Файл: Темпераментті анытау тесті (Я. Стреляу) Масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.12.2023

Просмотров: 207

Скачиваний: 6

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Оқушының аты-жөні:Темпераменттің анықтау тесті(Я.Стреляу)Мақсаты: темперамент типін және жүйке процестерінің тепе-теңдігін анықтау.Орындау ережесі: Тесте берілген 58 сұраққа жауапты талдау арқылы темперамент көрсеткіштері мен жүйке процестерінің жүру ерекшеліктерін анықтауға болады. Сұрақтарға жауапты ия, жоқ, білмеймін деп беру керек. Жауап дұрыс немесе қате болуы мүмкін емес. Әр адамның өз жауабы өзіне дұрыс және сол адамның өзіне тән ерекшеліктерін көрсетеді. Сондықтан, қойылған сұрақтардың ретін бұзбастан, онша көп ойланбастан, үш вариант жауаптың біреуін сұрақ қасына жазыңыз. Үш жауап:иә,жоқ,білмеймін.


  1. Сіз өзіңізді басқалармен тез танысатын адамдарға жатқызасыз ба?


  2. Іс-әрекетке кірісу үшін басқалардан нұсқау күтесіз бе?


  3. Ұзақ үзілістен соң жұмысқа қайтып оралуыңыз оңай ма (демалыс, каникул)?


  4. Сізге сеніп ашқан сырды құпияда сақтай аласыз ба?


  5. Шыдамдылықпен, ерінбей түсіндіресіз бе?


  6. Терең ойланып істейтін істі жақсы көресіз бе?


  7. Қызық емес жұмысты орындау барысында жалығып, ұйқы басып кетеді ме?


  8. Өзіңіздің күшті жағыңызды көрсетуге құмарсыз ба?


  9. Бейтаныс адамдардың алдында өзіңізді еркін ұстайсыз ба?


  10. Ашуыңызды басқаларға көрсетпеу сізге оңай ма?


  11. Сәтсіздікте сабырлылық сақтайсыз ба?


  12. Басқалардың әсерінен көңіл-күйіңіз өзгереді ме?


  13. Қиын-қыспақта өзіңізге сеніміңіз сақталады ма?


  14. Күтпеген жерде күн тәртібі өзгерсе, сіз сасып қалмайсыз ба?


  15. Қажетті жауапты тез табасыз ба?


  16. Сіз үшін өте маңызды шешімді күту барысында байсалдылық көрсете аласыз ба?

  17. Демалыс, каникулдың бірінші күндері сіз үшін жеңіл өтеді ме?

  18. Тапқырсың ба?

  19. Дем алуға жатқанда тез ұйықтайсыз ба?

  20. Ашулануыңыз оңай ма?

  21. Басқаларға кедергі келтірмеу үшін үндемей отыруға қиналмайсыз ба?

  22. Басқалармен тіл табысып жұмыс істеуіңіз оңай ма?

  23. Шешім қабылдау үшін, барлық жағдайларды салыстырып көресіз бе?

  24. Кітап оқығанда, автордың ойын басынан аяғына дейін қадағалап отырасыз ба?

  25. Басқалардың пікірімен санаса отырып өзіңіздің шешіміңізді өзгерте аласыз ба?

  26. Әдеби кітаптарды тез оқисыз ба?

  27. Ұстамдылық көрсете аласыз ба?

  28. Тез оянасыз ба?

  29. Жылдам жауап бермей, ұстамдылық көрсете аласыз ба?

  30. Шуға көңіл бөлмей жұмысты орындай аласыз ба?

  31. Жаңа ортаға тез үйренесіз бе?

  32. Жаңалыққа құмарсыз ба?

  33. Өзіңіз сөйлеуден бұрын басқалардың пікірін тыңдап аласыз ба?

  34. Жүзе білетін болсаңыз, суға кетіп бара жатқан адамды құтқаруға әрекет жасайсыз ба?

  35. Басқалардың оқшау мінезіне қатты ашуланасыз ба?

  36. Көпшілік ортасында тәртіп сақтау сізге оңай ма?

  37. Артық дене қимылын жасамай сөйлеу, жауап беру сізге қиын ба?

  38. Көңілді ортаны жақсы көресіз бе?

  39. Өзіңіз тапсырманы орындап болғаннан соң басқалардың бітіргенін сабырмен күтесіз бе?

  40. Бас немесе тіс ауруы мазалағанда жұмыс істей аласыз ба?

  41. Тез сөйлейсіз бе?

  42. Бірнеше істерді қиналмастан бір уақытта орындайсыз ба?

  43. Қиын жағдайларда өзіңізге сенесіз бе?

  44. Жағдай көтермейтін кезде күлкіңізді баса аласыз ба?

  45. Ақыл-ой қызметінен қатты шаршағаннан соң күндегідей ұйықтайсыз ба?

  46. Күтпеген жерде өзгерістер туғанда дұрыс шешімін таба аласыз ба?

  47. Сізге өтініш жасағанда тыныштық сақтайсыз ба?

  48. Жаңа күн тәртібіне үйрену сізге оңай ма?

  49. Төтенше жағдайларда басқаларға көмек көрсетуге асығасыз ба?

  50. Спорт жарыстарын, цирк өнерін тамашалаған кезде өз әсеріңізді ерекше дыбыстар мен қимыл әрекеттер арқылы білдіресіз бе?

  51. Көпшілікпен сөйлесуді талап ететін жұмысты жақсы көресіз бе?

  52. Өзіңізді ержүрек адаммын деп есептейсіз бе?

  53. Сәтсіздікке кездескенде барлығын тастай салмауға шамаңыз келеді ме?

  54. Тұнжыраған көңіл-күйіңіздің жарқын жүзге айналуы оңай ма?

  55. Қоршаған ортаның салт-дәстүрін сақтау сізге оңай ма?

  56. Көпшіліктің алдына шығуды ұнатасыз ба?

  57. Өз өміріңізді тәуекелге тігіп, басқаларды құтқаруға барасыз ба?

  58. Қимыл әрекеттеріңіз ширақ па?