Файл: ШАын жоба Малімні зіндік даму бадарламасы.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.12.2023

Просмотров: 105

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


ШАҒЫН ЖОБА
«Мұғалімнің өзіндік даму бағдарламасы»

Орындаған: Исатаева Гаухар Ораловна


Мазмұны:
Кіріспе……………………………………………...……................…………...3-4
І тарау Бәсекелестікке қабілетті тұлғаның қалыптасуы – ұстаз

шеберлігінің қолында....................................................................4-10

ІІ тарау Мұғалімнің кәсіби жетілу жолдары.............................................. 11-12

ІІІ тарау Өзгерістер мен кәсіби өсуінің көрсеткіштерін анықтау ....................13

Өлшеуіштер....................................................................................................14

Кездесетін қиыншылықтар.............................................................................15

Қорытынды.................................................................................................15-16

Глоссарий.........................................................................................................17

Әдебиеттер......................................................................................................18

Қосымша......................................................................................................19-27

Кіріспе

«Еліміздің    ертеңі  бүгінгі   жас  ұрпақтың     қолында, ал   жас  ұрпақтың  тағдыры  ұстаздарының   қолында»

                                                         Н. Ә.  НАЗАРБАЕВ
«Ұстаз ... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардың ешнәрсені ұмытпайтын ... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі ..., мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ ..,жұрттың бәріне ... жақсылық пен ізгілік көрсетіп ... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек».

ӘЛ-ФАРАБИ

Қазақстан Республикасы «Білім» туралы Заңының 51 бабының 5-тармағында «Мұғалім өзінің педагогикалық шеберлігін, парасаттылығын, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін үнемі жетілдіріп отыруға міндетті»,-делінген. Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген.


Мұғалім еңбегі жоғары деңгейдегі ұтқырлығымен, күрделілігімен және жан-жақтылығымен ерекшеленеді, бұл оның терең және кәсіптік білімінің, білік-дағдыларының болуын қажет етеді. Өзіндік білім алудың шеңберінен тыс мұғалімнің тұлғалық және кәсіптік дамуы мүмкін емес.

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау.

Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

Сондықтан қазіргі заман мұғалімі қоғамдық дамудың деңгейінен көрінетін, оның әлеуметтік парызына жауап беретін, жаңалыққа жаны сергек, педагогикалық құбылыстардың барысын идеялық адамгершілік тұрғысынан шеше алатын, жаңаша ойлау дағдысын меңгерген, балалардың талапкерлігі мен қабілетін, өздігінен еркін дамуын ұйымдастыра алатын, әрі шығармашылықпен еңбек ете алатын, кәсіби шеберлігі дамыған шығармашыл мұғалім қажет.

Проблемасы: көпшілік мұғалімдерде өзін-өзі дамыту бағдарламасын жасаудағы қиындықтардың болуы.

Мақсаты: мұғалімнің өзіндік даму бағдарламасын әзірлеп, кәсіби даму жолдарын ұсыну.

Міндеттері:

  • білім жүйесіндегі өзгерістерге талдау жасау;

  • жаңа формация мұғаліміне қойылатын талаптармен танысу;

  • мұғалімнің кәсіби білім жетілдіру жолдарын қарастыру;

  • өзгерістері мен кәсіби өсуін қадағалайтын көрсеткіштерін анықтау; және өлшемдерін әзірлей отырып, өзіндік талдау жасау;

  • әлсіз жақтарын анықтап, кәсіби даму бағдарламасын жасау.

Зерттеу объектісі: мұғалімнің кәсіби даму бағдарламасы.

Зерттеу пәні: кәсіби даму жолдары, яғни технологиялар, диагностика, ақпараттық, шығармашылық, зерттеу.

Болжам: егер әрбір педагог,

  • білім беру жүйесіндегі өзгерістерді қабылдауға дайын болса;

  • жаңа формация мұғаліміне қойылған талаптарды меңгерсе;

  • кәсіби білімін үзбей жетілдірсе;

  • өзгерістер мен кәсіби өсуіне талдау жасап, өлшемдерін әзірлей алса, онда кәсіби даму бағдарламасын іске асыра алады.

Күтілетін нәтиже: кәсіби шебер мұғалім.

Зерттеу әдістері:

1.Теориялық әдістер: үлгілеу және жалпылау, салыстыру, абстракциялау, топтау, жүйелеу, талдау, жинақтау және т.б.

