Файл: Бекітемін М.уезов атындаы 86 мектепгимназия кмм директоры.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.12.2023

Просмотров: 101

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бекітемін


«М.Әуезов атындағы

№86 мектеп-гимназия» КММ директоры


Б.С.Сыздыкова Педагогикалық кеңес отырысы

№1 хаттама 31.08.2022 ж




МЕКТЕПІШІЛІК БАҚЫЛАУ ЖОСПАРЫ


2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫ

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «М.Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназиясының» мектепішілік бақылау туралы ЕРЕЖЕСІ


  1. Жалпы ережелер




    1. Осы ереже (бұдан әрі-Ереже) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» ҚР БҒМ 2021 жылғы 16 қыркүйектегі 472 бұйрығына сәйкес әзірленді.

    2. Ереже мектепішілік бақылаудың мазмұны мен тәртібін реттейді, ол оқу-тәрбие процесін және білім беру ұйымы қызметінің негізгі нәтижелерін реттейді.

    3. Ережені оған өз өзгерістері мен толықтыруларын енгізуге құқығы бар педагогикалық кеңес қарайды.



  1. Мектепішілік бақылаудың мақсаты мен міндеттері


    1. МІБ басты мақсаты




    1. Мектепішілік бақылаудың міндеттері:

  • орындау;

  • анықтау;

  • сәйкестік;

  • талдау және сараптамалық бағалау;

  • бақылау және бағалау;

  • жүзеге асыру;

  • дайындық;



  1. МІБ қызметі





    1. МІБ қызметі мыналар болып табылады:

  • ақпараттық-аналитикалық;

  • бақылау-диагностикалық;



  1. Мектепішілік бақылау бағыттары



І. Нормативтік құжаттардың орындалуын бақылау

ІІ. Талаптарға сәйкес мектеп құжаттамасының жүргізілуін бақылау ІІI. Оқу процесінің сапасын бақылау

  1. Білімнің олқылықтарын толтыру және төмен көрсеткіштермен жұмыс істеу бойынша жұмыстарды бақылау

  2. Оқу-зерттеу қызметі


VІ. Мұғалімнің шеберлік және әдістемелік дайындық жағдайының деңгейін бақылау VІІ. Тәрбие үрдісінің процесін, өткізілген іс-шаралардың сапасын бақылау

VІІІ. Материалдық-техникалық базаның нығаюын бақылау


  1. Мектепішілік бақылауды ұйымдастыру





    1. Бақылау түрлері. Бақылау түрі-белгілі бір мақсатта жүргізілетін бақылау нысандарының жиынтығы. Бақылау түрлерінің ерекшеліктері олардың объектілері мен тұрған міндеттерінің ерекшелігімен, сондай-ақ бақылау үшін пайдаланылатын құралдармен айқындалады.

      1. Тексерілетін объектілер бойынша бақылауды ұйымдастыру тәсілі кезінде бақылаудың келесі түрлері қолданылады:

  • Жалпы шолу бақылауы жалпы білім беру қызметінің жекелеген мәселелерін бақылау:

  • мектеп құжаттамасының жағдайы;

  • мұғалімдердің еңбек тәртібінің жағдайы;

  • оқу-техникалық жабдықтардың жағдайы;

  • оқу кабинеттерінің оқу жылының басындағы және соңындағы жағдайы;

  • білім алушылардың оқулықтармен қамтамасыз етілуі және т. б.

  • Жеке (персоналды) бақылау жекелеген педагогтің педагогикалық қызметін зерделеуді және талдауды көздейді:

  • педагогтің психологиялық және педагогикалық ғылымның заманауи жетістіктері, мұғалімнің кәсіби шеберлігі саласындағы білім деңгейі;

  • педагогтің оқыту технологияларын, оқытудың неғұрлым тиімді нысандарын, әдістері мен тәсілдерін меңгеру деңгейі;

  • педагог жұмысының нәтижелері және оған қол жеткізу жолдары;

  • педагогтің кәсіби біліктілігін арттыру тәсілдері.


  • Тақырыптық бақылау нақты мәселе бойынша істердің нақты жай-күйін зерделеуге ғана емес, сонымен қатар қолданыстағы практикаға оқыту технологиясын, жұмыстың жаңа нысандары мен әдістерін, педагогикалық еңбек шеберлерінің тәжірибесін енгізуге бағытталған, сондай-ақ мектеп қызметінің жекелеген проблемалары бойынша жүргізіледі.

  • Сыныптық-жалпылама бақылау белгілі бір сыныпта немесе параллельде жүзеге асырылады. Сыныптық-жалпылама бақылау жүргізуге арналған сыныптар оқу жылының, жарты жылдықтың, тоқсанның қорытындылары бойынша проблемалық-бағдарланған талдау нәтижелері бойынша айқындалады. Сыныптық-жалпылама бақылаудың ұзақтығы анықталған проблемаларға сәйкес істердің жай-күйін зерделеудің қажетті тереңдігімен айқындалады:

  • белгілі бір сыныптың немесе параллельдің барлық педагогтерінің қызметі;

  • оқу бағдарламаларын орындау (теориялық және практикалық бөлім);

  • білім алушыларға қойылатын бірыңғай талаптарды орындау;

  • білім алушылардың білім, білік және дағды деңгейі; мектеп құжаттамасы;

  • оқытуды ұйымдастыру кезінде педагогтің жаңа педагогикалық технологияларды меңгеруі;

  • бірыңғай орфографиялық режимді сақтау;

  • білім алушыларды танымдық қызметке қосу;

  • білім алушылардың білім сапасының төмендеуі туралы алдын алу бойынша педагогтің жұмысы, үлгерімі төмен білім алушылармен жұмы с;

  • оқытуды саралау және даралау;

  • білім алушылардың ата-аналарымен жұмыс;

  • тәрбие жұмысы;

  • сынып ұжымындағы әлеуметтік-психологиялық ахуал;

  • Фронтальды бақылау бұл оқытудағы бақылау, оның мақсаты-бүкіл педагогтер ұжымының, пән мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің немесе нақты педагогтің жұмысын жан-жақты зерттеу:


  • білім алушылардың нақты пән бойынша білім, білік және дағды жүйесінің қалыптасуын бақылау; оқытудағы сабақтастық мәселелері және т. б.

  • сынып параллеліне арналған кешенді мәселелердің жай-күйін бақылау (білім алушылардың білім деңгейі мен тәрбиелілігі, параллельде оқыту сапасы, параллельде сынып жетекшілерінің жұмыс сапасы, параллельде ата-ана міндеттерінің орындалуы және т. б.)
      1.   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Бақылаудың кезеңділігі бойынша


  • кіріс (өткен жыл нәтижесіне байланысты оқу жылының басында);

  • алдын-ала (қорытынды бақылау жұмыстарын жүргізу алдында, бітіруші сыныптардың емтихандары алдында, мектептің жаңа оқу жылына дайындығын тексеру);

  • ағымдағы (тақырыпты зерделегеннен кейін, тоқсан, жартыжылдық жұмыс нәтижелері);

  • аралық (аралық аттестаттау);

  • қорытынды (қорытынды аттестаттау).

    1. Бақылау әдісі қойылған мақсатқа жету үшін бақылауды іс жүзінде жүзеге асыру.

      1. Педагог қызметін бақылау әдістері: сауалнама өткізу;

тестілеу; мониторинг; бақылау;

сабақтың өзін-өзі талдауын зерттеу;

білім алушылардың іс-әрекеті туралы әңгіме;

білім алушылар іс-әрекетінің нәтижелерін талқылау; құжаттаманы зерттеу;

5.2.2. Оқу іс-әрекетінің әдістері: жазбаша және ауызша сауалнама;

жазбаша білімді тексеру (бақылау жұмысы); аралас тексеру;

құжаттаманы тексеру; сұхбат, сауалнама, тестілеу; хронометраж
    1. Мектепішілік бақылау ережелері:


      1. Мектепішілік бақылау:

  • мектеп директоры немесе оның орынбасарлары, әдістемелік бірлестіктердің басшыларымен жүзеге асырылады;

  • директор нақты мерзімдерін көрсете отырып, жаппай және сыныптық-жалпылама бақылау жүргізу кезінде жұмыс тобының құрамы туралы бұйрық шығарады;

  • білім алушыларға сараптамалық сауалнама және сауалнама жүргізу тек қажет болған жағдайда білім алушылардың ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) келісім бойынша жүргізіледі;

      1. Педагогикалық ұжым мүшелері мектептің жұмыс жоспарына сәйкес бақылаудың тақырыптарымен, мерзімдерімен, мақсаттарымен, нысандарымен және әдістерімен танысуы тиіс.

      2. Мектепішілік бақылау нәтижелері талдау анықтамасы, мектепішілік бақылау нәтижелері туралы анықтама, тексерілетін мәселе бойынша істердің жай-күйі туралы баяндама немесе өзге де нысанда ресімделеді. Қорытынды материалда фактілер, тұжырымдар мен ұсыныстар көрсетілуі керек. Педагогтер мектепішілік бақылау нәтижелерімен танысқаннан кейін қорытынды материалдың астына олардың мектепішілік бақылау нәтижелері туралы хабардар етілгенін куәландыратын қол қоюы тиіс. Бұл ретте олар қорытынды материалда жалпы немесе жекелеген фактілер мен қорытындылар бойынша бақылау нәтижелерімен келіспейтіні туралы жазба жасауға және мектептің кәсіподақ комитетіне немесе жоғары тұрған органдарға жүгінуге құқылы.