Файл: Жануарлар патологиясы пні бойынша магистратураа тсуге арналан кешенді тестілеуді тест спецификациясы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 47

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


«Жануарлар патологиясы»

пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің

ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

(2022 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)
1. Мақсаты: Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.

2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:

М138 «Ветеринария»

шифр білім беру бағдармалар тобы

3. Тест мазмұны: Тестіге «Жануарлар патологиясы» пәні бойынша жұмыс оқу бағдарламасы негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша) ұсынылған.




Тақырыптың мазмұны

Қиындық деңгейі

Тапсыр-малар саны

1

Жалпы нозология

А

В

С

1

1

1

2

Типтік патологиялық процестар

А

В

С

2

1

1

3

Мүшелер мен жүйелердің патофизиологиясы

А

В

С

1

1

1

4

Жалпы патологиялық анатомия

А

В

С

2

2

1

5

Мүшелер патологиясы

А

В

С

1

3

2

6

Ауыл шаруашылық жануарларының бактериялық ауруларының патоморфологиясы

В

С

1

1

7

Ауыл шаруашылық жануарларының вирустық ауруларының патоморфологиясы

В

С

1

1

8

Ауыл шаруашылық жануарларының микоздарының патоморфологиясы

В

1

9

Ауыл шаруашылық жануарларының инвазиялық ауруларының патоморфологиясы

С

1

10

Ауыл шаруашылық жануарларының жұқпалы емес ауруларының патоморфологиясы

В

1

11

Өлекселерді сойып зерттеу

А

2

Тестінің бір нұсқасындағы тапсырмалар саны

30



4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Бірінші бөлімінде ауру туралы сұрақтар, аурудың туындау себептері мен дамуы, организмнің реактивтілігі қарастырылған.

Екінші бөлімде малдың тірі кезінде байқалатын патологиялық өзгерістер қамтылған.

Үшінші бөлімде әртүрлі мүшелер мен организм жүйелеріндегі патофизиологиялық өзгерістер келтірілген.

Төртінші бөлімде өлген жануарлар организмінде байқалатын жалпы патологиялық өзгерістердің макроскопиялық және микроскопиялық құрылымы қарастырылған.

Бесінші бөлімде белгілі бір мүшелердің, жүйелердің құрылымдық және функциялық ерекшеліктері, туындаған патологиялық процестердің патоморфологиялық көрінісі қарастырылған.

Алтыншы – тоғызыншы бөлімдерінде әртүрлі инфекциялық және инвазиялық аурулардың морфогенезін, патоморфологиялық өзгерістердің макроскопиялық және гистологиялық тұрғыда диагностикасын қамтылған.

Оныншы және он бірінші бөлімінде жануарлардың жұқпалы емес аурулары барысында туындаған мүшелер мен ұлпалардағы құрылымдық және қызметінің өзгеруінің патоморфологиялық диагностикасы және жануарлар өлекселерін сойып зерттеу, құжаттау және диагностикалық зерттеуге қажетті материал алу техникасы қарастырылған.

5. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:

Бір тапсырманы орындау уақыты – 2 минут
Тест орындалуының жалпы уақыты – 60 минут

6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестінің бір нұсқасында – 30 тапсырма.

Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларының бөлінуі:

  • жеңіл (A) – 9 тапсырма (30%);

  • орташа (B) – 12 тапсырма (40%);

  • қиын (C) – 9 тапсырма (30%).

7. Тапсырма формасы:

Тест тапсырмалары жабық формада беріледі. Ұсынылған бес жауап нұсқасынан бір жауапты таңдау керек.

8. Тапсырманың орындалуын бағалау:

Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін түсушіге 1 балл беріледі, одан басқа жағдайда - 0 балл беріледі.

9. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. Ө. Ығылманұлы. Ветеринариялық патологиялық анатомия. Алматы, 2017, 1,2,3 том.

2. Ө. Ығылманұлы. Ветеринариялық патологиялық анатомия. Алматы, 2010

3. Нұрғазы Б.Ө. Сойып-зерттеу және соттық ветеринария. Алматы, 2012.

4. Жаров А.В. Патологическая анатомия с/х животных. –М.: КолосС, 2014 – 543 с.


5. Струков А.И., Серов В.В. Патологиялық анатомия: медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық. Орысшадан аударған М.Т.Айтқұлов. Алматы, Қарағанды: Ғылым, 2013 – 984 б.

6. Абрикосов, А. И. Основы общей патологической анатомии / - М.: Государственное издательство медицинской литературы, 2015. - 486 c.

7. Абрикосов, А. И. Патологическая анатомия / А.И. Абрикосов, А.И. Струков. - М.: Государственное издательство медицинской литературы, 2014. - 360 c.

8. Салимов В.А. Практикум по патологической анатомии животных. М.:Колос, 2018.

9. Латыпов Д.Г., Залялов И.Н: Вскрытие и патологическая диагностика болезней животных. – С.-Пб.: Лань, 2015

10. З.К.Қожабеков, Өтенов Ә.М. Малдың патологиялық физиологиясы. Алматы, 1992.

11. А.Ш.Зайчик, Л.П.Чурила. Общая патофизиология. Санкт-Петербург. 2001

12. Е.С.Воронин, А.М.Петров, М.М.Серых, Д.А.Девришов. Иммунология. Москва «Колос-пресс» 2002.

13. А.М.Утянов. Практикум по патологической физиологии животных. Алматы, 2011.

14. А.Г.Савойский, В.Н.Байматов, В.М.Мешков. Патологическая физиология. Москва «КолосС», 2008.