ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 270
Скачиваний: 5
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: . | ||||||
Сынып: 2 Сабақ 101 | Қатысқандар cаны: | Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Эстафета және қозғалмалы ойындар | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.2.5.1. Өзінің шығармашылық тапсырмалары мен басқаларының тапсырмалары бойынша талқылайды және қорытындылар шығарады, сонымен қатар конструктивті ұсыныс жасайды 2.2.2.1 Әрекет мақсаттарына қол жеткізу үшін командада жұмыс істей бастайды және өзіндік жұмыс жөніндегі білімді нығайтады | ||||||
Сабақ мақсаттары | Әр түрліэстафеталық, қозғалмалы ойындарда қарапайым дене дамуына әсер ететін жаттығуларын орындау, әр түрлі қозғалыс-қимылды қайталау, орындаудың маңыздылығын білу, жаттығуларды тиісінше кешенді, ретімен орындау. | ||||||
Бағалау критерийлері | Қарапайым әр түрлі қозғалмалы дағдыларды, эстафеталық жаттығуларды орындайды, дене дамуына ықпал ететінін, маңыздылығын түсінеді, қозғалыстарды ажыратады. | ||||||
Тілдік мақсаттар | Тіл туралы сындарлы ойлауды ынталандыру (мысалы, тілдерді салыстыру, оқушыларды тілді нақты қолдануға жігерлендіру, оқу тілінде ілгерілеуді бағалау). Мысалы: •жүрек соғысы, жүрек соғысының жиілігі, дем алу кезіндегі жүрек соғысының жиілігі, жүректің жұмыс кезіндегі соғысы. | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Ойын барысында терең деңгейдегі сыни және шығармашыл ойлау, мәселе шешу және байланыс дағдыларын дамытады.. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Өзін-өзі тану, жас өспірімдер физиологиясы. | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | АКТ (әсіресе ғаламторды) байланыс, істестік, мазмұн жасау, дене тәрбиесі саласында көмек сұрау мен ақпарат табу үшін басты құрал ретінде қолдану. | ||||||
Алдын ала білу керек | Оқушыларға осы бөлім бойы шығармашылық таныту, салауатты өмір салтына бағытталған өздерінің, басқа оқушылардың идеяларына қатысу ұсынылады. | ||||||
Жоспарлардағы әрекеттер. | Б = бүкілсыныптық жұмыс. Жж = жұптық жұмыс. Тәж = оқушы тәжірибесі. Ф = формативті бағалаудың мүмкіндіктері. Т = топтық жұмыс. Ж = жеке жұмыс. К = оқытушы көрсетеді. | ||||||
Сабақ барысы. | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы | Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 8-10 мин. Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Оңға, солға бұрылулар. Мәнерлі жүрістер. Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Арақашықтықты сақтау. Козғалыстағы жаттығулар тізбегі. Қолға, аяқа арналған бой жазу жаттығулары. Шеңберге тұру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. Созылуға, иілуге арналған жалпы дамыту жаттығуларды орындау. Буындарды, бұлшық еттерді негізгі қимыл-қозғалыстарды орындауға дайындау. | Әрбір әрекет түріне арналған үлкен, бос кеңістік. Мұғалімге арналған ысқырық. | |||||
Сабақтың ортасы | (К, И, Э) «Ормандағы далашық». Ойыншылардың алдында ормандағы алаңның аймағы бар, ондағы үстелдерде пластмасса стакандар, үстел үстілік тенниске арналған кішкене шар тұр. Стаканның жоғарғы жағы күңгірт пленкамен жабылған. Оқушы станканда не бар екенін біле алады. Ол үшін оны мәреде ашуы және стаканның ішіндегі затты топқа көрсетуі керек. «Мандариндер» (теннистік кішкене шарлар) барлық стаканда болмайды. Ойыншылардың міндеті өздерінің кезектерінде, ормандағы алаңға жүгіріп баруы, кез келген стаканды алуы және қайта оралуы керек. Ойыншы стаканды таңдамауы