 2023 оқу жылына арналған

ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары



Білім беру ұйымы: «Әсел» бөбекжайы МКҚК

Топ: № 4 «Қарлығаш» мектепалды тобы

Балалардың жасы: 5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі: қыркүйек айы, 2022-2023 оқу жылы.


Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері

Қыркүйек

Дене шынықтыру

Жалпы дамытушы жаттығулар: Қолды кеуде тұсына қою, екі жаққа созу; саусақтарды айқастырып, алға-жоғары көтеру (қолды сыртқы жағымен ішке қарай бұру). Қолды алға көтеріп оңға, солға бұрылу; отырып алға, артқа еңкею (5–6 рет); аяқтың ұшына көтерілу, қолды алға созып, жартылай отырып-тұру (2-3 рет)

Негізгі қимылдар:

Жүру. Сапта бір-бірден, екеуден жүру; аяқтың ұшымен, аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру; тізені жоғары көтеріп жүру.

Жүгіру.Шашырап, қатармен бір-бірден, екеуден, тізені жоғары көтеріп жүгіру.

Тепе тендікті сақтау. Заттардан аттап жүру, шектелген жазықтықтың үстімен қосалқы қадаммен, аяқтың ұшымен жүру. Скамейканың үстіне қойылған текшелерден аттап жүру, арқан бойымен бір қырымен, қосалқы қадаммен (өкшені арқанға, аяқ ұшын еденге қою) жүру.

Еңбектеу, өрмелеу.Заттардың арасымен «жыланша» төрттағандап еңбектеу, кедергілер арасынан еңбектеу; допты басымен итеріп, төрттағандап еңбектеу (арақашықтығы 3-4 м)

Секіру. Бір орында тұрып, алға қарай 3–4 м қашықтыққа жылжу арқылы секіру

Лақтыру, қағып алу, домалату.Допты жоғары, жіптің үстінен лақтыру және екі қолымен, бір қолымен (оң және сол қолын алмастыру) қағып алу; допты бір қатарға қойылған заттардың арасымен домалату.

Қимылды ойындар. Ынта мен шығармашылық таныта отырып, таныс қимылды ойындарды өз бетінше ұйымдастыруға мүмкіндік беру.

Спорттық жаттығулар: Оңға және солға бұрылу,айналу.

Спорттық ойындар:Баскетбол элементтері. Кеуде тұсынан екі қолымен допты бір-біріне лақтыру.

Сапқа тұру, сап түзеу, сапқа қайта тұру: сапқа бір, екі қатармен тұру.

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:Таныс дене жаттығуларын музыка әуенімен әсем және ырғақты орындау.

Дербес қимыл белсенділігі:Ауа райының жағдайын ескере отырып, балалардың таза ауадағы қимыл белсенділігін дамыту, балаларға доптармен, құрсаулармен, ойыншықтармен ойындар ойнату

Салауатты өмір салтын қалыптастыру:Адам ағзасы және оның қызметінің ерекшеліктері туралы түсініктерді кеңейту. Балалардың назарын ағзасы мен денсаулығының ерекшеліктеріне аудару. Салауатты өмір салтының маңызды компоненттері: дұрыс тамақтану, қимылдар, ұйқы және күн, ауа мен су және денсаулыққа зиян келтіретін факторлар туралы түсініктерді кеңейту.

Мәдени- гигиеналық дағдылар:Ұқыпты тамақтану дағдыларын, ас құралдарын қолдануды жетілдіру. Гигиеналық шараларды орындау: жуыну, шашын тарау, қолды сабынмен жуу, қол орамалды қолдану.

Сауықтыру-шынықтыру шаралары:Сумен шайыну, таңертеңгі жаттығуды орындауға қызығушылық тудыру, дене бітімін қалыптастыру және аяқтың өкшелерін нығайту.




Сөйлеуді дамыту

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті. Дыбыстар туралы түсінік беру, ана тіліндегі дауысты және айтылуы және дыбысталуы ұқсас дауыссыз «б-п» дыбыстарды дұрыс, анық айтуды үйрету.

Сөздік қор. Балалардың сөздік қорын тұрмыстық заттарды білдіретін зат есімдермен, заттардың қасиеттері мен сапасын сипаттайтын сын есімдермен байыту.

Тілдің грамматикалық құрылымы: Сөйлемдердегі сөздерді: зат есімдерді сан есімдермен үйлестіре білуді үйрету.

