Файл: 20222023 оу жылы Масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 22

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Ж.Бәрібаев атындағы орта мектеп МДШО» МКМ

«Ар намысым, қасіретім, мақтанышым-ЖЕЛТОҚСАН!»


6-сынып
(Ашық тәрбие сағаты)

Сынып жетекші: Журкабаева Г.К.

2022-2023 оқу жылы
Мақсаты: 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл - әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру.

Тәрбиелігі: Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз анна тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білу қабілетін дамыту.

Көрнекіліктері: Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова суреттері. «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» атты плакат. Желтоқсан тақырыбындағы топтардың қабырға газеттері және буклеттер. Қанатты сөздер.

Алғы сөз.

Армысыздар құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар. Бүгін біздің еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен, еліміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндерген Желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптерімен жазылып қалған «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» атты тәрбие сағатымызды ұсынамыз.
1-жүргізуші:

Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,

Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.

Енді ағайын, көгінде қалықтасын,

Қазағымның қастерлі - Әнұраны!

Әнұран айту

Желтоқсанда Алматыда, ақ қарда,

Алма бақтар ак қырауға батқанда,

Күңірене күн күркіреп тау жақтан,

Жайдың оты жалаң қақты шатқалдан.

2-жүргізуші:

Желтоқсанда шындық жырын

шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Айналайын, айналайын жас өркені халқымның.

1-жүргізуші:

Қазір бұл күн Қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі

бақытты күн. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы Қазақ

халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің

бірі.

2-жүргізуші:

Енді міне, осы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан

ағаларымыз бен апаларымыз үш ғасырға жуық уақыт

бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізді.

2-оқушы:

Жас арудың жанарында – Желтоқсан,

Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.


Қаралы өмір қайыстырған халқымның,

Қара тұман қабағында – Желтоқсан.

Жауыздықты жасқаған да – Желтоқсан,

Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан.

1-жүргізуші:

Ия, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі

1986 жылдың 16 желтоқсан еді. Таңертеңгілік сағат 10.00

да бар жоғы 18 минутта 26 жыл елді үздіксіз басқарып

келген Д.А.Қонаев түсіріліп, орнына Г.Колбин ешкімнің

пікірінсіз-ақ ұсынылған еді.

2-жүргізуші:

Осыдан 31 жыл бұрынғы Алматы оқу орындарының бірінің жатақханасының алдындағы оқиға. Көрініс

- Қыздар, мен газет әкелдім.

- Не жаңалық шығыпты?

- Орталық Комитетінің хатшысы Д.Қонаевты алып, орнына

В.Колбинді тағайындапты.

- Колбин деген кім екен?

- Қайдан келіпті?

- Колбин Ульяновтан келіпті.

- Қазақстанды өзіміздің қазақстандық азамат басқарсын!

- Біз демократияны талап етеміз.

- Қане жүріңдер, қыздар, жігіттер алаңға кетейік!

3-оқушы:

Сүймейтұғын болдық қой, сүймей ғұмыр

Көлеңкеміз күннен де тимейді нұр.

Колбин деген кім екен, қайдан келген?

Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл?

Тәуелсіздік оңайлықпен келмейді,

Бізге оны ешкім аяп бермейді.

Тәуелсіздік – Қайрат, Ляззат, Ерболдың,

Тас көшеде тас-талқан боп өлгені.

1-жүргізуші:

Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына солдаттар мен милиция қызметкері қарсы қойылды. Қыз жігіттерді аяусыз таяққа жықты,

түрмеге қамады. Ербол, Ляззат, Сабира сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан тал шыбықтай жастарымыздың өмірін үзді.

2-жүргізуші:

Иә, ізгілік атаулыдан күдер үзіп, ең соңғы үміті, бар сенімі күйреген, рухани езілген балаң жігіт Қайрат. Қайрат есіл ер көзі тірісінде жазған өлеңдері адам жүрегін тебірентеді.

Соның бірі «Менің тағдырым».

4-оқушы:

Өмір бойы жолым болып көрмеді,

Жылап келем бұл дүниеге келгелі.

Қайғы шаңы басты менің денемді,

Түспейді шаң сілкінсем де мен енді.

Жолдаған сәлемімді дос алмады,

Шын ба екен-ау тас керең боп қалғаны.

1-жүргізуші:

Осы өлең жолдары Қайраттың қатты қиналып Қазақстан

үшін жанын құрбан еткенін еске түсіруге болады.

(Осы кезде Қайрат, Ляззат, Сабира, Ерболдардың суреттері әкелінеді)

Желтоксан желі –өлеңі айтылады

2-жүргізуші: 1 минут үнсіздік

5-оқушы:

Тұрса да биік өр басын,

Қазаққа бақыт орнасын.

Сексен алтыншы жылғыдай,

Желтоқсан желі болмасын!

Күн кешіп лапылдаған жастарым,



Дүрліктірді желтоқсанның аспанын.

Жерді, дінді, тілді баба дәстүрін

Қорғау үшін көтерді олар бастарын.

1-жүргізуші:

«Шеру ұйымдастыруға қатысы бар» деген жалған айыппен қаншама зиялы азаматтар жазаланды, жұмыстан қуылды. Бірақ ол үшін жауапқа тартылған ешкім болған жоқ.

2-жүргізуші:

1986 жылғы 16 желтоқсан күні Д.Қонаевтың орнына Колбин келіп, 17-сі жастар Брежнев атындағы алаңға бейбіт және саяси шеруге шығады. Шеруге шыққан жастарды саперлік күрекпен, дубинкамен, су атқыш машинамен, итпен және т.б. таратады. Ертеңіне 18-желтоқсан Қайраттың үйі.

