Файл: Баылау сратары азіргі жадайда азастанды ксіпорындар шін андай туекелдер болуы ммкін.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 52
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Заңнамамен немесе құрылтайлық құжаттармен жариялауға немесе акционерлерге, басқа белгілі бір тұлғалар аясының мүшелеріне (қатысушыларына) міндетті түрде жеткізуге жататын мәліметтердің тізімі белгіленуі мүмкін. Бұл мәліметтерге заңды тұлғалардың мемлекеттік тізіліміндегі мәліметтерге жататын деректер, кәсіпкерлік қызметтің жылдық баланстық қорытындылары, соның ішінде баланс сальдосы, жарғылық капитал сомасы, кредиторлық және дебиторлық қарыздардың жиынтық сомалары, кірістер мен шығыстар шотының сальдосы, мемлекеттік статистикалық есеп ережелеріне сәйкес жариялауға жататын мәліметтер жатады.
5.Қазақстан Республикасының қандай заңдары кәсіпкерлік құпияның сақталуын қамтамасыз етеді? Олардың негізгі ережелері.- 1. Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Қатысушылардың теңдігіне негізделген тауар-ақша және өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты жеке мүліктік емес қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледі.
3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодексте көзделгеннен өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
4. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде қамтылған Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасы нормаларының олқылықтары немесе осы Кодекстің ережелеріне қайшылықтары анықталған жағдайда, осы Кодекстің ережелері қолданылады.
5. Кәсіпкерліктің жекелеген түрлерін жүзеге асырудың ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
. Кәсіпкерлік ұғымы және оны құқықтық реттеудің шектері
1. Азаматтардың, оралмандардың және заңды тұлғалардың мүлікті пайдалану, тауарларды өндіру, сату, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету арқылы таза кіріс алуға бағытталған, жеке меншік құқығына (жеке кәсіпкерлікке) не шаруашылық жүргізу немесе мемлекеттік кәсіпорынды жедел басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлікке) негізделген дербес, бастамашыл қызметі кәсіпкерлік болып табылады. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкер атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады.
2. Кәсіпкерлік қызмет тек Қазақстан Республикасының заңдарымен ғана шектелуі мүмкін.
3. Мемлекеттік органдардың жекелеген кәсіпкерлік субъектілерінің артықшылықты жағдайын белгілейтін нормативтік құқықтық актілер қабылдауына тыйым салынады.
. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылының мақсаттары мен қағидаттары
1. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамыту және қоғам үшін қолайлы жағдайлар жасауға, кәсіпкерлік бастаманы ынталандыруға бағытталады.
2. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылының қағидаттары мыналар болып табылады:
1) заңдылық;
2) кәсіпкерлік еркіндігі;
3) кәсіпкерлік субъектілерінің теңдігі;
4) меншікке қол сұғылмаушылық;
5) адал бәсекелестік;
6) тұтынушылар, кәсіпкерлік субъектілері және мемлекет мүдделерінің теңгерімі;
7) мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы және ақпаратқа қолжетімділік;
8) кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің тиімділігі;
9) кәсіпкерлік субъектілерінің өз құқықтары мен заңды мүдделерін өз бетінше қорғау қабілеттілігін арттыру;
10) құқық бұзушылықтың алдын алу басымдығы;
11) кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара жауапкершілігі;
12) сыбайлас жемқорлықтан азат болу;
13) кәсіпкерлік қызметті ынталандыру және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз ету;
14) отандық тауарлар өндірушілерді, жұмыс орындаушыларды, қызмет көрсетушілерді қолдау;
15) мемлекеттің кәсіпкерлік субъектілерінің ісіне заңсыз араласуына жол бермеу;
16) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің норма шығарушылыққа қатысуы;
17) кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігін ынталандыру;
18) мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке шектеулі қатысуы;
19) өзін-өзі реттеу.
. Заңдылық
1. Кәсіпкерлік субъектілері кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде, мемлекеттік органдар, мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы Конституциясының, осы Кодекстің және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауға міндетті.
2. Мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының Конституциясына және оған сәйкес келетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мазмұны, ресімделуі және (немесе) оларды қабылдау рәсімдері бойынша қайшы келетін актілері мен шешімдері қабылданған кезінен бастап заңсыз әрі жарамсыз деп танылады және күші жойылуға жатады.
