Файл: Таырыбы Ойлы болса, озып кр! Логикалы тапсырмалар (басатырылар) Масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.12.2023

Просмотров: 33

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тақырыбы: Ойлы болсаң, озып көр! Логикалық тапсырмалар (басқатырғылар)

Мақсаты: 1.1.Оқушылардың математикалық сауаттылықтарын арттыру, логикалық ойлау дағдыларын жетілдіру, игерген білім-біліктерін тексеру.

2.1.Сөздік қорын, жылдам есептеу дағдыларын жетілдіру, дамыту.

3.1.Ұлттық құндылықты бойларына дарыту.

3.2.Шыдымдылыққа, ептілікке баулу.
І. Ұйымдастыру. Көңіл ашар күйі ойналады.

-Армысыздар, қонақтар! Балалар, осы ауылда үлкен той болып жатыр деген соң осында келген жайым бар.

-Армысыз ардақты әже! Келіңіз, кіріңіз!Біздің сандар сыры ауылымыздың Қадірлі қонағымыз болыңыз!

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,

Математикаға орын берсең басыңнан.

Барлық ғылым саған үйір болады,

Досың солар табылатын қасыңнан, - Ал, ендеше, балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай?

-Дұрыс, Ойлы болсаң, озып көр! деп аталады. Ал мақсатымыз, мақсатты хабарлау.

Бүгінгі сабақта сайыс сабақ, әр топтың аттары бар, әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріліп, әр түрлі логикалық тапсырмалар орындаймыз. Математика бізді күнделікті өмірде аса маңызды екенін білеміз.

1-сайыс. «Шашу» сұрақтардан шашу шашылсын!логикалық сұрақтар қойылады.

  • 10-ға қалдықсыз бөлінетін сандар? (0-ге аяқталатын сандар)

  • 200-дің 4-тен бір бөлігі? (50)

  • Қабырғасы 40 см болатын шаршының ауданы? (1600см)

  • 7000-нан 100 есе артық сан.... (700 000)

  • 10 000 5 000-нан неше есе артық? (2 есе артық)

  • 240 мин неше сағат? (4 сағ)

  • -Бір адам қалаға бара жатыр еді, жолда оған үш танысы қарсы келді.Қанша адам қалаға барады? (1)

  • Ауылда 4 күн, 4 түн боран соқты. Неше тәулік боран соқты? (4т)



  • -Тамаша! Енді біздің тойымызды жалсартыру үшін ұлттық ойынымыз алтыбақан туралы не білеміз? Алтыбақан таныстыру. Алтыбақан — қазақтың ежелгі ұлттық ойыны. Тымық кеште, айлы түнде, ауыл сыртында ойналады. Алтыбақан құру үшін 6 бақан немесе 6 сырық, үш арқан керек. Бақандарды үш-үштен бір басын буып, аралығын үш-төрт метр етіп, мосы тәріздендіріп орнатады да жоғары жағы сырықпен жалғастырылады. Бақандардың жоғарғы ашаларына екеуі жоғарырақ, бірі төмен етіліп үш арқан тартылады. Жоғарғы екеуі отыруға немесе бел сүйеуге арналады, төменгі арқанға табан тіреледі. Қыз бен жігіт қарама-қарсы орналасып, бел арқанның екі жақтауынан бекем ұстап, үшінші адамның демеуімен тербетіледі. Тербелушілер қосылып ән бастайды да оған тамашалаушылар қосылып, думандатып әкетеді. Бел, табан арқандарының орнына соңғы кезде жеңіл тақтайлар қолданылып жүр. Алтыбақан ойыны ежелгі көшпелі елдің бәріне кең таралған. Отырықшы халықтарда ол әткеншек деп те аталады. [1]Алтыбақаннан айырмасы ол тұрақты орнатылады және жалғыз адамға арналады. Алтыбақанның қажетті заттары – тез құрастырылып, жиналатын үй мүліктері.

  • Олай болса, алтыбақанды алдаға қима қағаздардан бейнесін жасап құрастырып көрелік.


2-сайыс. Математикалық басқатырғы. (леаринг ап ойын тақтасы)

Бұл сайыста әр топ өзі тапқан сөздерді оқиды.