керек. Кездейсоқ табу арқылы топ өзіне ұпайды жинайды. Мандарин саны көп болған сайын, жеңіске деген мүмкіндік көбейеді. Осыған ұқсас эстафета нұсқасын өткізуді ұсыну. (К, И, Э, Ф) Әр топ алдында 5 метр аралықта үстел үстінде пазлдың 8 бөлігі жатады. Пазлдың бір жағында сурет, екінші жағында нөмір болады. Әр ойыншы топтағы кезегі келгенде нөмірі бар пазлды алады. Бірінші ойыншының міндеті үстелге дейін жүгіріп бару, өз нөмірі бар пазлды табу, өзіне ыңғайлы әдіспен туннель арқылы өту және пазлды туннельден кейінгі тақтаға 5 метр аралықта жапсыру болып саналады. Жапсырған соң ойыншы өз тобына жүгіріп келіп, қайта қосылады. | Үлкен ойын алаңы, ысқырық, бор, 20 пластикалық стакандар, 15 үстел теннисіне арналған доптар, стакан қақпақтарына арналған целлофан, қақпақ жасау арқылы стаканды целлофанмен орауға арналған жіп. Топ санына қарай 3 – 4 үстел, А 4 пішімдегі қарапайым суреттер (шар, спорт добы, күшік және т.б), 5-8 бөлікке қию Білім беру саласындағы жұмысшылардың әлеуметті жүйесі: http://nsportal.ru/ | |||||
Сабақтың соңы | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі:Теориялық және практикалық жаттығуларда мұғалім командалық эстафеталар кезінде әдеттегі қателерге, жетістіктерге назар аударады анықтамалар береді. Оқушылардың қызығушылықтарын қолдап және дамытып, дағдыларын дамытуға нұсқаулар беру, бақылау. Осы тапсырмаларға байланысты басқа да баламалы нұсқаларына ұсыныстар жасау. | ||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Берілген тапсырмаларды, жүйелі жаттығулар жинағының үйлесімділігін көрсетеді. Жаттығуларды барынша белсенді орындау. Топтық, командалық тапсмырмалардың күрделі тұстарына мән беру. Қабілеті жоғары оқушылар ойындардағы қимыл-қозғалыс әрекеттерін қайталап, орындалуын өз бетінше, нұсқаларын көрсету. | Оқушылардың өз бетінше тапсырмамен белсенді жұмыс істеуі, өз бетінше қателерін түзеу. Тапсырмалар барысында бейресми қалыптастырушы бағалаулар. Күрделі тапсырмаларды орындауға бейім болу. Талаптарға сай орындалуына көңіл бөлу. | Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Жабдықтардың талапқа сай болуын қамтамасыз ету. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау. |
Күні: Сынып:2 Сабақ 102 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||
Сабақтың тақырыбы | Эстафета және қозғалмалы ойындар | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.2.5.1. Өзінің шығармашылық тапсырмалары мен басқаларының тапсырмалары бойынша талқылайды және қорытындылар шығарады, сонымен қатар конструктивті ұсыныс жасайды 2.2.2.1 Әрекет мақсаттарына қол жеткізу үшін командада жұмыс істей бастайды және өзіндік жұмыс жөніндегі білімді нығайтады | ||
Сабақтың мақсаттары | Барлығы: Жаттығу техникасын үйренеді,жаттығу техникасын жетілдіреді Көбі: Допты менгеруін арттырады, ойыны мәдениетін қалыптастырады. Кейбірі: Анық және толық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. | ||
Жетістік критерийлері | Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларының байланысын анықтайды. | ||
Тілдік мақсаттар | Кілт сөздер мен тіркестер. Өзім туралы Дене мүшелері қозғалу дағдылары секіру, лақтыру, жүгіру. Диалог / жазылымға арналған пайдалы сынып. Шапшаң жүгірудің дене шынықтыруда неліктен маңызды екенін айта аласыз ба? | ||
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. | ||
Пәнаралық байланыс | Өнер, ана тілі сабағы | ||
АКТ қолдану дағдылары | Аудиожазба , таныстырылым. | ||
Сабақ барысы | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |
Сабақтың басы 5 минут | Бой сергіту жаттығулары. Ынтымақтастыру атмосферасын орнату. Оқушыларды сапқа тұрғызу,сәлемдесу. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру. Миға шабуыл. Оқушыларға сұрақтар беріледі:
Постермен жұмыс. Оқушыларға үш қарғып секіруден Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың олимпиада ойындарында көрсеткен өнерінен үзінді беріледі. Белгіленген уақытта постерге Ольга Рыпакова жетістікке қалай жеткендігі туралы өз ойларын сатылап жазып шығады. Қозғалмалы бой жазу жаттығулары -қолды жоғары ұстап аяқ ұшымен жүр -екі қол белде өкшемен жүру -екі қол белде аяқтын ішкі және сыртқы қырымен жүру -бір қалыпты жеңіл жүгіру -тіркеме адыммен оң және сол бүйірмен жүгіру -арқаны алға қарата оң иықпен қарап жүгіру -алға қарай созылган қол алақанына екі тізені тигізе жүгіру -қол алақанына аяқтын ішкі,сыртқы қырын тигізе жүгіру -өкшені артқа көтеріп,екі алақанға тигізе жүгіру -екі қол тізеде,толық отырып журу -отырып секіре жүру -дем алу,дем шығару . | Жаттығулар көрсетілімі немесе видео материалдар. | |
Сабақтың ортасы 8 минут 1 минут 5 минут 3 минут 16 минут | Жаңа сабақты түсіндіру Ойындар қимыл- қозғалыс ойындары және спорттық ойындар болып бөлінеді. Қимыл –қозғалыс ойындары аса көңілді әрі пайдалы қимыл әрекет түрі . Қимыл –қозғалыс ойыны Қимыл-қозғалыс ойындарының көңілді әрі пайдалы болатын себебі, бұл ойындарды ойнай жүріп, жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру, тепе- тендік сақтау және мінез-құлықты тәрбиелеу сияқты барлық негізгі қимыл –қозғалыстарды дамыта аласыңдар. Жарыс элементтері –айналып жүгіріп шығу, қарсыласыңды басып озу-ойынға өту тартымды, әсерлі сипат береді. Мақсатқа қол жеткізу сипатына және ойынға қатысушылардың аз-көптігіне қарай қимыл-қозғалыс ойындары мынадай түрлерге бөлінеді: 1) жеке ойнайтын ойындар: а) «Жел мен желбақыш »; ә) «Айнал да жүріп кет » . 2) екеу болып ойнайтын ойындар : а) «Кім күшті ?»; ә) «Кім бірінші болады ?». 3) эстафеталық ойын : «Доп» ойыны . Қимыл-қозғалыс ойындары көңіл көтеруге, жылдамдық пен ептілікті арттыруға жағдай туғызады, әр түрлі қимыл –қозғалыс машықтары мен дағдыларын қалыптастырады . Сонымен бірге бір-бірімен байланыс жасап ,тіл табысуға көп көмегін тигізеді . Ұлттық ойындар: Күш сынаспақ Бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасуымен орындалады.2 бала шынтақтарын столға тірек қол бастарын айқстырады.Кім білекті столға жықса сол бала жеңіске жетеді. Ағаш аттың үстінде аттың басын ұстап тұрып 2-ші қашан білектен тартысып сынасуға да болады.Бірақ баланың қауіпсіздігі қатаң бақыланады. Тауық күрес. Балалар екі топқа бөлінеді.Осы екі топтан екі бала шығып ,кәдімгідей күреседі.Оның ең қызығыда,басқаша күрестен айырмасы да –тек жалғыз аяғымен ақсаңдай жүріп,иықтарын қағып күресуінде.Бұл күрес балалардың нық басып,орнықты жүруін жетілдіреді.Күрестің 1 аяғн тізесін бүгіп,мата белбеуін байлап тастайды.Қайсысы сүрініп жығылса ,сол ұтылады. | Сергіту сәті Сұрақ парақшалары. Оқулық, дәптерлер. Ойын ойнайық. | |
Сабақтың соңы 2 минут | Рефлексия Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау. | Смайликтер | |
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? Сөйлеу-речи-speeches | Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие) | |
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. | Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы) | Өнер, ана тілі сабағы Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |