ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 44
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
16. Интерғылыми әдістер тобы
Зерттеу процесі барысында төмендегідей интерғылыми әдістер қолданылады:
• экстрополяция – ойдың дамуы немесе белгілі бір тарихи кезеңдегі тенденциялардың ашылуы, яғни жасалған заңдар мен тұжырымдардың бақылау аймағынан басқа аймаққа ауысуы;
• интерполяция - құбылыстардың динамикалық қатарында көрінбейтін, бірақ осы қатар мүшелерінің арақатынасын ашу негізінде параметрлерді, функцияларды, көрсеткіштерді табу;
• модельдеу – шынайы түрде бар процестер мен құбылыстардың логикалық, информациялық және графикалық құрылымын жасау, яғни объектілерді жеңілдетілген түрінде бейнелеу; модельдеу – түпнұсқаның зерттеушіні қызықтыратын қажетті жақтарының дәлме – дәл көшірмесін түсіру арқылы зерттеу;
• ретроспекция- объектінің жүйелі түрдегі сипаттамасын алу үшін зерттеу объектісінің тарихи дамуын зерттеу, яғни оның әртүрлі уақыт кезеңдеріндегі дамуының динамикалық қатарын зерттеу;
• эксперттік бағалау - эксперттің немесе эксперттердің тұжырымдары мен ойлары;
18. Ғылыми зерттеудің қорытынды кезеңі
6 кезе4нен турад деп
19. Ғылыми зерттеудің кіріспе бөлімі.
Кіріспеде (кемінде 2 бет): таңдалған зертеу тақырыптарының көкейкестілігі, мақсаты,тапсырмалары келтіріледі;
Кіріспе жаңа беттен басталады, 3- ші бет болып нөмірленеді;
Бет нөмірлері беттің төменгі бөлігінің, оң жағындакөрсетіледі.
21. Танымның жалпы логикалық әдістері (анализ, синтез, индукция, дедукция,аналогия, т.б.).
Танымның жалпы логикалық әдістері[
Оған: ''анализ'', ''синтез'', ''индукция'', ''дедукция'' жатады.
1. Анализ дегеніміз — объектіні бірнеше құрамдас бөліктерге бөліп алып, оларды жеке зерттеу. Ондай бөліктер ретінде объектінің белгілі бір заттық элементтері немесе оның қасиеттері, белгілері, қатынастары алынуы мүмкін. Объектінің өзін ұстау заңдарын айқындау үшін алдын ала оның маңызды және екінші қатардағы белгілерін ажыратып алу керек. Олардың жалпы объект құрылымы мен ұстанымында алатын орнын айқындау керек. Объектіні тұтастық ретінде тану оның құрамдас бөліктерін зерттеумен шектелуге болмайды. Таным үдерісінде олардың арасындағы объективтік мәнді байланыстарды ашу, оларды жинақтап, бірлікте қарастыру қажет. Таным үдерісіндегі осы екінші кезенді жүзеге асыру — объектінің жеке құрамдас бөліктерін зерттеуден оның біртұтас байланысқан жағдайын зерттеуге көшуге, анализ әдісін өзге әдіспен, яғни синтезбен алмастыруға байланысты.
2. Анализ аяқталған жерде синтез басталады. Синтездеу кезінде объектінің анализ жасау кезінде ажыратылып тасталған құрамдас бөліктері қайтадан біріктіріледі. Бүл жерде синтездеу деп элементтерді біртұтас жүйеге қарапайым механикалық түрде біріктіру деп түсінбеу керек. Шындығында, ол тұтас жүйедегі өр элементтің орны мен рөлін анықтайды, олардың өзара байланыстарын белгілейді. Демек, біздің көз алдымызда зерттелетін объектінің нағыз диалектикалық бірлігін көрсетіп береді.
3. Анализ бен синтез бір-бірінен бөлек операциялар емес, мәніне қарай олар танымның аналитикалық, синтетикалық әдісінің екі жағы болып табылады.Индукция ойдың жалпыдан жалпыға қарай бағытталуын, дедукция кері бағытта, ойдың жалпыдан жалқыға қарай бағытталуын сипаттайды. Біздің ой қорытуымызда индукция жиі көрініс береді. "Барлық адам өледі. Юлий Цезарь — адам. Демек, Юлий Цезарьдің де өлетіні белгілі". Жалпы жағдайды біле тұра, таным субъектісі оны сол сипаттағы құбылыстардың бәріне ауыстырады. Бұған дейін мұндай объектілер ұзақ индуктивті тану жолынан өткендіктен, сол білімдердің нәтижесінде жеке зерттеу логикалық қорытуға ұласады.
