Файл: Заттар интернеті деген не.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 208

Скачиваний: 8

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

 

Құрметті әріптес!

   Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңына сәйкес авторлық құқық заңмен қорғаланатынын ескертеміз. Сатып алған ҚМЖ – ны тарату туралы факт анықталған жағдайда әкімшілік  айыппұл салынады.

«USTAZ tilegi» ғылыми әдістемелік орталығының әкімшілігі





 

472 бұйрығы бойынша жасалған ҚМЖ келесі бетте

Бұл ҚМЖ ust.kz сайтында жасалынған.  «USTAZ tilegi» ғылыми-әдістемелік орталығының сайтынының ҚМЖ бөлімінде кез-келген пән, кез-келген сынып бойынша ҚМЖ және презентацияны жүктеп ала аласыз. Ол үшін сілтеме арқылы өтіңіз.

https://ust.kz/qmg


Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

Заттар интернеті

Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

«Заттар интернеті» деген не?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары


11.3.4.8 - «Заттар интернетінің» жұмыс қағидаларын сипаттау

11.3.4.9 - «Заттар интернетінің» перспективалары туралы айту

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

«Заттар интернеті» дегеннің не екенін біледі;

Көптеген оқушылар:

«Заттар интернетінің» негізгі жұмыс істеу қағидаларын салыстырады;

Кейбір оқушылар:

«Заттар интернетінің» болашағын талқылайды


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Жұмыс дәптері

Жаңа сабаққа кіріспе




(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

2)Заттар интернеті деген не ?

3)Заттар интернеті индустрияның қандай салаларында қолданылады ?

4)Заттар интернетін жүзеге асыру үшін қандай шарттар қажет ?

5)Заттар интернеті не үшін қажет ?

6)Неге заттар интернеті бүгінгі күні әлем үшін жаһандық жаңалық болды ?

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

ҚБ:

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Педагог бүгінгі сабақтың мақсаттарымен таныстырады:

 заттар интернеті;

 заттар интернетінің жұмыс істеу қағидалары;

 заттар интернетінің даму болашағы туралы білетін боласыңдар.

«Өзара оқу» стратегиясы.

Әр топқа жаңа тақырыптың белгілі бір фрагменті көрсетіледі. Оқушылар топтағы

рөлдерін бөледі.

Бастапқыда әркім өз бетінше мәтінді оқиды.

Содан кейін топтың біреуі не туралы білгенін түсіндіреді, екіншісі оқылған мәтін бойынша сұрақтар қояды,

үшіншісі қорытындылайды. Топтарда талқылау аяқталған соң, түсіндірушілер жаңа топқа біріктіріледі, екінші

топқа сұрақ қоюшылар, үшінші топқа қорытушылар біріктіріледі. Жаңа топтарда әркім алдыңғы топта не білгенін

кезекпен айтады. Әрбір топ кластер құрады.

Дескриптор: Жалпы - 2 балл.

-берілген тапсырманы дұрыс орындайды.

-бір-бірімен талқылайды.

-сұрақтар қояды.

-жауап береу арқылы өз білімдерін толықтырады.


Презентация

Оқулық, жұмыс дәптерлері

ДК





Білу және түсінік


1. «Заттар интернеті» деген не?

2. Заттар интернеті қалай пайда болды?

3. Заттар интернетін пайдалануға мысал келтір.

4. Заттар интернетін пайдаланудың артықшылықтарын ата.

Дескриптор: Жалпы - 3 балл.

-берілген тапсырманы дұрыс орындайды.

-бір-бірімен талқылайды.

-сұрақтар қояды.

-жауап береу арқылы өз білімдерін толықтырады.

Презентация

Оқулық, жұмыс дәптерлері

ДК





Жоғарғы деңгейдегі тапсырмаларды орындату


1. Заттар интернетін дамыту жолында қандай негізгі кедергілер кездеседі?

2. Заттар интернетінің қандай негізгі ерекшеліктері бар?

3. Заттар интернетін қолданудың жаңа нұсқаларын ұсын.

4. Заттар интернетін қолданатын негізгі салаларды ата.

Дескриптор: Жалпы – 3 балл.

-берілген тапсырманы дұрыс орындайды.

-бір-бірімен талқылайды.

-сұрақтар қояды.

-жауап береу арқылы өз білімдерін толықтырады.

