ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 48
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Цифрлық ресурстарды қолданудың тиімділігі
XXI ғасырдағы білім беруді дамыту стратегиясы ашық ақпараттық білімдік кеңістіктегі ұшқыр ақпарқатынастықтың өзара әрекеттестігінің негізінде, «ғұмыр бойы оқып үйрену» қағидасы болуы тиіс мектеп бітірушілерді дайындауға бағытталған. Заңды объективтік процесс ретінде бүгінгі таңда мектеп қабырғаларында оларды дайындаудың тұғыры оқытудың жаңа ақпарқатынастық парадигмасы болып саналады.
Оқытудың жаңа парадигмасына өтудің тетігі оқытудың тиімділігін батыл арттыру мен жаппай сапалы білім беруді қамтамасыз ететін педагогикалық және ақпараттық қатынастық технологияларды ұштастыру негізінде электрондық оқыту болып саналады. 2011-2020 жылдары Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының басым бағыты болып электрондық оқыту мойындалған.
Оқып үйренетін пән бойынша білім мен білікті меңгеруде электрондық оқыту есебінен танымдық іс-әрекеттегі дәстүрлі оқу процесінде, сондай-ақ ақпараттық қоғамда тұлғаның толық құнды өмірі мен іс-әрекетіне қажетті ақпараттық мәдениеттің бөлігі болып саналатын ақпарқатынастық өзара әрекеттің нақты тұрмыстық міндеттерін, тәсілдерін шешу үшін әмбебап ақпаратты іздестіру, сұрыптау, талдау және алынған ақпаратты пайдалану мен ұсынуда өзгерістер болады.
Цифрлық білім беру ресурстары (бұдан әрі - ЦБР) білім беру мазмұнын анықтайтын электрондық оқыту жүйесі компонеттерінің бірі.
Білім берудің жоғарғы сапасын қамтамасыз ету үшін, оқу үдерісінде өскелең ұрпақтың ЦБР белсенді қолдану, бүгінгі таңда берілген бағдарлама аясындағы педагогикалық қоғамдастықтың алдында өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Стандарт бойынша цифрлық білім ресурстары – бұл білімдік процесс субьектілерінің интерактивтік қашықтықтан өзара әрекеттестік ретінде электрондық оқытудың ақпарқатынастық білімдік ортасының жинағын құруды қамтамасыз ететін электрондық тасуыштардағы дидактикалық материалдар деп анықталған.
Информатика сабағында оқушылардың білімін арттыру мен қызықтыру мақсатында түрлі әмбебап сервистер қолданудамын.
Атап айтар болсақ,
-
Генератор ребусов - http://kvestodel.ru/generator-rebusov сайты арқылы 2-4 сынып оқушыларына ребустарды жылдам сабақ үстінде сайт арқылы құрастыруға мүмкіндік береді. -
Stop Motion Studio қосымшасы арқылы анимациялық видео дайындауға болады. Оқушыларға тапсырма беру барысында қолданамын. -
QR код жасау арқылы сабақта тапсырма беру барысында, өткен сабақты сұрау барысында, қайталау сабақтарында, қорытынды сабақтарында қолдануға болады. -
https://app.animaker.com/ сабақ барысында анимациялық видеоларды дайындауға мүмкіндік беретін сайт арқылы сабақты қызықты өткізуге болады. -
Classtime бұл- оқушылардың жетістікке жетудің айқын жолы. Біз сізге білім беруге көбірек уақыт беріп, білім береміз. Pollock Technologies әзірлеген Classtime Gamification, Kahoot және Real-Time Analytics сияқты функцияларды қамтамасыз етуге арналған. Classtime ақысыз (және шектеулі) және жабық бағдарламалық жасақтама, көптеген платформаларда, соның ішінде вебте жұмыс істейді. Classtime - мұғалімдерге арналған шешім, сыныптағы оқытуды оқушылардың түсінуіне жедел кері байланыспен толықтырады.https://www.classtime.com/ru.html -
Онлайн тест PAD сервисі арқылы тест тапсырмаларын, красворд, сауалнама құрастыру арналған керемет сервис. Т.б көптеген дайын анимациялық презентациялар мен видеолар қолданудамын.
Branch Track - жауап нұсқаларын таңдауда тармақтануды қолдана отырып, компьютерлік диалогтық модельдеу құралы.
BrainFlips - карталармен жұмыс
Brainscape - интерактивті карталарды жасауға арналған тартымды сервис.
СlassTools - көптеген құралдары бар сервис
CoboCards - бұл тапсырма карталарын жасау сервисі.
Cross сіздің сөздеріңіздің тізімі бойынша сөзжұмбақ құруға арналған.
CrossGen - сервис арқылы сөзжұмбақтар жасау
Ediscio - бұл оқу карталарын жасау сервисі ғана емес, сонымен қатар оқушылармен жұмысты ұйымдастыруға арналған бүкіл білім беру платформасы. Картаға мәтін, формулалар, суреттер мен бейнелерді енгізуге болады.
Educaplay html5 және флэш форматтарында шағын, әртүрлі дидактикалық бірліктерді (жаттығулар, ойындар) дайындауға мүмкіндік береді.
Engrade - білім алушылармен жұмыс істеуге арналған білім беру алаңы. Тіркелген пайдаланушы құрылған виртуалды сыныпта оқу үдерісін басқара алады және оқу карталары мен тесттерді құра алады.
eQuizShow тіркелімсіз викториналарды тез құруға арналған, кириллица алфавиті бар.
FauxFlash - бұл жоғары сапалы оқу карталарын тез жасауға мүмкіндік беретін онлайн-сервис.
FlashcardExchage онлайн карталарды жасау және олармен жұмыс істеуге арналған.
Flashcards by Microsoft Education Labs - Microsoft компаниясының карталар түрінде оқу материалдарын дайындауға арналған сервисі.
Flashcard Machine викториналар, сабақтар, тренингтер өткізу үшін онлайн-карталар жасау
Flashcard Stash - берілген тақырыптағы сөздерді құру және осы сөздерді қолдана отырып интерактивті ойындар құру.
Flippity - интерактивті тапсырмалар мен ойын жаттығуларын жасауға арналған әртүрлі бланкілердің үлкен жиынтығы. Мұнда GOOGLE құжаттарының мүмкіндіктері қолданылады.
Flipquiz – викторина әзірлеу және өткізу сервисі.
H5P - педагогтерге арналған желілік құралдардың қуатты жиынтығы. Жоба әртүрлі интерактивті контентті (презентациялар, бейнелер, ойындар) жасауға арналған.
QuizOperator - бұл пайдаланушыларға викториналарды (тесттерді) оңай құруға және жұмыс істеуге мүмкіндік беретін ақысыз құрал.
GeoDart Game - картографиялық сервистерді қолдана отырып ойындар құру.
Jeopardy Rocks - онлайн викторина құрастырушысы.
JeopardyLabs - мектеп оқушыларымен сабақтарға арналған онлайн викториналар жасау.
Jigsawplanet - пазл түрінде ойындар жасау.
Jigzone - пазлдар жасау.
Kubbu - білім алушылармен жұмысты ұйымдастыруға арналған онлайн жоба. Ойындарды құруға арналған бірнеше сервистер.
LearningApps - түрлі пәндер бойынша интерактивті оқу-әдістемелік құралдар жасау.
Online Test Pad - логикалық ойындар, онлайн тесттер, сауалнамалар, сөзжұмбақтар жасау мүмкіндігі.
Photograph Puzzle - пазл жасау.
Proprofs - ойын түрінде дидактикалық материалдарды жасау.
PurpozeGames суреттер бойынша ойындар жасайды.
Puzzing - тіркелімсіз пазлдарды құру.
PuzzleCreation - пазлдарды құруға арналған орыс тіліндегі сервис.
PuzzleIt - пазлдарды құруға арналған орыс тіліндегі сервис (күрделіліктің 2 нұсқасы).
Quizalize - білім алушыларға арналған ойын түрінде тапсырмаларды жасауға арналған қызықты онлайн платформа.
Quiz game Master- викторина генераторы - онлайн интерактивті викториналарды тез құруға арналған.
Repetico - жұмыс картасына мәтін, формулалар, суреттер мен бейнелер енгізу мүмкіндігі бар флэш-карталар жасау сервисі.
Study Stack - сабақтарға түрлі материалдарды жасауға арналған онлайн сервис.
StudyDroid - форматталған мәтін мен суреттерді пайдалана отырып, карточкалар жасауға мүмкіндік беретін жұмыста тартымды сервис.
Toolsforeducators - тегін оқыту құралдары бір ресурста жинақталған және белсенді жұмыс істейтін мұғалім үшін жұмыс құралдарының тамаша жиынтығы болып табылады.
Triventy- оқыту ойындары мен викториналар құруға арналған сервис.
Umaigra - бұл балаларға арналған дидактикалық ойындарды құруға, жариялауға және орындауға арналған қашықтан оқытудың интернет-жобасы.
Wixie - мультимедиялық орнату, сурет, анимацияларды құру. қу карточкалары, флеш-роликтер және сыныптағы жұмыс.
Word Learner - бұл жұмыс парақтарын, жұмбақтарды, жаттығуларды, карталарды және ойындарды жасау сервисі.
WordLearner бірнеше құралдары бар.
