Файл: Мектепке дейінгі трбие мен оытуды лгілік оу жоспары жне.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 111

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы

негізінде 2022 – 2023 оқу жылына арналған

ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы

негізінде 2022 – 2023 оқу жылына арналған

ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы

негізінде 2022 – 2023 оқу жылына арналған

ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы

негізінде 2022 – 2023 оқу жылына арналған

ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы

негізінде 2022 – 2023 оқу жылына арналған

ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы

негізінде 2022 – 2023 оқу жылына арналған

ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы

негізінде 2022 – 2023 оқу жылына арналған

ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы

негізінде 2022 – 2023 оқу жылына арналған

ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы

негізінде 2022 – 2023 оқу жылына арналған

ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары





Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы

негізінде 2022 – 2023 оқу жылына арналған

ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары



Білім беру ұйымы: «Әсел» бөбекжайы МКҚК

Топ: № 4 «Қарлығаш» мектепалды тобы

Балалардың жасы: 5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі: ақпан айы, 2022-2023 оқу жылы.


Айы

Ұйымдастырылған

іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері



Ақпан

Дене шынықтыру

Жалпы дамытушы жаттығулар. Іштің бұлшық еттеріне арналған жаттығулар: екі бала жұптасып жасайды: бірінші бала қолын желкесіне қойып, шалқасынан жатып, денесін көтереді, екінші бала оның аяғына отырады (5-6 рет); гимнастикалық қабырғада қолдарымен тартылып тұрып, аяқтарын көтеру (5-6 рет)

Негізгі қимылдар.

Жүру.Сапта бір-бірден, екеуден, үшеуден жүру.Аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру.Әр қадам сайын допты алдынан немесе артынан қолдан-қолға ауыстыра отырып жүру.Ересектің белгісімен тоқтап, қозғалыс бағытын өзгертіп, шашырап жүру.

Жүгіру. Кедергілердің арасымен өту арқылы «жыланша» жүгіру. Белгіленген жерге дейін жылдамдыққа (ұзындығы 20 м) жүгіру

Тепе-теңдік сақтау.Скамейканың үстіне қойылған текшелерден аттап жүру. Гимнастикалық скамейка бойымен жүру. Арқан бойымен бір қырымен тепе-теңдік сақтап жүру.

Еңбектеу,өрмелеу. Допты басымен итеріп, төрттағандап еңбектеу (арақашықтығы 3-4 метр)

Заттардың арасымен «жыланша» төрттағандап еңбектеу. Кедергілер арасынан еңбектеу жүру.

Секіру.Бір орында тұрып биіктікке секіру (6-8 см). Алға айналдыра отырып, ұзын және қысқа секіргіштен секіру.

Лақтыру,қағып алу домалату. Допты екі қолымен бір-біріне (арақашықтығы 1,5–2 м) басынан асыра лақтыру. Допты қабырғаға лақтыру және екі қолымен қағып алу.

Спорттық жаттығулар. Өз бетінше мұзды жолмен сырғанау, жүгіріп келіп сырғанау.

Спорттық ойындар. Хоккей элементтері. Берілген бағытта қақпаға хоккей таяқпен шайбаны сырғанату, оны қақпаға кіргізу.

Сапқа тұру.Сапқа бір, екі, үш қатармен тұру.Сапқа тұру,оңға, солға бұрылу

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:Таныс дене жаттығуларын музыка әуенімен әсем және ырғақты орындау. Жұбымен шеңбер бойымен жүру.

Қимылды ойындар:Ынта мен шығармашылық таныта отырып, таныс қимылды ойындарды өз бетінше ұйымдастыруға мүмкіндік беру.

Дербес қимыл белсенділігі:Балалардың құрдастарымен қимылды ойындарды өз бетінше ұйымдастыруына жағдай жасау, олардың жарыстар ұйымдастыруға деген белсенділігін қолдау.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру:Адам ағзасы және оның қызметінің ерекшеліктері туралы түсініктерді кеңейту. Балалардың назарын ағзасы мен денсаулығының ерекшеліктеріне аудару. Салауатты өмір салтының маңызды компоненттері: дұрыс тамақтану, қимылдар, ұйқы және күн, ауа мен су және денсаулыққа зиян келтіретін факторлар туралы түсініктерді кеңейту.

Мәдени- гигиеналық дағдылар:Мәдениетті тамақтану және асхана құралдарын еркін қолдану дағдыларын жетілдіру. Жеке гигиена ережелерін орындауда өзін-өзі бақылауды дамыту: дененің тазалығын бақылау, қол-аяғын жуу, тістерін мұқият тазалау, тамақтанғаннан кейін ауызды шаю, қол орамалды пайдалану, белге дейін дымқыл сүлгімен сүртіну.

Сауықтыру-шынықтыру шаралары:Сумен шайыну, таңертеңгі жаттығуды орындауға қызығушылық тудыру, дене бітімін қалыптастыру және аяқтың өкшелерін нығайту.

Сөйлеуді дамыту

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті Ана тіліндегі дауысты және айтылуы және дыбысталуы ұқсас дауыссыз , н - ң дыбыстардын дұрыс, анық айтуды үйрету. Артикуляциялық жаттығулар жасау.

