Файл: Мектепке дейінгі трбие мен оытуды лгілік оу жоспары жне.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 107

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы

негізінде 2022 – 2023 оқу жылына арналған

ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы

негізінде 2022 – 2023 оқу жылына арналған

ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы

негізінде 2022 – 2023 оқу жылына арналған

ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы

негізінде 2022 – 2023 оқу жылына арналған

ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы

негізінде 2022 – 2023 оқу жылына арналған

ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы

негізінде 2022 – 2023 оқу жылына арналған

ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы

негізінде 2022 – 2023 оқу жылына арналған

ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы

негізінде 2022 – 2023 оқу жылына арналған

ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы

негізінде 2022 – 2023 оқу жылына арналған

ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары
















Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы

негізінде 2022 – 2023 оқу жылына арналған

ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары



Білім беру ұйымы: «Әсел» бөбекжайы МКҚК

Топ: № 4 «Қарлығаш» мектепалды тобы

Балалардың жасы: 5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі: желтоқсан айы, 2022-2023 оқу жылы.


Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

Желтоқсан

Дене шынықтыру

Жалпы дамытушы жаттығулар.Қолдың күшін жетілдіруге арналған жаттығулар. 3-5 метр қашықтықта екі қолын жерге қойып, жүру (бір бала екінші баланы аяғынан ұстайды)

Негізгі қимылдар.

Жүру.Қосалқы қадаммен алға қарай жүру.Сапта бір-бірден жүру. Кегльдердің арасымен жүру.Тізені жоғары көтеріп жүру.

Жүгіру.Кедергілерден өту арқылы әртүрлі жылдамдықпен – баяу жүгіру.Бір сызыққа қойылған заттар арасымен "жыланша" ирелеңдеп жүгіру.

Тепе-теңдік сақтау.Кедір-бұдыр тақтаймен тепе-теңдік сақтап жүру. Заттардан аттап жүру.

Еңбектеу,өрмелеу. Допты басымен итеріп, төрттағандап еңбектеу (арақашықтығы 3-4 метр). Табан мен алақанға сүйеніп төрт тағандап еңбектеу.

Секіру.Оң және сол аяқты алмастырып секіру.Сызықтан секіру.Екі тізенің арасына қапшықты қысып алып секіру.

Лақтыру,қағып алу домалату. Жіптің үстінен лақтыру және екі қолымен қағып алу.Допты екі қолымен қағып алу (арақашықтығы 4–5 метр). Допты заттарды айналдыра жүргізу.

Спорттық жаттығулар.Шанамен сырғанау. Бір-бірін шанамен сырғанату.Төбешіктен бір-бірлеп және екі-екіден шанамен сырғанау

Спорттық ойындар.Баскетбол элементтері. Кеуде тұсынан екі қолымен допты бір-біріне лақтыру. Допты оң және сол қолмен алып жүруге жаттықтыру. Шанамен сырғанау. Бір-бірін шанамен сырғанату

Сапқа тұру.Сапта үшеуден жүру.Сапта бір-бірден, екеуден, үшеуден жүру.Сап түзеуден бір және екі, үш қатармен қайта тұру,сапқа тұру,оңға, солға бұрылу

Музыкалық-ырғақтық қимылдар: Қимылдардың ырғағын музыкалық сүйемелдеумен үйлестіру. Түзу бағытта адымдап жүру.

Қимылды ойындар. Ұлттық қимылды ойындарды ойнату.

Дербес қимыл белсенділігі: Қыс мезгілінде мұзды жолдармен сырғанауға, шаңғымен жүруге, хоккей ойындарына, шанамен сырғанауға

Салауатты өмір салтын қалыптастыру: Адамның денсаулығы дұрыс тамақтануға байланысты екені туралы түсініктерді жетілдіру.Адамның денсаулығына гигиена мен күн тәртібінің ықпалы туралы түсініктерді кеңейту.

Мәдени- гигиеналық дағдылар: Гигиеналық шараларды жүргізуде балалардың өзара көмегін қолдау. Өзіне-өзі қызмет көрсету және киіміне күтім жасау дағдыларын жетілдіру. Шамасы келетін еңбек тапсырмаларын, асханада кезекшілердің міндеттерін орындауға, түрлі балалар әрекеттеріне қажетті құралдарды дайындауға баулу. Қоғамдық орындарда гигиена ережелерін сақтау дағдыларын қалыптастыру.

Сауықтыру-шынықтыру шаралары: Су температурасын біртіндеп төмендете отырып, қарапайым шараларды өз бетінше жүргізуге дағдыландыру, балалардың денсаулығын, шынықтыру құралдарының әсерлеріне бейімделу деңгейін ескеріп, қарама-қарсы температурадағы сумен шайыну, таңертеңгі жаттығуды орындауға қызығушылық тудыру, дене бітімін қалыптастыру және өкшелерді нығайту.

Сөйлеуді дамыту

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті. Ана тіліндегі дауысты және айтылуы және дыбысталуы ұқсас дауыссыз ж - ш, дыбыстарды дұрыс, анық айтуды үйрету сөздегі дыбыстардың орнын анықтау (басы, ортасы, соңы). Артикуляциялық жаттығулар жасау.

Сөздік қор. Белгілі бір затқа белгілерді, әрекеттерді және берілген әрекетке заттарды таңдай білу.

Тілдің грамматикалық құрылымы. Етістіктерді жалғауларды қосу арқылы қолдана білуге үйрету.

Байланыстырып сөйлеу. Негізгі ойды дұрыс жеткізе білуге, монологты байланыстырып құра білуге үйрету.

Шығармашылық сөйлеу әрекет. Өзара байланысты бірізді сюжет құрастыру, сөйлегенде бейнелі сөздерді, эпитеттерді, салыстыруларды қолдану.

Көркем әдебиет


Өлеңді жатқа, мәнерлеп, интонациямен айтып, көркем шығарманы рөлдерге бөліп, сахналау, рөлдерде кейіпкердің көңіл күйі мен мінезін, бейненің қимылын, интонациясы мен мимикасын беруге, қойылымдағы өзінің рөлін мәнерлі дербес орындауға үйрету.

Сауат ашу негіздері

Буындардан сөздер құрастыруға (ауызша) үйрету.

Геометриялық фигуралардың, көгөністер, жеміс-жидектердің дайын суреттерінің сыртын шетке шығармай бастыру, бояу дағдыларын жетілдіру.

Қазақ тілі


Тілдік дамытушы орта. Туған өлкенің көрнекі жерлері, әсем табиғаты, тарихи орындары туралы суреттер, фотолар, альбомдармен жабдықталған орта құру.

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті. Тілдік және артикуляциялық аппаратты, тыныс алуды және таза дикцияны дамыту, қазақ тіліне тән «ү» дыбысы, осы дыбыстан тұратын сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру. Фонематикалық естуді дамыту, сөздегі дыбыстардың орнын анықтау (басы, ортасы, соңы).

Сөздік қор. Отбасылық мерекелер, салт-дәстүрлер туралы айтуға баулу.

Тілдің грамматикалық құрылымы. Сөздерді жіктеп қолдана білуді үйрету.

Интонациясы бойынша хабарлы сөйлемдерді ажыратып, сөйлегенде қолдана білуді жетілдіру.

Байланыстырып сөйлеу. Тыңдалған көркем шығарма мазмұнын ретімен жүйелі түрде жеткізуге, кейіпкерлердің диалогын мәнерлі интонациямен беруге, шығарманы рөлдерге бөліп сомдауға үйрету.

Математика негіздері

Жиын. Жиынның бөліктен үлкен екенін, бөліктің жиыннан кіші екенін түсіндіру.

Сан және санау. 10 көлеміндегі сандарды салыстыруды үйрету.

