Файл: ОО, Сайрам ауданы, арабла ауылы, 10 арабла жом. аза тілі мен дебиеті пніні малімі Абдураимова Халдиа Исламовна Сабаты таырыбы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.12.2023

Просмотров: 30

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ОҚО, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы, №10 «Қарабұлақ» ЖОМ.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абдураимова Халдиа Исламовна

Сабақтың тақырыбы : «Өнегелі отбасы» сайыс сабағы

Сабақтың мақсаттары:

1.Білімділік:

Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Ата-анаға деген бала махаббатын ояту.

2.Дамытушылық:

Мектеп, ұстаз, ата-ана бірлігін нығайту. Аға ұрпақтың ізімен жүретін намысшыл, ер мінезді ,жігерлі тұлғаны дамыту.

3. Тәрбиелік:

Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға,сыпайы,ілтипатты болуға адал да парасатты ұл мен қыз тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Сабақтың көрнекіліктері: «Мен және отбасым» атты қабырға газеті, мақал – мәтелдер, нақыл сөздер.

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата – аналар мен оқушылар!

Бүгін біз келешек ұрпағымыз көрегенді, тәрбиелі де әдепті болуын алдын ала ойластыру, ата – аналар мен мектептің арасындағы байланысты нығайту мақсатында «Өнегелі отбасы» тақырыбында сайыс сабақ өткізгелі отырмыз. Қандай ел болмасын ол елдің өзінің азаттығы, бостандығы әрдайым қымбат та қасиетті. Сол сияқты біздің арғы ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсап келген тәуелсіздігімізге биыл  25 жыл. Елбасы «Бостандықпен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды түрде қорғап, нығайтып, ұрпақтарға қалдыру қажет» – дейді. Сол бостандықты қорғап оны одан ары нығайту үшін болашақ ұрпақ сол тәуелсіздіктің қандай жолмен келгенін , бойына сіңіріп, өзінен кейінгі ұрпаққа жеткізуі керек. Міне ,осы мақсатта бүгін біз осынау қасиетті шаңыраққа жиналып отырмыз.
Жиналыппыз сәтті күн бәрімізде
Үлкен-кіші жасымыз кәрімізде
Төрлетіңдер қадірлі қоңақтарым
Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге.
Отбасы-бір түбірден тараған.Адамзат баласы шыр етіп дүние есігін ашқан күннен бастап, сол ортаға бейімделіп ықпалына көніп ер жетеді.Бала бақыт,бала қуаныш, өмірді жалғастырушы,демеуші, ата-ана тәрбиелеуші.


Әке асқар тау,
Ана мөлдір бұлақ,
Бала жағасындағы құрақ- демекші баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты . Бүгінгі таңда ата-ана мен ұстаз арасындағы ортақ мәселе- бала тәрбиесі екені баршамызға мәлім. Ата –ана үшін бала өмірінің жалғасы, көздің нұры, үміт күткен шырағы, келешек қызық көрсетер болашағы десек, ұстаз үшін еңбегінің нәрлі жемісі болып табылады. Қазақстан жеріміз өте байтақ, кең шаһар. Қазақ жерінің көлемі қандай кең болса, жүрегі мен құшағы да дәл сондай кең.Оған дәлел еліміздегі 130-дан астам ұлт өкілдерінің тұруы. Бүкіл халықты бір шаңырақтың астына жинап,тату, бірлікке бейбіт өмір сүріп келе жатқан Қазақстан – үлкен мемлекет.Мемлекеттің ішінде тағы бір мемлекет бар.Ол – жанұя, отбасы мемлекеті.Отбасы – әр адам үшін баға жепес байлық, саны жетпес құндылық, әр отбасы өзінше бір шағын ел. Олардың өзіндік отбасылық, заңы, ұстанымы, тәрбиесі, шешімдері және ең бастысы әрекеттері болады.Олай болса біздің сыныбымызда ұйымдастырылып отырған «Өнегелі отбасы» атты сайысымызға қатысушы отбасыларымызды ортаға шақырайық, қошеметпен орындарына отырғызайық.

1.Адам кімге болсын болар пана,
Мол оның тал бойында ақыл сана
Көркіне ақылы да сай келетін
Рахмантаевтар отбасы ортамызда.

2.Қуантады білімімен бәрімізді
Қол соғып қарсы алайық енді оны
Мамуржановтар отбасы келіп қалды
Татулықты ту еткен отбасы бұл

3.Жігітке ақыл, білім жарасады
Нағыз ер халқыменен санасады
Сайысқа бар күшімді саламын деп
Тойхановтар отбасы таласады.
4 Отбасылық ойынға,
Келдік біздер асыға .
Жұлдыздай болып жарқырап
Шығамыз біз топ жарып Ибрагимжановтар отбасы.
5.Патшасы –отағасы ,

Патшайым – анасы.