Әріпті ребус. Әрбір бірдей әріптер, бірдей цифрлар, әр түрлі әріп әр түрлі цифрлар. (150+150+150-450, 250+250+250-750)

Тақ

+тақ

+тақ

Сақ



Жауабы: 6 рет

3-сайыс. Мақал- мәтел жарысы. Топтар өзара мақал –мәтелдер айтып жарысады.

4-сайыс. Ойлан, тап)!Логикалық есептер.

Слайд бойынша.

Қазақ үшін әр санның өзіндік қасиеті мен киесі, сыры мен жұмбағы, мән-маңызы болған. Халқымыз әр санның өзіне тән ерекшелігін саралап, жөнімен қолданған. Қасиетті сандар және олардың киесі туралы толығырақ

Ұлы ғалым Пифогор: «Әр сан өзіндік ерекшелікке ие» деген екен

Үш жұрт: өз жұрты, нағашы жұрты және қайын жұрты.

үш арсыз –  ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз;

үш даусыз – мінез, кәрілік, ажал; үш байлық:

Үш көз: Су анасы – бұлақ, жол анасы – тұяқ, сөз анасы – құлақ
Үш тоқтам: Ақыл – арқан, ой - өріс, адам – қазық
Үш қасиет: өліде – аруақ, малда – кие, аста – кепиет
Үш талғам: мейірім – сауап, жақсылықтан шарапат, жамандықтан кесепат
Үш жүз: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз
Үш тәтті: жан тәтті, жар тәтті, мал тәтті
Үш қуат: ақыл, жүрек, тіл:

Бес қару: бес парыз, бес ?

Жеті қазына: жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы, берен мылтық, қандыауыз қақпан, майланғыш ау, өткір кездікті 

Жеті жұт: құрғақшылық, жұт (мал қырылу), өрт, оба (ауру), соғыс, топан су, зілзала.

Жеті күн: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
Жеті амал: тоқсанның кіруі, киіктің матауы, мұздың қатуы, айдын тоғамы, үркердің батуы, қарашаның батуы, күннің тоқырауы


Жеті қазына: ер жігіт, сұлу әйел, берен мылтық, , ақыл, білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, жүйрік тазы
Жеті жоқ: Аллада бауыр жоқ, таста тамыр жоқ, аспанда тіреу жоқ, жерде өлшеуіш жоқ, тасбақада талақ жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ

Жеті ата:
1. Тек ата. 2. Түп ата. 3. Баба. 4. Арғы ата. 5. Ата. 6. Әке. 7. Бала.
Жеті ата: әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат
Жеті құбылыс: күншығыс, күнбатыс, түстік, терістік, аспан әлемі, жер орта, жер асты

Тоғыз жау:

1.Жаман болса жақын жау,

2.Шабан болса атың жау.

3.Шайпау болса қатын жау,

4.Тартыншақ болса түйең жау.

5.Тебеген болса биең жау

6.күнде келсе күйеу жау,

7.Жымсыма болса жиен жау

8.опасыз болса ұлың жау,

9.Арсыз болса қызың жау

Тоғыз ортақ:

1.Шешеннің тілі ортақ

2.Шебердің қолы ортақ.

3.ер жігіттің ортасы ортақ

4.Әйелдердің қалжасы ортақ

5.Жүйрік аттың жүлдесі ортақ

6.Жиналыстың мінбесі ортақ

7.Жақсының тартқан қайғысы ортақ

8.Қыранның шеген тұяғы ортақ

9.Жандыға келетін ажал ортақ

Қорытынды: Ұпайлар саны саналады.

Кері байланыс.

Білім қоржыны

Ойлап тұрсаң өмірде бәрі де есеп,

Ауырсаңыз ішетін дәрі де есеп.

Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз-ау,

Дүниенің бар тұлғасы есеп.- деп тойымыздан тобықтай сый ретінде Ұлдарға қамшы, қыздар,а шолпы сыйлағым келеді. Келер сабаққа осы алған сыйлығымыз туралы мәліметтер, құрылымдары туралы дайындалып келеміз.