Презентация

Оқулық, жұмыс дәптерлері

ДК





Қолдану

Деңгейлік тапсырмалар:

А деңгейі. Кестені толтыр. Кесте

оқулықта берілген.
В деңгейі. Келесі тақырыптар бойынша таныстырылым жаса:


а) заттар интернетінің пайда болу және даму тарихы;

ә) заттар интернетінің дамуына әсер еткен негізгі түрткіжайттар;

б) Желілік технологиялар және Заттар интернеті;

в) Заттар интернетінің жұмыс істеу қағидалары.

Зерттеу нәтижесін таныстырылым, бейнеролик, буклет немесе web-беттер түрінде әзірле.

С деңгейі. Қандай да бір салаға заттар интернетін қолданудың жаңа нұсқасын ұсын. Мақсатын, қандай құрылғылар

және бұл құрылғылар қандай міндеттерді шеше алатынын анықта.

Топтық жұмыс

Топта талқылап, заттар интернетін өз елді мекеніңде пайдалану концепциясын ұсыныңдар

Дескриптор: Жалпы - 2 балл.

-берілген тапсырманы дұрыс орындайды.

-бір-бірімен талқылайды.

-сұрақтар қояды.

-жауап береу арқылы өз білімдерін толықтырады.



Презентация

Оқулық, жұмыс дәптерлері

ДК


Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.




«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

1. «Заттар интернетінің болашағы» тақырыбына хабарлама жаз.

2. «Қазақстандағы заттар интернеті» деген тақырыпта зерттеу жүргіз, нәтижесін MS Excel-де статистикалық

деректер мен диаграмма түрінде көрсет.

Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.








Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

Заттар интернеті

Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып 11

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

Мобильді қосымшала конструкторлары және мобильді қосымшаларды әзірлеу ортасы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары


11.5.2.1 1 - конструкторда ыңғайлы мобильдік қосымшасының интерфейсін құру

11.5.2.2 - шарттары мен циклдері бар кодблоктарын қолданып, мобильді қосымшаны әзірлеу

11.5.2.3 - әзірленген мобильді қосымшаны орнату жолын түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

Мобильді қосымшалар конструкторының не екенін біледі;

Көптеген оқушылар:

Конструктор интерфейсіне бағдарлана алады.

Кейбір оқушылар:

Достық интерфейсін жасайды.



Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Баға лау

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Оқушылармен амандасу.

2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.

3.Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылар дәптерлерді өзара ауыстырады, үй тапсырмасын тексереді.
ҚБ: жұлдыз / 2 балл/


1.Мұғаліммен амандасады.

2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.

3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.

4.Дәптерлерін өзара ауыстырады, үй тапсырмасын тексереді.

5.Бағалайды.


2 балл


Жұмыс дәптері

Сабақтың ортасы

Педагог сабақтың мақсаттарымен таныстырады:

 конструктордағы мобильді қосымшада достық интерфейсін қалай жасау;

 шарттары мен циклдері бар код блоктарын қолдана отырып, мобильді қосымшаны қалай

әзірлеу;

 әзірленген мобильді қосымшаны қалай орнату керектігін білетін боласыңдар.

– MIT App Inventor ортасы – визуалды программалау ортасы, сондықтан

мобильді қосымшаны құру бірнеше кезеңнен тұрады. (Оқулықтағы оқу материалымен жұмыс

жүргізіледі).

Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді бірнеше бөлікке бөліп оқиды. Оқушылар өз түсінгендерін әңгімелейді. Педагог

оқушылардың айтқандарын толықтырып түсіндіреді.

Жұптық жұмыс:

№1 тапсырма: Мәтіндегі бос орындарды толтыр.

Мобильді қосымшаларды құруды бірнеше кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңде мобильді

қосымшаның ___________баптау мен ____________ кодты құру жүргізіледі. Бұл кезеңге

қосымшаның құрамдас бөліктерінің қасиеттерін ____________ және олардың әрқайсысың

программалық ____________жазу кіреді. Екінші кезеңде _____________ мен мобильді

қосымшаларды _______________ жүргізіледі. Үшінші кезеңде қажет болған жағдайда

компьютерге ______________ эмулятор орнатады. Төртінші кезеңде мобильді қосымша

________________ орналастырылады.

Түйін сөздер:

 оңдау

 программалық

 кодын

 интерфейсін

 баптау

 смартфонға

 тестілеу

 Android

ДК-мен жеке жұмыс

Қосымша жасау

1. Жобалар менюінде Жаңа жоба бастауды таңда.

2. Дизайнерде Батырма элементін алып, Экранға апар.

