Файл: Баылау сратары азіргі жадайда азастанды ксіпорындар шін андай туекелдер болуы ммкін.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 53
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
- жеке әлеует пен тәжірибе. Бұл жағдайда кәсіпкердің білімі, жұмыс істеу тәжірибесі ескеріледі.
- тұтынушының бүгінгі таңдағы және болашақтағы қажеттіліктері.
Тұтынушылар басқа экономикалық жағдайда да, ұзақ уақыт ағымында, сіздің өніміңізді тұтынуды жалғастыра бере ме, әлде басқа өнімді таңдайдыма, сол себепті анықтап тұтынушының масштабын бағалауыңыз қажет.
- Бәсекелестік деңгейі. Оны анықтау бәсекелес кәсіпорындардың өнім және қызмет көрсету саласын объективті түрде бағалауды қажет етеді. Мұндай бағалаулар нәтижесі, сізге болашақтағы бәсеке жағдайына болжамдар жасауыңызға ықпалын тигізеді.
Кәсіпкерлік істің бастамасына дейін, осы үш фактордан басқа, өзіңіздің әлсіз жақтарыңызды анықтап алудың маңыздылығы зор. Мысалы: адамның техникалық білім жағынан күштірек болғанымен, қаржы және бухгалтерлік есеп жағынан кәсіпкерлік білімі мен қабілеті болмауы мүмкін. Әрі қарай өз кемшіліктеріңізді және басқа да факторлар нәтижесін ескере отырып, сенімді серіктестіктер іздестіруіңіз қажет.
Бастапқы кезеңде, кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық нысанын таңдау ісіне зор көңіл бөлу қажет. Ол үшін, мамандандырылған экономистер мен заңгерлерден кеңес алған жөн. Болашақ кәсіпкер, ұйымдастыру нысанын таңдап алғаннан кейін, болашақ бәсекелестерінің экономикалық жағдайын түбегейлі зерттеп алуы, тауар (қызмет) бағасы мен оның сапасы, сұраныс пен ұсыныс көлемі, ұйымдастыру нысанын анықтауы қажет. Барлық ақпараттар негізінде-жаңа істі бастау немесе істегі кәсіпорындарды сатып алу мәселесіне қатысты шешім қабылдау қажет.
3. Кәсіпкерлік іс-әрекетінің тиімділігін қалайша дұрыс бағалаған жөн? Көп жағдайларда, кәсіпкерлер, меншік иесі мен менеджер (басқарушы) қызметін бірге алып жүреді, ал қажет жағдайларда келісімшарт негізінде менеджмент, маркетинг, қаржы облысынан жалдамалы жұмысшыларды қабылдау мүмкіндігін де пайдалануға болады. Өндіріске қажетті шикізат пен материалдарды сатып алу кезінде, әрдайым тұтынушылар талғамын ескерген жөн.
Бағаны анықтау үшін келесі факторларды ескеру шарт: шығын деңгейі, сұраныс көлемі, бәсекелестер саны, тауардың бағасы. Өнім бағасын тым көтермеу (немесе төмендетпеу) үшін, кәсіпорын шығындарын бәсекелестерінің шығындарымен салыстыруы қажет. Сонымен қатар, түрлі қаржы коэффициенттері де қолданылады (пайда көрсеткіші, тұрақты, айнымалы, жалпы шығындар көрсеткіштері және т.б.). Бастапқы бағада, талғамдардың өзгеру қоймадағы қосалқы тауарлардың жинақталып қалу ықтималдылығынан, бағалардың төмендеп кету мүмкіндігін ескерген жөн.
Кәсіпкерлік іс-әрекетті ұйымдастырудың маңызды құрамдас бөлігі - баға, болғанымен ең алдымен баға құру мәселесіне емес, ұйымдастыру-функционалдық мәселелеріне зор көңіл бөлу керек. Себебі, олардың шешімі, кәсіпорындардың қаржы жағдайларына тікелей әсер етеді. Бұл ең алдымен өндіріске қажетті шикізат пен материалдардың нақты көлемін анықтау. Сондай-ақ шикізат пен материалдарды тасымалдау, сақтау мәселесінде шешіп алған жөн. Кәсіпкер үшін, сондай-ақ тауарды жарнамалау, өнімді өткізуді ұйымдастыру және де кадрларды іріктеу, оларды даярлау мәселелерініңде маңыздылығы зор.
7.Кәсіпкерлік субъектілерінің дәрменсіздігі қалай бағаланады.- Кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып коммерциялық ұйымдар (меншік түріне қарамай, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік емес заңды тұлғалар да) және кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлер) саналады. Кәсіпкерлік қызметтің басқа қатысушылары қатарына: кәсіпкерлікпен айналысатын коммерциялық емес ұйымдарды; кәсіпкерлік қызметпен тіркеусіз айналысатын азаматтарды, коммерциялық ұйымдардың (оның ішінде шетелдік те) филиалдары мен өкілліктерін, кәсіпкерлер бірлестіктерін – холдингтерді, қаржылық-өнеркәсіптік топтарды, консорциумдарды (жай серіктестіктерді) және заңды тұлға құрмаған басқа да бірлестіктерді жатқызуға болады.
Кәсіпкер дегеніміз – ол кәсіпкерлік қызметті заңмен немесе келісім шартпен белгіленген тәртіпте тұрақты негізде жүзеге асыратын тұлға.
Экономикалық қатынастардың қандай да бір қатысушысын кәсіпкер деп тану үшін, ол белгілі бір талаптарға: 1) оқшауландырылған (дара) мүлкінің болуы; 2) кәсіпкерлік құқықтары мен міндеттерінің (шаруашылық құзырының) болуы; дербес мүліктік жауапкершілік; кәсіпкелік қызмет субъектісі ретінде мемлекеттік тіркелуі сияқты белгілерге сай болуға тиіс.
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін субъектінің оқшауланған мүлкі болуға тиіс, өйткені кәсіпкерлік қызмет белгілі бір мақсаттарға жету үшін мүлікті пайдалануға тікелей байланысты. Мұндай оқшауланудың негізгі формалары болып жеке меншік құқығы және шаруашылық жүргізу құқығы саналады (сонымен бірге тікелей басқару құқығы және жалдау құқығы және т.б. формалары да болуы мүмкін).
Кәсіпкерлік қызмет субъектісіне заңға немесе келісім-шартқа сәйкес берілген құзыреттер жинала келе, оның шаруашылық құзыретін құрайды. Әдетте, шаруашылық құзыреттің мынадай түрлері ажыратылады: 1) жалпы құзырет(соған сәйкес субъект кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қажетті субъективтік құқықтар мен заңдық міндеттерге ие болады, яғни жалпы құзырет жеке кәсіпкерлік субъектілеріне беріледі); 2) арнайы құзырет(құрылтайшылық құжаттарда айқындалады және заңмен белгіленген нақты субъект (мысалы, коммерциялық емес ұйым) қызметтің мақсаттарына сай болуға тиіс); 3) шектеулі құзырет(жалпы құзыретке ие субъектінің өз қалауы бойынша құрылтайшылық құжаттарда айқындалады); 4) дара шаруашылық құзырет(қызметтің басқа түрлерімен айналыса алмайтын кәсіпкерлік қызметтің жекелеген субъектілеріне, мысалы, табиғи монополиялар субъектілеріне, банктерге және т.б. қатысты заң белгілейді).
