Файл: Кні Сынып 1 атысандар саны атыспаандар саны.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.12.2023

Просмотров: 13

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ашық сабақ "Заттың атын білдіретін сөздер " 1 сынып.

Күні:

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Мұғалімнің аты жөні:


Сабақтың тақырыбы

Дені саудың – жаны сау

Денсаулық-зор байлық.

Заттың атын білдіретін сөздер.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту

1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушы: Жаңа білімді меңгереді.

Көпшілігі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбір оқушы: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Бағалау критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Математика, музыка сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Слайд, спорттық ән, мульфильм

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

1.СӘЛЕМДЕСУ

Үлкенгеде сіз

Кішігеде сіз

Құрметпенен бас иіп,

Сәлем бердік біз!

«Психологиялық ахуал»

Денсаулық – ол күлуің,

Көңіл-күйің жадырай.

Денсаулық – ол жүруің,

Ешбір жерің ауырмай.

-Балалар, біз қандай бөлімді бастадық.?

(Дені саудың-жаны сау)

-Ендеше топқа тақырыпқа сай бөлінеміз. ( Денсаулық, Тазалық)
Топпен жұмыс:

1 топ : Денсаулық туралы мақал айту.

2 топ : Жеке бас тазалығын қалай ұстаймыз?

- Бұл бөлімде қазақ тілінің ережелерімен де таныстық ғой! Олай болса « Өрмекші» әдісі арқылы тексеріп жіберейін! Тек қол көтеріп айтамыз . Әр дұрыс жауапқа ұпай беріледі.Кеттік!!!
-Сөздер неден тұрады? ДЫБЫСТАРДАН

-Оларды немен белгілейміз? ӘРІПТЕРМЕН

-Дыбыстар неше топқа бөлінеді? Екі дау и дау/ сыз

-Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? 2 жуан дау/ты дыбыс және жіңішке дау/ты дыбыстар

-Сөз неге бөлінеді? БУЫНҒА

-Қазақ әліпбиінде неше әріп, неше таңба бар? 40 әріп 2 таңба

-Дыбыстар қандай түстермен белгіленеді? Қызыл , көк

-Сөзден не құралады? Сөйлем

-Сөйлемнен не құралады? Мәтін

-Сөйлемнің бірінші сөзі қандай әріппен жазылады? Бас әріп

-Сөйлем соңына қандай тыныс белгілері қойылады? (.) (!) (?)
-Жарайсыңдар!

ҚБ: «Басбармақ»

Үй тапсырмасына осы бөлімге байланысты мақалдар ойластырып келуге бергенмін .

Кәне , кім қандай мақал біледі екен көрейік!
«Микрофон» әдісі арқылы айтқызу.

ҚБ: «Шапалақ»



Шаттық шебері

Интербелсенді тақтада көрсету


Үлестірме қағаз






Сабақтың ортасы

8 минут



Жұмбақ жасыру:

1.Жылпылдап қолда тұрмайды,
Ақ көбік боп зырлайды.
Кір қоқысқа жаны қас,
Түк қалдырмай қырнайды. (сабын)
2.Дәмі де жоқ, түсі де жоқ,
Пайдаланбас кісі де жоқ. (су) 

ҚБ: «Шапалақ»
-Ендеше бүгінгі біздің жаңа сабағымыз да сабын мен суға байланысты .

Өлеңді оқып шығып, өз ойымызбен бөлісейік. Оқулықпен жұмыс.

-Өлең не туралы?

-Таза, ұқыпты болу үшін не істеу керек?

-Сумен шынығу үшін не істейсің?

-Заттың атын білдіретін сөздерді тап?

ҚБ: «Басбармақ»
Тапсырма ( айтылым)



Мәтіннің бастапқы бөлігін мұқият тыңдаңыз. Суретке сүйеніп, берілген мәтінді аяқтаңдар.
Айдар бүгін ерте оянды. Ол алдымен жаттығу жасады, төсегін жинады.Содан соң..
Дескриптор: Білім алушы

- мәтіннің бастапқы бөлігіне сүйеніп, сурет бойынша

әңгіме құрастырады;
Дәптермен жұмыс. Көркем жазу. 3-жаттығу

Ауа, су, күн, шаңғы, коньки.
Топтық жұмыс: «Кластер» құру

* тазалықтың достары табу, жазу;

* спорт түрін табу, жазу;

* пайдалы тағамдар мен дәрумендерді жазу;

ҚБ: «Шапалақ»



оқулықпен жұмыс


Сергіту сәті

1 минут


«Көңілді күн»

Сергіту сәті әуенмен ән айтып билеу

Қорытынды

Бекіту

тапсырмасы
Бағалау


Кері байланыс

Үйге тапсырма

4-жаттығу Топпен жұмыс.

Сызбаға қарап не арқылы шынығуға болатынын сұрау.

«Жетістік баспалдағы» арқылы өзін- өзі және өзара бағалау

«Ойды жалғастыр»

Әрбір оқушы стикерге ойды жалғастырып жазады,жазғандарын тақтаға іледі.

Тазалық деген.....................
( жуыну, шомылу, сабынмен дос болу, тіс жуу т.б)

2-жаттығу. Жұмбақты көшіріп жазу,шешуін табу.


Оқулық, тақтамен жұмыс


Қосымша ақпарат

Дифференциация-қосымша қолдауды қалай көрсетесіз?

Үлгерімі жақсы оқушыларғақандай тапсырма беруді

жоспарлап отырсыз?


Бағалау-оқуда оқушылар жетістіктерін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Барлық оқушы сұрақтарға жауап бере алады.
Оқушылардың көпшілігі сөз тіркестерін пайдаланып денсаулықты күтудің жолдарын айта алады.
Кейбір оқушылар суретке сүйене отырып берілген мәтінді аяқтай алады.

Өзін-өзі бағалау

«Жетістік баспалдағы» арқылы бағаланады


1 баспалдақ- мен бүгінгі сабақтан еш нәрсе түсінбедім,маған өте қиын болды.

2 баспалдақ-мен бүгінгі сабақтан көп қиналдым , бірақ түсінбегенімді шешуге тырыстым.

3 баспалдақ-мен бүгінгі сабақтан көп нәрсені үйрендім.




Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма ?

Бүгін оқушылар не үйренді ?

Сабақ қалай өтті,қандай деңгейде өтті ?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма ?

(тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым ?

Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге ?




Жалпы баға

Сабақты жақсы өткен екі аспектісі оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз?

1.

2.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады? Оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз?

1.

2.
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекеленген оқушылардың жетістік қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақта неге көңіл бөлу қажет?