Шама. Заттарды шамасына қарай өсу және кему ретімен орналастыруды үйрету.

Геометриялық фигуралар. Қоршаған ортадан геометриялық фигураларға ұқсас заттарды табу, олардың пішіндерін анықтау.

Кеңістікті бағдарлау. Сөйлеуде белгілі бір заттың өзіне немесе басқа затқа қатысты орнын көрсете білуге үйрету.

Уақытты бағдарлау. Нүктелерді, өрнектерді салуға, тік және көлбеу таяқшаларды, қисық және қиғаш сызықтарды дәптердің тор көзінде сызуға үйрету.\

Сурет салу

Бояулармен жұмыс жасауды жетілдіру (бояғышта акварельді сумен араластыру, қажетті түсті алу), қанық түстер алу үшін қарындашты түрліше басып бояу, бейнелеу, түсті қанық беру үшін қағаздың фонын таңдау және бояуларды үйлестіру, өз жұмысының нәтижелерін бағалау.

Мүсіндеу

Мүсіндеудің әртүрлі әдістерін қолдану: құрылымдық (жеке бөліктерден) және мүсіндік (негізгі бөліктерді тұтас кесектен жасау). Затқа қарап мүсіндеуде ойыншықтарды, пішіні шағын мүсіндерді, халық шеберлерінің бұйымдарын қолдану.

Жапсыру

Сюжеттік композициялар жасау, оларды сәнді бөлшектермен толықтыру, жеке және топпен бірлесіп жасау, онда міндеттерді келісіп атқару.

Құрастыру

Құрылыс материалдарынан құрастыру: ауызша сипаттау бойынша ұсынылған тақырыпқа, өз бетінше ойдан құрастыруға баулу.

Қағаздан құрастыру: Өзінің құрастырған құрылысын талдау арқылы тиімді конструктивті шешімдерді табу, оларды құрастыруда қолдану. Дербестікті, шығармашылықты, бастаманы қолдау.

Табиғи, қалдық материалдардан құрастыру: Шығармашылық қиялды дамыту, көрнекілікке сүйене отырып, елестетуі, ойлауы бойынша қолдан бұйымдар жасай білуді үйрету.

Музыка


Музыка тыңдау: Домбыраның дыбысталуы бейнеленген пьесаларды әсерлі реңкі мен музыкалық мәнерлілік құралдарын белгілей отырып тыңдауға үйрету. Әннің бастамасы және қайырмасын ажырату біліктіліктерін жетілдіру.

Ән айту: Септима мен терция дыбыстарын ажырата білуге үйрету.

Таныс әндерді шағын топпен орындауға үйрету. Ән айту дағдыларын қалыптастыруды жалғастыру. Әнді жеңіл және қозғала жүріп орындау дағдыларын қалыптастыру.

Таныс әндерді шағын топпен орындауға үйрету. Музыканы тыңдап, түсіну, оның сипатын, жоғары регистрін ажырату дағдыларын қалыптастыру. Қазақ халық аспаптарының дыбысталуымен таныстыру.

Ырғақты қимылдар: Қазақ биінің қозғалыстарын үйретуді жалғастыру.Би қимылдарын қолдана отырып, ойдан би шығару іскерліктерін дамыту. Музыка сипатын қимыл арқылы беру дағдыларын жетілдіру.Музыка сипатына сай таныс би қимылдарын қолдана отырып би ойлап табуға үйрету.

Аспапта ойнау: Дыбыстау тембріне қарай кейбір музыка аспаптарын (домбыра, асатаяқ) ажырата білуге үйрету. Жеке соқпалы аспаптарда әуендету ырғағын орындау дағдыларын қалыптастыру.Балаларға арналған ұрмалы музыка аспаптарында жеке ырғақтық суреттерді ойнауға үйрету.Таныс музыкалық аспаптарды дыбысталу тембрі бойынша ажыратуға үйрету.

