ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 93

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бақ-дəулеті басында, —
деген жолдар бар. Осы толғауда айтылған Дəулет батыр Саурықтың үлкен атасы. Өз əкесі Стамбек, оның əкесі Қашке де батыр болған адамдар. Кенесары Іле бойына келгенде Саурық қол түзеп Кенеге барып қосылғанда, Саурықтың қолының ішінде əкесі Стамбек те болған. Саурық Кенесарының тапсыруымен елшілік қызмет те атқарады. Ұрыста қол бастап алдыңғы қатарда болады. Кенесары қолға түскенге дейін қасында болып, ұрыспен шегінеді. Өштескен манаптар кейін аңдып жүріп, жасырын жасақ жіберіп, абайсызда Саурықты қайғылы қазаға ұшыратқан.

  1. Бəйсейіт Тойшыбекұлы. Ұлы жүздің Дулат тайпасына жататын Ботбай руының шағатайы болады. Бəйсейіттің əкесі Тойшыбек, оның ағасы Кəрім — «Қос батыр» атанған адамдар. Кенесары келгенде олар қарсы алып, оның əскеріне қосылған батырлар. Патшаның отарлау саясатына, онымен қатар манаптардың сатылушылық істеріне қарсы аянбай күресіп, Бəйсейіт кейін Қоқанд (Қоқан) бектеріне қарсы күресте қаза тапқан.

  2. Орман Бимембетұлы. Батырлықпен бірге Ормандағы айрықша бір қасиет шешендік болған. Сондықтан да Кенесары хан Орманды елшілік қатынас жағына көбірек пайдаланған. Халық əңгімелері Орман Бимембетұлының Қытайға жəне Қырғыздарға бірнеше рет елші болып барғанын айтады.

  3. Сұраншы Ақынбекұлы. Саурық пен Сұраншы немерелес. Екеуінің əкелері Стамбек пен Ақынбек бірге туған адамдар. Сұраншы да кейін Қоқанд бектеріне қарсы күресте қаза тапқан.

  4. Бұғыбай Тезекбайұлы (1812–1893). Ұлы жүз құрамындағы Ысты тайпасынан шыққан батыр. Қазақ халқының азаттық жолында күрескен Кенесарының сенімді серігі, бас батыры болған. Елдегі көнекөз қариялардың айтуы бойынша, Кенесары хан XIX ғасырдың 46 жылдары Ұлытауда Ресей отаршылдарына қарсы күреске жасақ құрып жатқанда, Шу өңіріндегі атақты Бөлтірік биге: «Ат, ер- тоқым, қару-жарағымен жүз жігіт берсін немесе жүз жігітке татитын, жол бастайтын бір жігіт берсін», — деп кісі жібереді. Сонда Бөлтірік би ақ батасын Бұғыбайға беріп, Кенесарыға жіберіпті. Ұлт-азаттық күреске қатысып, ерлігімен көзге түскен Бұғыбайдың ерлігін Нысанбай жырау«Кенесары–Наурызбай» дастанында, арқалы ақын Шашубай Қошқарбаев «Наурызбайдың Саржанды жоқтауында», Доскей ақынның «Кенесары» дастанында жырға қосқан. М.Əуезовтың «Хан Кене» аталатын пьесасында Бұғыбай батыр бейнесі негізгі кейіпкерлердің бірі ретінде берілген. Батыр баба қорғаны Аңырақай тауының солтүстік-батысындағы Сарыбас тау деген жерде.


