ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 23
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Пәні химия | Сыныбы: 8 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні | Мектеп № 133 негізгі орта мектебінің химия пәні мұғалімі Мұғалімнің аты-жөні: Шинтемирова Акнур Пирманбековна | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бөлім тақырыбы | 8.4 Көміртек және оның қосылыстары | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Көміртектің аллотропиялық түр өзгерістері | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты | 8.4.3.3 көміртектің аллотропиялық түр өзгерістерінің құрылысын және қасиеттерін салыстыру; 8.4.3.4 көміртектің аллотропиялық түр өзгерістерінің қолданылу аймағын зерттеу | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты | Көміртектің аллотропиялық түр өзгерістерінің қасиеттерін салыстырып, қолданылу аймағын зерттеу; Оқушылардың барлығы орындай алады: көміртектің аллотропиялық түр өзгерістерінің құрылысын және қасиеттерін анықтау; Оқушылардың көпшілігі орындай алады: көміртектің аллотропиялық түр өзгерістерінің қасиеттерін салыстыру; Оқушылардың кейбірі орындай алады: көміртектің аллотропиялық түр өзгерістерінің қолданылу аймағын зерттеу; | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Көміртектің аллотропиялық түр өзгерістерінің құрылысын айтады Көміртектің аллотропиялық түр өзгерістерінің қасиеттерін сипаттайды Көміртектің аллотропиялық түр өзгерістерінің қолдану аймағын дәлелдейді | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Дағдыларды дамыту: Көміртектің аллотропиялық түр өзгерістерінің құрылысын, қасиеттерін салыстырып, қолданылу аймағын зерттеу Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: аллотропия, графин, карбин, фуллерен, адсорбция Талқылау сұрақтары Көміртектің қанша аллатропиялық түр өзгерісі бар және олар қайда қолданылады? | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды қалыптастыру | Білім алуда бір -біріне деген құрмет, ынтымақтастық және достық қарым қатынаста, өзара бағалау бойынша өзгенің көзқарасын құрметтеуге үйрету | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті (мақсатқа қалай қол жеткіземін?) | Бағалау тәсілдері | Саралау тәсілдері | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ басы 7 минут | Ұйымдастыру 1. Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу. 1 тапсырма «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы алдыңғы тақырыпқа шолу жасау. Берілген сұрақтар бойынша жаңа тақырыпты ашу. 1.Көміртектің периодтық жүйедегі орны қандай? 2.Көміртектің жалпы сипаттамасы? 3.Көміртектің қосылыстарын және валенттілігі қандай? 4.Көміртектің табиғатта таралу жолдары? 5.Көміртектің қосылыстарындағы жиі кездесетін валенттілік? 6.Жер қыртысында көміртектің неше пайызы бар? 7.Көміртекті ең алғаш ашқан ғалым? 8.Көміртектің сыртқы энергетикалық деңгейінде неше электрон бар? | ҚБ: бағдаршам әдісі арқылы бағалау Өзара бағалау | «Сұрақ- жауап» әдісі арқылы оқушыларға алдыңғы тақырып бойынша сұрақтар беріп диалогқа тарту | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 15 минут 10 минут | 2 тапсырма. Топтық жұмыс «Топтастыру» әдісі арқылы әр топқа жаңа тақырыпта тапсырма беру. Мәтінмен жұмыс жасау Мақсаты: жаңа тақырыпты оқу, меңгеру іс-әрекетіне байланысты сабақты талдау
3 тапсырма. Жұптық жұмыс «Семантикалық карта» әдісі арқылы көміртектің түр өзгерістерін қасиеттерін анықтау. Мақсаты : жұптаса отырып берілген тапсырманы орындау, өз ойларын жаза білу
| Топ аралық бағалау. ҚБ: бес бармақ әдісі арқылы бірін-бірі бағалау | «Топтастыру» әдісі тапсырмасында оқушылар топпен отырып мәтінмен жұмыс жасайды. Көміртектің аллотропиялық түр өзгерістерінің құрылысын, қасиеттерін түсіндіреді. Оқушыларға жаңа тақырыппен жұмыс жасауына тапсырма беру «Семантикалық карта» әдісі арқылы көміртектің аллотропиялық түр өзгерістерінің қасиеттеріне тапсырма беріп, оқушылардың қызығушылығын арттыру | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ соңы 5 минут Рефлексия Кері байланыс 3 минут | 4 тапсырма. Қорытынды «Эссе жазу» әдісі арқылы 2-3 минуттық эссе жазу Мақсаты: оқыған мәлімет бойынша өз ойларына қорытынды жасау.
«Чемодан, еттартқыш, қоқыс жәшігі» әдісі Оқушыны алған білімін саралай білуге дағдыландыру. Тақырып бойынша алған керекті ақпараттарды чемоданның тұсына жазса, ал әлі де оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқыштың тұсына жазады. Сонымен қатар керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігінің тұсына жазады | Түрлі- түсті гүл күлтесі арқылы сабақтың соңында оқушылар рефлексия жасайды Жасыл -Мен сабақта нені білдім, нені үйрендім? Сары -Не түсініксіз қалды? Қызыл - Нені қайталау керек? | «Эссе жазу» әдісі арқылы сабақтың бекіту кезеңінде барлық оқушыларға тапсырма бере отырып, 3 минуттық эссе жазғызу, сол арқылы әрқайсысының не түсінгені туралы қорытынды жасау | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Мұғалімнің өткізген сабақ бойынша рефлексиясы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? | Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |