Файл: 2 ылыми зерттеуді масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 42

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


1Ғылым- бұл табиғат, қоғам және ойлау туралы жаңа білімдерді алуға бағытталған зерттеу ортасы.Қазіргі таңда ғылым қоғамның дамушы күші болып табылады. Ғылымның жіктелуі-белгілі бір принциптерге сүйенген өзара байланыстың анықтылығы мен осы байланыстың логикалық қортындысы.

2 Ғылыми зерттеудің мақсаты – белгілі бір объектіні анықтау және оның құрылымын жан – жақты, дәлелді зерттеу, мінездемелері, қағидалар мен әдістер көмегімен байланыстарын зерттеу және адам қызметіне қажетті нәтижелерге қол жеткізу, оны өндіріске енгізу.

3,4Ғылыми зерттеулер мына түрлерге жіктеледі:

1) қоғамдық өндіріске байланысы жағынан

2) қаржыландыру көздеріне байланысты

3) мақсатына байланысты

4) халық шаруашылығына қажеттілігіне байланысты

5) зерттеу ұзақтығына байланысты

Қоғамдық өндіріске байланысы жағынан

жұмыстар мына жұмыстарға жіктеледі:

• жаңа технологиялық үрдістер,

• машиналар,

• құрылыстар,

• өндірістің тиімділігінің артуы,

• еңбек шартының жақсаруы,

• жеке адамның тұлға болып дамуы және т. б.

ғылыми

5Салалары

Физико-математикалық ғылым,Биологиялық ғылым,Химиялық ғылым

Техникалық ғылым,Ауылшаруашылық ғылым,Философиялық ғылым

Педогогикалық ғылым,Экономикалық ғылым,Фармацевттік ғылым

Өнертану,Заңды ғылым,Медициналық ғылым,Ветеринарлық ғылым

Архитектура,Социологиялық ғылым,Психологиялық ғылым,Саяси ғылым

Мәдениеттану

6,7,14,15,17Қазіргі заманғы ғылым әдіснамасындағы теорияның құрылымдық элементтері.

Әдіс - бұл практикалық немесе теориялық іс-әрекеттің әдістері мен операцияларының жиынтығы. Бұл әдісті зерттелетін объектінің мінез-құлық заңдылықтарынан туындайтын шындықтың теориялық және практикалық даму нысаны ретінде сипаттауға болады.

Ғылыми зерттеу әдістері теориялық, эксперименттық-эмпирикалық және әлеуметтік- психологиялық деп бөлінеді.

Ғылыми таным әдістеріне жалпыға ортақ әдістер, яғни жалпыадамзаттық ойлау әдістері, жалпы ғылыми әдістер мен нақты ғылымдардың әдістері жатады. Әдістерді эмпирикалық білімнің (яғни тәжірибе, тәжірибелік білім нәтижесінде алынған білім) және теориялық білімнің арақатынасы бойынша жіктеуге болады, оның мәні құбылыстардың мәнін, олардың ішкі байланыстарын білу болып табылады.

Жалпы ғылыми әдістер

Бақылау – бұл зерттеуші тарапынан кедергі жасамай, тек болып жатқан құбылыстарды тікелей сезім мүшелерімен қабылдап, объективті тану.


Салыстыру- бұл материалды объектілер арасындағы айырмащылықтарды белгілеу немесе олардың ортақ ұқсастықтарын табу.

Есеп- бұл бір типті объектілердің сандық қатынастарын анықтайтын немесе олардың қасиеттерін сипаттайтын санын табуәдісі.

Өлшеу –бірнеше көлемнің сандық мәнін эталонмен салыстыру аркылы анықтайтын физикалық процесс.

Эксперимент -дамыған гипотезалардың ақиқаттылығын тексеру.Эксперимент процессінде құбылысты зерттеу бақылауға қарағанда нанық нәтиже береді.

Талдау (анализ) - объектінің оның құрамдас бөліктеріне ыдырау, тарату көмегімен тану әдісі.

Сараптау (синтез) - талдау нәтижесінде белгілі элементтерді біртұтас тұтастыққа біріктіру.