. Кәсіпкерлік еркіндігі
1. Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар.
2. Кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген кәсіпкерлік қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы.
. Кәсіпкерлік субъектілерінің теңдігі
1. Кәсіпкерлік субъектілері өздерінің меншік нысанына және кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан, заң мен сот алдында тең.
2. Кәсіпкерлік субъектілері кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде тең мүмкіндіктерге ие болады.
. Меншікке қол сұғылмаушылық
1. Кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне қол сұғылмаушылыққа заңмен кепілдік беріледі.
2. Кәсіпкерлік субъектілері заңды түрде сатып алған кез келген мүлікті меншігінде иелене алады.
3. Сот шешімінсіз кәсіпкерлік субъектілерін өз мүлкінен айыруға болмайды. Заңда көзделген айырықша жағдайларда мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару тең бағамен өтелген жағдайда жүргізілуі мүмкін.
. Адал бәсекелестік
1. Бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға, тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым көрсетуге бағытталған қызметке, жосықсыз бәсекелестікке тыйым салынады.
Монополистік қызмет заңмен реттеледі және шектеледі.
2. Монополияға қарсы реттеу бәсекелестікті қорғау, тауар нарықтарының тиімді жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасау, экономикалық кеңістіктің біртұтастығын, Қазақстан Республикасында тауарлардың еркін өткізілуін және экономикалық қызметтің еркіндігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
. Тұтынушылар, кәсіпкерлік субъектілері және мемлекет мүдделерінің теңгерімі
1. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің нысандары мен құралдарын енгізу қызмет немесе әрекеттер (операциялар) қауіпсіздігінің жеткілікті деңгейін, кәсіпкерлік субъектілеріне объективті түрде қажетті ең аз жүктеме кезінде тұтынушылардың құқықтарын барынша тиімді қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік органдар мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру кезінде кәсіпкерлік субъектілерінен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделмеген құжаттарды және (немесе) қосымша мәліметтерді ұсынуды талап етуге құқылы емес.
3. Біліктілік және рұқсат беру талаптары кәсіпкерлік субъектілеріне жүзеге асырылатын қызмет, әрекеттер (операциялар) қауіпсіздігінің немесе объект қауіпсіздігінің талап етілетін деңгейін қамтамасыз ету үшін жеткілікті ресурстардың, нормативтер мен көрсеткіштердің ең аз қажетті жиынтығын қамтамасыз етуге тиіс.
. Мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы және ақпаратқа қолжетімділік
1. Мемлекеттік органдардың қызметі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шекте жариялы және ашық болуға тиіс.
2. Мемлекеттік органдар кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын шешімдер қабылдау бойынша өз қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге міндетті.
3. Мемлекеттік органдарда бар және кәсіпкерлік субъектілеріне қажетті ақпарат, егер оны пайдалану Қазақстан Республикасының заңдарымен шектелмесе, қолжетімді болуға тиіс. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, мұндай ақпарат тегін беріледі.
3-1. Жеке кәсіпкерлік субъектілері өз атауы бар мөрді иелене алады.
Мемлекеттік органдарға және қаржы ұйымдарына жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардан құжаттарында мөр қоюды талап етуге тыйым салынады.
4. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге байланысты барлық рәсімдер мен талаптар нақты және түрлі түсіндірілуге жатпайтын мағынаны қамтуға тиіс.
. Кәсіпкерлік субъектілерінің өз құқықтары мен заңды мүдделерін өз бетінше қорғау қабілеттілігін арттыру
1. Кәсіпкерлік субъектілері осы Кодексте белгіленген тексеру жүргізуге қойылатын талаптарды мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдары сақтамаған жағдайларда, лауазымды адамдарды тексеруге жібермеуге құқылы.
2. Мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың жүзеге асырылуы барысында өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында кәсіпкерлік субъектілері үшінші тұлғаларды тексеруге қатысуға тартуға құқылы.
. Құқық бұзушылықтың алдын алу басымдығы
1. Құқық бұзушылықтар профилактикасының және кәсіпкерлік субъектісінің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарды орындау уәждемесінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру процесінде мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану алдында басымдығы бар.
2. Кәсіпкерлік субъектісі жасаған құқық бұзушылық үшін мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары оның сипатына және ауырлығына сәйкес болуға тиіс.
. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара жауапкершілігі