Көрініс.

Сахнада Қайрат пен жеңгесі дастархан басында отырады. Үйге милиционер жігіт кіреді.

Милиция: Біз органнан келдік. Қайрат Рысқұлбеков деген азаматты

тұтқындауға келдік. Прокурордың санкциясы бар. Міне!

Жеңгесі: Қайрат, бері кел.

Милиция: Тез жинал, бізбен бірге кетесің.

Жеңгесі. Ойбай-ау бұларың не? Жұдырықтай баланың не жазығы бар

еді? Әке-шешесіне не бетімізді айтамыз.

Милиция: Жеңеше, сабыр етіңіз! Бұл жігіт бір төбелеске қатысыпты.

Анық – қанығын тексерген соң қайтарып жібереміз.

(Осы кезде Қайратты милиционер алып кетеді.)

1-жүргізуші:

Маңдайына жазылған аз ғана ғұмырдың соңғы сағатына

дейін мынау алдамшы дүниеден рахым күтіп, күдерін

үзбеген сұңғыла жігіттің көңілі кім үшін, не үшін мерт

болуға тиіс екенін сезе бастаған тәрізді.

КӨРІНІС

Кезекші: Заключенный Рыскулбеков на допрос.

Тергеуші: Айыпкер Рысқұлбеков, сен Мир мен Сәтбаев көшелерінде жасақшыларды көрдің бе?

Қайрат: Егер ол көшеге бармасам оларды қайдан көремін?

Тергеуші: Савицкийді сен өлтірдің бе?

Қайрат: Жоқ, өлтірген жоқпын?

Тергеуші: Сенің ұрып жатқаныңды біреу көріпті ғой.

Қайрат: Олай болса мені сол адаммен беттестір, бұл өтірік жала.

Тергеуші: Ах, ты, декабрист несчастный. Я тебе покажу өтірікті! Жала дейді еще! Ей, Рыскулбеков, сен, «Савицкийді өлтірдім» деп мойныңа ала сал, сонда сенің жазаң жеңілденеді. Егер,сен Савицкийді өлтіргеніңді мойындасаң, әкеңе тиіспейміз. Әйтпесе әкеңді де…

Қайрат: Жолдас тергеуші, бұл жала ғой! Өлтірмеген адамды өлтірдім деп қалай мойындаймын, адам түгіл тышқанды да өлтіріп көрген емеспін.


Тергеуші: Заключенный Рыскулбеков, сен ақымақ болма,

«Савецкийді өлтірдім» деп мойында. Бұл – бір. Сен әкеңнен 4 мың сом алып, мына менің алақаныма сал, бұл – екі. Түсіндің бе, мақұлық?

Қайрат: Жолдас тергеуші! Айылда әзер күнін көріп отырған ата-анамды ақша деп қинағым келмейді және не үшін ақша төлеуім керек? Не үшін? Ешқандай қылмысым жоқ.

Тергеуші: Әкетіңдер, құртыңдар, атыңдар!

Қайрат:Тоқта! Айтар сөзім бар.

Күнәдан таза басм бар,

Жиырма бірде жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар.

Алам десең алыңдар.

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

«Еркек тоқты – құрбандық»,

Атам десең атыңдар.

(Қайратты кісендеп алып кетеді.)

Жасыл жайлау ані

1-жүргізуші:

Тәуелсіздік - ел мұраты. Бұл біздің ұлан байтақ теңіздей Қазақ тарихының басынан кешкендерінің тамшысы ғана болса да, осы 17жылда Қазақстанның дамып өркендеуін жылдармен өрнектейміз.

1991 жылы Тәуелсіз Қазақстан елі тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты президент етіп сайлады.

1-жүргізуші: 1992 жылы Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, әнұраны, туы туралы заң қабылданды.
1-жүргізуші:

Есті ерлер жүрмейді желік ертіп,

Елеулі іске қосар емірентіп.

Бүгінгі кеш қонағы апайымыз

Сөз сөйлесін баршаны тебірентіп,-дей отырып,Төрешова

Ақкенже Қонысбекқызына сөз береміз.
Өлең: «Желтоқсан желі»

1-жүргізуші:

Тәуелсіздіктің түп тамырына желтоқсан оқиғасының тікелей байланысы бар екеніне ешкім дау айта қоймас. Десек те, 1986 жылдың қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек.
2-жүргізуші:

Бүгінде 1986 жылы болған Желтоқсан оқиғасына 25 жыл

толуда. Ел іргесі тыныш, халқымыз бай-қуатты болсын!

«Ж.Бәрібаев атындағы орта мектеп МДШО» МКМ

6-сынып оқушыларымен өткен «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым-ЖЕЛТОҚСАН!» ашық тәрбие сағаты туралы
Хабарлама

Мақсаты: 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл - әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру

Көрнекіліктері: Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова суреттері. «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» атты плакат. Желтоқсан тақырыбындағы топтардың қабырға газеттері және буклеттер. Қанатты сөздер.

Тәрбие сағатын екі жүргізушілер Азиза мен Қанағат жүргізді.Тәрбие сағатымызды әнұранымызды шырқаумен бастадық.Желтоқсан қахармандарын бір минут үнсіздікпен еске алып,өлең шұмақтарын арнады.Желтоқсанда болған оқиғаларды көріністер арқылы сахналап, оқушылар ойнап шықты. Соңында қатысқан мұғалімдер өз ұсыныстарымен тілектерін айтты.




Сынып жетекші: Журкабаева Г.К.