Жалпылау дегеніміз - біреуден жалпыға, аз жалпыға, жалпыға ақылмен көшу процесі. Құбылыстарды бір бірімен салыстыра отырып, зерттеуші барлығына тән белгілерді тауып,бір жүйеге топтастыру.

Абстракциялау (идеализация) - зерттеу мақсаттарына сәйкес зерттелетін объектіге белгілі бір өзгерістерді ақылмен енгізу. Идеализация нәтижесінде осы зерттеу үшін маңызды емес объектілердің кейбір қасиеттері, белгілері қарастырудан шығарылуы мүмкін.

Индукция - жалпы жағдайды бірқатар жеке фактілерді бақылаудан шығару процесі,жеке жеке фактілерден ой қорыту, жалпы қорытынды жасау. . Іс жүзінде толық емес индукция жиі қолданылады, бұл объектілердің тек бір бөлігін білу негізінде жиынтықтың барлық объектілері туралы қорытынды жасайды. Эксперименттік зерттеулерге негізделген және теориялық негіздемені қамтитын толық емес индукция ғылыми индукция деп аталады. Мұндай индукцияның тұжырымдары көбінесе ықтималды. Эксперименттің қатаң тұжырымымен, логикалық дәйектілікпен және тұжырымдардың қатаңдығымен ол сенімді қорытынды бере алады. Белгілі француз физигі Луи де Бройльдің айтуынша, ғылыми индукция шынымен ғылыми прогрестің шынайы көзі болып табылады.

Дедукция - жалпыдан жеке немесе аз жалпыға аналитикалық ойлау процесі. Бұл жалпылаумен тығыз байланысты, көпшіліктің жалпы қасиеттері негізінде қорытынды жасау, Егер бастапқы жалпы ережелер белгіленген ғылыми шындық болса, онда дедукция әдісі әрқашан шынайы тұжырымға ие болады.

Ұқсастық - кез-келген белгідегі екі заттың немесе құбылыстың ұқсастығы туралы, олардың басқа белгілердегі ұқсастықтары негізінде ықтимал, сенімді қорытынды. Қарапайымға ұқсастық күрделі түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен, үй жануарларының ең жақсы тұқымдарын жасанды іріктеуге ұқсас Дарвин жануарлар мен өсімдіктер әлемінде табиғи сұрыптау заңын ашты.



Модельдеу - таным объектісінің қасиеттерін оның арнайы ұйымдастырылған аналогы-модельде көбейту. Модельдер нақты (материалдық) болуы мүмкін, мысалы, әуе кемелерінің модельдері, ғимараттардың макеттері, фотосуреттер. Ғылыми таным әдістерінің бірі аналогия болып табылады,заттар мен құбылыстар бір-бірімен ұқсастықта болады деген ілім.

Гипотетикалық әдіс – зерттеліп отырған құбылыстың мәнін таным әдістерінің көмегіменхимиялық, физикалық негізде түсіндіріп қорытынды жасау, гипотезаны қалыптастыру.

Танымның тарихи әдісі -тарихи әдіс зерттелетін объектінің тарихын барлық себеп - салдарына байланысты туындау, қалыптасу және дамуын зерттейді.

Жіктеу - белгілі бір объектілерді олардың жалпы белгілеріне қарай сыныптар (бөлімдер, разрядтар) бойынша бөлу, нақты білім саласының бірыңғай жүйесінде объектілер кластары арасындағы заңды байланыстарды тіркейтін. Әр ғылымның қалыптасуы зерттелетін объектілердің, құбылыстардың жіктелуін құрумен байланысты.

8. Ғылыми зерттеудің эмпирикалық деңгейінің құрылымы.

Қазіргі заманғы ғылымда жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдардың методологияларының бір-біріне жақындасу тенденциясы байқалуда, бірақ олардың негізгі және қағидалық айырмашылықтары әлі де сақталуда.

Ғылыми әдістер эмпирикалық және теориялық әдістер болып бөлінеді.

Эмпирикалық әдістерге төмендегілер жатқызылған:

1) бақылау – объективті шынайылықты арнайы түрде қабылдау;

2) суреттеу – объектілер туралы мәліметті табиғи және жасанды тілдің көмегімен бекіту;

3) өлшеу – объектілерді ұқсас қасиеттері немесе белгілері бойынша салыстыру;

4) тәжірибе жасау – құбылыс қайталанған кезде қажетті жағдайлар қайталанғанына байланысты өзгерістерді арнаулы дайындалған орындар арқылы бақылау.

9. Ғылыми зерттеу жұмысының кезеңдері.

1 кезең – мәселемен жалпы танысу нәтижесінде тақырып қалыптасу барысында негізгі алғашқы жоспар құжат- тақырыптың техникалық – экономикалық негіздемесі (ТЭН) дайындалады және зерттеу жүргізіледі.Осындай негіздеме арқылы ғана тапсырыс беруші тақырыпты жоспарлап, қаржыландыра алады. ТЭН-нібірінші бөлімінде дайындау себептері (оның негіздемесі) , бұрын алынған нәтижелер мен зерттеу деңгейін сипаттайтын қысқаша әдеби шолу келтіріледі.Бқл шешім, мәселе әдістерін және зерттеу кезеңдерін жоспарлауға, мәселенің орындалуының соңғы мақсатын анықтайды. Техникалық – экономикалық негіздеме сала министірлігімен бекітіледі.


Бұл кезеңде таңдап алынған тақырыптың өзектілігі негізделеді. Өзектілік негізінде таңдалып алынған мәселелердің тексеру деңгейі,ұазіргі ғылымдағы жаңалық деңгейі, қысқа түрде зерттеу тарихына шолу жасалынады, зерттеу мақсаттары мен мәселелері айқындалады. Мақсатты белгілегенде бұл зерттеу не үшін жүргізіледі деген сұраққа жауап болу керек. Отандық және шетел әдебиетінің библиографиялық тізімі, әдеби дереккөздер аннотациялары жасалады,зерттеу әдістері (теориялық,тәжірибелік) мен нақты зерттеуді қамтитын құбылыс,процестер анықтлады. Теориялық зерттеуде математикалық жоба жасалынып,алдын ала алынған нәтиже талданады.Тәжірибелік зерттеуді ұйымдастыру алдында мәселелер қайта жасалады , тәжірибе жоспары мен әдістемесі таңдалынады.Бұл мәселені шешуде нұсқаулар мен мемлекеттік стандартты басшылыққа алған жөн.

2-кезең. Ғылыми зерттеу әдістемесін, әдіснамасын таңдау. Ол зерттеу компоненттеріне( объектіге, затқа, мақсатқа және зерттеу мәселелеріне) сипаттама береді.Зерттеудің нысанын таңдағаннан кейін тәжірибе жұмыстарының көлемі, техникасы,еңбек сыйымдылығы және мерзімі көрсетілген жұмыс жоспары даыйындалады.

3 – кезең. Зерттеудің ғылыми болжамын (гипотеза) құру.Ол зерттеудің әзірге белгісіз, бірақ келешекте ғылым жетістіктеріне сүйене отырып, ғылыми негізделген зерттеушінің ойы.

4 – кезең. Зерттеуді жүргізу әдістерін таңдау. Әдіс – бұл мақсатқа жету тәсілі, зерттеушінің ойлау құралы болып табылады.Зерттеу құралдарына түрлі процедурлар , экстерименттер, математикалық немесе логикалық операциялардың теорияға немесе практикаға негізделген түрі жатады.

5- кезең. Теориялық,тәжірибелік зерттеулерден кейін алынған нәтижеге жалпы талдау жүргізіледі, тәжірибе нәтижесі мен ғылыми болжам салыстырылады. Айырмашылық талдау нәтижесінде теориялық жобалар нақтыланады. Керек жағдайда қосымша тәжірибелер өткізіледі. Содан кейін зерттеудің ғылыми тұжырымдары қалыптасады.

6-кезең. Зерттеу нәтижелерін қолдану. Ғылыми зерттеу жұмысының келесі кезеңі зерттеу нәтижелерін практикада, өндірісте қолдану және экономикалық тиімділігін анықтау болады.Зерттеу барысында алынған материалды талдап,қорытынды шығарып, практикада қолдануға ұсыныс жасалынады.