Байланыстырып сөйлеу. Айналасындағылармен өздігінен диалогті бастауға ынталандыру.

Шығармашылықпен сөйлеу қызметі. Шығармашылықпен әңгімелеп беруді жетілдіру.

Көркем әдебиет

Балаларды қол жетімді көркем шығармалар мен фольклорға, театр әлеміне баулу, кітапқа деген қызығушылығын дамыту.

Сауат ашу негіздері

Әрбір сөздің мағынасы болатыны туралы түсінік қалыптастыру, сөздің мағынасына қызығушылыққа баулу.

Қолды жазуға дайындау.

Қазақ тілі

Тілдік дамытушы орта. Ауызекі сөйлеуді қарым-қатынас құралы ретінде дамыту.

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті. Тілдік және артикуляциялық аппаратты, тыныс алуды және таза дикцияны дамыту, қазақ тіліне тән «ә» дыбыстарын, осы дыбыстардан тұратын сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру.

Сөздік қор.Шағын өлеңдер жаттату, жұмбақтар шешкізу.

Тілдің грамматикалық құрылымы. Сөздерді интонациясы бойынша ажыратып, сөйлегенде дұрыс қолдана білуге үйрету.

Байланыстырып сөйлеу. Өз бетінше қарым-қатынас жасауға, әңгімелесуге, әңгімелесушінің сөзін мұқият тыңдауға үйрету.

Математика негіздері

Жиын. Жиынды туралы түсінік беру.

Сан және санау.10 көлеміндегі сандарды тура және кері санауға жаттықтыру.

Шама. Шама туралы түсінік беру.

Геометриялық фигуралар. Геометриялық пішіндермен таныстыруды жалғастыру.

Кеңістікті бағдарлау. Кеңістік туралы түсініктерді бекіту.

Уақытты бағдарлау. Апта күндерінің ретімен таныстыруды жалғастыру.

Сурет салу

Бояумен сурет салу кезінде қылқаламды бояуға батыру, қағазға жуан сызықтарды сызарда қылқаламды көлденең, ал жіңішке сызықтар мен нүктелерді сызу үшін тігінен ұстап, суреттерді бояғанда бір бағытта солдан оңға қарай, жоғарыдан төмен қарай, қиғашынан жүргізуді үйрету.

Мүсіндеу

Сазбалшық, ермексаз және пластикалық массадан мүсіндеудің ерекшеліктерін білуге үйрету.

Жапсыру

Қайшыны қолдануды бекіту: жолақтардан тікбұрышты пішіндер, шаршылардан үшбұрышты пішіндер, шаршы немесе тікбұрыштың бұрыштарын қию арқылы дөңгелек және сопақша пішіндерді қиып алуға үйрету.

Құрастыру

Құрылыс материалдарынан құрастыру: құрылыс материалдарынан құрастыруға үйрету.

Қағаздан құрастыру: пішіндердің түрлі қалыптарын бере білуді, оларды күрделі емес композицияларға біріктіруді қалыптастыруды үйрету.

Табиғи, қалдық материалдарынан құрастыру: табиғи және қалдық материалдармен жұмыс жасау кезінде өзінің әрекетін жоспарлау дағдыларын жетілдіру.

Музыка

Музыка тыңдау: Музыкалық мәнерлілік құралдары (әуен, қалып, ырғақ, қарқын, тембр, динамика, регистр) туралы қарапайым түсінік беру. Тыңдалған музыкалық шығармадағы қарқынды (жылдам, баяу), анықтау біліктілігін қалыптастыру. Музыканы тыңдау барысында өз сезімдері мен толғаныстарын сипаттай білуге үйрету. Музыкалық дыбыстың негізгі ұзақтығына (ұзақ, қысқа), қарап ажырату дағдыларын қалыптастыру.

Ән айту: Дауысы мен есту қабілеттерін дамытуға арналған жаттығуларда қиын емес әуендерді 2-3 жақын үндестікте дауысын дәл келтіріп орындауға үйрету.Музыкалық шығарманың сипатына (көңілді, салтанатты, қуанышты, ашық-жарқын, көңілсіз, мұңды, қайғылы), қарқынының өзгеруіне сәйкес ән салуға үйрету Музыканы орындау барысында өз сезімдері мен толғаныстарын сипаттай білуге үйрету.

Ырғақты қимылдар: Музыкаға қосылып, оның сипатына сәйкес ырғақты, мәнерлі қозғалыстар орындау іскерліктерін дамыту.Музыка сипатының өзгеруіне сәйкес

қозғалыстарды өзгертуге жаттықтыру.Билейтін музыканың сипатын жеңіл қимылдармен беруге жаттықтыру. Музыка сипатына сай жеңіл және ырғақпен жүгіру.

Аспапта ойнау: Ұрмалы-шулы аспаптарда ойнау арқылы суырыпсалмалық қарапайым біліктіліктерін дамыту. Жеңіл әуендерді ансамбльмен балаларға арналған музыкалық аспаптарда ойнау.Ұрмалы-шулы аспаптарда ойнау арқылы суырыпсалмалық қарапайым біліктіліктерін дамыту.Жеңіл әуендерді ансамбльмен балаларға арналған музыкалық аспаптарда ойнау.

Қоршаған ортамен таныстыру

Бала, оның отбасы, үйі. Өзінің жасына сәйкес өмірінде болатын өзгерістерді, балабақшаға баруы, мектепке баруы, ересек азамат болып ержетуі мен еңбек етуі туралы біліміен жетілдіру. Қоршаған ортада, табиғатта тәртіп ережелерін білу; өз өмірінің қауіпсіздігін сақтау (бейтаныс адамдармен сөйлеспеу, ойнамау, бөтен машиналарға отырмау, бейтаныс адамдардың өтініштерін орындамау, олардың соңынан ермеу).

Заттық әлем, кеңістікті бағдарлау. Заттар және олардың белгілерін нақтылау.

Көлік, байланыс құралдары. Арнайы көлік құралдарының түрлерімен таныстыру.

Еңбекке баулу. Әртүрлі мамандықтар, балабақша қызметкерлерінің еңбегі туралы түсініктерін кеңейту.

Адамгершілік және патриоттық тәрбие. Балаларды адамгершілік құндылықтарға, өз іс-әрекеттері мен басқа адамдардың іс-әрекеттерін бағалай білуге, өзінің іс-әрекетіне басқалар пікірін білдірген жағдайда ол пікірді дұрыс қабылдауға үйрету.

Жол қозғалысы ережелері.Жолда қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету.

Табиғатпен таныстыру Тірі және өлі табиғат құбылыстары туралы білімдерін кеңейту.

Өсімдіктер әлемі. Туған өлкенің өсімдіктері (ағаштар, бұталар, гүлдер, шөпті өсімдіктер) туралы түсініктерін кеңейту, «орман», «шалғын» және «бақша» ұғымдарымен таныстыру.

Жануарлар әлемі. Қазақстан аумағын мекендейтін жануарлар мен олардың төлдерін атау және олардың өздеріне тән белгілері бойынша ажырату.


















Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы

негізінде 2022 – 2023 оқу жылына арналған

ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары



Білім беру ұйымы: «Әсел» бөбекжайы МКҚК

Топ: № 4 «Қарлығаш» мектепалды тобы

Балалардың жасы: 5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі: қазан айы, 2022-2023 оқу жылы.


Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері

Қазан

Дене шынықтыру

Жалпы дамытушы жаттығулар:  қолды жоғары көтеру және екі жаққа созу, қолды желкеге қою. Қолды кезек жоғары-артқа көтеру. Допты жоғарыдан (алға және артқа) бір-біріне беру. Гимнастикалық қабырғаға қарап тұрып, белінің тұсындағы тақтайшаны ұстап, алға еңкею.

Гимнастикалық қабырғада қолдарымен тартылып тұрып, аяқтарын көтеру (5-6 рет); қолды тізеге қойып отырып-тұру (2-3 рет) .

Негізгі қимылдар:

Жүру.Сапта бір-бірден, екеуден жүру; аяқтың ұшымен, аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру; тізені жоғары көтеріп жүру.

Жүгіру.Шашырап, жұппен, үшеуден тізені жоғары көтеріп жүгіру.

Тепе-теңдікті сақтау:кедір-бұдыр тақтай бойымен жүру.

Еңбектеу,өрмелеу. Допты басымен итеріп, төрттағандап еңбектеу (арақашықтығы 3-4 м).

Секіру. Бір орында тұрып, алға қарай 3–4 м қашықтыққа жылжу арқылы секіру.

Лақтыру, қағып алу, домалату. Допты бір қатарға қойылған заттардың арасымен домалату, допты қабырғаға лақтыру және екі қолымен қағып алу.

Спорттық жаттығулар:Оңға және солға бұрылу, айналу.

Спорттық ойындар:Баскетбол элементтері. Допты оң және сол қолмен алып жүруге жаттықтыру.

Сапқа тұру. Сапқа бір, екі, үш қатармен тұру.

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:Қимылдардың ырғағын музыкалық сүйемелдеумен үйлестіру.

Дербес қимыл белсенділігі:Ауа райының жағдайын ескере отырып, балалардың таза ауадағы қимыл белсенділігін дамыту, балаларға доптармен, құрсаулармен, ойыншықтармен ойындар ойнату.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру:Адам ағзасы және оның қызметінің ерекшеліктері туралы түсініктерді кеңейту. Балалардың назарын ағзасы мен денсаулығының ерекшеліктеріне аудару. Салауатты өмір салтының маңызды компоненттері: дұрыс тамақтану, қимылдар, ұйқы және күн, ауа мен су және денсаулыққа зиян келтіретін факторлар туралы түсініктерді кеңейту.

Мәдени- гигиеналық дағдылар:Ұқыпты тамақтану дағдыларын, ас құралдарын қолдануды жетілдіру. Гигиеналық шараларды орындау: жуыну, шашын тарау, қолды сабынмен жуу, қол орамалды қолдану.

Сауықтыру-шынықтыру шаралары:Сумен шайыну, таңертеңгі жаттығуды орындауға қызығушылық тудыру, дене бітімін қалыптастыру және аяқтың өкшелерін нығайту.

Сөйлеуді дамыту

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті: Ана тіліндегі дауысты және айтылуы және дыбысталуы ұқсас дауыссыз «г-ғ» дыбыстарды дұрыс, анық айтуды үйрету.

Сөздік қор. Адамдардың қарым-қатынасын, олардың еңбекке қатынасын білдіретін үстеулермен байыту.

Тілдің грамматикалық құрылымы: Сөйлемдердегі сөздерді: сын есімдерді зат есімдермен үйлестіре білуді үйрету.

Байланыстырып сөйлеу: Әңгімелесушіні мұқият тыңдап, сұрақтарды дұрыс қоюға және қойылған сұрақтарға қысқаша немесе толық жауап беруге баулу.

Шығармашылықпен сөйлеу қызметі: ересектердің көмегімен әңгіменің жалғасын және соңын ойдан шығару.




Көркем әдебиет

Әдеби шығармаларды эмоционалды қабылдауына ықпал ету, олардың мазмұнын түсіну, себеп-салдарлық байланыстарды, жанрларды (ертегі, әңгіме, өлең) ажырату, тілдің көркемдігін сезіну (эпитеттер, сипаттамалар, образды сөздер), шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетін бағалау.

Сауат ашу негіздері

Сөздерді дыбыстық талдау: сөздегі дыбыстардың ретін, дауысты және дауыссыз дыбыстарды анықтай білуге үйрету..

Жазу кезінде арқаны дұрыс ұстау ережелерімен таныстыру.

Қазақ тілі

Тілдік дамытушы орта.

Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен, киім-кешегімен таныстыру.

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті. Тілдік және артикуляциялық аппаратты, тыныс алуды және таза дикцияны дамыту, қазақ тіліне тән «ө» дыбыстарын, осы дыбыстардан тұратын сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру.

Сөздік қор. Санамақтар, жаңылтпаштар, тақпақтар жаттату.

Тілдің грамматикалық құрылымы. Өз ойын жай сөйлемдермен жеткізуге мүмкіндік беру.

Байланыстырып сөйлеу. Сұрақтарды дұрыс қоюға, оған қысқа және толық нақты жауап беруге баулу.

Математика негіздері

Жиын. Жиынды сапасы бойынша әртүрлі элементтерден (түсі, өлшемі, пішіні, бойынша заттардан) құруды үйрету.

Сан және санау.Көрнекілік арқылы 6, 7, 8, 9, 10 сандарының пайда болуымен таныстыру.

Шама.Заттардың (5 және одан артық) ұзындығын, биіктігін, ені мен жуандығын анықтай білуді үйрету.

Геометриялық фигуралар.Геометриялық фигуралар (дөңгелек, сопақша, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш) мен денелерді (шар, текше, цилиндр) дұрыс атап, оларды ажырата білуге жаттықтыру.

