Файл: Жмыс пен уат. Энергия. Малімні атыжні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 33

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспар

Бекітемін:


Бөлімі:

Жұмыс пен Қуат. Энергия.

Мұғалімнің аты-жөні:

Машықкердің аты-жөні:

Шаймерденова Ж.А.

Сапаш Б.С.

Күні: 11.04.2023ж




Сыныбы: 7в

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Жай механизмдер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.2.4.1 – «Механиканың алтын ережесін» тұжырымдау және қарапайым механизмдердің қолданылуына мысалдар келтіру;

7.2.4.2 – күш моменті ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру

Бағалау критерийлері


Оқушы

  • Қарапайым механизм дегеннің не екенін және оның қандай түрлерінің болатынын біледі;

  • күш моменттерін дұрыс түсіндіреді.

  • Күнделікті өмірдегі механизмдерден бес мысал келтіріп, олардың әрқайсысында күш моменті ұстанымының қалай пайдаланылатынын түсіндіреді.

  • Моменттер ережесін дұрыс түсіндіреді және күнделікті өмірден мысалдар келтіреді;

  • Тепе-теңдік шартын түсіндіруде сызбалық суретті қолданады

Құндылықтарға баулу


Жай механизмдерді пайдаланып, күштен ұтыс жасауды тұрмыста, техникада қолдануға үйрету.


Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут



Оқушылармен амандасып,сыныпты түгелдеу.

Психологиялық ахуал: «Жүректен жүрекке».

Үй тапсырмасын қайталау

1.Оқушылар өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

2. Бұл сұрақтарға ИЯ немесе ЖОҚ деп жауап береді.

Сұрақтар

Жауап

  1. Энергия деп дененің жұмыс істеу қабілетін нақты көрсететін физикалық шаманы айтады.

Ия

  1. Дененің қозғалу салдарынан туындайтын энергия потенциалдық энергия деп аталады

Жоқ

  1. Жерге тартылу күшін ауырлық күші деп атайды.

Ия

  1. Денелердің әрекеттесуінен туындайтын физикалық шама -күш

Ия

  1. Кинетикалық энергияны есептеу формуласы - +

ИЯ

  1. 1 киловатт (1кВт)=1000 Вт=103Вт-қа тең.+

Ия

  1. - Деформацияланған серіппенің кинетикалық энергиясы.+

Жоқ

  1. Дененің тірекке түсіретін күшті салмақ деп атйды.

Ия

  1. Күштің өлшем бірлігі – Джоуль

ЖОҚ

  1. Жұмыстың уақытқа қатынасы қуат деп аталады

ИЯ



Мұғаліммен амандасады.

Кезекші сынып туралы мәлімет айтады.
Оқушылар бір біріне жылы тілектер айтады.
Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді.

Жарайсың, жақсы



Өтілген тақырыптар бойынша парақта семантикалық карта беріледі

Сабақтың ортасы
25 минут


Жаңа сабаты түсіндіру

Жаңа тақырыппен танысу үшін, алдымен жұмбақтарды шешуді ұсыну:

1. Екі басты айдаһар
Бәрін қырып жояды.
Екі аяқпен жер тіреп.
Қағазды жеп қояды. (қайшы)

2. Артық кемдi теңестiрер,

Дәндi де өзi жемес бiрер. (таразы)

3. Жансыз жарады,

Жанды ұрады. (балта)
4. Жетпіс аяқ бауырында,

Екі қолы жауырында,

Тындырады істі ол,

Жеңілін де, ауырын да. (ара)



Осы құралдардың барлығын бір сөзбен қалай атауға болады?

Оқушыларды үлестірмелі қағаздар арқылы 3 топқа бөлу:

1 топ: «Иіндік» елі

2  топ: «Жай механизмдер» елі

3 топ: «Көлбеу жазықтық» елі

«Джигсо әдісі» арқылы тақырыпты түсіну.

1 топ: «Иіндік» елі

1.Қозғалмайтын тіреудің немесе біліктің (осьтің) төңірегінде айнала алатын кез келген дене иіндік (рычаг) деп аталады.

2. Тіреу нүктесінен күштер орналасқан түзулерге түсірілген  перпендикулярдың ұзындығын күш иіні деп атайды

3. Түсетін күштің өз күш иініне көбейтіндісі күш моменті деп аталады: M=F*d

2 топ: «Жай механизмдер» елі

Күшті түрлендіріп, қозғалыс бағытын өзгерту үшін қолданылатын құралдар механизм дер деп аталады.

3 топ: «Көлбеу жазықтық» елі

Ауыр жүктерді көтермей-ақ, жылжыту үшін қолданылады.