10. Ғылыми бағыт, ғылыми мәселе.

Ғылыми бағыттың құрылымдық бірліктері кешенді проблемалар,мәселелер,тақырыптар және ғылыми сауалдар.

Кешенді мәселе (проблема) – кешенді мәселе бір мақсатпен біріктірілген мәселелердің жиынтығы болып табылады. Мәселе – бұл шешімі қоғаммен шығарылған, күрделі теориялық,практикалық міндеттердің жиынтығы. Әлеуметтік- психологиялық тұрғыдан бұл қоғамдық қажеттіліктер арасындағы білімде және оны белгілі жолдармен алудағы қарама - қайшылығының, білім және білімсіздіктің арасындағы қарсыластықтың көрінісі. Мәселе –
масштабына байланысты ауқымды (глобальдық), ұлттық,аймақтық, салалық, сала аралық болуы мүмкін. Мәселелер жалпы және арнайы (спецификалық) деп бөлінеді: жалпы түріне жалпы ғылыми ортақ халықтық проблемалар жатады. Спецификалық мәселлерге белгілі бір өнеркәсіптерге тән мәселелер жатады. Ғылыми зерттеулердің проблемаларынжәне тақырыбын таңдаудаалдымен зерттейтін бағыттың қарама қайшылығын талдау негізінде проблеманың өзі құралады және жалпы түрде күтілетін нәтижелер аныұталады, сонан соң тақырыптар, сұрақтар,орындаушылар анықталады және олардың өзектілігі белгіленеді.

Ғылыми зерттеу тақырыбы және сұрақтары.

Ғылыми зерттеу тақырыбы мәселенің құрамдас бөлігі болып табылады. . Мәселені нақтылап, құрылымы реттелгеннен кейін ғылыми зерттеу тақырыбы анықталады, әрқайсысы өзекті болуы қажет деп саналады және ғылыми жаңашылдығы болуы шарт.Ғылыми жұмысқа қойылатын негізгі талаптардың бірі тақырыптың өзектілігі. Тақырып өзектілігін анықтауда тақырыптың қазіргі замандағы әлеуметтік проблемалармен байланысын және әлеуметтік маңыздылығына аса көңіл бөлу керек.

11. Ғылыми зерттеу жұмысының тақырыбын таңдауға қойылатын талаптар.

1. Тақырып оқушыларға қызықты, оларды тартатындай болу керек.

2. Тақырып орындалатын, шешімі зерттеуге қатысушыларға пайдасы тиетіндей болу керек.

3. Оқушылардың қызығушылығын ескере отырып, жетекші өзі жақсы білетін тақырып аясын таңдау керек.

4. Тақырып шынайы болу керек, онда жаңа дүниелер, күтпеген жаңалық, ерекшелік элементтері болу керек.

5. тақырып жұмыс ұзақ жылдарға созылмай, тез орындалатындай болу керек.

6. Тақырыпты бәрі түсінетіндей болу керек, әрине тақырып оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес келу керек.

7. Тілегі мен мүмкіндігінің ұштасуы.

13. Ғылыми зерттеу болжамы, сипаттамалары, түрлері

Ғылыми болжам – зарттеу себебін туғызатын болжам.

Егар ғылыми болжам зерттелетін фактімен дәл келсе, оны ғылымда теория немесе заң деп атайды. Таным процесінде әрбір ғылыми болжам тексеріліп, нәтижесінде ғылыми болжам салдары бақыланатын құбылыспен сәйкес келетіні, берілген ғылыми болжамның басқа ғылыми болжамға қарама – қайшылық туғызбайтыны анықталады.

Жаңа деректердің жинақталуымен бір ғылыми болжам екіншімен, егер осы жаңа деректер ескі ғылыми болжаммен түсіндірілетін болса немесе қарама-қайшы келсе ғана ауыстырылады. Бұл жағдайда ескі ғылыми болжам түгел алынбайды, тек қана жөнделіп, нақтыланады. Нақтылау және жөндеу шарасынан ғылыми болжам заңға айналады.