3. Компоненттер саласында мына қасиеттерге тапсырыс бер: батырма мен мәтіннің түсі, қаріп

пен пішіннің параметрі.

4. Орналасуда компоненттің орналасу жерін анықта (экранныің ортасында немесе т.б.).

5. Жобаға екінші Жазба элементін қос.

6. Жазбалар қасиетінде «Атыңыз кім?» мәтінін өзгерт.

7. Мәтінді енгізу үшін «поле (алаң)» қос.

8. Мәтін енгізуге компонент атауын енгіз.

Батырманы оны шерткен кезде жазу шығатындай етіп программалау қажет. Блоктарды

редакциялау режіміне ауыс. MITApp Inventor редакциялау блогы ашылады.

Сол жақтағы панелде 1Батырма панелін таңда. Осы элементке әсер ететін тізім ашылады,

олардың әрқайсысына сай өз блогы бар. 1Батырма басылғанда, ... істеу керек блогын таңда.

Жазу шығуы үшін, Жазбаны таңдап, оған Жазба1 Беру – көрінетін – ақиқат блогын таңда. Осы

операцияны 2Батырма және Мәтінмен орында.

Пайдаланушының сәлемдесуі шығуы үшін Енгізу батырмасын программала. Енгізу батырмасы

басылғанда әрекеті үшін Жазба компонентінде, Мәтін қасиетінде, «Сәлем бердікті...» Қосу

және Енгізу Мәтіні. Мәтін кодын қосу.

Нәтижелерді талқылау.

Әрбір қосымша сыныптастармен бірге қарастырылады.

Кері байланыс оқулықтағы код пен «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы жасалады

Мұғалімді тыңдайды

1-тапсырманы орындайды




Презентация

Оқулық

Дербес компьютер


Сабақтың соңы

1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.

2.Кері байланыс: «Смайлик»

барлығын түсіндім

менде сұрақтар қалды

Өзін-өзі бағалау.




Плакат /слайд/




Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

Заттар интернеті

Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып 11

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

Мобильді қосымшаны орнату

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары


11.5.2.1 1 - конструкторда ыңғайлы мобильдік қосымшасының интерфейсін құру

11.5.2.2 - кодтың блоктарымен және циклддерімен мобильді қосымшаны жасау

11.5.2.3 - әзірленген мобильді қосымшаны орнату жолын түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

Мобильді қосымшалар конструкторының не екенін біледі; конструктор интерфейсіне бағдарланады

Көптеген оқушылар:

Мобильді қосымшаны орнатады.








Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Оқушылармен амандасу.

2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.

3.Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылар дәптерлерді өзара ауыстырады, үй тапсырмасын тексереді.
ҚБ: жұлдыз / 2 балл/


1.Мұғаліммен амандасады.

2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.

3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.

4.Дәптерлерін өзара ауыстырады, үй тапсырмасын тексереді.

5.Бағалайды.

Жұлдыз

2 балл


Жұмыс дәптері

Сабақтың ортасы


Сабақ мақсатымен таныстыру.

– Мобильді қосымшаны қалай орнату керектігін білесіңдер.

Оқулықпен жұмыс

Білу және түсіну

Ақпаратты «Инсерт» әдісі бойынша оқу. Топтағы оқушылар мәтінді оқып, арнайы белгі қойып

отырады:

+ - мұны білемін;

– - мен басқаша ойлағанмын, бұл менің ойлағаныма қарама-қарсы болып шықты;

v – мен үшін бұл жаңа нәрсе;

? – маған бұл түсініксіз, түсіндіру, нақтылау қажет.

Топтың спикері оқылған нәрсенің мәнін түсіндіреді. Мұғалім оқушылармен сөйлеседі. Мәтіннің

түсініксіз жерлерін түсіндіреді.

Жұптық жұмыс

№1 тапсырма: Тізімнен мобильді қосымшаның орындалатын файлына ие кеңейтілімді таңда.

 .AIA

 .EXE

 .COM

 .APK

 .DOCX

 .AEK

№2 тапсырма: Мәзірдегі қандай команда қондырғы файл жүктеуге арналған QR код құруға

мүмкіндік береді?

Дұрыс жауап: ________________________

Білу және түсіну

1. Компьютерге арналған орындалатын файл кеңейтілімі қандай және смартфонға арналған

орындалатын қосымша кеңейтілімі қандай?

2. Егер мобильді қосымшаны USB кабелі көмегімен орнатсаңыз, алдын ал қандай қадамдар

жасалады?

3. Компьютерден мобильді құрылғыға орындалатын файлды жүктеудің тағы қандай тәсілін

ұсына аласың?

Қолдану

Бұрын жасалған мобильді қосымшаны өз телефоныңа орнатып, жұмыс жасауын тексер.

Мұғалімді тыңдайды

1-тапсырманы орындайды


2- тапсырманы орындайды




Презентация


Сабақтың соңы

1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.

2.Кері байланыс: «Смайлик»

барлығын түсіндім

менде сұрақтар қалды

Өзін-өзі бағалау.




Плакат /слайд/

Үй тапсырмасы

Оқулықта берілген кестені толтырыңдар.












Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

Заттар интернеті

Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып 11

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

«Мобильді қосымшаны әзірлеу» практикумы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары


11.4.1.3 - әзірленген мобильді қосымшаны орнату жолын түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

Мобильді қосымшалар конструкторының не екенін біледі; конструктор интерфейсіне бағдарланады.

Көптеген оқушылар:

Мобильді қосымшаны орнатады.








Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Оқушылармен амандасу.

2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.

3.Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылар дәптерлерді өзара ауыстырады, үй тапсырмасын тексереді.
ҚБ: жұлдыз / 2 балл/


1.Мұғаліммен амандасады.

2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.

3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.

4.Дәптерлерін өзара ауыстырады, үй тапсырмасын тексереді.

5.Бағалайды.

Жұлдыз

2 балл


Жұмыс дәптері

Сабақтың ортасы


Практикалық жұмыс

А деңгейі.

1. Берілген жақтары бар үшбұрыш бар-жоқтығын тексеруге арналған қосымша әзірле. Егер болса,

онда сәйкес хабарламаны шығар және де үшбұрыш болған жағдайда оның периметрі, ауданы есептеуі

тиіс.

2. Геометриялық прогрессияның қосындысын берілген бірінші мүшесі мен еселігі бойынша

есептейтін қосымша әзірле.

3. Математика, физика, химия, тарих секілді кез келген бір пән бойынша мобильді қосымша ойлап,

әзірле. Қосымшаңда блоктардың циклдері мен шарттары қолданылуы тиіс.

В деңгейі.

1. Берілген жақтары бар үшбұрыш бар-жоқтығын тексеруге арналған қосымша әзірле. Егер болса,

онда сәйкес хабарламаны шығар және де үшбұрыш болған жағдайда оның периметрі, ауданы есептеуі

тиіс. Үшбұрыштың бұрыштарын және үшбұрыштың түрін анықта: сүйір бұрышты, тікбұрышты

немесе доғал бұрышты.

2. 1-ден 20-ға дейінгі санды табуға арналған мобильді қосымша

әзірле. Ойыншының міндеті – санды табу. Ойыншы санды ендірген кезде, ендірілген сан ойланған

саннан артық не кем екенін хабарлайтын хабарлама шығу керек. Әрекет саны 5-тен аспауы тиіс. Егер

осы уақытта ойыншы санды таба алмаса, онда «Сен жеңілдің» деген хабарлама, ал ойыншы санды

тапса, онда «Сен жеңдің» деген хабарлама шығуы тиіс.

3. Математика, физика, химия, тарих секілді кез келген бір пән бойынша мобильді қосымша ойлап,

әзірле. Қосымшаңда блоктардың циклдері мен шарттары қолданылуы тиіс.

С деңгейі.

1. Қолданушының сауалы бойынша мына геометриялық фигуралардың: сфера, текше, пирамида,

призманың толық бетін, көлемін есептейтін қосымша әзірле. Қолданушының сауалының саны

шектеулі. Бұл шектеуді қолданушы қосымшаны енгізгеннен кейін өзі беру керек.

2. Арифметикалық прогрессияның берілген бірінші мүшесі мен айырымы бойынша есептейтін,

сондай-ақ n-мүше прогрессиясын шығаратын қосымша әзірле.

3. Математика, физика, химия, тарих секілді кез келген бір пән бойынша мобильді қосымша ойлап,

әзірле. Қосымшаңда блоктардың циклдері мен шарттары қолданылуы тиіс.

Мұғалімді тыңдайды

Анықтамасын дәптерге жазады

Анықтамасын дәптерге жазады.


1-тапсырманы орындайды


2- тапсырманы орындайды




Презентация

Жұмыс дәптері


Сабақтың соңы

1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.

2.Кері байланыс: «Смайлик»

барлығын түсіндім

менде сұрақтар қалды

Өзін-өзі бағалау.




Плакат /слайд/