Азаматтық заңдар кәсіпкердің жоғары жауапкершілігін белгілеген, ол кінәсінің бар – жоғына қарамастан, кәсіпкердің міндеттемелерін орындамағаны немесе қанағаттанғысыз дәрежеде орындағаны үшін мүліктік жауапты екендігінен көрінеді. ҚР АК 359–бабының 1 тармағына сәйкес, кәсіпкерді жауапкершіліктен босататын жалғыз негіз форс-мажорлық (төтенше) жағдайлар немесе шама жетпейтін күш жағдайлары (табиғи апаттары, әскери қимылдар және т.б.) болып табылады. Мұндай жағдайларға, мысалы, нарықта тауарлардың, жұмыстардың немесе атқаратын қызметтердің болмауы жатқызылмайды.
Мемлекеттік тіркеу нәтижесінде субъект кәсіпкер мәртебесін иеленеді және толық көлемде өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, жеңілдіктер мен артықшылықтар алу мүмкіндігіне ие болады. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеудің жалпы негіздері мен тәртібі ҚР Азаматтық кодексі және 1995ж. сәуірдің 17-сіндегі № 2198-ші «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» ҚР Заңы арқылы реттеледі. Арнайы ережелер «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңмен көзделген (6 тарау).
Сөйтіп, бір немесе басқа қатысушыны кәсіпкерлік қызмет субъектісі деп тану үшін, барлық жоғарыда аталған белгілердің болуы міндетті.
2. Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің құқықтары мен міндеттері.
Жеке кәсіпкерлік субъектілері мынадай құқықтарға ие:
- ҚР заңдарын сақтай отырып, жеке кәсіпкерлікті бөтеннің еңбегін жалдау арқылы жүзеге асыруға;
- ҚР заңдарында көзделген тәртіпте филиалдар мен өкілдіктер ашуға;
- өндіретін тауарларға (қызмет, жұмыстарға) дербес өзі баға қоюға;
- Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне ақылы негізде несие беруге;
- өз құқыққабілеттілігі шегінде сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруға;
- Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестігін құруға;
- Сараптамалық кеңес жұмысына қатысуға;
- Құқық қорғау және мемлекеттік органдарға жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқығының бұзылуына кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту туралы өтінішпен жүгінуге;
- өз құқықтары мен заңи мүдделерін қорғау үшін сот органдарына жүгінуге;
- жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғауға қатысты нормативтік құқықтық актілер ережелерінің жұмыс істемеуіне тосқауыл болып отырған себептерді алып тастау туралы ұсыныстармен мемлекеттік органдарға шығуға.
Сонымен қатар жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мынандай міндеттер жүктеледі:
- Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, жеке не заңды тұлғалардың құқықтары мен заңи мүдделерін сақтауға;
- өндіретін өнімдері Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз ету;
- лицензиялауды талап ететін жеке кәсіпкерлік қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензия алу;
- Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес міндетті азаматтық-құқықтық сақтандыруды жүзеге асыру.
3. Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің түрлері.
Кәсіпкерлік субъектілерін жіктеу әртүрлі негіздер бойынша жүргізулуі мүмкін. Біріншіден, соның неігізінде құрылған және жұмыс істейтін меншік түріне байланысты мемлекеттік және жеке ұйымдарды бөлуге болады. Екіншіден, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің заңды тұлға құқықтарының болуы немесе болмауына сүйене отырып, оларды мынандай: кәсіпкерлер – заңды тұлғалар немесе жеке кәсіпкерлер деп саралауға болады. Үшіншіден, ұйым пайда (табыс) табу үшін құрылғанына және оны өзара қатысушылар (құрылтайшылар) арасында бөлуіне байланысты коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар деп бөлуге болады.
Бөлудің басқа негізі ретінде жүзеге асырылып жатқан кәсіпкерлік қызметтің «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңмен белгіленген сандық және сапалық көрсеткіштері алынуы мүмкін және соларға сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілері: 1) шағын кәсіпкерлік субъектілері; 2) орта кәсіпкерлік субъектілері; 3) ірі кәсіпкерлік субъектілері деп топқа бөлінген.
Заңды тұлға құрмаған, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын дара кәсіпкерлер және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын және жыл бойғы активтерінің орташа жылдық құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген алпыс мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар
шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.