Файл: Реферат таырыбы Сыни трысынан ойлау технологиясы Орындаан Бабал С. Тобы Физика 20А.docx
Добавлен: 09.12.2023
Просмотров: 296
Скачиваний: 9
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары
білім министрлігі
Астана Халықаралық Университеті
РЕФЕРАТТақырыбы: Сыни тұрғысынан ойлау технологиясыОрындаған: Бабақұл С.Тобы: Физика 20АҚабылдаған: Сагалиева Ж.Астана, 2023 ж.Мазмұны
Кіріспе-
Жүйелі тұрғыда сыни тұрғыдан ойлау технологияны зерттеудің теориялық негізі-
Сыни тұрғысынан ойлау технологиясының обьектісін моделдеу-
Технология жайлы жалпы ақпарат -
Сыни тұрғысынан ойлау технологиясының тарихы (1 кесте) -
Сыни тұрғысынан ойлау технологиясының педагогикалық процесте жүзеге асырылуы -
Г.К. Селевко бойынша сыни тұрғысынан ойлау технологиясының классификациясы
-
-
Сыни тұрғысынан ойлау технологиясының жүйелі зерттелуі (Т. Галиев бойынша)
-
-
Қорытынды
Біз басшылыққа алып отырған сыни тұрғысынан ойлаудың бағдарламасын әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джейнни Л,Стиль, Куртис С, Мередит, ЧарльзТемпл. Жоба негізі Ж.Пиаже, Л.С Выготский теорияларын басшылыққа алады.Сыни тұрғыдан ойлаудың психологиялық аспектілері Д.Р. Андерсон, Н.Е. Вераксы, Х. Гарднер, В.П. Зинченко, З.И. Калмыкова жұмыстарында қарастырылады. «Сыни ойлауды» дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен жұмысы. Бұл технологияны таңдау себебім: жаңаша оқыту бүгінде өзекті мәселе болып табылады.Себебі баланың жеке тұлға ретінде тәрбиеленіп білім алу арқылы дамуы мемлекетіміздің білім беру мекемелерінің алдына қойып отырған басты мәселе.Меніңше, бұл технология баланың жеке пікірін қалыптастыруға, өзіне берілген міндеттерге жауапкершілікпен қарауға, машықтандырады.Зерттеудің мақсаты – дамыта оқыту негізінде «Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту» бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру.Зерттеудің міндеттері:
-
Технологияны жүйелі тұрғыда зерттеудің теориялық негізіне сүйене отырып ғылыми тұрғыда модельдеу, тарихи зерделеу; -
Технологияның педагогикалық процестегі компоненттерін анықтау; -
Г.К Селевко бойынша технологияның классификациясын құру; -
Технологияның концепциясын зерттей отырып, оның Галиев бойынша жүйелі зерттелуін қамтамасыз ету; -
Жүйелі тұрғыда технологияны зерттеудің практикалық негізіне сүйене отырып, технологияны қолданудың тəжірибесін нақтылау;
-
ЖҮЙЕЛІ ТҰРҒЫДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
-
Сыни тұрғысынан ойлау технологиясының обьектісін моделдеу-
Технология жайлы жалпы ақпарат
-
-
Сыни тұрғысынан ойлау технологиясының тарихы
-
кесте.
| Кезеңдер | Уақыт | Автор | Ұғымның анықтамасы | Мазмұнды сипаттама |
| Пайда болу кезеңі | V-VI ғ. | Я.А.Коменский | «дәлелдер іздеу, пайымдаулар мен болжамдарды мұқият тексеру, негізгі ұғымдарды талдау және тек айтылғанның ғана емес, сонымен қатар жасалынғанның да салдарын анықтаудың» маңыздылығын анықтады. | Оның сұрақ қою әдісі қазір «Сократтық сұрақ қою«және бұл сыни тұрғыдан ойлауды оқытудың ең танымал стратегиясы. |
| 17 ғасыр | Ян Амос Коменский | дидактикалық жүйесінің негізгі қағидаларының бірінде де баланың ақыл-ой күшін, қабілетін дамыту олардың білімге деген құштарлығын оятып,лаулата түседі делінген. | Автор көркем шындықты модельдеу технологиясын ұсынды. Технология зерттелетін материалдың бейнелі қабатына батыруға, оның эмоционалды дамуы мен өзгеруіне негізделген. | |
| Даму кезеңі | XX ғасырдың 30 жылдарының басында | Л.С.Выготский | “ Оқу технологиясы - тəжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогика жүйесі.” | Сын тұрғысынан ойлау алдында жүретін және негізгі мақсат ретінде баланың дамуына бағытталған ойлау идеясын алға қойды. Оның гипотезасына сәйкес, білімдер оқытудың соңғы мақсаты емес, олар тек оқушыны дамыту құралы болып табылады. |
| 1950-60 жж. | Л.В.Занков | Ол 50-60 жылдарында бастауыш мектепке интенсивті жан-жақты ойлау жүйесін жасады. Бұл кезеңде белгілі бір жағдайларға байланысты тәжірибеге ендірілмеген болатын. | | |
| 1960-70 жж. | В.В.Давыдов | эксперименталды мектептер жұмысында жүзеге асырылған болатын. Олардың технологиясында басты назар баланың интелектуалды қабілеттерін дамытуға аударылды. «Сыни тұрғысынан ойлау» терминінің шығу тегі В.В.Давыдовтың есімімен байланысты. Шектеулі құбылыстар шеңберін белгілеуге ендірілген, ол тез арада жалпы педагогикалық тәжірибеге кірді. | |