Сөздік қор. Балаларға сөздерді мағынасына сәйкес қолдануға көмектесу.

Тілдің грамматикалық құрылымы Интонациясы бойынша хабарлы сөйлемдерді ажыратып, сөйлегенде қолдана білуді дамыту.

Байланыстырып сөйлеу. Ойыншықтарды мен заттарды сипаттай білуге үйрету.

Шығармашылық сөйлеу әрекет суреттер бойынша сипаттау және хабарлау әңгімелерін құрастыру.

Көркем әдебиет

Шығарма мазмұнын сюжеттің бірізділігін сақтай отырып, эмоциямен, қисынды қайталап айтып беруге, диалогтік сөйлеуді дамыту, кейіпкерлерге және олардың әрекеттеріне өз көзқарасын білдіруге үйрету.

Сауат ашу негіздері

Сөйлемді ауызша талдау: жай сөйлемдерді сөздерге бөлу, сөйлемдегі сөздердің ретін, санын анықтай білуге үйрету.

Әртүрлі бағыттағы тігінен, көлденең, қысқа, ұзын, толқынды, ирек сызықтарды, нүктелерді, тамшы тәрізді пішіндерді олардың арасындағы арақашықтықты сақтап өз бетінше жазуға мүмкіндік беру.

Қазақ тілі

Тілдік дамытушы орта. Ауызекі сөйлеуде мақал-мәтелдерді қолдануына білуге ынталандыру.

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті. Тілдік және артикуляциялық аппаратты, тыныс алуды және таза дикцияны дамыту, қазақ тіліне тән «і» дыбысы, осы дыбыстан тұратын сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру. Фонематикалық естуді дамыту, сөздегі дыбыстардың орнын анықтау (басы, ортасы, соңы).

Сөздік қор. Туыстық қарым-қатынасты («бауыр», «немере», «шөбере», «ағайын», «туысқан», «жеті ата») білдіретін сөздерді үйрету. Өзінің бауырлары, туыстары, ағайындары, татулық, жақындық туралы ұғымдарымен таныстыру.

Тілдің грамматикалық құрылымы. Интонациясы бойынша хабарлы сөйлемдерді ажыратып, сөйлегенде қолдана білуді жетілдіру.

Байланыстырып сөйлеу. Кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізуге баулу, шығарманы еркін талқылауға мүмкіндік беру.

Математика негіздері

Жиын. «Бір» сөзінің мағынасы, ол тек бір затты ғана емес, сондай-ақ жиынның бір бөлігі ретінде заттардың тобын білдіретінін түсіндіру.

Сан және санау. Саны кем затқа бір зат қосу арқылы теңсіздіктен теңдік немесе саны көп заттан біреуін алып тастау арқылы теңдіктен теңсіздік шығаруды үйрету.

Шама. Заттарды әртүрлі белгілері бойынша (түсі, пішіні, өлшемі, материалы, қолданылуы) салыстыра білуге үйрету.

Геометриялық фигуралар. Пішіннің бір формасынан екіншісін қалай жасау керектігі туралы ұғымдарды дамыту.

Кеңістікті бағдарлау. Қағаз парағын бағдарлай білуді үйрету.

Уақытты бағдарлау. Оқиғалардың ретін («алдымен – содан кейін», «бұрын – кейінірек») анықтауды үйрету.

Сурет салу

Қазақ ою-өрнектерінің түрлері («түйетабан», «құсқанаты», «құстұмсық», «жапырақ», «жауқазын», «жетігүл», «жұлдызгүл» және т.б.) туралы түсінігін кеңейту, өзіне тән элементтерді пайдалана отырып, оларды құрастыра білуін дамыту. Қазақ ою-өрнектерінің сипатын, колоритін жеткізе отырып, көлемді пішіндерді бояу, парақтың ортасын, бұрыштарын, жоғарғы, төменгі, оң және сол жақтарын ажырату, тік сызықтардың әртүрлі үйлесуімен құрылған қазақ ою-өрнегінің элементтерін салу

Мүсіндеу

Біртекті заттардан сюжеттер құру, бірнеше пішінді бір тұғырға орналастыру, сюжеттерде пішіннің, қимылдың ерекшеліктерін жеткізе білу, кейіпкерлердің өзіне тән бөлшектерін мүсіндеу, композицияларды қосымша заттар мен элементтердің көмегімен көркемдеп жеткізу. Жұмысты ұқыпты орындау, заттарды жинау, қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Жапсыру



Жапсырудың түрлі әдістері (симметриялы, сыңарлы симметриялы, сұлбалы) мен тәсілдерін (тура, қисық қию, ою, флористика элементтерін және т.б.) қолдану, түрлі материалдардан (қағаз, мата, табиғи материалдар) жапсыру.

Құрастыру

Құрылыс материалдарынан құрастыру Құрастырылған құрылысы мен құрылыстың шынайы бейнесі арасында байланыс орнату.

Қағаздан құрастыру: Дайын үлгілермен және қарапайым сызба бойынша жұмыс істеу, бейнені кескіні бойынша қию үшін қайшыны қолдану.

Табиғи, қалдық материалдардан құрастыру: Табиғи материалдарды дұрыс пайдалануға үйрету.

Музыка

Музыка тыңдау: Асатаяқ, тоқылдақ музыкалық аспаптар туралы қарапайым түсініктер беру. Қарапайым жанрларды (күй, өлең,) ажырату біліктіліктерін жетілдіру. Музыкалық мамандықтармен (орындаушы, әнші) таныстыру. Белгілеріне тән музыкалық жанрларды ажыратып, атау.

Ән айту: Мәтінге сәйкес әнді жеке сахналау үйрету.Әннің сипатына күш түсірмей орындауға үйрету. Балаларға арналған қазақ халық әндерін орындауға үйрету.

Ырғақты қимылдар: Музыкалық тіркестерге сәйкес қозғалыстарды өзгерту, жылдамдық пен ептілікті білдіру іскерліктерін дамыту. Музыкалық ойындар ойнау, қол ұстаса әндетіп жүріп, би қимылдарын орындау дағдыларын қалыптастыру.

Пластикалық, ырғақты, мәнерлі қимылдарды орындау дағдыларын қалыптастыру.

Би бейнелерін қолдана отырып, би қимылдарын бере білу біліктіліктерін жетілдіру.

Аспапта ойнау: Ұрмалы-шулы аспаптарда музыка ойнау дағдыларын дамыту.

Сипаты қарама-қайшы қарапайым әуендерді балаларға арналған музыка аспаптарының көмегімен суырып салу дағдыларын қалыптастыру. Қазақтың соқпалы аспаптарында анық және ретімен ойнауға үйрету. Балаларға арналған музыка аспаптарын (металлофон, ксилофон,) ажырату қабілеттерін жетілдіру.


Қоршаған ортамен таныстыру

Бала, оның отбасы, үйі. Туыстық байланыстарды түсіну (өз жұрты, атасы мен әжесі, жақын туыстары, нағашы жұрты), өзінің жеті атасын білуді үйрету.

Заттық әлем, кеңістікті бағдарлау. Заттар және олардың белгілерін нақтылауды жалғастыру.

Көлік, байланыс құралдары. Арнайы көлік құралдарының белгілі бір жұмыс түрін орындау үшін олардың жабдықталуын түсіндіруді жалғастыру.

Еңбекке баулу. Шамасы келетін, бірлескен еңбек әрекетіне қатысуға, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, дербестік пен жауапкершілікке баулу.

Адамгершілік және патриоттық тәрбие. Қазақстан Республикасының бас қаласы – Астана, республикадағы қалалар мен ауылдардың атаулары, олардың көрікті жерлері, ауыл мен қала өмірінің ерекшеліктері туралы ұғымдарын байыту.

Жол қозғалысы ережелері. «Метро аялдамасы», «Тройллебус аялдамасы», «Жаяу жүргіншілер жолы» жол белгілерімен таныстыруды жалғастыру.

Табиғатпен таныстыру.Табиғатпен таныстыру барысында заттар мен құбылыстардың өзіне тән, сипаттамалық белгілерін бақылау, талдау, салыстыру, ажырату.

Өсімдіктер әлемі. Өсімдіктердің жылуды, суықты, күнді немесе бұлтты ауа-райын сезуі, олардың өсуі және көбеюі туралы білімдерін кеңейту.

Жануарлар әлемі. Қоршаған ортаны көз, мұрын, тіл, құлақ, тері көмегімен сезе білу.









Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы

негізінде 2022 – 2023 оқу жылына арналған

ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары



Білім беру ұйымы: «Әсел» бөбекжайы МКҚК

Топ: № 4 «Қарлығаш» мектепалды тобы

Балалардың жасы: 5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі: наурыз айы, 2022-2023 оқу жылы.



Айы

Ұйымдастырылған

іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері



Наурыз

Дене шынықтыру

Жалпы дамытушы жаттығулар.Аяққа арналған жаттығулар: аяқтың ұшына көтерілу, қолды алға созып, жартылай отырып-тұру (2-3 рет); қолды тізеге қойып отырып-тұру; аяқтың ұшымен ұсақ заттарды жылжыту.

Негізгі қимылдар.

Жүру.Аяқтың ұшымен, аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру.Белгі бойынша басқа бағытқа бұрылып жүру.Әртүрлі қарқында секіргіштен аттап жүру.Тізені жоғары көтеріп жүру.

Жүгіру. Шашырап, жұппен, қатармен бір-бірден, екеуден жүгіру.

Тепе-теңдік сақтау. Гимнастикалық скамейканың бойымен екі қадам қашықтықта орналасқан іші толтырылған доптардан аттап өту. Гимнастикалық скамейка бойымен жүру.

Еңбектеу,өрмелеу. Бірнеше заттардан еңбектеп өту, әртүрлі тәсілдермен құрсаудың ішіне еңбектеп өту. Төрттағандап еңбектеу (арақашықтығы 3-4 метр).

Секіру.Орнынан ұзындыққа (шамамен 70 сантиметр) секіру. Арқаннан секіру. Алға айналдыра отырып, ұзын және қысқа секіргіштен секіру.

Лақтыру,қағып алу домалату. Құрсауларды бір-біріне домалату.Допты екі қолымен бір-біріне (арақашықтығы 1,5–2 м) басынан асыра лақтыру.

Спорттық жаттығулар. Бір орнында тұрып оңға, солға бұрылу, айналу. Оңға және солға бұрылу.

Спорттық ойындар. Футбол элементтері. Берілген бағытқа допты оң және сол аяқпен тебу. Допты заттарды айналдыра жүргізу. Допты қақпаға тебу. Допты бірнеше рет аяқпен қабырғаға тебу.

Сапқа тұру.Екеуден, үшеуден бірінің артынан бірі қатарға тұру

Музыкалық-ырғақтық қимылдар: Қимылдардың ырғағын музыкалық сүйемелдеумен үйлестіру. Түзу бағытта адымдап жүру. Жұбымен шеңбер бойымен жүру.

Қимылды ойындар. Ұлттық қимылды ойындар.Ұлттық қимылды ойындар.

Дербес қимыл белсенділігі.Балалардың дербес қимыл белсенділігін ұйымдастыруда, меңгерген қимыл дағдыларын жетілдіру үшін серуен өткізілетін орынды жабдықтау, ойын алаңында балалардың жүруіне арналған кедергі жолдар жасау.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру.Өзінің көңіл-күйін сипаттай білуге үйрету. Балаларды дені сау адамның мүмкіндіктерімен таныстыру, олардың салауатты өмір салтына деген қажеттілігін қалыптастыру.

Мәдени- гигиеналық дағдылар.Мәдениетті тамақтану және асхана құралдарын еркін қолдану дағдыларын жетілдіру. Жеке гигиена ережелерін орындауда өзін-өзі бақылауды дамыту: дененің тазалығын бақылау, қол-аяғын жуу, тістерін мұқият тазалау, тамақтанғаннан кейін ауызды шаю, қол орамалды пайдалану, белге дейін дымқыл сүлгімен сүртіну.

Сауықтыру-шынықтыру шаралары. Су температурасын біртіндеп төмендете отырып, қарапайым шараларды өз бетінше жүргізуге дағдыландыру, балалардың денсаулығын, шынықтыру құралдарының әсерлеріне бейімделу деңгейін ескеріп, қарама-қарсы температурадағы сумен шайыну, таңертеңгі жаттығуды орындауға қызығушылық тудыру, дене бітімін қалыптастыру және өкшелерді нығайту.

Сөйлеуді дамыту

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті Ана тіліндегі дауысты және айтылуы және дыбысталуы ұқсас дауыссыз р –л дыбыстардын дұрыс, анық айтуды үйрету. Артикуляциялық жаттығулар жасау.

Сөздік қор. Қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстыруды жалғастыру, «Асар», «Сүйінші сұрау» дәстүрлерінің мәнін түсіндіру

Тілдің грамматикалық құрылымы Интонациясы бойынша сұраулы сөйлемдерді сұраулы ажыратып, сөйлегенде қолдана білуді дамыту.

Байланыстырып сөйлеу. Сюжеттік суреттер мен табиғат құбылыстарын сипаттай білуге үйрету.

Шығармашылық сөйлеу әрекет. Өзара байланысты бірізді сюжет құрастыру, сөйлегенде бейнелі сөздерді, эпитеттерді, салыстыруларды қолдану.

Көркем әдебиет

Әдеби кейіпкердің белгілі бір әрекетін өзінің қалай қабылдағаны туралы айту, кейіпкерлердің жасырын әрекетін түсіндіру.

Сауат ашу негіздері

Әрбір сөздің мағынасы болатыны туралы түсінік қалыптастыру, сөздің мағынасына қызығушылыққа баулу. Сөздерді дыбыстық талдау: сөздегі дыбыстардың ретін, дауысты және дауыссыз дыбыстарды анықтауды жалғастыру. Берілген сөзге сөйлем құрастыруды үйрету.

Жазуды көзбен қадағалай отырып, қаламды немесе қарындашты дұрыс ұстауға үйрету.

Қазақ тілі

Тілдік дамытушы орта. Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен, киім-кешегімен, тұрмыстық кәсібі туралы суреттер, фотолар, альбомдармен жабдықталған орта құру.

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті. Тілдік және артикуляциялық аппаратты, тыныс алуды және таза дикцияны дамыту, қазақ тіліне тән «ғ» дыбысы, осы дыбыстан тұратын сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру. Фонематикалық естуді дамыту, сөздегі дыбыстардың орнын анықтау (басы, ортасы, соңы).

Сөздік қор. Қазақ халқы қолөнер шеберлерімен жасалған киіз үйдің заттарын және тұрмыстық заттарды білдіретін (кереге, уық, шаңырақ, ағаш керует, кебеже, сандық, кілем, сырмақ, алаша, ши, бау, басқұр, арқан, жіп) сөздерді үйрету.

Тілдің грамматикалық құрылымы. Интонациясы бойынша сұраулы сөйлемдерді ажыратып, сөйлегенде қолдана білуді жетілдіру.

Байланыстырып сөйлеу. Балалардың түрлі әрекеттерінде бір-бірімен еркін диалог құруға мүмкіндік беру.