23. Әлеуметтік – психологиялық зерттеу әдістері (социоөлшемдік, сауалнамалық).
Әлеуметтік психологияның зерттеу әдістері психологтарға әлеуметтік жағдайдағы белгілі бір мінез-құлықпен айналысуға себеп болатын нәрселерді жақсы көру мүмкіндігін береді. Әлеуметтік мінез-құлықты эмпирикалық зерттеу үшін психологтар әлеуметтік психология тақырыптары бойынша зерттеулер жүргізу үшін бірқатар түрлі ғылыми әдістерге сүйенеді. Бұл әдістер зерттеушілерге гипотезаларды және теорияларды тексеруге және түрлі айнымалылардың арасындағы қарым-қатынасты іздеуге мүмкіндік беред
Сауалнама Зерттеулер, ең алдымен сипаттама зерттеулердің ең жиі қолданылатын түрлерінің бірі болып табылады. Мұндай зерттеулер әдетте адамдар өзіндік есептерге сүйенеді, онда адамдар өз мінез-құлықтары немесе пікірлері туралы сауалнама толтырады. Зерттеу әдісінің артықшылығы әлеуметтік психология зерттеушілеріне деректердің көп мөлшерін жылдам, оңай және арзан түрде жинауға мүмкіндік береді.
Социометрия кіші топтардағы әлеуметтік құбылыстарды зерттеудің
жеткілікті дәрежеде танымал әдісі болып табылады. «Социометрия» термині
латын тіліндегі: socius – дос, серіктес және mеtrum — өлшеу деген екі
түбірдің қосындысынан құралған. Аталмыш термин ХІХ ғасырдың соңында
бір топтың басқаларына деген ықпалын зерттеу үшін ағылшын
әлеуметтанушысы мен психологы Джекобо (Якоб) Мореномен алғашқы рет
қолданылады.
Социометрияның көмегімен тұлғааралық өзара әрекеттестікте анықталатын
қалаудың, селқостықтың немесе қабылдамаудың сандық өлшемін шығаруға
болады. Социометрия топ мүшелерінің арасындағы ұнатуды немесе ұнатпауды анықтау үшін қолданылады. Аталмыш әдс өте жедел жүргізіледі, оның нәтижелерін математикалық өңдеп, кесте түрінде шығаруға болады.
Социометриялық сұраудың негізіне: Сен кіммен бір партада отырғың келеді?
Кіммен бірге демалғың келеді?; Кіммен ірге жұмыс жасағың келеді? деген
сұрақтарды алуға болады. Таңдаудың – біріккен іс-әрекет бөліміндегі және көңілкөтеру бөліміндегі екі бағыты ұсынылады. Таңдау қалаулылығының дәрежесін нақтылауға жәнетаңдауға ұснылған адамдардың санын шектеуге болады.Таңдаулар енгізілген матрицадан өзара ұнату мен ұнатпаулардың күрделі шиелінісін, социометриялық «жұлдыздарды» (көпшлікпен таңдалғандар), шеттетілгендерді (ешкіммен таңдалынбағандар) және сол полюстердің арасындағы аралық үзбелілердің тұтастай иерархиясын көруге болады.
20.24 Танымның теориялық деңгей әдістері (идеалдау, формальдау, модельдеу, т.б.).
Теориялық зерттеулердің мақсаты - зерттеу объектісімен қоршаған ортаның арасындағы байланысты көрсету және тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін талдау мен түсіндіру, жалпы заңдылықтарды тауып, оларды қалыптау.
Теориялық зерттеулердің бағыттары – зерттеу әдістерінің нәтижелерін қорытындылау, оларды өңдеу арқылы жалпы заңдарды табу, зерттеу нәтижелерін ұқсас объектілер үшін қолдану, тәжірибелік зерттеулердің сенімділігін арттыру.
