Файл: Бадулеті басында.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 21

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


1847 жылы сәуір айында Кенесары 10 мың   әскерімен қырғыз жеріне басып кірді. Көтерілістің бастапқы сипаты  өзгеріп, әскерлердің қырғыз ауылдарын тонауы Кенесарыға қарсы өшпенділік  туғызды. Қазақ сұлтаны Рустем мен Сыпатай би топтарының ұрыс қарсаңында   Кенесарыдан бөлініп кетуі, қазақ жасағының жеңілісіне әсер етті. Кенесарының және оның соңынан ерген сарбаздардың тағдырын шешкен ақырғы  қанды шайқас Кекілік-Сеңгір (Бишкектің маңы) тауының маңайындағы   Майтөбе деген жерде болды.    1847 жылы Майтөбе түбіндегі шайқаста Кенесары 32 сұлтанмен бірге қаза тапты.    Орыс үкіметі Кенесарыны жазалаушылардың еңбегін ұмытпады. Жантай  Қарабеков патша үкіметінен алтын медаль, арнайы мақтау қағазына ие    болды. Орманға алтын жіптермен халат тапсырылды. тігілген

Жеңілу себептері:  Көптеген қазақ феодалдары Кенесарыны қолдамады.Қазақ халқы арасында рулық алауыздықтар, руға жіктелу басым болды.  Россия билеушілерінен жеңілдіктер алған ақсүйектердің бір бөлігінің  орталықтанған феодалдық мемелекет қуруға мүдделі болмауы.   Көтерілісті қолдамаған ауылдарға Кенесары аса қатты жаза қолданды.  Қазақтар қырғыздармен, қоқандықтармен болған шайқастарда Кенесарыны қолдамады.  Бұхар, Қоқан феодалдарымен соғысып, күшін сарқыған Кенесары қолы Россияға қарсы тұра алмады.

Көтерілістің тарихи маңызы:

 

 

  1. Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс — XIX ғ. барлық Қазақстан жерін

қамтыған аса ірі отаршылдыққа қарсы бағытталған азаттық көтеріліс.

  1. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Россиядағы азаттық көтерілістерінің құрамдас бөлігі.

  2. Патша үкіметінің Қазақстанның оңтүстік өңірінің отарлауын біраз уақытқа кешеуілдете түсті.

  3. Қазақ елінің ішкі қайшылықтарының Россия саясатымен байланыстылығын көрсетті.

  4. Патша үкіметінің Қазақстан жерінде отарлау саясатың жүргізіп отырғының көрсетті.

  5. Халықтың ұлттық сана-сезімінің өскендігін дәлелдеді.

Кенесары – Абылай ханның ісін жалғастырушы тұлға. Оның ерлігіне

арналып, «Кенесары — Наурызбай” дастаны жазылды (авторы Нысанбай).

Кенесары қазақ халкының азаттығы үшін, отаршылдыққа қарсы күрескен

ұлттық батыр.