Zondle дайын шаблондар бойынша дидактикалық ойындар, тақырып бойынша ойындар, топтамалар (мәтін, бейне, фото, ойын) жасайды.
Zubru көптеген ақпаратты есте сақтауға және ең алдымен карталарды қолдана отырып шет тілдерін үйренуге арналған.
Zunal WEBQuest Maker - WEB тапсырмаларды жасау, жариялау және жұмыс істеу.
еТреники - бұл оқу жаттықтырғышының онлайн-конструкторы.
Ребус 1 - онлайн ребустар генерациясы.
Фабрика кроссвордов - сөзжұмбақ генераторы
Сонымен қатар оқушылар есте сақтау қабілеттерін арттыру мақсатында нейрогимнастикалық жаттығуларды сабақ үстінде қолданамын. Сапалы білім алып, ақпаратты есте ұзақ сақтау үшін миды артық ақпараттан тазалау керек. Бала есін біле бастаған уақытта мидың екі сыңарын дамытуға жұмыс жасауымыз қажет. Нейрогимнастика – саусақ арқылы жасалатын ми сыңарын дамытуға арналған жаттығудың түрі. Нейрогимнастиканы жасағанда ми бұған қарсыласып, бала алғашында жаттығуларды түсінбей, жасай алмай қиналады. Күнделікті нейрогимнастикамен жұмыс істеу барысында біртіндеп үйреніп кетесіз. Нейрогимнастиканың құдіреті өте күшті. Өйткені біздің саусақтарымыздың мидың нейрондарын қозғайтын, оның дамуына әсер ететін мүмкіндігі бар. Әлемге танымал Мұхаммед Әлидің құдіреті осы екі ми сыңарын бірдей дамыта алуында. Ол екі қолымен де белсенді жұмыс жасағандықтан, үлкен жеңістерге жеткен.
Нейрожаттығулардың пайдасы қандай? Мидың оң жақ және сол жақ жарты шарларының үйлесімді жұмыс істеуін жақсартады. Ұсақ және ірі моториканы дамытады. Ақпаратты тез қабылдап, қорытуға көмектеседі. Зейінді шоғырландырады. Есте сақтау қабілетін арттырады. Оқу және жазу процесстерін жеңілдетеді. Мидың жұмыс істеу өнімділігін арттырады.
Есте сақтау қабілетін арттыруға көмек беретін тағы бір техника ол мнемотехника. Мнемотехника – ақпаратты қабылдаудың бір түрі. Бұл әдіс бәріне бірдей қонымды бола бермейді. Өйткені әркімнің қабылдауы әртүрлі. Оның көптеген техникасы бар. Адамдар өзіне ыңғайлысын таңдай алады. Мнемотехника –ақпаратты есту арқылы қабылдайтындар үшін сөздерді ассоциация арқылы есте сақтаудың бір түрі. Бұл сурет немесе мәтін болуы мүмкін. Жаттауға қажет ететін нәрселерде мнемотехника, пиктограмма, эйдотехника тәсілдерін қолдану керек.
Менің нейрогимнастикалық жаттығуларымды УouTube каналдан https://youtu.be/kZ6nr2E-wNQ осы сілтеме арқылы көре аласыздар.
Анимациялық презентациялар жинағы https://t.me/+BWuVD9kEUdJmNDEy, анимациялық ойындар топтамасын https://t.me/+t7XIBAkVydhjZGRi телеграм каналға тіркеліп көре аласыздар.
Жалпы ақпараттық технологияны қолдану мұғалімге және оқушыға не береді?
Ақпараттық технологияны қолдану мұғалімге не береді?
1. Білімін қысқа уақытта бағалайды;
2. Білім сапасын арттыра алады;
3. Білімді кез-келген уақытта қорытындылайды.
Ал ақпараттық технологияларды қолдану оқушыларға не береді?
1. Оқу материалдарын жиі қайталау шығармашылық шеберлігінің артуына жағдай туғызады;
2. Оқуға деген қызығушылығын арттырады;
3. Өз білімдеріне сенушілік қалыптасып, эмоционалдық сезімдеріне әсер етеді;
4. Өздігінен ізденіп, игерген материалдарды ұзақ есте сақтауларынан білімдерін тереңдетеді.
5. Іздену, зерттеу жұмыстарымен айналысуға үйретеді;
-оқушыларға еркін ойлауға мүмкіндік береді;
-сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;
-оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік береді;
-жеке тұлғаның сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастыруға көмектеседі;
-тіл,сөздік қор байлығын дамытады;
-өз ойын жеткізуге жан-жақты үйретеді;
-өз бетімен білім алатын, ақпараттық технологияларды жақсы меңгерген, білімді жеке тұлғаны қалыптастырады.
Түркестан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназия информатика сарапшы педагогы Арыстанова Кунимкөз Боргазиевна