| Шарықтау шегі | 1990 ж. | Н.П. Гузик | А, В, С – үш деңгейге бөлуді ұсынды. | Бірінші орында білім алушы тұрады жəне өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылды. |
| 2003 ж | Джорд Сорос | «Біздің елімізде Джорд Соростың ашық қоғам институты, «Сорос - Қазақстан» қоры арқылы келген бұл бағдарлама мектеп тәжірибелеріне ене бастады. | |
-
Қызығушылығын ояту - (эвокация, мотив тудыру, ой шақыру); -
Мағынаны тану - (реализация, жүзеге асыру, оқу мазмұнын түсіндіру); -
Ой толғаныс – (рефлексия, оқу мазмұнын түсіну);
| Педагогикалық үрдістің компоненттері | Сыни тұрғыдан ойлау |
| Мақсаты, міндеттері | Білімдік- сыни тұрғыдан ойлау арқылы білім жинайды. Тәрбиелік-білім алушыны мұғаліммен, топтастарымен еркін сөйлесуге, пікірталастыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге Дамытушылық - барлық жастағы білім алушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету |
| Объектісі немесе субъектісі | Объектісі - оқушы, субъектісі - мұғалім |
| Оқыту принциптері |
|
| Оқыту мазмұны | Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы – білімнің дайын күйінде берілмеуі. |
| Оқыту құралдары | Оқулық, интерактивті компьютерлік құралдар, сыни тұрғыдан ойлайтын ойындар. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, «Сын тұрғысынан ойлау білім үрдісінде» оқу-әдістемелік құрал. |
| Оқыту әдістері | Кесте соңында |
| Оқыту түрлері немесе формалары | Дәстүрлі оқыту формасы Ауызша, жазбаша, ассинхрондық-синхрондық, жеке, топтық, бірлескен ұжымдық. |
| Оқыту шарттары |
|
| Оқыту нәтижесі | -оқу мотивациясы өзгеріп, өз бетінше ізденуге үйренеді; -керек кезде өз көзқарасын өзгертуге үйренеді, дамуын қамтамасыз етеді; -өз ойын топ алдында ашық айта алу, қорғай білу; -оқушылар басқалармен қарым-қатынас жасай біледі; -басқаларды тыңдауға, кез-келген жауапқа сыйластық, түсіністікпен қарауға үйренеді; -өткір сындарды қабылдап, онымен жұмыс жасауға машықтанады; -ойы сараланған, дарынды, шығармашыл тұлға қалыптасады; |
Әдістері:1.Стратегияның атауы: «Миға шабуыл» стратегиясыҰйымдастырылуы мен әдістемесі: Миға шабуыл стратегиясы – бұл ұжымдық талқылау, мәселенің шешімін іздеуде қолданылатын тиімді әдіс. Қандайда бір проблеманы әр мүшенің пікірін еркін тыңдау арқылы шешу. Бұл әдіс жеке тұлғаны қалыптастырудағы маңызды әдістердің бірі. Миға шабуыл стратегиясының өзіндік ережесін сақтап, дұрыс пайдаланса білімалушының стандарты емес шығармашыл ойлауын жақсы дамытады. Миға шабуыл стратегиясының қағидасы қиын емес. Оқытушы топ құрады да, қандай да бір проблеманың шешімін табуды өтінесіз (айтасыз). Барлық білімалушылар өз пікірлерін айта бастағанда, ешкім оның ойын бөліп, өз пікірін айта алмайды және бағаланбайды. Іс – тәжірибеден байқағанда бірнеше минут ішінде көптеген пікірлер яғни шешімдер табуға болады. Бұл жерде пікірдің көптігі мақсат емес, ол тек нақты саналы шешім қабылдауға негіз болады. 2.Стратегияның атауы: «Т кестесі» стратегиясыҰйымдастырылуы мен әдістемесі: Т кестесі стратегиясы – мақсаты: қарама – қарсы ұғымдарды тере білу. Бұл жұмыста салыстыру, салыстыра отырып топтастыру сияқты процестер жүзеге асады. Білімалушылардың ойлау қабілетін, есте сақтау қабілеттерін дамытады. Т кестесін тақырыпты ашарда пайдаланылса, жаңа материалды түсінуге дайындық болады. Бұл стратегия жұпта, топта, жекеде орындала береді. Іс – тәжірибеде үй тапсырмаларына да беріліп жүр. Білім алушыларға кескін сурет түрінде орындауға болады.3.Стратегияның атауы: «Венн диаграммасы» стратегиясыҰйымдастырылу мен әдістемесі: Венн диаграммасы стратегиясы – бұл стратегияның мақсаты салыстыру, пайымдау. Екі зат немесе мезгілдің (объектінің) айырмашылығы мен ұқсастығы жазылады. Бір -біріне айқасқан екі немесе үш шеңбер (тек шеңбер ғана болу керек деген қате түсінік). Екі жағына салыстырылады, ал айқасқан жеріне ортақ қасиеті жазылады. Білім алушылардың ойлары аршылып, салыстыру сияқты күрделі операция жүзеге асады. 4.Стратегияның атауы:«Блум таксаномиясы» сұрақтар стратегиясыТаксономия (грекше, taxis-орналастыру, құрастыру, реттеу және