Файл: Баылау сратары азіргі жадайда азастанды ксіпорындар шін андай туекелдер болуы ммкін.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 51
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1. Мемлекет рұқсат беру арқылы лицензиаттың, екінші санаттағы рұқсат иесінің мемлекеттік реттеудің мақсаттарына сәйкес қауіпсіздіктің ең төмен деңгейін қамтамасыз ететінін растайды.
2. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу процесінде мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының тарапынан кәсіпкерлік субъектілері заңды қызметінің жүзеге асырылуына кедергілер жасалмауға тиіс.
3. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу процесінде кәсіпкерлік субъектілері өз міндеттерін орындаған немесе өздеріне заң бойынша берілген құқықтарды іске асырған кезде, олардың әрекеттерінің адалдығы көзделеді.
Кәсіпкерлік субъектісі сонымен қатар, егер құқықтарын, заңды мүдделерін іске асыру және (немесе) міндеттерін орындау кезінде ол мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған бекітіліп берілген құзыреті шегінде берген ресми түсіндірулерін басшылыққа алса, адал деп есептеледі.
Мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін актісін шығаруы салдарынан, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының әрекеттерінен (әрекетсіздігінен) кәсіпкерлік субъектісіне келтірілген залалдар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен өтелуге жатады.
4. Мемлекеттік орган қарап жатқан мән-жайлар туралы кәсіпкерлік субъектілерінің берген нақты деректері сот немесе мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес керісінше деп белгіленге дейін дұрыс деп есептеледі.
5. Басқа кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым көрсету немесе бұрыннан бар міндеттерін орындаудан немесе нақты жасалған құқық бұзушылықтар үшін заңды жауаптылықтан жалтару мақсатымен осы Кодекспен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен берілген құқықтарды олардың мақсатына қайшы келетіндей етіп пайдалануға тыйым салынады.
. Кәсіпкерлік қызметті ынталандыру және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз ету
1. Кәсіпкерлік субъектілерін дамытуды ынталандыру мақсатында мемлекет кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін қолайлы құқықтық, экономикалық, әлеуметтік жағдайлар мен кепілдіктер жасауға бағытталған шаралар кешенін жүргізеді.
2. Кәсіпкерлік қызметті ынталандыру, оның ішінде кәсіпкерлікті қорғау мен қолдауды қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.
Отандық тауар өндірушілерді, жұмыс орындаушыларды, қызмет көрсетушілерді қолдау
1. Мемлекеттік органдар және өзге де ұйымдар тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің отандық өндірісін дамытуды ынталандыру үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі шараларды іске асырады.
2. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және оларға сараптама жасау, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу және халықаралық ұйымдардың шешімдер қабылдауына қатысу кезінде отандық тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделері ескеріледі.
. Мемлекеттің кәсіпкерлік субъектілерінің ісіне заңсыз араласуына жол бермеу
Мемлекеттің кәсіпкерлік субъектілерінің, олардың бірлестіктерінің ісіне, сондай-ақ көрсетілген бірлестіктердің мемлекеттің ісіне заңсыз араласуына және оларға мемлекеттік органдардың функцияларын жүктеуге жол берілмейді.
. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің норма шығарушылыққа қатысуы
Жеке кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңестері (бұдан әрі – сараптама кеңестері) арқылы, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарды әзірлеуге және оларға сараптама жасауға қатысады.
Кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігін ынталандыру
Кәсіпкерлік субъектілерінің өз қызметіне әлеуметтік жауапкершілікті ендіруіне мемлекет кепілдік береді және оны көтермелейді.
Кәсіпкерлік субъектілері
1. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар, оралмандар және мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалар (жеке кәсіпкерлік субъектілері), мемлекеттік кәсіпорындар (мемлекеттік кәсіпкерлік субъектілері) кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.
2. Кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын жеке тұлға осы Кодексте көзделген тәртіппен дара кәсіпкер ретінде тіркеледі.
3. Кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген ұйымдық-құқықтық нысанда құрылуы мүмкін.
. Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі
1. Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары туралы деректерді пайдалану үшін кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізеді.
2. Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары туралы мәліметтерді қамтитын электрондық дерекқор кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі болып табылады.
3. Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары туралы ақпарат мүдделі тұлғаларға, оның ішінде мемлекеттік органдарға жұмыста пайдалану үшін электрондық анықтама нысанында беріледі.
4. Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары
1. Жеке кәсіпкерлік субъектілері:
1) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, кәсіпкерлік қызметтің кез келген түрлерін жүзеге асыруға, тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер нарықтарына қол жеткізу еркіндігінің болуына;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жалдамалы еңбекті пайдалана отырып, кәсіпкерлікті жүзеге асыруға;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен филиалдар мен өкілдіктер құруға;
4) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өндірілетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағаны дербес белгілеуге;
5) тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылауды дербес жүзеге асыруға;
6) өзінің құқық қабілетілігі шегінде сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруға;
7) кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін құруға және оларға қатысуға;
8) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы сараптамалық кеңестердің жұмысына қатысуға;
9) кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын бұзған және (немесе) заңды мүдделерін іске асыруына кедергі келтірген адамдарды жауаптылыққа тарту мәселелері бойынша құқық қорғау органдарына және өзге де мемлекеттік органдарға жүгінуге;
10) өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа, төрелікке, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілге және өзге де органдарға жүгінуге;
11) татуласу рәсімдері арқылы дауларды реттеуге;
12) кәсіпкерлікті қолдау және қорғау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің орындалмауына немесе тиісінше орындалмауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстарды кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның қарауына енгізуге;
13) кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігі шаралары ретінде әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салалардағы жобаларды іске асыруға қатысуға;
14) Қазақстан Республикасының заңдарымен шектелмеген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
2. Мемлекеттік кәсіпорындар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, осы Кодексте көзделген құқықтарды жүзеге асырады.
Кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттері
Кәсіпкерлік субъектілері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
2) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етуге;
3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер туралы толық және анық ақпарат беруге;
4) қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруды бастау үшін "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсат алуға не хабарлама жіберуге;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға;
6) табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға;
7) табиғи және энергетикалық ресурстарды пайдаланудың және қызметті жүзеге асыру процесінде оларды басқарудың тиімділігін арттыруға;
8) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
6.Кәсіпкерлік құпияны қорғау мысалдарын келтіріңіз-
1. Жеке өз ісін ұйымдастыру барысы төрт кезеңнен тұрады: кәсіпкерлік аясын таңдау, нарықты анықтау, кәсіпкерлік құрылымының қызмет етуі және қаржыландырылуы. Кәсіпкерлік іс-әрекетті ұйымдастыру төмендегі бес қағидаға келіп тіреледі:
Ең алдымен өз ісін бастау үшін капитал қажет. Сондай-ақ ол капитал
кәсіпкерлікті дамыту және жалғастыру үшін де қажет. Яғни, кәсіпкер
пайдалы іс-әрекетті жүзеге асыруда пайдасының айтарлықтай бөлігін өз ісін дамыту мақсатында пайдалана алса, онда ол іскер кәсіпкер деп танылады.
Кәсіпкерлік тиімді әрі пайдалы болуы үшін, онымен кәсіби түрде айналысу қажет. Яғни, кәсіпкер не, қалай өндіру қажет, сондай-ақ өңделген өнімді қалайша пайдалы әрі жылдам өткізуге болатындығын білуі қажет.
Кәсіпкер әрқашан өз бәсекелестіктерінің өнімінен сапалық және сандық көрсеткіштер жағынан ерекшеленетін жаңа тауар өндіруге ұмтылуға тиісті. Бәсекелестік заңы – кәсіпкердің ең жоғарғы қағидасы. Себебі, ол арқылы сұранысты қанағаттандыру бойынша нарықтық қатынастар механизмі қамтамасыз етіледі.
Кәсіпкер ұдайы-тұтынушы (сатып алушы): адам, ұйым, басқа кәсіпорын немесе корпорация екендігін әрдайым есте ұстануы қажет. Нарық-бұл кәсіпкерліктің даму және қызмет ету ортасы. Нарықтық қатынастар тұрақтылығы; біріншіден, сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келуімен екіншіден, тұтынушы мүддесіне және кәсіпкерліктің нарықтық бәсеке қабілеттілігін жоғарылатуға бағытталған бағаны, несиені, салықты мемлекеттік реттеу нәтижесімен анықталады.
Соңғы қағиданы, прогресс пен табыстылықтың дилеммасы деп атауға болады. Бір жағынан, бүгінгі таңдағы, жоғары дамыған кәсіпкерлік жаңа технологияға сүйене отырып еңбек өнімділігін арттыруға ұмтылса, (жұмыс күшінің ең төменгі шығынымен ең жоғарғы тауар өндіру) екінші жағынан, өндірістің жаңа түрлерін ашу, қызмет көрсету сферасын кеңейте отырып, ол (кәсіпкерлік) үнемі ұлғаймалы көлемде
және неғұрлым жоғары білікті маманды жаңа жұмыс күшін тартады. Кәсіпкер тұтынушылық сұраныстың максималды өсіміне мүдделі, себебі ол арқылы өндірілген тауарды тиімді өткізуге болады. Яғни,
тұтынушының әлеуметтік жағдайының артуы кәсіпкерліктің дамуының негізгі шарты болып табылады.
2. Болашақ кәсіпкер кәсіпкерлік іс-әрекет аясын таңдау барысында төмендегі сауалдарға жауап беруі қажет:
- кәсіпкерлік істі жүргізу қабілеті бар ма?
-
кәсіпкерлік істің нақты қай түрін таңдау қажет? -
қайсысы тиімдірек - жаңа фирма ашу ма, әлде істегі кәсіпорынды сатып
алу ма?
Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың неғұрлым тиімді нысанын анықтау, үшін сіз кәсіпорын басқару және кәсіпкерлік істі жүргізу қабілеті бар іскер адамдар типіне қатыстылығыңыз бар екендігін анықтау үшін өзіңіздің барлық әлсіз және күшті жақтарыңызды объективті түрде бағалап алуыңыз қажет, себебі кәсіпорынның бағалы қызметкері тек өзіңіз болмақсыз. Кәсіпкер болмас бұрын, адам өзінің әрекет ету бағытын анықтап алуы қажет. Нақты мәселе бойынша шешім қабылдау барысында үш маңызды факторды ескергені жөн: