Файл: Мирас университеті Университет Мирас.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.12.2023

Просмотров: 48

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

2 Инвестициялық жобаларды енгізудің тиімділігі




2.1 Инвестицияның мәні және оның түрлері



Инвестиция жайында шешім қабылдау  басқарманың стратегиялық қиын  міндеті болып табылады. Инвестициялау  кәсіпорынның қаржылық жағдайын  жақсартудағы тиімді шараның бірі.

Барлық  инвестицияларды екі негізгі  топқа бөлуге болады: портфельді  және нақты(капиталдандырылған) инвестиция.

Портфельді  инвестиция деп (кәсіпорынның  құнды қағаздарын сатып алу  сияқты) жобалар тобына капитал  салуды айтады. Портфельді инвестиция жағдайында инвестордың  негізгі міндеті оптималды инвестиция порт-фелін құрастыру және басқару  болып табылады. Әдетте, ол қор нарығындағы құнды қағаздарды сату мен сатып алу операциялары арқылы жүзеге асырылады. Осыған орай портфельді инвестициялар көбінесе қысқа мер –зімді қаржылық операциялар түрінде көрінеді.

Нақты инвестиция  деп өндіріс процесіне тікелей  қатысатын инвести -цияларды айтамыз.  Мысалы, құралдарға, ғимараттарға, материалдар  қоры-на салынатын инвестициялар.

Объектісіне қатысты инвестициялар келесі түрлерге жіктеледі:

  1. мүліктік инвестициялар (материалды инвестициялар);

  2. қаржылық инвестициялар;

  3. материалдық емес инвестициялар.

Мүліктік инвестициялар  – бұл нақты инвестициялар.

Қаржылық инвестициялар  – бұл қаржылық мүлікке салынатын са –

лымдар, басқа фирмалардың  жұмыстарына қатысу және борыштық құқы –ғына ие болу. Мысалы, акция, басқа  да құнды қағаздарды сатып алу.

Ал материалдық  емес құндылықтарға қатысты инвестицияларға  зерттеу мен талдау жасау, кадрлар  даярлау, жарнама және басқаларға салынатын инвестициялар жатады.

Әрекеттің  бағытына қарай инвестициялар  келесі түрлерге бөлінеді:

  1. бастапқы инвестициялар немесе нетто-инвестициялар, кәсіпорынды негіздеуде немесе сатып алуда жүзеге асырылатын инвестициялар;

  2. өндірістік потенциалды ұлғайтуға бағытталған, кеңейту  инвести –циялары (экстенсивті инвестициялар);

  3. қайта инвестициялау, яғни кәсіпорынның негізгі қорының құрамын қолдау мақсатында жаңа өндіріс құралдарын жасауға немесе сатып алуға бағытталған бос инвестициялық қаражаттармен байланысты инвестициялар. Оларға мыналарды жатқызуға болады:


-  бар объектілерді жаңа объектілермен ауыстыруға бағытталған ауыстыру инвестициялары;

- рационализациялауға арналған инвестициялар, технологиялық жабдықтарды немесе процестерді жетілдіруге жұмсалады;

- шығару бағдарламасын өзгертуге жұмсалатын инвестициялар;

- диверсификациялауға арналған инвестициялар, олар  өнімнің  номенклатурасының өзгеруіне  өнімнің жаңа түрлерін шығаруға және жаңа

- сату рыногын ұйымдастыруға жұмсалатын инвестициялар;

- болашақта кәсіпорынның қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған инвестициялар. Бұған ғылыми жұмыстарға, кадрларды  дайындауға, жарнама, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған инвестициялар кіреді.

Инвестициялар  белгілі бір тәуекелмен байланысты.


  1. Инвестициялық жобалар және оны бағалаудың негізгі әдістері


Инвестициялық жоба – бұл болашақта табыс табу мақсатымен шектеулі уақыттағы капитал салымдарының өзара байланысты шараларының кешені.Сондай-ақ инвестициялық жоба инвестициялау мақсатына жетудегі жұмыстарды өткізу мен негіздеу үшін қажетті ұйымды құқықтық, есеп-қаржылық және конс-трукторлы – технологиялық құжаттардың кешенін қарастырады. Инвестициялық жоба мақсаттардың қойылуын, жоспарлардың орындалуын, басқару және талдауды болжамдайды. Кәсіпорындарда инвестициялық жоба мына төмендегілер бойынша ерекшеленеді:

1. Мазмұны бойынша:  инвестициялық жобалар кәсіпорынның  дамуындағы жобалар және реабилитациялық  жобалар болып екіге бөлінеді. Даму жобасы өндірілетін өнімнің санын көбейту бағытында немесе жаңа өнімді шығаруда өн-дірістің бағдарламасын өзгерту жолында шараларды өткізуді болжамдайды. Бұл нәтижелер өндіріс факторларында инвестиция есебінен жүзеге асады.       Реабилитациялық жоба – бұл бизнес-жоспарда кәсіпорынның қаржылық жағдай-ын жақсарту.

