ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.12.2023
Просмотров: 107
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Субьективті критерийлер. Адамның мамандығы қаншалықты оның табиғатына, қабілеттері мен қызығушыларына сәйкес қаншалықты ол өз ісінен қанағат табатындығымен байланысты. Мұғалім еңбегіндегі субьективті критерийлерге кәсіби – педагогикалық бағыттылық, кәсіптің маңыздылығын , оның құндылығын түсіну, маман иесі ретінде өзіне позитивті көзқарастың болуын жатқызады.
Нәтижелі критерийлер. Мұғалім өз ісіне қоғам талап етіп отырған нәтижелерге қол жеткізіп отыр ма деген мәселе тұрғысынан қарастырады. Біреулер нәтиже ретінде оқушылардың білімдерінің стандартқа сай болуын алса, енді біреулер олардың қарым- қабілетін дамытуды алады, ал кейбіреулері оқушылардың өмірге дайындығын басты назарда ұстайды, ал оқыту нәтижесі біз үшін баланың психологиялық функцияларын жетіліп, өзінің педагогикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуге қолдана алуы.
Шығармашылық критерийлер. Мұғалім өз кәсібінің шекарасынан шыға алуы, сол арқылы өз тәжірибесін, еңбегін өзгерте алуы жатқызылады. Шығармашыл мұғалім үшін біреудің тәжірибесін қайталағаннан гөрі өз жаңалықтарын, білгендері мен түйгендерін басқаларға ұсына алуының, шығармашылық бағыттылықтың болуының мәні зор. Кәсібиліктің бірден келе салмайтындығы белгілі, оны әр мұғалім ерте ме, кеш пе меңгеруі тиіс. А.Маркова оның кезеңдерін төмендегідей етіп бөледі: мұғалімнің өз мамандығына бейімделу кезеңі: мамандықта өзін-өзі өзектендіру кезеңі: мамандықты еркін меңгерген кезең: мамандықта шығармашылық деңгейге жеткен кезең. Осылайша ғалым кәсіби құзыреттіліктің сипаттамасын шебер- мұғалімнің , жаңашыл - мұғалімнің, зерттеуші - мұғалімнің, кәсіби дәрежесіне көтерілген мұғалімдердің жиынтық бейнесі ретінде қарастырады.
Ең бірінші кезекте мұғалімнің « өзіндік жаңалығы» болуы қажет. Ғылым жаңалығын түрлендіруде өз үлесін қосу арқылы жасаған нәтижелі жұмысы өзгелердің тәжірибесін толық көшірмей, жаңа ортаға икемдеп, өзіндік іс- әрекет жиынтығы арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу керек. Қазіргі кәсіптік - педагогикалық қызмет қандай мұғалімді талап етеді. Мұғалім – оқушылардың жеке тұлғасын дамытуға басымдық беретін, күрделі әлеуметтік-мәдени жағдайларда еркін бағдарлай алатын, шығармашылық процестерді басқара алатын, адам туралы ғылымның жетістіктерін, оның даму заңдылықтарын, компьютерлік оқыту өнерін терең меңгерген жан- жақты дамыған шығармашыл тұлғаны талап етеді.
Ал, білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығының дамуына жағдай жасай алатын, тұлғалық - ізгілілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс- қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген және білімдік мониторинг негізінде ақпараттарды тауып, оларды таңдап сараптай алатын, отандық және шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті айтамыз.
Мұғалімнің кәсіби білімін көтеруі қажеттілігін туғызып отырған мотивтер:
-
Күнделікті ақпаратпен жұмыс;( күнделікті толассыз ақпарат көзін меңгеру) -
Шығармашылық талпыныс; -
Қазіргі заманғы ғылымның дамуы ( педагогика, психология); -
Қоғам өміріндегі өзгерістер; -
Бәсекелестік -
Материалдық стимул; -
Қызығушылық -
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
Өздігінен білім алу көздері:
-
семинарлар мен конференциялар -
шебер сыныбы -
іс-тәжірибе алмасу бойынша іс-шаралар; -
біліктілікті жетілдіру курсы -
экскурсиялар театрлар, мұражайлар, концерттер, газеттер, журналдар -
әдебиет (әдістемелік, ғылыми, көркем) -
Интернет
ІІІ тарау Өзгерістер мен кәсіби өсуінің көрсеткіштерін анықтау.
Кәсіби даму проблемаларын анықтау үшін және жоғарыда қарастырылған диагностика әдістерін ескере отырып, келесі зерттеулер түрлері жүргізілді:
-
«Д.Б.Эльконин және Г.В.Драгунова бойынша клиникалық зерттеу әдісі», (кіруде), /1-қосымша/. -
«Әдіснамалық мәдениетін өздік бақылау», (тест-сауалнама В.И.Андреев бойынша), /2-қосымша/. -
«Оқытушылардың шешуші құзіреттіліктерінің қалыптасу сапасы мен деңгейін анықтау», (П.И.Третьяков бойынша) /3-қосымша/. -
Тест-сауалнама, (құрастырушы Жунусова М.Р.) /4-қосымша/.
12 жылдық білім беруге көшу жағдайында жаңа формация мұғалімінің кәсіби құзіреттілігінің даму деңгейін бағалау (Д.Б.Эльконин, Г.В.Драгунова), әдіснамалық құзіреттілігін өз бетінше бағалау (В.И.Андреев), шешуші құзіреттіліктерінің қалыптасу сапасы мен деңгейін анықтау, (П.И.Третьяков), мұғалімнің жетістіктерін Блум таксономиясы ықпалымен бағалау (Анкета- тест М.Р.Жунусова) диагностикалары педагогтың өзіндік дамуындағы өзгерістер мен кәсіби өсу деңгейін анықтауға мүмкіндік береді, яғни «әлсіз» жақтарын анықтап әрі қарай қандай бағытта жұмыс жүргізу қажеттігін айқындайды.
3 жылға даму бағдарламасының кезеңдері:
Блум таксономиясы
І кезең – білу, түсіну, қолдану
1. Теориялық дайындық.
2. Ақпараттық – аналитикалық қызмет.
II кезең – білу, түсіну, қолдану, талдау және топтау
1. Диагностикалық қызмет
2. Әдістемелік практикум
3. Зерттеушілік қызмет
III кезең– білу, түсіну, қолдану,талдау, топтау және бағалау
-
Өнімді өңдеп, түзету -
Бағалау -
Бағдарламаны іске асыру
Блум таксономиясының бағалау аспектілерін 3 жылға даму бағдарламасының кезеңдері ретінде қарастыра отырып, педагогтің кәсіби өсу, өздік дамуын бағалау кестесі ұсынылып отыр. Кәсіби шебер мұғалім болудың қажетті және жеткілікті шарттары осы кестеде көрінеді. (Қосымша 5,6,7)
Өлшеуіштер:
-
Ғылымилығы; -
Практикаға бағытталуы; -
Өзектілігі; -
Басқа субъектілерге қолдануға тиімділігі; -
Жаңашылдығы; -
Әмбебаптылығы; -
Жүйелілігі.
Кәсіби даму бағдарламасын жүзеге асырудағы кездесетін қиыншылықтары:
-
Педагогтың даму бағдарламасын жүзеге асыруға дайындығының жеткіліксіздігі жән ең басты мәселе екендігін сезінбеуі; -
Кәсіби іс-әрекетінің өлшеуіштеріне басқа субъектілердің келіспеуі; -
Мұғалімнің білім беру үрдісіндегі субъект – субъект қарым-қатынасына мойынсынбауы; -
Жұмыс істейтін мектептің материалдық – техникалық базасының жеткіліксіздігі.
Қорытынды
Қазіргі ақпаратқа толы алмағайып заманда өз елінің адал ұлы болып қалу, ұлтының ұлылығын өзгелерге таныта білу – күрделі де қиын шаруа.
ХХІ ғасыр – қатаң бәсеке ғасыры. Елбасымыз халыққа арналған жолдауында «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық». Біз болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауға тиспіз. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда жаңаша ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» деген болатын. Қашан да білімді ұрпақ – болашағымыздың кепілі. Егеменді еліміздің тағдыры – жас ұрпақтың тағдыры–бүгінгі ұстаздардың қолында.
Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалім қажет. Ол бір мезгілде әрі педагог, әрі психолог және оқу үрдісін ұйымдастырушы технолог бола білуі тиіс. Сонымен қатар, оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін құруға қабілеті бола білуі шарт. Бұдан мұғалімнің мамандық шеберлігі анықталады.
Білім беруді ақпараттандыру үрдісі мұғалімнің өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және шығармашылық түрде өзіндік қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді. Сондықтан мұғалімдердің жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне еркін пайдалана білуі үшін және оқыту құралы ретінде пайдалану бағыттары бойынша білімдерін көтеру және қайта даярлауда ақпараттық әлемде оқу – тәрбие үрдісін ұйымдастырудың негізгі құралдарын, жаңа әдістер мен формаларды кез келген уақытта таба білуіне мүмкіндік туғызды. Мұндай жағдайда педагог мамандар өзін-өзі дамытуға және өздігінен білім алуға мүмкіндік алады.
Қоғам әрқашан да мұғалімге жоғары талап қояды. Біреуді үйрету үшін, өзің де одан да көп білуің керек. Жаңа формация мұғалімі тек өз пәнін білумен ғана шектелмейді, әдістемені, жақын ғылымдарды, қоғам өмірін, саясатты, экономиканы білуі керек, себебі оның алдындағы оқушылар өзгереді, уақыт өзгереді, оқушының қоғам, қоршаған орта туралы көзқарастары тереңдейді.
Мұғалім — біздің тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Елбасы атап көрсеткеніндей, “Тек жоғары сауатты, дарынды, дана әрі отансүйгіш мұғалім ғана лайықты ұрпақ тәрбиелеп шығара алады. Бүгінде, мұғалім балаларға білімдер жиынтығын беріп қана қоймай, сонымен бірге, ең бастысы – оларды өмір бойы үйренуге үйретулері керек”.
Бүгінгі заман талабына сәйкес жаңа формация мұғалімі ол – педагогикалық құралдардың бүкіл әлеуетін меңгерген, өзін өзі жетілдіруге үнемі ұмтылып отыратын рухани дамыған, әлеуметтік жағынан жетілген шығармашылық тұлға, білікті маман. 12 – жылдық білім беру моделінің енгізудің мақсаты да бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.
Әрбір мемлекеттің өсіп - өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы - осы ұстаз берген білім. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келетін кез келген мемлекет, ең алдымен, білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауында да білімі мен білігі жағынан шет елдегі замандастарымен бәсекеде жеңілмейтін, рухы кемел қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса айтылған. Ендеше, осындай бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңа формация мұғалімінің еншісіне тиері хақ.
Олай болса, осы кәсіби даму бағдарламасы көпшілік көңілінен шығып, іс-тәжірибесінде кең қолданыс табады деген сенімдеміз.
Глоссарий
Баға-бағалау процесі нәтижесінің шартты – формальды (белгілік) көрінісі; оқушылардың оқу жетістіктері бағасының сандар мен ұпайлар түріндегі сандық көрінісі.
Бағалау-бұл оқушының шынайы қол жеткізген іс-әрекет нәтижелерін жоспарланған мақсаттармен салыстыру процессі.
Диагностика – оқу процесінің жағдайларын объективті және жан-жақты зерттеуді қамтамасыз ететін оқытудың өлшенетін көрсеткіштерін алу тәсілі; танымдық процесте орын алып отырған барлық өзгерістерді анықтау тәсілі.
Құзіреттілік- оқушылардың іс-әрекеттің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі.
Өлшеуіштер – оқушылардың деңгейлік оқу дайындығын алдын-ала берілген сандық және сапалық сипаттамаларының көрсеткіштері бойынша айқындау құралдары мен тәсілдер.
Педагогика – жас жеткіншектерді оқыту, тәрбиелеу және олардың дамуын қалыптастыратын ғылым. Грек тілінен «педа» – бала, «аго» – жетектеу дегенді білдіреді.
Білім – мектеп бағдарламасындағы пәндер бойынша көп жылдар бойы жинақталған, қорытылған жинағы. Білімнің көріністері – түсініктер, фактілер, теориялар, заңдар мен заңдылықтар болып табылады.
Білік –білім алу барысындағы қалыптасқан әдіс-тәсілдер. Білік (қабілет) – игерілген білімдердің өмірлік тәжірибелерінің және дағдылардың негізінде практикалық және теориялық іс-қимылдарды саналы әрі дербес түрде орындауға даярлық.
Дағды – қажетті іс-әрекеттерді орындау кезінде көрініс табатын сан рет толассыз жаттығулар жасаумен мейлінше жетілдірілген іс-әрекеттер.
Таным –мұғалім баяндайды, түсіндіреді, көрнекі құралдарды көрсетеді, ал оқушылар сол кезде тыңдайды, қызығады, қабылдайды, бақылайды, ойланады және т.б таным әрекеттер жасайды. Таным психологиялық үрдістерінің (түйсік, қабылдау, зейін, ойлау, сөйлеу, т.б.) дамуымен бірге баланың психикалық қасиеттері де (қабілет,бейімділік, мінез) қалыптаса бастайды.
Оқыту әдісі –мұғалім мен оқушының білім алу барысындағы бірлескен іс-әрекеттерінің реттелген жүйесі.
Жаңа формация мұғалімі – кәсіби білім мазмұнын үздіксіз жетілдіріп отыратын, оқу үдерісін басқару қабілеті, сондай-ақ тұлғалық және кәсіби сапасы жоғары, озық технологияларды меңгерген, оны қалауынша пайдаланатын құзіретті тұлға.