  1. Тойшыбек Қасаболатұлы (1783–1868). Ұлы жүз құрамындағы Дулат тайпасының Ботпай руынан шыққан батыр əрі би. Тойшыбек батыр Қоқанд хандығының басқыншыларына қарсы соғысқан. Кенесары ханның сенімді батырларының бірі аталған. 1846 жылы Кенесары қолының Ұлы жүз жеріне келген кезде, əділ би əрі батыр Тойшыбек Кене ханға барынша қолдау көрсеткен. Кенесары қырғыз жерінде жеңіліс тапқан соң, Тойшыбек батыр орыстардың отаршылдық саясатына қарсы шыққан. Батырды Шу өзенінің бойында жерлеген. Ұрпақтары Жамбыл, Алматы облыстарында тұрады [4]. Жоғарыда есімдері аталған атақты батырлар туралы Жетісудың саңлағы атанған, Жамбылдың ұстазы Сүйінбай Аронұлы қырғыздың ақыны Қатағанмен айтысқанда былай деген:
Көтерілістің алғышарттарыҰлт-азаттық қозғалысының тарихында XIX ғасырдағы ең ірі 1837-1847жылдардағы көтеріліс ерекше орын алады. Өзінің құлаш сілтемі, Россиясаясатына әсер етуі, халықты қамтуы, ұзаққа сөзылыу және табындылығыжөнінен ол қазақ халқының бұрынғы және өзінен кейінгі қимылдарынанедәуір ерекшеленеді.XIX ғасырдың 20-30 жылдарында Қөқан бектерімен Хиуа хандары Қазақстанның оңтустігіндеғі қазақтарды билігіндеұстап, оларды алым-салықпен және тонаумен қинады.1836 жылы Қоқан ханы оңтустікке қөныс аударған Саржан Касымұлын өлтірді. 1840 жылы әкесі Қасым, бауырлары қайтыс болды.Орта жуз жерінде 1822 жылғы Жарғы бойынша бұрынғы дәстурлі басқару түріөзгеріп, жаңа округтар, приказдар құрыла бастады. Бұл қазақтардың малшаруашылығына кері әсер етті. Көтерілістің мақсаты

  1. Россияның отарлау саясатына шек қою.

  2. Патша үкіметінің құрамына кірмеген өнірлердің дербестігін сақтау.

  3. Қазақ жеріне бекіністер мен әскери шептердің салуын тоқтату.

  4. Қазақтарды Қоқан бектері мен Хиуа хандығының езгісінен азат ету.
Көтерілістің қозғаушы күштері.Негізгі қозғаушы күштері қарапайым қазақ шаруалары болды. Жалпы,көтеріліске үш жүздің қазақтары, сонымен қатар ақсүйектер, сұлтандар,үстем тап өкілдері де қатысты. Дерек бойынша, бұл көтеріліске 80-ге таяустаршын мен сұлтан қатысқан. Мысалы, Қанқожа, Шеген, Тани Тортайұлы,Күшік, Жанай Айшуақұлы сияқты сұлтандар көтерілісті қолдаған. Олардыңмақсаты:Көтерілісті пайдалынып, бұрынғы артықшылықтарын қайтарып алу.Көшпелі феодалдық дербес мемлекеттің негізін салу.Көтеріліске әртүрлі ұлттардың өнілдері қатысып, (орыс, өзбек, қырғыз

т.б.) кейде көтерілісшелер саны 20 мыңға жетті. Көтерілісшелердің жекеәскери бөлімдерін басқарған қазақ батырлары: Ағыбай, Имак, Бұхарбай,Жоламан, Бұғыбай, Жеке, Бейсейіт, Сұраншы, Анғал батыр т.б.. КөтеріліскеКенесарының інілері Наурызбай, Әбілғазы, Әпкесі Бопай қатысты.Көтерілістің барысы.  1837-1847 жылдардағы көтеріліс бүкіл Қазақстан жерін қамтыды.Көтеріліске Абылай ханның немересі, Қасым сұлтанның баласы Кенесары(1802-1847 жж.) сұлтан басшылық жасайды.1837 жылы қараша айындаКенесары Қызылжар (Петропавл) маңында Ақтау бекінісіндегі қазакотрядына шабуыл жасап, патша үкіметіне ашық қарсылық білдірді. Бұлкөтерілістің басталуы болды. 1838 жылы 26 мамыр күні Кенесары бастағанкөтерілісшілер Ақмола бекінісін шабуылмен басып алып, өртеп жіберді.Ақмолаға иелік еткен Карбышев пен сұлтан Қоңырқұлжа Құдаймендіулыбекіністі тастап, қашып кетеді. 1838 жылдың жазы мен күзінде Орта жүзқазақтарының басым бөлігі Кенесарыны қолдайды. 1838 жылы күзде көтерілісКіші жүз оңөріне тарайды. Батыр Жоламан Тіленшіұлы көтеріліскеқосылады.   1841 жылы тамыз айында Кенесары сарбаздары Ташкенткеаттанып, бірақ жұқпалы аурудың таралуынан жөрық тоқтатылды. Бұл жолыКенесары қолы қоқандықтардың билігіндегі Созақ, Жаңақорған, Ақмешіт,Жүлек бекіністерін қоршауы және бірнеше бекіністерді алуы сарбаздардырухтандырды. Қоқан ханы Кенесарыға одақ жасауды усынып, бірақ батыр онықабылдамайды.  Көтерілістің кеңеюінен сескенген патша үкіметі көтерілісті тезірек басуға тырысады.    Орынбор губернаторы Обручев пен Батыс Сібір генерал-губернаторыГорчаков көтерілісті басуға әскер жібереді. 1842 жылы Кенесары қолынақарсы бағытталған Сотников басқарған жазалау отрядтары жіберілді. Сібіржазалау отрядтары бейбіт қазақ ауылдарын ойрандап, 14000-ға жуық малыналып, 100-ге жуық адамды өлтірді.   1843 жылы 27 маусымда старшынЛебедев басқарған, 300 адамнан тұратын казак отрядтары көтерілісшілергеқарсы аттанады. 1843 жылы тамызда көтерілісшілерге қарсы Жантөреұлы,Айшуақұлы, Бизанов, подполковник Генс басқарған 5000 адамнан құралғанжазалаушы топ ұйымдастырылды. Омбы және Қарқаралы маңындажазалаушылырдың қосымша тобы жасақталды. Кенесарының басын кескенге 3мың сом белгіленді.     1843 жылы 1 және 7 тамызда көтерілісшілерказактардың Орынборлық тобымен шайқасып, казак Сарбаздары шегінді. 1843
жылы 17 тамызда полковник Бизановтың төбы ешқандай нәтижеге жетпей Орбекінісіне оралды.     1844 жылы 21 шілдеде көтерілісшілер сұлтанЖантөреұлы басқарған отрядты женіп, 44 сұлтан қаза табады, сұлтанныңаман қалған тобы Тобыл өзеніне қарай шегінеді. Кенесарыға қарсы күрестедәрменсіздігі үшін старшын Лебедев Орынборға шақылырып, сотқа берілді.1844 жылғы Кенесарының жеңістері Орынбор әкімшілігін Кенесарыменкеліссөз жүргізуді бастауға мәжбур етті. Кенесары патша үкіметіментартысты келіссөз арқылы шешуге бұдан бұрында ойлаған болатын. 1838жылғы желтоқсанда Батыс Сібір геренар-губернаторы князь Горчаковқа және IНиколайға арналған хатты тапсыруға жіберген елшілігінде Кенесарыныңқойған алғашқы талаптары:   Қазақ жерлеріндегі округтік приказды жою.   Абылай хан кезіндегі қазақ жерінің дербестігін қалпына келтіру.    Салық жинауды тоқтату.Бірақ Кенесарының елшілігінің бес өкілі тұтқынға алынып, жазаға тартылған болатын.Кенесарының қөйған екінші талаптары.   Әскери бекіністер салынбаған Актау, Есіл және Нұра – Жайық өзеніне дейінгі өңірді Россия билігінен босату.    1845 жылы сәуір айында Кенесары ауылына орыс елшілері Долгов пен Герн келді. Бірақ бұлардың талабы қазақ жерінде отарлау саясатын Одан әріжүргізу болды.Патша әкімшілігінің қойған талаптары:

  1. Кенесарыға басқа елдермен дипломатиялық байланыс жасауына тыйым салу.