Кеңістікті бағдарлау. Заттарды кеңістікте орналастыру (сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде)

Уақытты бағдарлау. Тәулік бөліктерінің реті туралы түсінік беру.

Сурет салу

Суретті қарапайым қаламның көмегімен жеңіл ырғақпен үстінен қатты баспай бейненің сұлбасын салу, бірнеше заттардың өлшеміндегі айырмашылықтарды беру, геометриялық пішіндегі заттарды салу.

Мүсіндеу

Шынайы бейнесіне қарап және ойдан пішіндері мен өлшемі әртүрлі таныс заттарды: көгөністерді, жемістерді, ойыншықтарды, ыдыстарды мүсіндеу, оларға тән ерекшеліктерді беру, қолдың және саусақтардың қимылдарын жетілдіру, қарапайым пропорцияларды сақтай отырып, адам мен жануардың пішіндерін мүсіндеу.

Жапсыру

Қағаздан таныс немесе ойдан әртүрлі бейнелерді, қатпарланып бүктелген қағаздан бірдей бірнеше пішіндерді және екіге бүктелген қағаздан симметриялы пішіндегі заттарды қию.

Құрастыру

Құрылыс материалдарынан құрастыру: конструктор бөлшектерінен құрастыру.

Қағаздан құрастыру: қағаздан құрастыру әдістерін қолданып, жазық материалды көлемді пішінге өзгерте білуді үйрету.

Табиғи, қалдық материалдардан құрастыру: Табиғи (ағаш, мақта, жүн, жіп, асық, қағаз, тері, кенеп, мата, дәннің түрлері) және қалдық заттардан құрастыру.

Музыка

Музыка тыңдау: Музыкалық бейне, суреттеу құралдары, музыкалық жанрлар туралы қарапайым түсінік беру.

Дыбыс жоғарылығын есту және ырғақтық дағдыларын қалыптастыру

Музыка жанрларын (күй, ән, би, марш) ажырата білуге үйрету. Шығармалардың эмоционалдық мазмұнын, олардың сипатын, көңіл күйін, әсерлі реңктерін ажырата білуге үйрету.

Ән айту: Әннің сипатын қабылдау, дауысын дұрыс келтіріп орындауға жаттықтыру.

Ырғақты қимылдар: Музыканың ширақ сипатын жеңіл, ырғақты жүгіріспен беру дағдыларын қалыптастыру.

Аспапта ойнау: Музыкалық дыбысталуының сипаттамасына сүйене отырып,ұрмалы аспаптармен ойнау.

Ән айту: Музыкалық шығарманың кіріспесі мен қайырмасын ажыратуға жаттықтыру.Таныс әндер мен қайырманың әуенін ажыратуға жаттықтыру. Ән айту барысында өзін-өзі ұстауға жаттықтыру.

Ырғақты қимылдар: Музыка сипатына сай қозғалу дағдыларын қалыптастыру. Ырғақты би қимылдарымен беру дағдыларын қалыптастыру.

Би-ойын шығармашылығы дағдыларын қалыптастыру.

Аспапта ойнау: Балалардың бір-бірін, музыканы тыңдап аспапта ойнау. Балаларға арналған музыка аспаптарында ойнау арқылы сенсорлық қабылдауын және қол моторикасын дамыту.Музыкалық дыбысталуының сипаттамасына сүйене отырып,ұрмалы аспаптармен ойнау.

Қоршаған ортамен таныстыру

Бала, оның отбасы, үйі. Жаңаны тануға, өз өміріне қажетті дағдыларды игеруге ықпал етуге үйрету. Қоғамдық орындарда мінез-құлық ережелері туралы; үйдегі, балабақша тобындағы міндеттері туралы түсініктерін кеңейту.

Заттық әлем, кеңістікті бағдарлау. Бейтаныс заттардың қолданылуын түсіндіру.

Көлік, байланыс құралдары. Арнайы көлік құралдарының белгілі бір жұмыс түрін орындау үшін олардың жабдықталуын түсіндіру.

Еңбекке баулу. Еңбектің мазмұны, сипаты және нәтижесінің маңызын, түсіну және бағалауға үйрету.

Адамгершілік және патриоттық тәрбие. Өз құрдастарын тарта отырып, ұлттық ойындар ойнау, Қазақстан мемлекетінің рәміздеріне құрмет көрсету.Туған өлке, ел, Отан, мемлекеттік және халықтық мерекелер, еліміздің рәміздері, оның маңызы туралы білімдерін кеңейту. Қазақстан Республикасының Президенті, оның халық үшін атқаратын қызметінің маңыздылығын түсіндіру.

Жол қозғалысы ережелері. Жол белгілерін (жүру бөлігі, жаяу жүргіншілер өткелі, тротуар, велосипед, электросамокат, гироскутер, сигвейге арналған жол) білу.

Табиғатпен таныстыру. Қарапайым экологиялық ұғымдарды қалыптастыру.«Өлі табиғат» ұғымымен таныстыру (су, ауа, мұз сүңгілері, күн, бұлт, қар, тастар, жел, жаңбыр).

Өсімдіктер әлемі. Өсімдіктердің тірі тіршілік иесі екендігін бақылау және себеп-салдарлық байланыстарды ажыратуға үйрету.

Жануарлар әлемі. Бақылау арқылы төрт түліктің пайдасын білу, оларды күтіп-баптауға үйрету.






















Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы

негізінде 2022 – 2023 оқу жылына арналған

ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары



Білім беру ұйымы: «Әсел» бөбекжайы МКҚК

Топ: № 4 «Қарлығаш» мектепалды тобы

Балалардың жасы: 5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі: қараша айы, 2022-2023 оқу жылы.


Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері

Қараша

Дене шынықтыру

Жалпы дамытушы жаттығулар:  қолды кезек жоғары-артқа көтеру. Алға еңкейіп, алақанын еденге тигізу. 3-5 метр қашықтықта екі қолын жерге қойып, жүру (бір бала екінші баланы аяғынан ұстайды); отырып алға, артқа еңкею (5–6 рет), аяқтың ұшына көтерілу.

Негізгі қимылдар:

Жүру. Сапта бір-бірден, аяқтың ұшымен, аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру;

заттардан бір қырымен аттап жүру;

Жүгіру. Үшеуден тізені жоғары көтеріп жүгіру; орташа қарқынмен 1,5–2 минут тоқтамай жүгіру; кедергілердің арасымен өту арқылы «жыланша» жүгіру.

Тепе-теңдік сақтау. Гимнастикалық скамейка бойымен жүру; қолдарынан ұстап, жұптарымен айналу.

Еңбектеу, өрмелеу: гимнастикалық скамейка бойымен қолымен тартылып, иықтары мен тізелеріне сүйене отырып етпетімен өрмелеу.

Секіру. Екі тізенің арасына қапшықты қысып алып, түзу бағытта (арақашықтығы 6 метр) қос аяқпен секіру.

Лақтыру, қағып алу,домалату: 2–2,5 метр арақашықтықтағы нысанаға құм салынған қапшықты лақтыру.

Спорттық жаттығулар:Велосипед, самокат тебу.

Спорттық ойындар .Футбол элементтері. Берілген бағытқа допты оң және сол аяқпен тебу.

Сапқа тұру, сап түзеу, сапқа қайта тұру: бір-бірінің жанына және бір-бірінің артынан сапқа тұру.

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:Қимылдардың ырғағын музыкалық сүйемелдеумен үйлестіру.

Қимылды ойындар:Ынта мен шығармашылық таныта отырып, таныс қимылды ойындарды өз бетінше ұйымдастыруға мүмкіндік беру.

Дербес қимыл белсенділігі:Балалардың құрдастарымен қимылды ойындарды өз бетінше ұйымдастыруына жағдай жасау, олардың жарыстар ұйымдастыруға деген белсенділігін қолдау.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру:Адам ағзасы және оның қызметінің ерекшеліктері туралы түсініктерді кеңейту. Балалардың назарын ағзасы мен денсаулығының ерекшеліктеріне аудару. Салауатты өмір салтының маңызды компоненттері: дұрыс тамақтану, қимылдар, ұйқы және күн, ауа мен су және денсаулыққа зиян келтіретін факторлар туралы түсініктерді кеңейту.

Мәдени- гигиеналық дағдылар:Мәдениетті тамақтану және асхана құралдарын еркін қолдану дағдыларын жетілдіру. Жеке гигиена ережелерін орындауда өзін-өзі бақылауды дамыту: дененің тазалығын бақылау, қол-аяғын жуу, тістерін мұқият тазалау, тамақтанғаннан кейін ауызды шаю, қол орамалды пайдалану, белге дейін дымқыл сүлгімен сүртіну.