Математика негіздері

Жиын. Жиынды сапасы бойынша әртүрлі элементтерден (түсі, өлшемі, пішіні, дыбысы, қимылы, қолданылуы бойынша заттардан) құруды үйретуді жалғастыру.

Сан және санау. Әртүрлі заттардан тұратын топтардың санын анықтай білуге үйрету.

Шама. Шартты өлшемнің көмегімен заттардың ұзындығын, енін, биіктігін өлшеу және осы өлшемдер бойынша бірнеше заттарды салыстыруға үйрету.

Геометриялық фигуралар. Қағаз парағын тең және тең емес бөліктерге бөлуді үйрету.

Кеңістікті бағдарлау. Заттарды қағаз бетінде бағдарлай білуді үйрету.

Уақытты бағдарлау. Циферблат бойынша уақытты анықтауды үйрету.

Сурет салу


Қазақ ою-өрнектерінің түрлері («түйетабан», «құсқанаты», «құстұмсық», «жапырақ», «жауқазын», «жетігүл», «жұлдызгүл») туралы түсінігін кеңейту, өзіне тән элементтерді пайдалана отырып, оларды құрастыра білуін дамыту. Қазақ ою-өрнектерінің сипатын, колоритін жеткізе отырып, көлемді пішіндерді бояу, парақтың ортасын, бұрыштарын, жоғарғы, төменгі, оң және сол жақтарын ажырату, тік сызықтардың әртүрлі үйлесуімен құрылған қазақ ою-өрнегінің элементтерін салу.

Ою-өрнектермен қазақтың ұлттық киімдерін (орамал, шапан, қамзол) салу, оларды пішіндердің ортасында және шеттерінде орналастыру. Ою-өрнекті өз бетінше ойдан салуға мүмкіндік беру. Ұжыммен бірге жұмыс істеу, міндеттерді өзара келісіп орындау, салынған суретпен түрлі ойындар ойнау.

Мүсіндеу

Қазақ халқының түрлі ыдыс-аяқтарын (қазан, астау, табақ, тостаған, керсен, ожау, күбі торсық және т.б.), тұрмыстық заттарын (керует, үстел, ер-тұрман, ошақ, кебеже, диірмен және т.б), зергерлік бұйымдарымен (білезік, сырға, сақина, тұмар, шашбау және т.б.), туған өлкедегі мәдени мұра ескерткіштерімен таныстыру, аталған заттардан қалауы бойынша мүсіндеу және оларды ою-өрнектермен және қосымша заттармен (моншақ, дән және т.б.) безендіру, жұмыс барысында әртүрлі пішінді кескіштерді қолдану, олардың бетіне бедерлер жасау

Жапсыру

Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен (кілем, алаша, сырмақ, ши, көрпе, жастық және т.б.), киіз үйдің жабдықтарымен (кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық, басқұр және т.б.) таныстыру, аталған заттардан қалауы бойынша қиып жапсыру, оларды ою-өрнектермен безендіру.

Құрастыру

Құрылыс материалдарынан құрастыру. Құрдастарымен бірлесіп, шығармашылықпен құрастыруға баулу.

Қағаздан құрастыру. Қағаз цилиндрлерден қазақ халқының ұлттық бас киімдерін (тақия, сәукеле, кимешек) және ыдыстарын құрастыру, оларды жіппен, ою-өрнектермен безендіру.

Табиғи, қалдық материалдардан құрастыру. Қазақ халқының табиғи материалдардан жасалған бұйымдарымен, киіз үйдің жасауларымен, тұрмыстық заттарымен, ыдыстарымен таныстыру, олардың қандай материалдан жасалғанын зерттеу.

Музыка



Музыка тыңдау: Аспаптардың жоғары регистр, дыбысталу ырғағын ажырата білуге үйрету. Қазақтың халық әндері мен би музыкаларының үздік үлгілерін тыңдау біліктіліктерін жетілдіру. Музыканы тыңдау және орындау барысында тілдік дағдыларын дамытуды жалғастыру. Қазақстан композиторларының шығармаларымен таныстыруды жалғастыру.

Ән айту: Мерекелік әннің шаттық көңілін көңілді жеткізіп, жеңіл, ширақ дауыспен фразалардың соңын жұмсартып айтуға үйрету. Әуеннің жоғарғы-төменгі қозғалысын ажырату дағдыларын қалыптастыру. Таныс әнді музыкалық сүйемелдеумен өз бетімен орындау дағдыларын жетілдіру.

Ырғақты қимылдар: Би элементтерін біріктіру негізінде би композициясын шығару біліктіліктерін дамыту. Музыка әуеніне сай байсалды, асықпай би күйін мәнерлі жеткізуге үйрету.Қазақтың би қимылдарының элементтерін орындау қабілеттерін жетілдіру.

Аспапта ойнау: Қазақтың соқпалы аспаптарында анық және ретімен ойнай білуді бекіту: асатаяқ, тоқылақ, қоңырауы бар жыланбас.Балаларға арналған музыкалық аспаптарда ойнау іскерліктерін дамыту. Жеңіл әуендерді кіші ансамбльмен уақытында қосылып ырғақтық бейнесін анық бере отырып ойнау қабілеттерін жетілдіру. Балаларға арналған музыка аспаптарында ойнау арқылы қол моторикасын дамыту.