Ханзадасы- жасөспірім қыздары,

Ортада Тохтасиновтар отбасы .


Жүргізуші :Өнерпаздар өнерін салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік қазыларды таныстырап.

Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, жеңімпазын анықтайтын, қара қылды қақ жарған әдіқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

_________________________________________________________________»

_______________________________________________________________________

______________________________________________________________________

Сайыс 5 балдық жүйемен бағаланады және әр бөлімнің бағалау өлшемдері (критерийлер) болады.



Жүргізуші:
Аналар бар өнерін салары анық,
Өнегелі тәлімді алған қанып.
Ал ендеше таныстырып өтейін мен,
Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып.
Сайыс бағдарламасы 5 бөлімнен тұрады:

Сайыс шарттары мынадай:

1 бөлім  Сұрасаң менің тегім. — таныстыру.2 мин (15 минут )

2 бөлім «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» — «Сиқырлы аспаз»Үй тапсырмасы.

3 бөлім «Тәрбие тірегі отбасында» — жағдаят сұрақтарына жауап беру.

4 бөлім  Мақал- мәтелдің жалғасын табу, мағынасын ашу және түрлі деңгейдегі сұрақтар

5 бөлім   «Баланың бас ұстазы – ата — ана» — тірек – схема құрастыру.Постер қорғау.

 

Бәйге жарыс деген соң жарысайық
Мәреде бәрімізге табысайық
Бұл байқауды биссмиллә деп бастау үшін
Алдымен әулеттермен танысайық
Он саусақтан өнер тамған шебер болу керемет
Өлең айтып би билеп жасап жатқан текемет
Өнеріңді көрсетші әулеттерім кәнекей
Сөз берейік әулеттерге жекелеп,-деп сұрасаң «Менің тегім »бөлімін бастаймыз.Әрбір отбасы өздерін таныстырып өтеді.

1 бөлім — «Сұрасаң менің тегім» — таныстыру. 2 минут

Бұл бөлім үш критерий (өлшем) бойынша бағаланады. Олар: шығармашылық, сөйлеу мәнері, АКТ-ны қолдануы.

  1. _____________Отбасы.
    Шыр етіп туысымен адам болдым,
    Жыл сайын өсіп толып, өрлеп қондым.
    Тобықтай тұла бойда бір мінім жоқ,
    Отбасылар сайысына бүгін анаммен келіп тұрмын.
    Атым _______ болады сұрасаңыз,
    ________ екен кешегі бір атамыз.
    Әкем аты ________асқар тауым,
    Пана болып біздерге жүз жасаңыз.
    Анашым — ____________қызы,
    Жүзінен төгіледі күннің нұры.
    Атыма кір келтірмей өтсем,
    Сенің мойынан түсер перзент жүгі.




  1. ____________ отбасы
    Болашаққа зор үмітпен қараймын,
    Ахметтей ұлы атадан тараймын.
    Кеудесінде ар мен намыс мақсаты көп,
    Мен ____________қызы — қара қызы өзбектің.
    Анам ________ бет бұрған ұстаздыққа,
    Елімізге пайдалы іс қылмаққа.
    __________ деген апайым, ___________ дейтін сіңлім бар,
    Мен де келдім жарысқа қатыспаққа.



  1. ____________________ отбасы.
    Мен __________ арқынның баласымын.
    __________ анам — өмірдег жанашарым,
    Атам мен апам менің, асқар тауым.
    Үйреткен тәрбиенің бар асылын.
    Ізімнен келе жатқан інім бар,
    Отбасым өмірдегі дара-шыңым.
    Менің асыл арманым, _________боп,
    Көрсету өнегенің жарасымын.
    11 «А» сыныбымның мақтанымын,
    Топтан озған тұлпардай, дарасымын.
    Мен __________ Отанымның қызымның,
    Көтерген көк байрағын Алашымның.


Жүргізуші : Өзінің алғырлығын ұғындырып,
Көрсетер көп іздеген мығым қылық,
Келесі бұл сайыстың жоспарында,

Түседі бәйгеге білімділік — деп, сайысымыздың 2 бөлімі — Тәрбие тірегі отбасында» — жағдаят сұрақтарына жауап беру.

Бұл бөлім үш критерий (өлшем) бойынша бағаланады. Олар: тақырыптың ашылуы, жылдамдылық, тақырыптың өзектілігі.
 №1 отбасына қойылатын сұрақтар:

Ата – анаға:

Балаңыз немесе қызыңыз жасөспірім ,оны қинаған сұрақтар өте көп.Сізбен сөйлескісі, ішіндегісін бөліскісі келеді бірақ сізден үнемі еститіні әлі жассың,қазір қолым бос емес,баршы уақытым жоқ,өз қиыншылықтарым өзіме жеткілікті. Балаңыз қасыңызға бір емес бірнеше рет келді,тағы да сол жауап.Ақыры балаңыз сізге дауыс көтерді.Сіздің әрекетіңіз?

Балаға :

Ата – анаң қатты дауыс көтерсе немесе ұрса сен қандай әрекет жасайсың?

 №2 отбасына қойылатын сұрақтар:

Ата – анаға:

Мектепке барар кезінде күнде балаңыздың ыстық тамағын,шайын беріп сабаққа шығарып саласыз.Есік алдында балаңыз күнде сізден ақша сұрайды.Ақшаның бірде бар бірде жоқ болатынын түсіндіресіз.Сонда да қайта-қайта сұрайды.Бермесеңіз есікті тарс еткізіп бетіңізге жауып бармаймын деп бармайды.Бірақ мектепте ешқандай ақша жиналмайтынын досынан естідіңіз. Бұл жағдайда сіз не істер едіңіз?

Балаға:

Ата-анаң ақшаны қиындықпен табады,сонда да ақша сұрайсың.Үсті –басың бүт,тамағың тоқ.Ақша бермесе мектепке бармайсың.Неліктен?
3 отбасына қойылатын сұрақтар:

Ата – анаға:

Отбасыңыздың жағдайы жақсы.Ұлыңыз сізден спорттық аяқ киім алып беруді сұрады.Аяқ киімі әлі тозбаған.Алып бермеген соң сіздерге ерегісіп,теріс қылықтар қыла бастадыСыныптасының соңғы үлгідегі спорттық аяқ киімін ұрламақшы болғанын мұғалімі сезіп,сіздің өзіңізге жағдайды түсіндірді.Бұл жағдайда не істер едіңіз?

 Балаға:

Сен таңдаған мамандыққа әке-шешең қарсы.Таңдаған мамандығың ауыл жағдайына тура келмейді.Әке –шешең көңіліне қандай жол табар едің?

4 отбасына қойылатын сұрақтар:


Ата – анаға:

Сіз балаңызға өз уақытысында көңіл бөліп жатырсыз ба?Сабағын күнделікті тексересіз бе?

 Балаға:

Үй тапсырмасын орындағанда ата –анаң көмек бере ме?
5отбасына қойылатын сұрақтар:

Ата – анаға:

 Баласының күнделігінде үнемі оның мектепте жанжал шығарғандығы туралы ескерту жазулы тұрады. Осы үшін балаға ата - ана тарапынан жазалау мақсатында әркез күш қолданған.Баланың мектепте үнемі жанжал шығаруы неліктен?
Осы жағдайда ата - ана не істеу керек?
 Балаға:

Саған  анаң  өзі жұмыстан  келгенше, үйді  жинастырып  қоюды  тапсырды.

Сен  достарыңмен  ойнап  жүріп  бұл  істі   ұмытып  кеттің.    Анаң  жұмыстан  келіп,  өзі  жинап,сыпырып  қойды.  Сен  келгенде  анаң  ренжулі. Сенің  әрекетің?
 3 бөлім  «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» — «Сиқырлы аспаз» тамақ дайындау. Яғни мұнда оқушылар үй тапсырмасы бойынша өздерінің аналарымен дайындаған, әзіреген тағамдарын ұсыну. Бұл бөлім үш критерий (өлшем) бойынша бағаланады. Олар: тағамның сапасы, безендірлуі,шынайлығы.
4 бөлім  Ойлан да - жалғасын тап немесе түрлі деңгейдегі сұрақтарға жауап беру

- деп кезекті отбасыларымыздың мақал - мәтел айту, яғни оны жалғастыру , мағынасын ашу және түрлі деңгейдегі сұрақтарға жауап беру сайысына кезек берейік. Бұл бөлім үш критерий (өлшем) бойынша бағаланады. Олар: жылдамдық, ойын нақты болуы,мағнасының ашылуы
1 –ші отбасына

«Мақалдың жалғасын табу, мағынасын ашу»

3. Әдепті бала ата-анасын мақтатар,

Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

2-ші отбасына

«Тәуесіздіктің 25 жылдығына» арнап өлең немесе тақпақтар айту

3-ші отбасына

Әлди әнің айту.(1 шумақ).

Ұлыңыз немесе қызыңызды алғаш колға алған сәтіңіз, бауырыңызға басып айтқан әлдиіңізді еске түсіріп айтсаңыз.

4-ші отбасына

«Ән шырқау»

Қызыңыз немесе ұлыңыздың туған күнінде бауырыңызға басып, құшақтап бетінен сүйіп, екеуіңіз бірге шырқаған әннен 1 шұмақ айтып берсеңіз.

5-ші отбасына

«Жұмбақ шешу, жауабына өлең айту»

5 бөлім «Баланың бас ұстазы – ата — ана», «Тәрбие көзі не?»

 — тірек – схема құрастыру.Постер қорғау.

 Жүргізуші : Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды — демекші бір-бірімізге әрқашан көмектесейік.