Сауықтыру-шынықтыру шаралары:Сумен шайыну, таңертеңгі жаттығуды орындауға қызығушылық тудыру, дене бітімін қалыптастыру және аяқтың өкшелерін нығайту.

Сөйлеуді дамыту

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті: ана тіліндегі айтылуы және дыбысталуы ұқсас дауыссыз к-қ , дыбыстарды дұрыс, анық айтуды үйрету.

Сөздік қор: Сөйлегенде көп мағыналы сөздерді, синонимдер мен антонимдерді қолдануды үйрету.

Тілдің грамматикалық құрылымы: Түбірлес сөздерді жасау және қолдана білуге үйрету.

Байланыстырып сөйлеу: әңгімелесу кезінде өзін мәдениетті ұстау, әдепті және сабырлы болуды бойына сіңіру.

Шығармашылықпен сөйлеу қызметі: бақылаулар мен суреттер бойынша сипаттай білуді үйрету.




Көркем әдебиет

Балалардың назарын кітаптың безендірілуіне, иллюстрацияларына аудару.

Баланың басқа құрдастарымен және ересектермен түрлі дереккөздерден: ғаламтордан, теледидардан, жақындарының әңгімесінен алған ақпараттарымен, әсерлерімен бөлісуіне мүмкіндік беру.

Сауат ашу негіздері

Буын туралы ұғымдарды қалыптастыру, сөздерді буындарға бөлу, олардың саны мен ретін анықтауға үйрету.

Жазу парағында бағдарлай білу, жазу жолы мен жоларалық кеңістікті ажырата білуге үйрету.

Қазақ тілі

Тілдік дамытушы орта.

Азық-түлік өндірудегі тұрмыстық кәсібімен, тұрмыста, аң аулауда, мал өсіруде және егіншілікке қажетті құрал жабдықтарын айыра білуге үйрету.

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті. Тілдік және артикуляциялық аппаратты, тыныс алуды және таза дикцияны дамыту, қазақ тіліне тән «қ» дыбыстарын, осы дыбыстардан тұратын сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру.

Сөздік қор. Азық-түлік атауларын (бидай, күріш, арпа, жүгері, талқан, тары, жент, құрт, сүзбе, шұбат, қымыз, айран) үйрету.

Тілдің грамматикалық құрылымы. Сөздерді септеп қолдана білуді, интонациясы бойынша сөйлемдерді (хабарлы, сұраулы, лепті) ажыратып білуді үйрету.

Байланыстырып сөйлеу. Таныс немесе бейтаныс ертегілер мен шағын көркем шығармалардың мазмұнын иллюстрациялар бойынша қайталап айтуға үйрету.

Математика негіздері

Жиын. Бүтін жиын мен оның әр бөлігі арасында байланыс орнату,

Сан және санау. 0 ден 9 дейінгі цифрмен таныстыру. «Қанша?», «Нешінші?» сұрақтарын ажыратуға үйрету.

Шама. Биіктігін, ені мен жуандығын анықтай білуге үйрету.

Геометриялық фигуралар. Танымдық-зерттеушілік қызығушылықты, ойлауды, алдына қойылған міндетті шешуде не істеу, қалай істеу керек екенін түсінуге үйрету.

Кеңістікті бағдарлау. Қозғалыс бағыттары: сол жақтан оң жаққа, оң жақтан сол жаққа, жоғарыдан төменге, алға, артқа.

Уақытты бағдарлау. Айлар мен жыл мезгілдерінің ретін білу және атауды үйрету.

Сурет салу

Заттардың пішіндеріне, бөліктердің салыстырмалы өлшеміне және олардың орналасуына сүйене отырып, түстер мен олардың реңктерін беру, негізгі пішінді, заттар мен олардың бөліктерінің пропорцияларын мәнерлеп жеткізе білу, түстерді өз қалауы бойынша таңдау.

Мүсіндеу

Бақылаған заттың бейнесін бере білу, затты әртүрлі қалыптарда мүсіндеу, пішіннің бетін дымқыл шүберекпен тегістеу және кескішті пайдалану

Жапсыру

Жапсырудың түрлі әдістері (симметриялы, сыңарлы симметриялы, сұлбалы) мен тәсілдерін (тура, қисық қию, ою, флористика элементтерін) қолдану, түрлі материалдардан (қағаз, мата, табиғи материалдар) жапсыру.

Құрастыру

Құрылыс материалдарынан құрастыру. Құрылыс материалдарынан, конструктор бөлшектерінен құрастыру:

Қағаздан құрастыру: Пішіндердің түрлі қалыптарын бере білуді, оларды күрделі емес композицияларға біріктіруді қалыптастыру.

Табиғи, қалдық материалдардан құрастыру: дербестік пен шығармашылық танытып, мақсатты түрде жұмыс жасай білу.

Музыка

Музыка тыңдау: Тыңдалған музыкалық шығармадағы регистрді анықтау туралы ұғымдарын қалыптастыру.Музыканы тыңдау барысында өз сезімдері мен толғаныстарын сипаттау арқылы тілдік дағдыларын дамытуды жалғастыру.Негізгі музыка формалары мен жанрлары туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру.Музыкалық шығармаға өзінің көзқарасын білдіру, оның сипаты, мазмұны туралы айта білу біліктіліктерін жетілдіру.

Ән айту: Бастапқы музыкалық талғамның қалыптасуына ықпал ететін әндер туралы түсінік беру.Әуеннің жоғарғы-төменгі қозғалысын ажыратуға үйрету.Музыкалық мәнерліліктің элементтерімен байланыстырып, шығарманы сипаттай білуге үйрету.

Музыкалық дыбыстың негізгі қасиеттерін жоғарылығына (жоғары-төмен дыбыс), ұзақтығына (ұзақ, қысқа), қаттылығына (қатты, ақырын), тембріне қарап ажырату дағдыларын қалыптастыру.

Ырғақты қимылдар: Қимылдарды музыкамен келістіріп, бөлшек адымды би қимылын меңгерту. Вальс ырғағындағы байсалды әуендерді қабылдау іскерліктерін жетілдіру.

Пьесаның билеуге икемді сипатын сезініп, қарқындық өзгерісін белгілей білуге үйрету.

Қозғалысты музыкамен сәйкестендіріп жартылай отыруларды анық, ырғақты орындауға жаттықтыру.

Аспапта ойнау: Дыбысталу тембрі бойынша кейбір музыка аспаптарын анықтауға жаттықтыру.Балаларға арналған музыка аспаптарында ойнау арқылы сенсорлық қабылдауын және қол моторикасын дамыту. Музыкаға сәйкес ұрмалы аспаптармен ойнау дағдыларын қалыптастыру.Дыбысталу тембрі бойынша кейбір музыка аспаптарын анықтауға жаттықтыру.

Қоршаған ортамен таныстыру

Бала, оның отбасы, үйі. Болашақта табысты болуы үшін білімнің қажеттігін түсінуіне, болашақта мектепте оқуға ынтасын арттыру, ненің «дұрыс» немесе «дұрыс емес», «жақсы» немесе «жаман» екенін түсінуге және ажырата білуге үйрету.

Заттық әлем, кеңістікті бағдарлау. Заттардың қандай материалдардан жасалғанын өз бетінше анықтау және талдау.

Көлік, байланыс құралдары. Ұялы телефон, смартфон, компьютер, ғаламтор, теледидардың қолдануға үйрету.

Еңбекке баулу. Айналадағы заттар, ойыншықтар адамның еңбегімен жасалғанын түсіну және оларға ұқыпты қарау.

Адамгершілік және патриоттық тәрбие. Өз ісіне адал болуға, еңбек етуде, шығармашылық әрекеттерде нәтижеге жетуге ұмтылуға, сеніп тапсырған тапсырмаларды жауапкершілікпен орындауға, айналасындағыларға әрқашан әділ болуға, оларға қолдау көрсетуге, көмек беруге, жалған сөйлемеуге, өзінің педагогтерін, үлкендерді сыйлауға, кішіге қамқор болуға баулу.

Жол қозғалысы ережелері.Жол қозғалысының қарапайым ережелерін сақтауға үйрету.

Табиғатпен таныстыру. Өлі табиғат заттарын адамның қолымен жасалған заттардан ажырата білуді үйрету.

Өсімдіктер әлемі. Нанға ұқыпты қарауға, бидайды өсіруге және өндіруге қатысатын адамдардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.

Жануарлар әлемі. Жылдың әр мезгілінде олардың сыртқы түрі мен тіршілік ету ерекшеліктерін сипаттауға үйрету.