Қоршаған ортамен таныстыру

Бала, оның отбасы, үйі. Үйде отбасы мүшелеріне қамқорлық жасау, үлкендерді сыйлау, кішіге ізет көрсете білуге үйрету.

Заттық әлем, кеңістікті бағдарлау. Бейтаныс заттардың қолданылуын түсіндіруді жалғастыру.

Көлік, байланыс құралдары. Ұялы телефон, смартфон, компьютер, ғаламтор, теледидардың қолданылуын жалғастыру.

Еңбекке баулу. Ата-ана еңбегін түсіну, адамдардың еңбектеріндегі өзара байланыстарды байқауға үйрету.

Адамгершілік және патриоттық тәрбие.Қазақ халқының киіз үйінің маңыздылығын, оның құрылысы мен ішкі жабдықтарын білу. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін білу және құрметтеу, қазақ халқының құндылықтарына құрмет таныта білуге тәрбиелеу.

Жол қозғалысы ережелері. «Метро аялдамасы», «Тройллебус аялдамасы», «Жаяу жүргіншілер жолы» жол белгілерімен таныстыруды жалғастыру.

Табиғатпен таныстыру.Табиғатпен таныстыру барысында заттар мен құбылыстардың өзіне тән, сипаттамалық белгілерін бақылау, талдау, салыстыру, ажырату.

Өсімдіктер әлемі. Өсімдіктердің жылуды, суықты, күнді немесе бұлтты ауа-райын сезуі, олардың өсуі және көбеюі туралы түсіндіру.

Жануарлар әлемі. Жануарларды әртүрлі белгілері бойынша: құстар, балықтар, жануарлар, аңдар, жәндіктер, мекендеу орны (орман, шалғын, су айдыны, бақша, бақ, алаң); қозғалу тәсілі (жүгіру, ұшу, секіру, жүзу ) топтастыру.


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы

негізінде 2022 – 2023 оқу жылына арналған

ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары



Білім беру ұйымы: «Әсел» бөбекжайы МКҚК

Топ: № 4 «Қарлығаш» мектепалды тобы

Балалардың жасы: 5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі: сәуір айы, 2022-2023 оқу жылы.


Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

Сәуір

Дене шынықтыру

Жалпы дамытушы жаттығулар.Қол және иық белдеуіне арналған жаттығулар. Қолды кеуде тұсына қою, екі жаққа созу; қолды жоғары көтеру және екі жаққа созу, қолды желкеге қою. Саусақтарды айқастырып, алға-жоғары көтеру (қолды сыртқы жағымен ішке қарай бұру). Қолды кезек жоғары-артқа көтеру

Негізгі қимылдар.

Жүру. Сапта бір-бірден, екеуден, аяқтың ұшымен, аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру.

Ересектің белгісімен тоқтап, қозғалыс бағытын өзгертіп жүру.

Жүгіру. Шашырап, жұппен, әртүрлі жылдамдықпен – баяу, жылдам, орташа қарқынмен 1,5–2 минут тоқтамай жүгіру.

Тепе-теңдік сақтау. Гимнастикалық скамейка бойымен жүру.Қолдарынан ұстап, жұптарымен айналу. Жіптерден аттап жүру.

Еңбектеу,өрмелеу. Бірнеше заттардан еңбектеп өту, әртүрлі тәсілдермен құрсаудың ішіне еңбектеп өту. Гимнастикалық қабырғамен өрмелеу және бір гимнастикалық қабырғадан екіншісіне ауысып өрмелеу.

Секіру. Бір орында тұрып, алға қарай 3–4 метр қашықтыққа жылжу арқылы секіру. Оң және сол аяқты алмастырып секіру.

Лақтыру,қағып алу домалату. 2–2,5 м арақашықтықтағы нысанаға құм салынған қапшықты лақтыру. Допты қабырғаға лақтыру және екі қолымен қағып алу. Допты екі қолымен бір-біріне (арақашықтығы 1,5–2 м) басынан асыра лақтыру.

Спорттық жаттығулар. Шеңбер бойымен және тура жолмен өз бетінше екі дөңгелекті велосипед тебу.

Спорттық ойындар. Футбол элементтері. Берілген бағытқа допты оң және сол аяқпен тебу. Допты заттарды айналдыра жүргізу. Допты қақпаға тебу. Допты бірнеше рет аяқпен қабырғаға тебу.

Сапқа тұру.Сапқа бір, екі, үш қатармен тұру.

Музыкалық-ырғақтық қимылдар. Қимылдардың ырғағын музыкалық сүйемелдеумен үйлестіру. Түзу бағытта адымдап жүру. Жұбымен шеңбер бойымен жүру.

Қимылды ойындар. Балаларды жарыс элементтері бар ойындар мен эстафеталық ойындарға қатысуға баулу.