2. Эмпирикалық (тәжірибеге негізделген): зерттеу тақырыбы бойынша әдебиетті оқу, педагогикалық өлшемдер әдістері (тіркеу, жіктеу, тестілеу), бақылау, іс-әрекет өнімдерін қарастыру, нормативті, нұсқау - әдістемелік құжаттарды игеру, сұрақ–жауап әдістер (сауалнама, әңгімелесу, сұхбат, социометрия, тәуелсіз сипаттамалар әдісі), педконсилиум, математикалық санақ әдісі.



І тарау. Бәсекелестікке қабілетті тұлғаның қалыптасуы– ұстаз шеберлігінің қолында.

Педагог – өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман.

Д.Пойа айтқандай «Егер мұғалім өз пәніне шын ықыласымен берілсе, онда бүкіл сыныпта бұл пәнге ынтасымен берілетін болады. Егер де, пән сізді қызықтырмаса және оны терең білмесеңіз онда сабақ беруден бас тарту керек. Себебі, сіз ешқашан да сабақты жақсы бере алмайтын боласыз». Расында да, пәнді сүю және оны терең білу – мұғалімге қажетті шарт, алайда, бұл жеткілікті емес. Мұғалім өзінің пәнге деген қызығушылығын өз оқушыларының бойына сіңіре білу қажет.
К.Д.Ушинский: «Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр – сырын меңгермейінше бұған оның қолы жетпейтіндігін», – айтады.

Әрбір пән мұғалімі оқушыны ғылым негізімен сусындатып қана қоймай, оның өмірлік қажеттілігіне айналуына күш салады.

Көрнекті педагог В.А.Сухомилнский «Сабақ жасөспірімдердің интелектуалды өміріне құр ғана сабақ болып қоймас үшін ол қызықты болуы шарт. Осыған қолжеткенде ғана мектеп жасөспірімдер үшін рухани өмірдің тірегі ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысынаайналады» деп айтқан. Өйткені жайғана сабақ құнарсыз тағамсекілді адам бойына жұқпайды. Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденісі, қолданған әдіс- тәсілдеріарқылы ерекшеленіп, шәкірт жүрегіене орын алады. «Өмір бір орында тұрмайды, уақыт өткен сайын жаңа талаптар пайда болады» деген Елбасының сөзі мұғалімдердің жаңа міндеттерді шешуге әзір болуын талап етеді.

Мұғалімнің шеберлігі, біріншіден, сабаққа дайындығы мен жаңашыл әріптестерінің тәжірибесін пайдалана алуымен тікелей байланысты. Ол үнемі және мақсатты түрде өз білімін, өз тәжірибесін жұмыстың жаңа тәсілдерімен толықтырып отыруы керек. Сондықтан мұғалімнің әрбір сабаққа дайындығы күрделі де жауапты жұмыс.

Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың негізгі нысаны. Сабақ упқыты қысқа, сондықтан ол күрделі және жауапты кезең, себебі сабақтың сапасы оқушының дайындығына тікелей әсер етеді. Сондықтан мұғалімдер сабақтың жаңа технологиясын жасап, енгізу, қысқа мерзім ішінде оқу міндеттерін орындау үшін жұмыстануда. Жақсы сапалы сабақ беру оңай жұмыс емес. Көп нәрсе мұғалімнің сабаққа қойылатын талаптарды түсінуіне және орындауына байланысты. Талаптарды әлеуметтік сұраныс, оқушылардың жеке қажеттіліктері, Оқыту мақсаты және міндеттері, оқу процесінің заңдылықтары мен принциптері анықтайды.


Ұстаз алдындағы басты мақсат – сапалы біліммен саналы тәрбие беру, тұлғаның заман талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету.

Технология - оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы, оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі. /Академик В.М. Монахов/

Технологиялық оқыту – өзара белсенді оқыту. Өзара белсенді режимдегі жұмыста ақпараттар ағыны оқушыға не топқа жетіп, оқушылардың жан – жүйесінде жасырын жатқан ақыл-ой қызметін белсендіреді. Ақпарат бұл жағдайда екі бағытта: мұғалімнен – оқушыға, оқушыдан мұғалімге қарай жүріп, оқушыны өзі үшін білім алушы, өзін білімдендіруші яғни субъект жағдайына қояды.

Мұғалімдердің кәсіби даярлығын жетілдірудің бір жолы – мектептегі оқу процесінде инновациялық оқыту технологияларын пайдалану болып табылады.

Білім берудің мақсаты, оның ұйымдастырушылық құрылымы, технологиялық жағынан жабдықталуы, оқыту әдістемесі қоғамның әлеуметтік сұранысынан туындайды. Бұған дейін білім беру үрдісінің негізгі бөліктері мақсат, мазмұн, форма, әдіс оқыту көрнекілігі болса, бүгін де жаңа технология бойынша оқып үйрену, меңгеру, өмірге ендіру, дамыту болып өзгерген. «Нені оқыту керек?» деген сауалға мемлекеттік білім беру стандарты жауап берсе, «қалай оқыту керек?» деген сауалына жауапты тек мұғалімнің кәсіптік даярлығынан, жаңа технологияны пайдалана білуінен, өзінің нақты мақсатын дәріс үстінде қалыптастыра білу шеберлігінен іздеу керек. Яғни, білім беру жүйесін дамытпалы оқу технологиясына ыңғайлау қажетілігі туады.

Жалпы айтқанда, жаңа технология – мұғалімнің мүмкіндігін қуаттандыратын құрал. Жаңа ақпаратық технологияны сабақ барысында қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады және оның бірнеше артықшылықтары бар. Осы артықшылықтарды сабақ беру барысында да, сабақ нәтижелерінде көруге болады:

  1. Оқушыларға оқылатын құбылыстар мен объектілер туралы толық және дәл ақпарат бере отырып, оқу сапасын арттырады;

  2. Оқытудың көркемдігі артады, яғни оқушыларға қиын да күрделі материалдарды көрнекі түрде түсіндіруге қол жетеді;

  3. Оқытудың тиімділігі жоғарылайды және оқыту материалдарын түсіндіру мүмкіндігі артады;

  4. Оқушылардың ғылыми-дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыра отырып, олардың білімге құштарлығын, өзмамандықтарына деген табиғи сұранысын қанағаттандырады;

  5. Мұғалімдерді техникалық жұмыстан босата отырып, үнемдеген уақытта олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды;


Мұғалім мен оқушының жұмысын жеңілдетеді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көпнұсқалық қағидасы бекітілген, білім мекемелерінің педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны тиімділігіне қарай пайдалану мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді.
Қазіргі кезде қолданып жүрген жаңа педагогикалық технологияның негізіне мыналар жатады:
• Әрбір оқушының жеке және дара ерекшеліктерін ескеру;
• Оқушылардың қабілеттері мен шығармашылықтарын арттыру;
• Окушылардың өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру.
Жаңа педагогикалық технологияларға:
- ынтымақтастық педагогикасы;
- білім беруді ізгілендіру технологиясы;
- тірек белгілері арқылы оқыту технологиясы;
- түсіндіре басқарып оза оқыту технологиясы;
- деңгейлік саралап оқыту технологиясы;
- модульдік оқыту технологиясы;
- жобалап оқыту технологиялары кіреді.
Барлық жаңа технологияның алдына қоятын мақсаты - окушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру.
Ынтымақтастық педагогикасының ерекшелігі мына төмендегідей:
-мұғалім-оқушы, оқушы-мұғалім, оқушы-оқушы. Оқушы да субъект, мұғалім де субъект;
Ізгілендіру технологиясының негізін қалаған Ш.Амонашвили.
Білім берудің ізгілендіру технологиясының мақсаты - баланы азамат етіп тәрбиелеу, баланың танымдық үшін қалыптастыру және дамыту, баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату.
Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының негізін қалаған В.Шаталов болды. Бұл оқыту технологиясы төмендегідей мақсатты қояды:
-білім, білік, дағдысьң қалыптастыру;
-барлық баланы оқыту;
-оқытуды жеделдету.

Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының негізін қалаған профессор Ж.Қараев.
Бұл технологияның ерекшеліктері темендегідей:
-білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі;
-оқушыға берілетін тапсырманың саралануы;
-оқушының бірте-бірте өрістей дамуына мүмкіншілік жасау;
-оқушының оқу деңгейін таңдауға ерік беру;
-оқушы өз мүмкіндігіне орай тек міндетті деңгейде білім алуға ерікті.
Модульдік технология дамыта оқыту технологиясына негізделген.
Мұндағы мақсат - оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалдарын өңдеудің жекеленген тәсілдері арқылы жұмыс істеуге үйрету.

Жобалап оқыту технологиясы алдын ала құрылған жобаға, нұсқауға негізделіп оқыту керек.

Жаңа ақпараттық технологиялар