Файл: Емтихан тест тапсырмаларыны базасы Ересек адамдар жне бала дерматовенерологиясы пні бойынша оу курсы 6 маманды жтд.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.12.2023
Просмотров: 29
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Серологиялық талдаулар: КСР, РИБТ, РИФ
#25
*!Дәрігерге 27 жасар ер адам, жыныс мүшесінен бөлінген көп мөлшердегі іріңді бөліндіге, зәр шығару кезіндегі күйдіру сезіміне шағымданды. Ауырғанына 5 күн. Ауруын кездейсоқ жыныстық қатынаспен байланыстырады. Қарап тексергенде уретра еріндерінің шырышты қабығы қызарған және ісінген. Жыныс мүшесінен көп мөлшерде іріңді бөлінді. Берілген диагноздардың қайсысы дұрыс:
Гонококты инфекция, жедел жаңа уретрит (соз деп келуі де мүмкін)
#26
*!20 жасар әйелді, әйелдер кеңесі бөлімінен тексеруге жіберген, өйткені оның жұбайы ОТВД-де жаңа созбен емделуде. Бөгде адаммен жыныстық қатынаста болмаған. Тексергенде: қынаптың шырышты қабаты және жатырдың мойны қызарған, қынаптың артқы ылдиында көп мөлшерде іріңді бөлінді. Берілген диагноздардың қайсысы дұрыс:
Гонококкты инфекция, симптомсыз түрі?
#27
*!Келесі клиникалық – лабораториялық белгілерге сүйеніп диагноз қойыңыз: таңертең мардымсыз шырышты-іріңді бөлінді көрінеді, ауырғанына 3 ай болған, арнайы бояғанда жағындыда жасушалардың ішінде және сыртында орналасқан, қызғылт жұп кокктар табылған.
Гонококкты инфекция, созылмалы түрі
#28
*!Венерологтың қабылдауына екі апта бұрын бейтаныс әйелмен жыныстық қатынасқа түскен ер адам келді. Жыныстық қатынастан кейін 5 күннен соң зәр шығарғанда кесу сезімі, уретрадан көп мөлшерде іріңді бөлінді пайда болды. Объективті:уретра еріндері ісінген, қызарған, көп мөлшерде іріңді бөлінді. Зәрдің бірінші бөлігі - лайлы, екіншісі - мөлдір, таза. Уретрадан алынған жағындыда гонококтар анықталды. Берілген диагноздардың қайсысы дұрыс:
Гонококкты инфекция, жедел алдыңғы уретрит
#29
*!Венерологтың қабылдауына 25 жасар ер адам жыныс мүшесінен бөлінген бөліндіге, қышу, күйдіру сезіміне шағымданды. Қарап тексергенде уретра еріндері қызарған, ісінген. Бөлінді көп мөлшерде, іріңді. Ауырғанына 4 күн. Төменде берілген дәрілердің қайсысын этиотропты ем ретінде тағайындау орынды болып табылады:
Цефалоспорины (средства первой линии)
Аминигликозиды (ср второй линии)
#30
!29 жастағы ер адам,.ертеңгілік уретрадан аққан мардымсыз бөліндіге шағымданып келді. Ертеңгілік және жыныстық қатынастан кейін ауру сезімі және бөліндінің күшеюі. Емделмеген. Ауырғанына 2,6 ай. Объективті: уретра еріндері аздап қызарған, уретрадан мардымсыз іріңді бөлінді. Жағындыда жасушаның ішінде орналасқан, грам теріс диплококк. Төменде берілген дәрілердің қайсысын тағайындау орынды болып табылады:
Цефалоспорины (средства первой линии)
Аминигликозиды (ср второй линии)
#31
*!Гинекологқа 20 жасар жүкті әйел күйдіру және қышумен қабаттасқан, қынаптан бөлінген бөліндіге шағымданып қаралды. Күйеуі ОТВД-де жаңа соз диагнозымен емделуде. Бөгде адаммен жыныстық қатынаста болмаған. Тексергенде: қынаптың шырышты қабаты және жатырдың мойны қызарған, қынаптың артқы ылдиында көп мөлшерде іріңді бөлінді. Төменде берілген дәрілердің қайсысын тағайындау орынды болып табылады:
Жүктілікке қарамастан антибиотикотерапия жүргізіледі
Цефалоспорины (средства первой линии)
Аминигликозиды (ср второй линии)
#32
*!38 жасар әйелді іштің төменгі бөлігіндегі ауру сезімімен қабаттасқан, қынаптан бөлінген бөлінді, қышу, ауру сезімі және жиі зәр шығару, жыныстық қатынас кезінде және қатынастан кейін қынаптағы дискамфорт мазалайды. Объективті: қынап қабырғасы қызарған, ісінген, артқы ылдида жиналған, жатыр мойнын жауып жатқан көп мөлшердегі күңгірттеу желім тәрізді бөлінді. Уретра, қынап, жатыр мойны өзегінен алынған жағындыда лейкоциттер саны, таяқша флорасы көп. Төменде берілген дәрілердің қайсысын тағайындау орынды болып табылады:
Бірінші қатар препараттары : тетрациклиндер, макролидтер. Екінші фторхинолондар
#33
*!23 жасар әйел жыныс мүшесіндегі аздаған шырышты іріңді бөліндіге шағымданып келді. Тексергенде: жатыр мойны ісінген, қызарған, жатыр мойнының сыртқы айналасында кіші көлемді эрозия байқалады. Романовски- Гимзе тәсілімен боялған препаратты микроскоппен зертегенде, қызғылт түсті цитоплазматикалық қосындылар табылған. Берілген диагноздардың қайсысы дұрыс:
Хламидиоз, цервицит
#34
*!28 жасар әйел дәрігер қабылдауына ішінің төменгі бөлігіндегі, сол жақ бүйіріндегі тартып
ауыратын ауру сезіміне, көп мөлшердегі көпіршікті бөліндіге шағымданды. Анамнезінде: созылмалы сол жақ бөліктің салпингиті. Емдеу курсын толық өткен. Кейіннен ауру сезімі біртіндеп қайтадан мазалай бастады. Вагиналды тексеру: қынаптың шырышты қабығы қызарған, ісінген, артқы ылдида көп мөлшерде көпіршікті бөлінді. Берілген диагноздардың қайсысы дұрыс:
Трихомониаз, вагинит
#35
*! Жүкті әйелді тексергенде уретра еріндері ісінген және қызарған, аздаған көпіршікті-іріңді бөлінді, зәр шығарғанда біраз кесу сезімі. Жағындыда мұртшалар тобынан қарапайымдар табылған. Берілген диагноздардың қайсысы дұрыс:
Трихомониаз, уретрит
#36
*!38 жастағы ер адам ТВД-не несепағардан аздаған кілегейлі іріңді бөліндіге шағымданып қаралды. Тексергенде: уретра ерні ісінген, қызарған. Романовски-Гимзе тәсілімен боялған препаратты микроскоппен зертегенде, қызғылт түсті цитоплазматикалық қосындылар табылған. Берілген диагноздардың қайсысы дұрыс:
Хламидиоз (уретрит жедел)
#37
*!Гинекологқа 27 жасар әйел сол жақ бүйіріндегі етеккір кезінде күшейетін ауру сезіміне мардымсыз шағымданып келді. Клинико-лабораторлық зерттеу кезінде хламидиоз диагнозы қойылған. Төменде берілген дәрілердің қайсысын тағайындау ең тиімді болып табылады:
Бірінші қатар препараттары : тетрациклиндер, макролидтер. Екінші фторхинолондар
#38
*!Әйел 30 жаста, тұрмыс құрмаған. Гинекологқа ішінің төменгі бөлігіндегі, сол жақ бүйіріндегі тартып ауыратын ауру сезіміне, көп мөлшердегі көпіршікті бөліндіге шағымданды. Анамнезінде: созылмалы сол жақ бөліктің салпингиті. Емдеу курсын толық өткен. Кейіннен ауру сезімі біртіндеп қайтадан мазалай бастады. Вагиналды тексеру: қынаптың шырышты қабығы қызарған, ісінген, артқы ылдида көп мөлшерде көпіршікті бөлінді. Жағындыда Trichomonas vaginalis қоздырғышы анықталды. Төменде берілген дәрілердің қайсысын тағайындау орынды болып табылады:
Метронидазол
#39
*! Гинекологқа 26 жасар 20 апталық жүктілігі бар әйел, ішінің төменгі бөлігіндегі ауру сезіміне, дене қызуының көтерілуіне және қынаптан бөлінетін шырышты бөліндіге шағымданып қаралды. Анамнезінде:жоғарыда көрсетілген шағымдар 4 апта бұрын пайда болған. Жағындыда қызғылт түсті цитоплазматикалық қосындылар табылған.Төменде берілген дәрілердің қайсысын тағайындау орынды болып табылады:
Макролид (джозамицин, азитромицин
#40
*!Гинекологқа 26 жасар әйел көп мөлшердегі көпіршікті іріңді бөліндіге, жыныс мүшесіндегі қышу, күйдіру сезіміне шағымданып келді. Вульва және қынапты қарап тексергенде вестибулярлы бездердің ісінгені анықталды, сағасы қызарған, қынаптың шырышты қабығы қызарған, ісінген, ұсақ қа нқұйылыстары, сарғыш жасыл түсті қан аралас іріңді көпіршікті бөлінді. Жатыр мойны ісінген, қызарған. Цервикалды өзектен іріңді бөлінді бөлініп тұр Лабораториялық тексеруде алмұрт пішінді мұртшасы бар микроорганизмдер анықталды Төменде берілген дәрілердің қайсысын тағайындау орынды болып табылады:
Метронидазол
Һ