Дербес қимыл белсенділігі. Қимылды ойынның дамуына ықпал ететін әртүрлі құралдар мен спорттық жабдықтары бар ортаны құру. Балалардың құрдастарымен қимылды ойындарды өз бетінше ұйымдастыруына жағдай жасау, олардың жарыстар ұйымдастыруға деген белсенділігін қолдау. Балалардың дербес қимыл белсенділігін ұйымдастыруда, меңгерген қимыл дағдыларын жетілдіру үшін серуен өткізілетін орынды жабдықтау, ойын алаңында балалардың жүруіне арналған кедергі жолдар жасау.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Адам ағзасы және оның қызметінің ерекшеліктері туралы түсініктерді кеңейту. Балалардың назарын ағзасы мен денсаулығының ерекшеліктеріне аудару. Салауатты өмір салтының маңызды компоненттері: дұрыс тамақтану, қимылдар, ұйқы және күн, ауа мен су және денсаулыққа зиян келтіретін факторлар туралы түсініктерді кеңейту.

Мәдени- гигиеналық дағдылар. Мәдениетті тамақтану және асхана құралдарын еркін қолдану дағдыларын жетілдіру. Жеке гигиена ережелерін орындауда өзін-өзі бақылауды дамыту: дененің тазалығын бақылау, қол-аяғын жуу, тістерін мұқият тазалау, тамақтанғаннан кейін ауызды шаю, қол орамалды пайдалану, белге дейін дымқыл сүлгімен сүртіну. Осы шараларды жүргізудің және жеке гигиена заттарын пайдаланудың қажеттілігін түсіну.

Сауықтыру-шынықтыру шаралары. Су температурасын біртіндеп төмендете отырып, қарапайым шараларды өз бетінше жүргізуге дағдыландыру, балалардың денсаулығын, шынықтыру құралдарының әсерлеріне бейімделу деңгейін ескеріп, қарама-қарсы температурадағы сумен шайыну, таңертеңгі жаттығуды орындауға қызығушылық тудыру, дене бітімін қалыптастыру және өкшелерді нығайту.

Сөйлеуді дамыту

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті. Фонематикалық естуді дамыту, сөздегі дыбыстардың орнын анықтау (басы, ортасы, соңы). Артикуляциялық жаттығулар жасау.

Сөздік қор. балаларды бір-біріне көмек қолын созуға, бірлесіп, келісіп ойнауға, тапсырманы орындауға, бір-бірінің қуанышына ортақтаса білуге, бір-біріне қамқор болуға баулу.

Тілдің грамматикалық құрылымы Интонациясы бойынша лепті сөйлемдерді ажыратып, сөйлегенде қолдана білуді дамыту.

Байланыстырып сөйлеу. Заттар мен нысандардың ерекшеліктерін білдіретін сөздерді дұрыс таңдауға үйрету.

Шығармашылық сөйлеу әрекет. Әңгіменің жалғасын және соңын ойдан шығару

Көркем әдебиет

Шешендікке, сөз өнеріне баулу, санамақ, жаңылтпаш айту, жұмбақ шешу, айтыс өнеріне баулу.

Сауат ашу негіздері

Буын туралы ұғымдарды қалыптастыру, сөздерді буындарға бөлу, олардың саны мен ретін анықтау. Буындардан сөздер құрастыруға (ауызша) үйретуді жалғастыру.

Жазу кезінде қаламды немесе қарындашты дұрыс, еркін ұстап, үстінен қатты қысып күш түсірмей жазуды үйрету.

Қазақ тілі

Тілдік дамытушы орта. Ауызекі сөйлеуде көркем сөздерді қолдануына ынталандыру.

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті. Тілдік және артикуляциялық аппаратты, тыныс алуды және таза дикцияны дамыту, қазақ тіліне тән «ң» дыбысы, осы дыбыстан тұратын сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру. Фонематикалық естуді дамыту, сөздегі дыбыстардың орнын анықтау (басы, ортасы, соңы).

Сөздік қор. Егіншілік кәсіпке байланысты (дән, тұқым, суару, отау, ору, диірмен, орақ, кетпен, шалғы, айыр, күрек, тырма, соқа) сөздермен толықтыру.

Тілдің грамматикалық құрылымы. Интонациясы бойынша лепті сөйлемдерді ажыратып, сөйлегенде қолдана білуді жетілдіру.

Байланыстырып сөйлеу. Өзінің тәжірибесіне сүйеніп, суреттер бойынша әңгіме құрастыруға, ойыншықтар мен заттарды 5-6 сөйлеммен сипаттауға үйрету.

Математика негіздері

Жиын. Жиындарды бөліктерге бөлуді және оларды қайта біріктіріп үйретуді жалғастыру.

Сан және санау. Топтарды санау және салыстыру негізінде сандық мәндерді дұрыс жалпылау.

Шама. Беттестіру, тұстастыру және жұппен салыстыру тәсілдерін қолдана отырып, заттарды салыстыра білуді үйрету.

Геометриялық фигуралар. Бүтін мен бөлікті салыстыруға үйрету.

Кеңістікті бағдарлау. Заттарды кеңістікте орналастыруды (сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде) жалғастыру;

Уақытты бағдарлау. Заттар мен құбылыстардың математикалық мәнін тануға қызығушылық пен эмоционалды көзқарасты, ойлау мәдениетін, таным процесін ерікті реттеу, шыдамдылық, ұқыптылық, өзіне деген сенімділікті қалыптастыруға баулу.

Сурет салу



Қазақ халқының өмірін, еңбегін, тұрмысын көрсете отырып, қазақ ертегілерінің желісі бойынша сурет салу. Заттардың, ертегі кейіпкерлерінің бейнесін өзіне тән ерекшеліктерімен салу, сюжеттерде қарапайым мағыналы байланыстарымен ондағы заттардың арасындағы кеңістіктік қатынастарды жеткізе білу. Ұжымдық жұмыстарға, өз бетінше ойдан сурет салуға мүмкіндік беру.

Мүсіндеу

Ертегілер мен әңгімелердің мазмұны бойынша сюжеттік композицияларды құру дағдыларын жетілдіру. Жұмысты ұқыпты орындау, заттарды жинау, қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Жапсыру

Әлеуметтік оқиғаларды, балалар өміріндегі оқиғаларды бейнелеу, шаблондармен, трафареттермен, дайын үлгілермен жұмыс істеу, композиция ережелеріне, перспективаға сәйкес бейнелерді құрастыру.

Құрастыру

Құрылыс материалдарынан құрастыру. Құрылыс материалдарынан, конструктор бөлшектерінен құрастыру

Қағаздан құрастыру.Қағаздан құрастыру әдістерін қолданып, жазық материалды көлемді пішінге өзгерте білуді бекіту.

Табиғи, қалдық материалдардан құрастыру. Табиғи және қалдық материалдармен жұмыс жасау кезінде өзінің әрекетін жоспарлау дағдыларын жетілдіру.

Музыка



Музыка тыңдау: Түрлі музыкалық жанр жайлы түсініктерін жетілдіру, хормен орындауға үйрету. орындаушылық мәдениетті қалыптастыру.

Музыкалық қабылдауды дамыту, орындаушылық дағдыларды қалыптастыру, бейнелеу мүмкіндіктері жайлы түсінік беру, өнер құралдарының көмегімен қоршаған ортаның сұлулығын тану.

Пьесаның аяқталуын белгілеу, ұлттық ойындардың көңілді сипатын бере білу қабілеттерін бекіту.

Музыкалық шығарманың күшті және әлсіз бөліктерін ажыратуға үйретуді жалғастыру.

Ән айту: Ансамбльмен әннің бастамасын орындау дағдыларын жетілдіру. Әннің сипатына күш түсірмей қабылдау, ән айтуды музыка басталғаннан кейін бастау туралы түсініктерін бекіту.

Әуенді асықпай, ырғағына келтіріп айтуға үйрету.

Әнді дауысын дұрыс келтіріп орындау қабілеттерін дамыту.

Ырғақты қимылдар: Саптағы орнын өзгерте отырып кеңістікте еркін бағдарлау дағдыларын жетілдіру.Би қимылдарын бере білуге жаттықтыру. Тізені көтере отырып жүгіру, музыка сипатына сай қозғалуға жаттықытыру. Би элементтерін біріктіру негізінде би композициясын шығару біліктіліктерін дамыту.

Дауыстардың биіктіктерін ажыратып, үлкен шеңберден кіші шеңберге қайта тұру дағдыларын қалыптастыру.

Аспапта ойнау: Қазақ ұрмалы аспаптарда ойнаудың бастапқы дағдыларын игерту. Балаларға арналған музыка аспаптарында ойнау арқылы қол моторикасын дамыту.

Балаларға арналған музыкалық аспаптарда ойнау іскерліктерін дамыту. Балаларға арналған музыка аспаптарын (металлофон, ксилофон,) ажырату қабілеттерін жетілдіру.

Қоршаған ортамен таныстыру

Бала, оның отбасы, үйі. Үй шаруасына көмектесу,отбасы мүшелеріне жақсы көретінін білдіруді үйрету.

Заттық әлем, кеңістікті бағдарлау. Заттардың қандай материалдардан жасалғанын өз бетінше анықтау және талдауды жалғастыру.

Көлік, байланыс құралдары.

Ұялы телефон, смартфон, компьютер, ғаламтор, теледидарды қолдануда қауіпсіздікті сақтау дағдыларын жалғастыру.

Еңбекке баулу. Кішілерге көмек көрсетуге, қажет болған жағдайда оларға жүгінуге баулу. Адамгершілік және патриоттық тәрбие. Қазақстанның тұңғыш ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаевті білу, оларды құрметтей білуге тәрбиелеу.

Жол қозғалысы ережелері. «Велосипедке арналған жол (электросамокат, гироскутер, сигвей)» жол белгілерімен таныстыруды жалғастыру.

Табиғатпен таныстыру. Адам өмірі үшін судың, құмның, күн, ай сәулесінің, саздың, тастардың маңызын түсіну.

Өсімдіктер әлемі. Өсімдіктерге қажеттіліктеріне сәйкес күтім жасау әдістерін білу: оларды суару, түбін қопсыту, жапырақтың шаңын сүрту.

Жануарлар әлемі. Табиғи-климаттық аймақтар (ақ аю, итбалық, пингвин, жираф, піл, маймыл) бойынша топтастыру.