Теоретикалық зерттеуде жалпы қабылданған, барлығына ортақ әдістермен қатар, арнайы әдістер де қолданады. Жалпыға қабылданған әдістер келесілер:
салыстыру – берілген заттың біртекті қасиетін басқалармен сәйкестендіру (сапалық және сандық);
талдау– жалпы затты ойша немесе физикалық тұрғыдан жеке оны құрап тұрған элементтерге бөлу;
синтез – жеке құрап тұрған элементтерді ойша немесе физикалық тұрғыдан қосу;
жалпылау – бірнеше топтағы обьектілерге олардың сыны мен қасиетін орналастыру;
индукция – жеке жағдайдан жалпы қортынды жасау;
дедукция – жалпы жағдайдан жеке сипатты қортынды жасау;
ой эксперименті – материалдық іске асуы мүмкін емес үлгілердің комбинациясы;
идеализация – затты, оның шын іске асу шартын есепке алмай ойша іске астыру.
формализация – операция арқылы заттың құрылымы мен өтетін процесстердің заңдылығын анықтауға көмектесетін жалпыланған белгілі моделдерді құру.
моделдеу –зерттелетін заттың орнын ауыстыратын моделді құру және меңгеру жәнеде соңынан алынған ақпаратты түпнұсқаға көшіру.
26. Озық ғылыми тәжірибенің критерийлері.
Озық педагогикалық тәжірбие дегеніміз-қоғамдық педагогикалық қызыметтің бастауы ретінде, нақты жағдайларды, оқушылар ұжымының
және жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескерумен бірге, мұғалімнің жұмыс тәжірибесінде педагогика заңдарымен принциптерін белсенді түрде меңгеруі және іске асыру деген сөз. Озық педагогикалық тәжірбие оқушыларды тәрбиелеу және оқытудың жаңа идеяларын түрлі тұрғыдан қарау және
технологиялардың бастауы. Озық тәжірибені зерделеу және қорыту педагогика ғылымын дамытудың негізгі қайнар көздерінің бірі болып табылады, өйткені, бұл әдіс өзекті ғылыми мәселелерді табуға мүмкіндік береді,педагогикалық үдерістің заңдылықтарын оқып
үйренуге негіз жасайды.
Озат педагогикалық тәжірбиенің екі түрі бар:
а) педагогтың ғылыми ұстанымдары біліктілікпен, ұтымды
кешенді пайдалануы болып табылатын педагогикалық
шеберлігі;
ә) педагогикалық жаңашылдық, яғни жаңа білім беру
қызметін көрсетулері, оқытудың жаңа мазмұны,
нысандары мен әдістері, тәсілдері мен құралдары, т.с.с
өзінің шығармашылық табыстарымен байытылған
тәжірибе.
4. Озық тәжірибенің критерийлері:жоғары нәтижелілік;тұрақтылық; ғылымның қазіргі,жетістіктеріне,сәйкестік;,тәжірибенің,оңтайлылығы;
оптималдық;,бұқаралық,тәжірибеде,шығармашылықты,қолдану мүмкіндігі.
27. 28,29,30Ақпараттану туралы түсінік, оның міндеті және мақсаты.
Ақпараттану – бұл техникалық ғылым, ақпаратты сақтайтын, құрастыратын, өңдейтін және беретін есептеу техникасы арқылы жүйелендіретін, сонымен қатар бұлардың функционалдық қызметі мен оларды басқару тәсілі боп келеді.
Ақпараттанудың міндеті:
1 Ақпаратты қабылдау және сақтау
2 Ақпаратты өңдеу және оны ыңғайлы түрде өткізу
3 Есептеу техникасын тиімділікпен қолдану
4 Жаңа есептеу техникасын құрастыру үшін басқа ғылымдардың жетістіктерін қолдану
5 Жаңа бағдарламалар арқылы техникалық жүйелерді басқару
Ақпаратты іздеу – құрылымдалмаған құжаттық ақпаратты іздеу процесі және оны іздеу туралы ғылым.
Ақпаратты іздеу түрлері. Ақпаратты іздеу түрлері бірнешеге бөлінеді. Атап айтқанда, толық мәтіндік іздеу, метаберілгендер бойынша іздеу, суреттерді іздеу және т.б. Оларға жеке-жеке тоқталайық.
Толық мәтіндік іздеу – құжаттың барлық құрамынан іздеу. Мысалы, толық мәтіндік іздеу – кез келген интернет-іздеуші, мысалы www.yandex.ru, www.google.com. Алдымен толықмәтіндік ізденіс іздеуді тездету үшін алдын-ала құрылымдалған индекстерді пайдаланады. Толықмәтіндік іздеу индекстері үшін кеңінен таралған технология инвертирленген индекстер болып табылады.
Метаберілгендер бойында іздеу – бұл жүйе қолдайтын құжаттың қандай да бір атрибуты бойынша ізденіс, құжаттың атауы, жасалу күні, өлшемі, авторы және т.б. Мысалы реквизит бойынша іздеу – файлдық жүйеде іздеу диалогы (мысалы MS Windows).
Суреттерді іздеу – суреттің мазмұны бойынша іздеу. Іздеу жүйесі фотографияның мазмұнын таниды (пайдаланушымен енгізлген және URL бейнесі қосылған). Іздеу нәтижесінде пайдаланушы оған ұқсас суреттер алады. Осылай Polar Rose, Picollator жәнет.б. іздеу жүйелері жұмыс істейді.
Ақпаратты іздеу әдістері қолданылуына қарай бірнешеге бөлінеді. Атап айтқанда:адрестік іздеу, семантикалық іздеу, құжаттық іздеу, фактографиялық іздеу.
Адрестік іздеу - сұраныста көрсетілген нақты белгілері бойынша құжаттарды іздеу процесі. Оны жүзеге асыру үшін, келесі шарттар қажет:
-құжаттың нақты адресінің болуы;
-есте сақтау құрылғысында немесе жүйенің сақтау орнында құжаттардың орналасу ретін қамтамасыз ету.
Құжаттардың адрестері веб-серверлердің және веб-беттер және библиграфиялық жазбалар элементтерінің адресі және сақтау орнында құжаттарды сақтау адрестері болуы мүмкін.
Семантикалық іздеу - құжаттарды олардың мазмұны бойынша іздеу процесі. Шарты: -құжаттардың және сұраныстардың мазмұнын табиғи тілден ақпараттық-іздену тіліне аудару;
-құжаттар мен сұраныстарды іздеуді құрастыру;
-іздеудің қосымша шарты көрсетілген сипаттамасын құру. Ғылыми құжат дегеніміз информациялық өнімдер мен қорларды сандықжағынан сипаттайтын құрылымдық бірлікті айтады.
Құжаттық іздеу - сақтау орнында ақпараттық-іздеу жүйесінің алғашқы құжаттары немесе пайдаланушының сұранысына сәйкесінше екінші құжаттардың мәліметтер қоры.
Құжаттық іздеудің екі түрі бар:
1. Кітапханалық, бірінші құжаттарды сақтауға бағытталған (кітаптар,брошюралар, монография, статьялар.оқу құралдары т.б..)
2. Библиографиялық, библиографиялық жазба түрінде көрсетілген, құжаттар
туралы мәліметтерді табуға бағытталған.
Фактографиялық іздеу. Ақпараттық сұранысқа сәйкес фактілерді іздеу процесі. Фактографиялық мәліметтерге құжаттардан алынған, алғашқы сонымен қатар екінші және пайда болу өзегінен алынған мәліметтер жатады.
Екі түрі ерекшеленеді:
1.Құжаттық-фактографиялық, құжаттан мәтіндік фрагменттерді іздеумен
түсіндіріледі.
2.Фактологиялық (фактілерді сипаттау), табылған фактографиялық логикалық ақпаратты қайта өңдеу жолымен іздеу процесінде жаңа фактографиялық сипаттамаларды құруға ұсынады.
Жұмыстың тақырыбы мен проблемасына сәйкес келетін дереккөздерді ғана таңдау ұтымды. Ол үшін тақырып атауындағы кілт сөздерді таңдау пайдалы.
Іздеуді дәстүрлі көздерден бастауға болады, мысалы
* кітапхана каталогтарының барлық түрлері (алфавиттік, жүйелік, пәндік, көмекші, бас, мұрағаттық және т. б.).);
ретроспективті библиографиялық көрсеткіштер;
* ағымдағы тақырыптық көрсеткіштер мен шолулар;
* диссертациялардың, авторефераттардың, депонирленген қолжазбалардың, ғылыми есептердің және басқа да басылым түрлерінің ағымдағы көрсеткіштері;