Файл: аза дебиеті пнінен жаартылан мазмндаы лгілік оу бадарламасын жзеге асыру бойынша за мерзімді жоспар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 43

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру

Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлау мен ұйымдастыружұмыстары оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларына сәйкес жүргізіледі.

Әдістемелік бірлестіктер жасаған оқу жылына арналған жиынтық бағалаудың жоспарында тоқсандық жиынтық бағалаудың рәсімдері көрсетілуі қажет (4.2 Жиынтық бағалау үдерісі бөлімін қараңыз). Аталған жоспар бойынша білім алушыларға шамадан тыс қиындық туғызбауы және тиімсіз болмауы үшін әр тоқсанда өткізілетін жиынтық бағалаудыңкестесін құру ұсынылады, яғни, бір күнде 2-ден артық жиынтық жұмыстарды өткізу ұсынылмайды. Тоқсандық жиынтық бағалаудыңкестесі мұғалімдерге, білім алушыларға, олардың ата-аналарына таныстырылады. Егер мектепте мүмкіндік болса әр пән бойынша бір параллельдегі сыныптарға бірдей кесте құру ұсынылады, мысалы, 7-сыныптар үшін біркүнде, бір сабақ үстінде математика пәнінен жиынтық жұмысын өткізу. Мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда, тоқсандық жиынтық бағалауды кесте бойынша өткізуге болады, алайда ақпараттың тарап кетуі жәнекөшіріп алу сияқты кемшіліктерді болдырмау үшін жиынтық жұмыстың бірнеше нұсқасын құрастырған дұрыс.Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу уақытын жоспарлау кезінде демалыс және мереке күндерді, сондай-ақ, тоқсандық және оқу жылының аяқталу мерзімін есепке алу қажет. Тоқсандық жиынтық бағалауды тоқсанның және оқу жылының соңғы күндерінде өткізуұсынылмайды.Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспар-лауда әуелі оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарына шолу жасау керек, себебібағалау олардың меңгерілуін тексереді.Әр мектептің ұсынылған үлгілерді қолдануына немесе өз бетіншетапсырмалар құрастыруына мүмкіндігі бар. Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру спецификацияға сәйкес бір параллельдегібарлық сыныптарда бірыңғай талаптар негізінде жүзеге асырылады.Тапсырмалар әр түрлі болуы мүмкін: диктант, мазмұндама, эссе, тест, зертханалық жұмыстар, бақылау жұмыстары, жобалар және т.б.Тоқсандық жиынтық бағалау бір параллельде бірдей жағдайдаөткізіледі. Тоқсандық жиынтық бағалауды қайта орындауға (көшіруге) рұқсат етілмейді. Тоқсандық жиынтық бағалау уақытында белгілі себептерге байланысты (ауруына, жақын туыстарының қазасына, конференция,олимпиада, ғылыми, спорттық жарыстарға және т.б. қатысуына байланысты) білім алушылар келмеген жағдайда оларға мектепкекелген соң екі апта ішінде тапсыруға рұқсат етіледі, ол үшін жиынтық бағалаудың қосымша нұсқалары қолданылады. Тоқсандық жиынтық бағалау материалдарын білім алушылар жұмысты орындағанға дейін қол жетпейтін орында сақтау қажет.Тоқсандық жиынтық бағалау әдетте мұғалімдермен өткізілетінболғандықтан, білім алушылар жиынтық бағалауды орындайтын кабинетте тек бір мұғалім ғана болады. Мүмкіндігінше кез келген бос мұғалімнің тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуді ұйымдастыруға, өткізуге, мысалы, бақылаушы ретінде көмектесуі ұсынылады. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу кезінде мұғалімнің жиынтық бағалаудың өткізілуін үздіксіз қадағалауы маңызды және басқа әрекеттер жасамағаны дұрыс (мысалы, дәптер тексеру, компьютермен жұмыс жасау).


Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу туралы жан-жақты ақпарат тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу бойынша мұғалімдерге арналған

нұсқаулықта берілген.
Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне

арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық

Оқу-әдістемелік құрал

Астана, 2017 (32-35 бет)