2. Көлемі бойынша:  ауқымды, кең көлемді, аймақты,  салалық, көлемді болып бөлінеді.

3. Мерзіміне байланысты: қысқа, ұзақ мерзімді жобалар.

Шектеулі  кезеңде қойылған мақсатты жүзеге  асыруды инвестициялық жобаның өмірлік циклы деп атайды. Инвестициялық жобалардың пайда болуынан, оның аяқталуына дейінгі кезеңдер фазалар деп аталады.

Инвестициялық  жобаларды құру мен жүзеге  асыру келесі фазалардан тұрады:

1) Инвестициялық  идеяларды қалыптастыру.

2) Инвестициялық мүмкіншіліктерді зерттеу.

3) Жобаларды  техникалық-экономикалық негіздеу.



4) Келісім-шарт  құжаттарын дайындау.

5) Жобалы құжаттарды  дайындау.

6) Құрылыс монтаждық  жұмыстарды жүзеге асыру.

7) Экономикалық көрсеткіштердің  мониторингі.

Барлық дамыған елдер үшін қабылданып, бүгінгі таңда қолданылып отырған инвестициялық жобалардың тиімділігін  бағалау белгілері мен жоспарлау  әдіс –тері, әр түрлі елдердің  инвесторлары мен кәсіпкерлерінің  ортақ түсінісу әдісіне, тіліне  айналған. Бұларға  VNIDO, Дүниежүзілік банк, Европалық банк секілді ірі халықаралық ұйымдардың, инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістемелерін жатқызуға болады. Олардың барлығы да ақша ағымын талдау әдісіне негізделген, инвестициялық жобаларды қаржылық талдау принциптеріне сүйенеді. Ағылшын тіліндегі «Кэш-Флоу» деген түсінік барлық дамыған ел –дердің экономистерінің лексиконына еніп отыр әрі «маркетинг» және «контрол-лингтен» де көбірек пайдаланылады. Бүгінгі таңда «Кэш-Флоу» талдауын өз инвестициялық қызметінде қолданбайтын ұйым жоқтың қасы. Бұл ақша ағы –мын талдау инвестицияларды талдаудың «классикалық» әдістеріне негіз болып және инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау мен жоспарлаудың таны-мал әдістемелерінде қолданылатындығына байланысты болып отыр.

Cash-Flow (Кэш-флоу) дәл айтқанда, «бар ақша  ағымы» деген мағынаны береді.    

Ал, инвестициялық  жобаны қаржылық-экономикалық бағалау  әдісі капиталды немесе активтерді  салудың тиімді нұсқасын таңдауда  негізгі орын алады. 

Коммерциялық мүмкіншілікті бағалау инвестициялық тексерудің соңғы қадамы. Ол жұмысты алдын-ала талдау туралы соңғы ақпараттарға негізделуі тиіс.

Коммерциялық бағалау  инвестициялық жобаны талдауда интеграциялық  көзқараста болады. Іс жүзінде көрсеткендей, осы бөлімдегі бизнес-план туралы ақпарат инвестордың осы жобаға қатысу, қатыспауы туралы шешім қабылдаудың     негізгі кілті болып табылады.

ҚОРЫТЫНДЫ
Кез-келген  мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін  арттыру, әлемдік рынокқа шығуын  қамтамасыз ету инвестициялық  процестен басталады. Инвестиция  –ланатын объект таңдау мына  критерий бойынша жүргізілуі керек – аз уақыт және қаражат, үлкен тиімділік. Кез-келген объектіге инвестиция бөлу бары –сында мына өндірістік мәселелер шешілуі керек:

    • экономикалық өнімдер (әлемдік және отандық рынокта бәсекеге қабілетті өнімді өндіру);

    • экологиялық, экологиялық таза орталар кепілдігі, зиянды қалдық-тардың рұқсат етілгеннен төмен болуы, т.б.

    • технологиялық, (қалдықсыз таза технологияны қолдану, жаңа өнім-нің өндірісіне кепілдеме, жоғары сапалы және тұтынушылар сұра –нысына ие тауарларды өндіру);


Осыған орай, кез-келген инвестициялық бағдарлама  немесе инвестициялық жобаның  алдына қойған нақты мақсаты  болуы тиіс:

    • өнім сапасын түбірлі жақсарту;

    • тұтыну мүмкіншіліктерін жақсарту,(әлемдік рынокта және отандық рынокта оны пайдалану тиімділігіне кепілдік)

    • экологиялық таза қнімді шығару;

    • қоршаған ортаны сауықтыру;

    • шикізатты қайта өндіру және қалдықсыз өндіру.

Егер Қазақстандағы  инвестициялық процесс туралы  айтатын болсақ, өкі –нішке орай, экономиканы қайта құру және  жекешелендіру процесінде мемле-кетті ұйымдаса отырып басқару өз күшін жойды. Нарықтық экономикаға өту барысында көптеген келеңсіз жағдайларға ұшырадық – еңбекақының уақы –тылы берілмеуі, тұтынушылардың тауарлар мен қызметтерге төлемқабілетсіз

Ігі, негізгі инвестицияны қаржыландыру көздерінің жоқтығы, тұрғындардың әлеуметтік жағдайының төмендеуі, т.б. – осы мәселелерді шешу мемлекеттің басты мақсаттарының бірі болғандықтан, шет елдерден инвестиция тарту ти-імді шешім болды. 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Баскакова, О.В. Кәсіпорынның (ұйымның) экономикасы: студенттерге арналған оқулық / - Москва : Дашков и Кº, 2019, 11-12 б. 

2. Головачёв, А.С. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы /. - Минск : РИВШ, 2019, 39б. 

3. Клочкова, Е. Н., Кузнецов В.И., Платонова Т.Е. Кәсіпорын экономикасы / - М.: Юрайт, 2015, 44 б.

4. Говорин А.А. и другие. Кәсіпорын экономисінің анықтамалығы / - Москва : Инфра-М, 2019, 22 б. 

5. Чалдаева, Л.А. Бизнес экономикасы: академиялық магистранттарға арналған оқулық: экономикалық бағыттар мен мамандықтар бойынша оқитын жоғары оқу орындарының студенттері үшін 4-ші басылым, қайта өңделген және толықтырылған./ - Москва : Юрайт, 2018, 109 б. 

6. Новашинова Т.С. и другие. Кәсіпорынның экономикасы мен қаржысы / - М.: Синергия, 2015, 134 б.

7. Грибов В.Д., Грузинов В.П. Кәсіпорын экономикасы: оқулық / - М.: Инфра-М, 2016, 245 б. 

8. Воробьева И.П., Сидорова Е.И. Экономика және ұйымды (кәсіпорынды) басқару: оқу құралы / – Минск: Квилория В. Т., 2015, 171 б. 

9. Чечевицина Л.Н., Хадурова Е.В. Ұйымның экономикасы: оқу құралы / – Ростов-на-Дону: Феникс, 2016, 50б.

10. Сафонов Н.А. Ұйымның (кәсіпорынның) экономикасы: оқулық / – Москва: Магистр: Инфра-М, 2015, 253 б. 

11. Самарина В.П., Черезов Г.В., Карпов Э.А. Ұйымның экономикасы: оқу құралы / – Москва: КноРус, 2015, 218 б.

12. Сергеев И.В., Веретенникова И.И. Ұйымның (кәсіпорынның) экономикасы: қолданбалы магистранттарға арналған оқулық және семинар / - Мәскеу: Юрайт, 2016, 113 б.


13. Зимин А.Ф., Тимирьчнова В.М. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы /

- М: ГГТУ, 2019, 186б.


Іс-тәжірибе базасынан кәсіптік практика
жетекшісінің қорытындылары.















































Білім алушы

Беркінбай Заңғар Маратұлы

























( А.Ж.Т.)






















«

6В04102 – «Экономика және басқару»

»




4




ЭУ-911К-1













(мамандық)




(курс)




(топ)













Іс-тәжірибені

























«Бахыт» ЖШС-і






















(іс-тәжірибе базасының аты)

























«

30

»

01




2023

г.

по

«

07

»

04




2023

г.








































30.01.2023 – 07.04.2023 жж аралығында Мирас университетінің 6В04102 – «Экономика және басқару» мамандығының студенті Беркінбай Заңғар Маратұлы «Бахыт» - ЖШС-інде өндірістік 3 іс- тәжірибесінен өтті. «Бахыт» ЖШС - інде жүргізілген іс-тәжірибе барысында Беркінбай Заңғар Маратұлы, өзіне берілген тапсырманың барлығын тыңғылықты атқарды, артық мінезі жоқ, өте ұқыпты студент ретінде көзге түсе білді.

Беркінбай Заңғар Маратұлы топ студенттерімен тығыз қарым- қатынас орнатып, бәрімен достаса білді. Сонымен қатар, өзінің ұқыптылығымен, қарапайымдылығымен, жауапкершілігімен көзге түсе білді.

Жүргізілген іс-тәжірибені қорытындылай келе, Беркінбай Заңғар Маратұлы болашақта білікті маман шығады деп сенім білдіремін.














































































































































































































































Ұсынылған баға (100 балдық жүйе бойынша):









































































Іс-тәжірибе базасынан жетекші






















Директор

/




/

Байгушев Е.Н.






















(қызметі)




(қолы)




(А.Ж.Т.)
























«07» 04. 2023ж





























































«Мирас» университеті




Университет «Мирас»