Қоршаған ортамен таныстыру

Бала, оның отбасы, үйі. Өзінің болашағына, біліміне, денсаулығына, қызметіне, жетістіктеріне сенімді болуға, қоғамға пайдасын тигізуге баулу. Ережелер барлығына жақсы болуы (қарапайым, жайлы, қауіпсіз) үшін жасалатынын балаларға түсіндіру. Егер белгілі бір ережелер сақталмаған жағдайда не болатынын балалармен талқылау.

Заттық әлем, кеңістікті бағдарлау. Заттардың сапаларымен қасиеттерін сипаттау.

Көлік, байланыс құралдары. Ұялы телефон, смартфон, компьютер, ғаламтор, теледидарды қолдануда қауіпсіздікті сақтауға дағдыландыру.

Еңбекке баулу. Топта тазалық сақтауға, ойыншықтарды сүртуге, табиғат бұрышындағы тіршілік иелеріне күтім жасауға, кезекшілік міндеттерін жауапкершілікпен атқара білуге үйрету.

Адамгершілік және патриоттық тәрбие. Мемлекеттік мерекелердің (Жаңа жыл, Халықаралық әйелдер күні, Наурыз мейрамы, Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, Отан қорғаушы күні, Жеңіс күні, Астана күні, Қазақстан Республикасының Конституциясы күні, Республика күні), ұлттық мереке (Тәуелсіздік күні) маңыздылығын түсіндіріп, оларға белсенді қатысуға үйрету.

Жол қозғалысы ережелері. Бағдаршамның белгілеріне сәйкес жолдан өту.

Табиғатпен таныстыру. Тірі және өлі табиғат, табиғат құбылыстары (маусым, өсімдік, адам еңбегі) арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды бақылау және түсіну.

Өсімдіктер әлемі. Тамырдың суды сорып, сабағы арқылы су өткізіп, басқа бөліктерін қоректендіруі туралы ұғымдарын кеңейту.

Жануарлар әлемі. Жыл құстары мен қыстайтын құстарды ажырата білу, құстардың пайдасы туралы білу, оларға қамқорлық жасауға үйрету.








Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы

негізінде 2022 – 2023 оқу жылына арналған

ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары



Білім беру ұйымы: «Әсел» бөбекжайы МКҚК

Топ: № 4 «Қарлығаш» мектепалды тобы

Балалардың жасы: 5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі: қаңтар айы, 2022-2023 оқу жылы.


Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері



Қаңтар

Дене шынықтыру

Жалпы дамытушы жаттығулар.Арқаға арналған жаттығулар: отырып алға, артқа еңкею (5–6 рет), стретчинг элементтері бар жаттығуларды орындау, қолдың көмегімен етпетінен жатып еңбектеу (3 метр)

Негізгі қимылдар.

Жүру.Сапта бір қатармен, аяқтың ұшымен, өкшемен жүру.Сапта , екеуден, үшеуден жүру. Аяқтың ұшымен, аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру.Ересектің белгісімен тоқтап, қозғалыс бағытын өзгертіп, шашырап жүру.

Жүгіру.Кедергілердің арасымен өту арқылы «жыланша» жүгіру. Бір қатармен жүгіру.

Тепе-теңдік сақтау. Тепе-теңдік сақтап заттардан аттап жүру.

Еңбектеу,өрмелеу.Гимнастикалық скамейка бойымен қолымен тартылып, иықтары мен тізелеріне сүйене отырып, етпетімен өрмелеу. Иықтары мен тізелеріне сүйене отырып еңбектеу.

Секіру.Бір аяқпен және қос аяқпен құрсаудан құрсауға секіру.20 см дейінгі биіктіктікке секіру.

Тұрған орнында айналып секіру.

Лақтыру,қағып алу домалату. Допты бір қолымен (оң және сол қолын алмастыру) қағып алу.2–2,5 м арақашықтықтағы нысанаға құм салынған қапшықты лақтыру. Қос қолмен допты лақтырып, қайта қағып алу.

Спорттық жаттығулар.Өз бетінше мұзды жолмен сырғанау. Бір-бірін шанамен сырғанату.Бір-бірін шанамен сырғанату. сырғанату.Төбешіктен бір-бірлеп және екі-екіден шанамен .Бір-бірін шанамен сырғанату.

Спорттық ойындар. Хоккей элементтері. Берілген бағытта қақпаға хоккей таяқпен шайбаны сырғанату, оны қақпаға кіргізу.

Сапқа тұру. Бір-бірінің жанына және бір-бірінің артынан сапқа тұру, орнында айналу, оңға, солға бұрылу

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:Таныс дене жаттығуларын музыка әуенімен әсем және ырғақты орындау. Жұбымен шеңбер бойымен жүру.

Қимылды ойындар:Ынта мен шығармашылық таныта отырып, таныс қимылды ойындарды өз бетінше ұйымдастыруға мүмкіндік беру.

Дербес қимыл белсенділігі:Балалардың құрдастарымен қимылды ойындарды өз бетінше ұйымдастыруына жағдай жасау,

олардың жарыстар ұйымдастыруға деген белсенділігін қолдау.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру:Адам ағзасы және оның қызметінің ерекшеліктері туралы түсініктерді кеңейту. Балалардың назарын ағзасы мен денсаулығының ерекшеліктеріне аудару. Салауатты өмір салтының маңызды компоненттері: дұрыс тамақтану, қимылдар, ұйқы және күн, ауа мен су және денсаулыққа зиян келтіретін факторлар туралы түсініктерді кеңейту.

Мәдени- гигиеналық дағдылар:Мәдениетті тамақтану және асхана құралдарын еркін қолдану дағдыларын жетілдіру. Жеке гигиена ережелерін орындауда өзін-өзі бақылауды дамыту: дененің тазалығын бақылау, қол-аяғын жуу, тістерін мұқият тазалау, тамақтанғаннан кейін ауызды шаю, қол орамалды пайдалану, белге дейін дымқыл сүлгімен сүртіну.

Сауықтыру-шынықтыру шаралары:Сумен шайыну, таңертеңгі жаттығуды орындауға қызығушылық тудыру, дене бітімін қалыптастыру және аяқтың өкшелерін нығайту.

Сөйлеуді дамыту

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті Ана тіліндегі дауысты және айтылуы және дыбысталуы ұқсас дауыссыз , з - с дыбыстардын дұрыс, анық айтуды үйрету. Артикуляциялық жаттығулар жасау.

Сөздік қор. Алуан түрлі заттарды сипаттауға, қарым-қатынас жасауға қажетті сөздерді қолдану және түсіну, оларды сөйлегенде белсенді қолдану дағдыларын қалыптастыру.

Тілдің грамматикалық құрылымы. Сөздерді тәуелдеп қолдана білуді үйрету.

Байланыстырып сөйлеу. Заттар мен ойыншықтар, сюжетті суреттерді зат, сын, сан есімдерді қолдана отырып, сипаттауда сөздерді дәл және дұрыс қолдануға, берілген мәтіннің басталуын және соңын ойдан құрастыруға баулу.

Шығармашылық сөйлеу әрекет Шығармашылықпен әңгімелеп беруді жетілдіру: ересектердің көмегімен әңгіменің жалғасын және соңын ойдан шығару

Көркем әдебиет

Айналасында болып жатқан оқиғаларға өзінің көзқарасын білдіруге құлшынысын дамытуға, сөйлегенде мақал-мәтелдерді қолдануға баулу.

Сауат ашу негіздері



Сөйлем туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру (грамматикалық анықтамасыз), сөйлем сөздерден тұратынын түсіндіру.

Әртүрлі бағыттағы тігінен, көлденең, қысқа, ұзын, толқынды, ирек сызықтарды, нүктелерді, тамшы тәрізді пішіндерді олардың арасындағы арақашықтықты сақтап үлгі бойынша жазуға үйрету.

Қазақ тілі

Тілдік дамытушы орта. Балалардың қоршаған ортаға деген өзінің қарым-қатынасын білдіруге үйрету.

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті. Тілдік және артикуляциялық аппаратты, тыныс алуды және таза дикцияны дамыту, қазақ тіліне тән «ұ» дыбысы, осы дыбыстан тұратын сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру. Фонематикалық естуді дамыту, сөздегі дыбыстардың орнын анықтау (басы, ортасы, соңы).

Сөздік қор. Аңшылық кәсіпті (аң, аңшы, орманшы, қорықшы), мал өсіруге байланысты (қора, жайлау, қыстау, жем, астау, соғым, сыбаға) сөздерін үйрету.

Тілдің грамматикалық құрылымы. Интонациясы бойынша хабарлы сөйлемдерді ажыратып, сөйлегенде қолдана білуді жетілдіру.

Байланыстырып сөйлеу. Тыңдалған көркем шығарма мазмұнын ретімен жүйелі түрде жеткізуге, кейіпкерлердің диалогын мәнерлі интонациямен беруге, шығарманы рөлдерге бөліп сомдауға үйрету.

Математика негіздері

Жиын. Жиынның бөліктерін санау және элементтердің (заттардың) бір-біріне қатынасы негізінде салыстыру үйрету.

Сан және санау. Теңдік туралы түсінік қалыптастыру.

Шама. Шамасы бойынша заттардың арасындағы қатынастарды білдіретін математикалық терминдерді қолданып түсіндіру.

Геометриялық фигуралар. Күрделі формадағы заттарды өз бетінше зерттеуге мүмкіндік беру.

Кеңістікті бағдарлау. Берілген бағытта, затты белгі бойынша өзгерте отырып, бағдарлауын үйрету.

Уақытты бағдарлау.Тәулік бөліктерінің ауысуын(«кеше»,«бүгін»,«ертең»)түсіндіру.

Сурет салу

Бейнелеу әдістерін (штрихтар, бояуларды араластырып, кляксография, жіппен) қолдану. Жаңа түстер (күлгін) және реңктерді (көк, қызғылт, қою жасыл) бояуды араластыру арқылы шығару (гуашпен сурет салу кезінде).

Түзу, ирек, жіңішке, жалпақ сызықтарды, түрлі көлемдегі дөңгелектерді, жақпаларды, нүктелерді ырғақты орналастыра отырып, қарапайым пішінді өрнектерді құрастыра білуді бекіту, түрлі өлшемді өрнектерді біріктіру, ақ және түрлі-түсті фондарды қолдана отырып, түсті таңдау.

Мүсіндеу

Адамның бейнесін, жануарлардың қимылдарын, қол-аяқтардың қалпын дұрыс мүсіндеу. Заттардың ұзын және қысқа, жуан және жіңішке белгілерін көрсете білу, бөліктердің салыстырмалы көлемдерін сақтау, мүсінделген пішіндердің бөліктерін бір-біріне қосып, біріккен жерлерін тегістеу.

Жапсыру



Сюжеттік жапсыруда заттардың өлшеміне қарай арақатынасын, әртүрлі заттардың бөліктерінің пішінін, олардың құрылымын, пропорцияларын дұрыс қолдана алуға үйрету.

Құрастыру

Құрылыс материалдарынан құрастыру: құрдастарымен бірлесіп, шығармашылықпен құрастыруға баулу.

Қағаздан құрастыру: Шығармашылық ойлауды және қиялды дамыту.

Табиғи, қалдық материалдардан құрастыру: Табиғи (ағаш, мақта, жүн, жіп, асық, қағаз, тері, кенеп, мата, дәннің түрлері) және қалдық заттардан құрастыруға баулу.

Музыка


Музыка тыңдау: Түрлі шығармаларды тыңдап, сипаттай білуді үйренеді.

Ырғақтық сипатты, әуендік айналымды байқау дағдыларын жетілдіре алады.

Музыканы тыңдап, түсіну, оның сипатын, жоғары регистрін ажырату дағдыларын қалыптастыру.Музыкалық мәнерлілік құралдары мен сипатын егжей-тегжейлі ажырату қабілетін дамытуды жалғастыру.

Ән айту: Динамикалық ерекшелікті бере отырып эмоциялды ән айтуға, демді дұрыс алуға үйрету. Ансамбльмен әннің бастамасын орындау қабілеттерін дамыту.

Музыкалық шығарманың сипатына қарқынның өзгеруіне сәйкес ән салуға үйретуді жалғастыру.

Ырғақты қимылдар: Ырғаққа сай мәнерлі қимылдауға үйрету.Театр қойылымы барысында түрлі бейнелерді көркем орындау дағдыларын қалыптастыру.

Ырғақ суретін бере отырып, үйлесімді, әннің бастамасын ойынмен сүйемелдеп ойнау қабілеттері дамиды.Қимылды музыкамен сәйкестендіріп, қарапайым би қимылдарын орындау қабілеттерін қалыптастыру.

Аспапта ойнау: Балаларға арналған музыкалық аспаптарда ойнау дағдыларын жетілдіру.

Аспаптардың дыбысталуын ажырату дағдыларын қалыптастыру. Фортепианоның сүйемелдеуімен балаларға арналған музыкалық аспаптарда ансамбльде ойнау дағдыларын қалыптастыру. Балаларға арналған ұрмалы аспаптарда қарапайым әндердің ырғағын ансамбльмен әннің бастамасын орындау біліктілігін дамыту.

Қоршаған ортамен таныстыру

Бала, оның отбасы, үйі. Еңбекқорлық пен жауапкершіліктің маңызын түсіну, өзін-өзі құрметтеу, өз күші мен мүмкіндіктеріне деген сенімділікті арттыру.

Заттық әлем, кеңістікті бағдарлау. Үй-жайларда, балабақша ауласында, жақын маңдағы шағын ауданда еркін бағдарлай білу.

Көлік, байланыс құралдары. Арнайы көлік құралдарының түрлерімен таныстыруды жалғастыру.

Еңбекке баулу. Жоспарланған нәтижеге жетуге, өзі мен құрдастарының еңбегінің, шығармашылық әрекеттерінің нәтижелерін бағалауға және құрметпен қарауға тәрбиелеу. Адамгершілік және патриоттық тәрбие. Тірі және өлі табиғаттың, Қазақстанның әсем табиғаты, көрнекі жерлері мен тарихи орындарының, мәдени мұрасының маңыздылығын түсіндіру.

Жол қозғалысы ережелері. Жаяу жүргіншілер мен велосипедшілердің қозғалыс ережелерін сақтауға үйрету. «Балалар», «Трамвай аялдамасы», «Автобус аялдамасы» жол белгілерімен таныстыруды жалғастыру.

Табиғатпен таныстыру.Балалардың зерттеу әрекеті үшін жағдай жасап, табиғатпен қарым-қатынас барысында денсаулықты нығайтуды, табиғатты сақтауда жауапкершілікті сезіне білуге үйрету.

Өсімдіктер әлемі. Өсімдіктердің өсуі үшін ылғалдың, жарықтың, жылу мен тыңайтқыштың қажеттігі туралы ұғымдарын кеңейту.

Жануарлар әлемі. Жануарлардың тірі тіршілік иесі екендігін бақылау және себеп-салдарлық байланыстарды ажырату: жануарлар қозғалады (жүреді, жүгіреді, секіреді, ұшады, қозғалады); қоректенеді (өсімдіктердің жапырақтары, сабағы, бұтақтары, қабығы, шырыны, тұқымдарымен, етпен, жәндіктермен); өседі және көбейеді.