 Механиканың алтын ережесі: күштен қанша есе ұтсақ, орын ауыстырудан сонша есе ұтыламыз.

«2 жұлдыз, 1 тілек» әдісі арқылы топты бағалау.

Есептер шығару

1.Рычагқа 2,5 Н- ға тең күш әрекет етеді. Егер күш моменты 0,6 Н*м болса, онда иін күші неге тең?

2. Машина 72 км/сағ жылдамдықпен бірқалыпты қозғалып келеді. Егер оның моторының тарту күші 2000 Н болса, онда ол 10 секундта қанша жұмыс атқарады?

3.Серіппелі тапаншадағы серіппенің қатаңдығы 4000 Н/м. Оқтың массасы 5г. Серіппені 2см-ге сығып қысады. Оқ пистолеттен қандай жылдамдықпен ұшып шығады.

4. Массасы 10г оқ 800 м/с жылдамдықпен ағашқа тиеді де 10см тереңдікте тоқтайды. Ағаштың кедергі күшін тұрақты деп есептеп, оның шамасын табу керек.

Дескриптор:

1.Есептің берілгенын жаза алады 2.Формуланы анықтайды. 3.Формуланы түрлендіреді

Жұмбақты шешеді.

Оқушылар берілген үлестірмелі қағаздарды алып, шағын топтарға бөлінеді.

Әр топ тақырып бойынша білгендерін келесі топтарға айтып, түсіндіреді,постер қорғайды.

Топтар қарама қарсы топтың жұмысын 1-10 ұпай аралығанда баға қойады.

Есептер шығарады.



Жақсы, жарайсың, тамаша.

«2 жұлдыз, 1 тілек» әдісі арқылы топты бағалау.



Сабаққа дидактикалық материалдар

Үлестірмелі қағаздар.










Сабақтың соңы.

10 мин


Рефлексия

Бағалау

Үй тапсырмасы

Кері байланыс Тест

1.Жай механиздер дегеніміз не?

А) күшті өзгертпей, қозғалыс бағытын өзгерту үшін қолданылатын құралдар В) күшті түрлендіріп, қозғалыс бағытын өзгерту үшін қолданылатын құралдар

С) күшті түрлендіріп, қозғалыс бағытын реттеу үшін қолданылатын құралдар

2. Блок дегеніміз не?

А) өз өсінің төңірегінде айнала алатын, шетінде науасы бар доңғалақ тегершін.

В) айналмайтын шетінде науасы бар доңғалақ тегершін.

С) айналатын қарапайым доңғалақ тегершін.

3. Иіндік дегеніміз не?

А) қозғалмалы тіреудің немесе біліктің төңірегінде айнала алатын кез келген дене

В) қозғалмалы тіреудің немесе біліктің төңірегінде айнала алатын доңғалақ

С) қозғалмайтын тіреудің немесе біліктің төңірегінде айнала алатын кез келген дене

4. Күш моменті дегеніміз не?

А) Күштің уақытқа көбейтіндісі.

В) Түсетін күштің өз күш иініне көбейтіндісі

С) Түсетін күштің өз күш иініне бөлііндісі.
Рeфлексия: «Хабарлама жаз»
Оқушыларға қағаздан жасалған телефондар таратылады, оқушылар телефонға хабарлама ретінде кері байланыс жазады.
Үйге тапсырма: Тақырыпты оқып келу.

Сабақты қорытындылау барысында оқушылар өз ойларын, түсінгендерін телефонға хабарлама ретінде жазады.
Тест тапсырмаларын орындайды



Жалпы сабақты бағалау критерийлер бойынша ең жоғарғы 10 балл


Үлестірме, реквезит телефондар.


Үлестірмелі тест тапсырмалары.



Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Оқушыларға жеке қолдау көрсету, оқу материалдары мен дереккөздерді оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып,

Мотивациясы жоғары оқушылар:

Көмек қажет ететін оқушыларға «Сәйкестендіру» тәсілі оқушының ынталану қабілетін арттыруға көпірше болып қызмет атқарады.

Тапсырмалар бере отырып, күтілетін нәтижеге жетелеймін.

«Рефлексия пирамидасы» әдісі арқылы кері байланыс береді

Әрбір кезең бойынша оқушыларға ауызша және бас бармақ, смайликтермен кері байланыс беріп отырамын, сол арқылы оқушыларды ынталандыруға бағыттап отырамын, қолдау көрсетемін.

Оқушылардың өзін-өзі бағалауы, топтардағы бағалау жүріп отырады


Физика кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі еске салынады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2: