Файл: Баылау сратары азіргі жадайда азастанды ксіпорындар шін андай туекелдер болуы ммкін.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 50
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бақылау сұрақтары:
1. Қазіргі жағдайда қазақстандық кәсіпорындар үшін қандай тәуекелдер болуы мүмкін Бәсекелестік пен белгісіздік жағдайындағы нарықтық қатынастар шартында шаруашылық, өндірістік немесе коммерциялық қызметтің тәуекелсіз болуы мүмкін емес. Алайда, тәуекелдердің болмауы да экономиканың тиімділігі мен өсімділігін бұзу есебінен оған зиян келтіреді.
Тәуекел факторының болуы кәсіпкерді қаржылық және материалдық ресурстарды үнемдеуге, жаңа жобалардың, коммерциялық келісімшарттардың және т.б. тиімділігіне көңіл бөлуге себеп болады. Инфляциялық үдерістер, аса қымбат кредиттер және басқа да теріс құбылыстар орын алатын тұрақсыз экономика жағдайында кәсіпкерлік қызметтегі тәуекел факторы өсу беталысында болады. Сондай-ақ, экономикалық дамудың қалыпты кезі де әрбір субъект үшін өзінің жеке қасиеттері мен бейімділіктеріне жауап бере алатын тәуекел деңгейіндегі шаруашылық аймақта орын алуға мүмкіндік беретін толық және алуан түрлі «тәуекел стратификациясын» қажет етеді. Сондықтан тәуекелдің және даму жолындағы оның өзгермелі дәрежесінің болуының өзі кәсіпкерлік даму үшін тұрақты және қатты әсері бар фактор ретінде көрініс табады.
Жаңашылдықты қаржыландыратын немесе сатып алатын кәсіпкерлер үлкен тәуекелге барады. Өйткені жаңашылдықтың барлығы дерлік нарықпен қабылдана бермейді. Мұның себебі бизнестің даму келешегін дұрыс бағаламау болуы мүмкін. Жаңашылдықтың негізгі ішкі заңдылығы ретінде оның белгісіздік пен ықтималдылық сипатын айтуға болады.
Тәуекелдің келесідей белгілерін ажыратып көрсету оны дұрысырақ ұғынуға көмектеседі.
1. Қарама-қайшылық. Тәуекелдің бұл белгісі түрлі аспектілерден көрініс табады. Мәселен, бір жағынан, тәуекел жалпыға ортақ нәтижеге жаңа, ерекше тәсілдермен қол жеткізуге бағытталған. Сонымен қатар, нәтижеге міндетті түрде белгісіздік пен шарасыз таңдау шартында қол жеткізіледі. Ал, екінші жағынан, баламаларды таңдау кезінде тәуекел дамуының объективті заңдылығын есепке алынбаса, нәтижесі белгілі бір әлеуметтік-экономикалық шығындар болуы мүмкін.
2. Баламалылық. Бұл белгі екі немесе одан да көп шешімдер мен іс-қимылдар арасынан таңдау жасаумен байланысты. Егер таңдау болмаса, тәуекелді жағдай да тумайды.
3. Белгісіздік. Тәуекел белгісіздікті «жою» құралдарының бірі болып табылады. Қызмет жүргізу барысында кәсіпкерлер өз арасында пайда болу уақыты мен орны, олардың дәрежесіне әсер ететін ішкі және сыртқы факторлар жиынымен анықталатын көптеген тәуекел түрлерінің жиынтығымен кездеседі. Мұндай жағдай шешім қабылдауға үлкен кедергі туғызады және тәуекелдерді толықтай зерттеп, олардың пайда болу себебі мен факторларын талдауды қажет етеді.
Тәуекелдердің негізгі пайда болу себептері:
1) табиғи құбылыстар мен процестердің кенеттілігі мен табиғи апаттар. Мысалы, жер сілкінісі, су тасқыны, дауыл, қуаңшылық сияқты адам ықпалына көнбейтін табиғи апаттар кәсіпкерлік қызметке үлкен зиян келтіріп, жоспарланбаған шығындар көзі болуы мүмкін;
2) кездейсоқтық. Кәсіпкерлер жасайтын материалдық қатынастардың көпнұсқалылығы, әлеуметтік-экономикалық және технологиялық мүмкіншіліктер ұқсас жағдайларда да оқиғалар ешқашан қайталанбайтындығына себеп болып келеді. Яғни, кездейсоқтық элементі. Осыған байланысты алдағы нәтижені дәлме-дәл болжап білу мүмкін емес;
3) қарсыласу үрдісі, қарама-қайшы мүдделердің қақтығысуы. Тәуекелдің мұндай пайда болу көзінің болуы алуан түрлі. Мысалы, соғыс жағдайы туындағанда кәсіпкерге экспорттық немесе импорттық операцияларды жүргізуге тыйым салу, тауарларды тәркілеу, шетелдік активтері мен табыстарын экспроприациялау, шетелдік инвестицияларға шектеу қою және т.б. Немесе бәсекелестердің жосықсыз бәсеке тәсілдерін пайдаланып (лауазымды тұлғаны параға жығу, әшкерелеу, теріс жарнама жүргізу) бизнеске айтарлықтай зиян тигізуі.
Мұндай қарама-қайшылық элементтері мен қатар қарапайым мүдделердің сәйкес келмеуі де кәсіпкерлік қызметке теріс әсерін тигізетінін ұмытпау керек; Осылайша, басқару аппаратында сыбайлас жемқорлықтанған құрылымның болуы қарсыласуға, қарама-қайшылықтың ерекше қатаң түрінің болуына нақты мүмкіндіктер жасайды.
4) ғылыми-техникалық прогресстің мүмкіншіл сипаты. Ғылым мен техниканың дамуының жалпы бағытын тек алдағы қысқа мерзімге ғана нақты болжау мүмкін. Алайда, бүкіл салдарларын алдын-ала білу мүмкін емес. Техникалық процестің мұндай мүмкіншіл сипаты түрлі тәуекелдің тууына себеп болады;
5) шешім қабылдауды қажет етіп отырған мәселе немесе объект туралы ақпараттың толық болмауы. Тәжірибе жүзінде ақпараттар өзінің түрлі сапада, әркелкі, толық емес немесе бұрмаланған болуы мүмкін екенін көрсетті. Мысалы, құрал-жабдықтың өнімділігі туралы ақпаратты жобалық, заңдылық немесе іс жүзіндегі мәліметтерден білуге болады. Түрлі дереккөзден алынған мәліметтер бір-бірімен сәйкес келмеуі мүмкін. Сондықтан шешім қабылдау үшін қолданылатын ақпараттың төмен сапасы теріс салдарлар алып келіп, тәуекелді өсіреді.
2. Өндірістің әртүрлі түрлері үшін бизнес-процестердің мысалдарын келтір
іңіз.
3. Еңбек ресурстарының дамуы еңбек өнімділігін арттыруға қалай әсер етеді. Мемлекеттік органдардың заң актілерінде белгіленген реттерді қоспағанда жеке кәсіпкерлер қызметіне араласуға құқысы жоқ. Ал тексеру материалдары бойынша қылмыстық іс қозғалған жағдайда мұндай шектеу қолданылмайды.
Бақылау және қадағалау міндеттерін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар жалақының, зейнеақының, жәрдемақылардың уақытымен төленуін қадағалап бару тиіс.
Мемлекеттік органдар жеке кәсіпкерге байланысты іс әрекеттер туралы ақпараттар беріп, оларға сұраулары бойынша қолданылып жүрген заңдарға түсіндірме тағы бақа кеңестер беруге міндетті. Ал осындай ақпараттар үшін жеке кәсіпкер заң актілерінде көзделмеген болса мемлекет тарапынан ақша тағы басқа төлем төленбейді.
Құқық қорғау оргндарының қылмыыстық іс қозғауға және оны төлеуге байланысты іс әрекеттеріне жеке кәсіпқойлық шағым жасауға қылмыстық іс жүргізу заңдарында белгіленген тәртіппен жасалады.
Жеке кәсіпкер әртүрлі әлеуметтік қамсыздандыру әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйелерін пайдалануға құқылы.
Қазақстан Республикасында зейнетақы заңдарына сәйкес төлемдер төлеп тұрған жағдайда жеке кәсіпкерлік қызмет зейнетақы тағайындау үшін жұмсалған стажына есептеледі.
Осы Заң жеке кәсіпкерлікті қорғау мен оны қолдаудың негізгі түрлері мен әдістерін белгілейді, мемлекеттің жеке кәсіпкерлік қызметке тікелей араласудан бас тарту саясатын, жеке кәсіпкерлердің барынша еркіндігін, коммерциялық құпияның қорғалуын және мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың жеке кәсіпкерлердің хұқықтарын бұзғаны үшін жауаптылығын баянды етеді. Жеке кәсiпкерлiк - азаматтардың өздерiнiң (жеке кәсiпкерлiк) немесе мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың (заңды тұлғалардың жеке кәсiпкерлiгi) меншiгiне негiзделген және азаматтардың немесе мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың атынан олардың тәуекелiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiне алынып жүзеге асырылатын, азаматтардың және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың табыс табуға бағытталған бастамашылық қызметi.
2. <*>
3. Жеке кәсіпкерлердің меншігіне қол сұғуға болмайды, ол заңмен қорғалады.
Жеке кәсіпкер болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектінің қызметін тоқтата тұру және оны күштеп тарату сот шешімімен ғана жүргізілуі мүмкін. Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайлардан басқа кезде жеке кәсіпкерлердің қызметін шектеуге болмайды.
Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлікті қорғау жөніндегі қатынастар осы Заңмен және Қазақстан Республикасының оған қайшы келмейтін басқа да заң актілерімен реттеледі.
2. Осы Заңмен реттелмеген мәселеде азаматтық заңдар нормалары қолданылады.
3. Басқа мемлекеттердің азаматтары мен заңды тараптары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар жеке кәсіпкерлік саласында Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тараптары пайдаланатындай құқықтарды пайдаланады және сондай міндеткерлікте болады, Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген жағдайлар бұған жатпайды.
Жеке кәсіпкерлік қызмет мемлекеттің ғана құзыретіне жататын заңдылықты сақтау, қоғам мен азаматтардың қорғанысы мен қауіпсіздігі, салықтық, кедендік, валюталық, бағалық және монополияға қарсы реттеу, әлеуметтік кепілдіктер беру, экологиялық, санитариялық және өртке қарсы нормаларды сақтау сияқты мәселелер бойынша ғана шектелуі мүмкін.
3. Мемлекеттік өкімет пен басқару органдарының жеке кәсіпкерлермен салыстырғанда мемлекеттік шаруашылық жүргізуші органдар мен кәсіпорындардың артықшылық жағдайын белгілейтін актілер шығаруына тыйым салынады.
4. Коммерциялық ақпаратқа рұқсаты бар тұлғалардың міндеттерінің практикалық мысалдарын келтіру- Қазақстан Республикасында коммерциялық құпияны қорғауды реттейтін арнайы заң жоқ (мысалы, Ресейдегі сияқты). Құқықтық нормалар әр уақытта қабылданған түрлі нормативтік актілерге бойынша шашылған. Дегенмен талқылап көрейік.
Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау туралы» Заңының 21 бабы коммерциялық құпия деп мемлекеттік құпия болып табылмайтын, өндіріспен, технологиялық ақпаратпен, басқармамен, қаржы немесе шаруашылық субъектісінің басқа қызметімен байланысты мәліметтерді санайды, оларды жариялау оның мүддесіне зиян келтіруі мүмкін. Коммерциялық құпия болып табылатын мәліметтердің құрамы мен көлемі шаруашылық субъектілерімен анықталады, ол туралы мүдделі тұлғаларға жазбаша түрде хабарланады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 126 бапта қызметтік немесе коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты қорғауға кепілдік береді, егер ақпараттың әлеуетті құндылығы болса, заңды негізде оған еркін қол жетімділік болмаса, ақпарат иесі ақпараттың жабық болып қалуы үшін шаралар қабылдаса.
Заңнамада «рұқсат шектелген ақпарат», «ашылмаған ақпарат», «жабық ақпарат, мәлімет» деген түсінік те бар, олардың бір бөлігі коммерциялық құпия болып табылады.
Осылайша, коммерциялық құпияның негізгі белгілерін анықтап алайық:
- ол мемлекеттік құпияға жатпайды;
- бұл кәсіпкердің қызметімен байланысты мәлімет;
- үшінші тұлғаларға белгісіз болғандықтан ол шынайы немесе әлеуетті құндылығы болса;
- оны жариялау кәсіпкердің мүдделеріне нұсқан келтіруі мүмкін болса;
- оған еркін рұқсат жоқ;
- ақпарт иесі оның жабықтылығын қорғау болйынша шаралар қабылдаса;
- кәсіпкер коммерциялық құпия болып саналатын мәліметтердің құрамы мен көлемін өзі анықтайды (алайда заң талаптарына байланысты кейбір мәліметтер коммерциялық құпия бол алмайды).
Көрсетілген белгілер өте маңызды, себебі олардың барлығы бірге болғанда ғана коммерциялық құпияны қорғау құқығын береді.
Коммерциялық құпияға өнеркәсіп технологиясы, кәсіпорынды басқару әдістері, кәсіпорынның қаржысы туралы мәліметтер, жасалған және жоспарланған мәмілелер, бухгалтерлік және салықтық есептерде көрсетілген мәліметтер, заіды тұлғаның жарғылық келісімінде көрсетілген мәлңметтер жатады. Аталған тізім толық емес, себебі жариялауға жатпайтын мәліметтердің құрамы мен көлемін белгілеу құқығы кәсіпкердің өзіне ұсынылған.
Бірқатар мәліметтер коммерциялық құпия болып саналмайды. Бірақ бұл тізбе керісінше, заңмен белгіленеді. Бұл, мысалы, заңды тұлғаның жарғысында көрсетілген мәліметтер, заіды тұлғалар мен олардың филиалдарын (өкілдіктерін) мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, жою туралы мәліметтер, жылдымайтын мүлікпен мәміле жасау және жылдымайтын мүлікке құқықты тіркеу туралы мәліметтер. Мемлекеттік статистикалық есепке, сонымен қатар ұйымның мемлекеттік бақылау мен қадағалау нысаны болып табылатын қызметінің кейбір жақтарына қатысты мәліметтер коммерциялық құпия болып саналмайды, алайда бұл бақылау-қадағалау органдары алынған ақпаратты өз еріктері бойынша қолдана алады дегенді білдірмейді. Кәсіпкер өз жұмысшыларына, акционерлеріне, пай алушыларына және басқа тиісті тұлғаларға өз еңбекақыларының дұрыс есептелуін тексеруге, авторлық сыйқыны, дивиденд, келісім бойынша сыйақыны тексеруге, олардың мүліктегі, табыстағы, кірістегі үлесін анықтауға мүмкіндік беретін ақпаратқа қол жетімділікті ұсынуға міндетті.