  2. Көтеріліске қатысқан қазақ руларына үкімет межелеген жерлерде ғана көшіп-қонуға руқсат ету.  Кенесарының Орынбор казактарының иелігін Россия империясының бір
бөлігі ретінде мойындаған жағдайда ғана көтерілісшілерге кешірім беру.Екі ай бойы Кенесары ауылында болған елшілір талаптарын орындата алмайОрынборға қайта оралды. Екі жақ бір-біріне талаптарын мойындатаалмағандықтан, келіссөздер тоқтатылды. 1845 жылы патша үкіметі қазақжерін бекіністер салу арқылы отарлауды жалғастырда түсті (Ырғыз, Төрғайөзендері бойында салынды).Кенесарының хандық билігі.1841 жылы тамызда Кенесары хандық билікті қалпына келтіріп, феодалдықмемлекет құрды. Жер ақсүйектердің меншігі болып саналды. Кенесары билермен старшындарға, батырларға арқа сүйеді. Маңызды мәселелерді ХандықҚеңес шешіп отырды. Хан Кенесі — кеңесуші орган ғана болды, биліктіханның өзі ғана айтатын. Әбілқайыр хан тұсындағы оның еркін тежепотыратын Ақсақалдар кеңісіне қарағанда, бұл бір шама ерекшелік еді.
Кенесары хандығындағы бірқатар өзіндік ерекшеліктері:Билер сотын жойып, хандық сот енгізіді, нәтижесінде Жоғарғы сот билігін Кенесары өз қолына шоғырландырды.    Арнайы қаржы тобын құрды. Қаржы мекемесі алым-салық жинаумен және керуендерден баж салығын алумен айналысқан.    Салық жинайтын қызметкерлер тобын сайлады.  Салық саясатындағы негізгі өзгеріс жекелеген феодалдар жинайтын алымды  хан қазынасына түсетін бірыңғай салықпен ауыстыруға Кенесарыныңталаптануы деу керек.  Кенесары мал шаруашылығымен айналысатын  аудандардан «зекет», ал егіншілерден «ұшыр» салығын сақтап қалды.   Сонымен бірге ол ауыл бойынша ерекша салық және әр түрлі дәстүрлі   сый-сипат ретіндегі сайлықтар алып отырды.  Ірі феодалдардан алынған мал мен дүние мүлікті бөлу тобын кұрды.  Хандық Кеңестің қабылдаған шешімдерінің орындалуын қадағалап   отыратып және Кенесарының үндеулерін таратуға жауап беретін басқару ісін  сайлады.и Отырықшылықты дамытты.   Барымтаға шек қойды.   Дипломатиялық қызмет үйымдастырды.  Әскери істе жасақтарды жүздіктерге, мыңдықтарға бөліп, қатаң әскери   тәртіп орнатты.Опасыздарға өлім жазасын кесті. Оның әскерлерінің бір   бөлігі тұрақты түрде әскери өнерге үйретілді.    Бұйрығын   орындамағаны үшін Кенесары «шік» деп аталатын ерекше жаза қолданған   (кікәлі адамның басына қалышпен не пышақпен кесіп белгі салған), ондай   жаза алғандар Кенесары кешіргенше айыпты деп саналды, ешқандай іске  қатыса алмады. Сөйтіп, Кенесарының қайта қүрушылық қызметі ел билеуді   ұйымдастырудың барлық жағын қамтыды.Алайда, XIX ғ. бірінші  жартысында қалыптасқан саяси-экономикалық жағдайда орталықтанған   феодалдық мемлекетті басқару жүйесін құру мүмкін болмағандықтан,Кенесары хандығы ұзақ өмір сүре алмады.Кенесарының ақырғы жорығы.  Орынбор және Сібір шептері арқылы қысымға алынған Кенесары көтерілістің   басты ошағы Төрғай даласынан 1845 жылы Жетісіға ойысуға мәжбур болды.   Жағдайының қиындап кеткенін ескерген, Кенесарының мақсаты Абылай ханның  тікелей тұқымдары билеген Ұлы жүзге барып, патша үкіметіне және Қоқан   ханына қарсы куресте қолдау табу еді. Екіншіден, хандығының құрамына   Жетісуды қосу арқылы Абылай кезіндегі қазақ мемлекетінің иелігін қалнына  келтіру де Кенесарының ойында болды.   1845 жылы қарашадаКенесары Созақ, Жаңа Жүлек, Қорған бекіністерін басып алып, Ташкент пен  Түркістанға қарай бағыт алды. Бұл Қоқан билеушілерінің үрейін туғызды. Кенесарыға қарсы Бухар мен Қоқан одағы құрылды. Оңтустікке қоныс   аударған Кенесарыны Ұлы жүздің халқы түгелдей қолдамады (Сүйік,  Қунанбай, Өскенбайұлы, Барақ Султанбайұлы сияқты белгілі адамдар). Өзін   қолдамаған ауылдарды Кенесары ойрандата бастады. Оның бұл әрекеті  қарапайым халықтың наразылығын туғызып, көтерілістің жеңілуін тездетті.  Көтерілісшілер қырғыз манаптарының иелектеріне жақындады. Россия мен  Қоқан бектерінің арасында екі жүзді саясат ұстаған қырғыз манаптары   (феодалдары) Кенесарының Қоқан хандығына қарсы бірігіп күресу жөніндегі  ұсынасын қабылдамады.