Файл: Саба Жыл мезгілдері,айлар,апта кндері Кні 26. 01. 2023.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.12.2023

Просмотров: 106

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Сабақ:Жыл мезгілдері,айлар,апта күндері




Күні: 26.01.2023

Практиканттың аты –жөні: Әкімбек Нұрзат

Сынып 1 «А»

Қатысқандар: 18

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу жоспары

1.1.3.2 Өлшем бірліктерін қолдану арқылы шаманы өлшеу: сағат



Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Барлық оқушылар уақыт, минут,сағат,апта, ай туралы біледі

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Аптаның күндерін жатқа айтады, жыл мезгілдері туралы біледі, айларды , апта, күнді айтады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Апта күндерін, апта күндеріне сәйкес паравоз түстерін үш тілде айта алады

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Пазлдар арқылы апта күндерін рет-ретімен құрастырады

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері :

дүйсенбі; сейсенбі; сәрсенбі; бейсенбі; жұма; сенбі; жексенбі.

Сыныптағы диалог /жазылым үшін сай келетін тіл стилі:

Талқылауға арналған сұрақтар:

Не себепті .... деп ойлайсыз?




Ишара

Апта күндеріне арналған әуен

Алдыңғы оқу

Уақытты анықтау

Жоспар




Жоспарланған уақыт есебі

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар


Басы

Ортасы


Психологиялық ахуал

Сәлем, привет,hello

Қайырлы болсын жаңа таң

Арайлап атқан жаңа күн

Жүрейік сәлем берісіп,

«Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір - бірлеріңмен тез - тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.

Ендеше, осындай ерекше көңіл күймен бүгінгі сабағымызды бастайық.

Топқа бөлу «Жыл мезгілдері»

(жаз, қыс, көктем, күз)

Тыңдалым

Кіріспе бөлім «Ой қозғау» стратегиясы.

-Балалар, бір жылда неше мезгіл болады?

-Қазір жылдың қай мезгілі ?

- Қыс. Суретін көрсету

- Қыс айларын кім айтады?

- Қыстан кейін қай мезгіл келеді?

- Көктем айларын кім айтады? /сурет/

- Көктемнен кейін қай мезгіл келеді ?

Жаз айларын кім атап шығады? /сурет/

- Жаздан кейін қай жыл мезгілі келеді?

- Күз айларын кім айтады? /сурет/



  • Қазір қыстың қай айы? (қаңтар)

  • Қаңтардың нешесі? (18 қаңтар)

  • Ол аптаның қай күні? (жұма)

Сөздерді қазақ тіліне аударып, тек бірінші әріпті жазу керек.

Яблоко,    лук,    малина,    груша.
     А              П               Т             А


Қандай сөз шықты?
Апта 
Екі буынды сөз 
Жуан сөз
А-жуан дауысты дыбыс

-Олай болса біздің бүгінгі жаңа тақырыбымыз

«Аптада күндері»

Балалар бір аптада жеті күн болады. Апта сөзі парсы тілінен аударғанда «жеті» деген мағынаны береді. Апта уақыттың негізгі өлшем бірлігіне жатпайды. Оны күнделікті өмірде қолданады.

1. — Жеті саны қандай сан?

— Жеті саны — «киелі сан»

— Наурыз көже жеті түрлі тағамнан жасалады.

— Кемпірқосақтың жеті түсі бар.

Апта деген ананың

Жеті бірдей ұлдары бар:

Біріншісі-Дүйсенбі,

Екіншісі-Сейсенбі,

Үшіншісі-Сәрсенбі,

Төртіншісі-Бейсенбі,

Бесіншісі-Жұма,

Алтыншысы-Сенбі,

Жетіншісі-Жексенбі

«Поезд құрастырайық!»

-Балалар, мына пойызбен «Апта-ананың» еліне саяхат жасап көрейікші.Біз саяхат жасауды ұнатамыз, біздің өтіп жатқан тарауымыздың өзі де «Саяхат» деп аталады емес пе?

Айтылым

Апта-7 күннен тұратын уақыт аралығы.

Апта күндерін айтайық.

Дүйсенбі,сейсенбі,сәрсенбі,бейсенбі,жұма,сенбі,жексенбі

Олай болса, апта күндерін үш тілде айтайық




1-ші вагонына апта ананың бірінші ұлын отырғызайық

-Дүйсенбі

-Қане, бәріміз, бірге қайталайық. Дүйсенбі.Понедельник.(мандей)

2-ші вагонымыз- 2-ші күн- Сейсенбі. Вторник. (тюздей)

3-ші вагонымыз - 3 күн- Сәрсенбі. Среда. (уенздей)

4-ші күн-Бейсенбі. Четверг. (сөздей)

5-ші күн-Жұма. Пятница. (фрайдей)

6-шы күн. Сенбі. Суббота. (сатыдей)

7-ші күн.Жексенбі.Воскресенье. (сандей)

Балалар саяхат жасамас бұрын, біз олармен танысып , достасып алуымыз керек. Ол үшін апта күндерінің дайындаған қызықты сұрақтары мен тапсырмаларын орындауымыз керек.

№1. Дүйсенбінің тапсырмасы:

Оқылым.

Оқулықпен жұмыс

«Бәйге» ойыны

  1. Аптада неше күн бар?

  2. Сабақ кестесіне қара.Аптаның қай күндерінде математика сабағы өтеді?

  3. Жұманың алдында аптаның қай күні келеді?

  4. Осы сәрсенбіден келесі сәрсенбіге дейін неше күн өтеді?

  5. Сейсенбіден кейін неше күн өткенде сенбі болады?


№2. Сейсенбінің тапсырмасы.

Жұптық жұмыс. «Көршіңе әңгімелеп бер» стратегиясы.


(сурет бойынша оқушы ойын білу)

Әкесі,анасы және балалары 2 апта теңіз шипажайында болды.Отбасы неше күн демалды?

Жауабы: 7+7=14

№3.Сәрсенбінің тапсырмасы.

Логикалық тапсырма

Алма ағашында 10 алма, ал үйеңкі ағашында одан 2 алма аз өсіп тұр. Үйеңкі ағашында неше алма өсіп тұр? (Үйеңкіде алма өспейді) 

Үй тышқанның неше құлағы бар? 

Бірінші сөреде- 3 кітап, ал екінші сөреде- 7 кітап тұр.Екі сөреде барлығы неше кітап? 

№4. Бейсенбінің тапсырмасы.

Сергіту сәті

№ 5. Жұманың тапсырмасы.

Жазылым (дәптермен жұмыс)

Мозайка құрастыру.

Мозайканы әрі қарай құрастыр. Мозайка пазлдарына апта күндерін ретімен жаз. Содан кейін бір аптаның пазлдарын бір түспен, келесі аптанікін басқа түспен боя.

№6. Сенбінің тапсырмасы.

Топтық жұмыс

1 топ: 20-ға дейінгі сандарды салыстыр

13<14 90>70

20>2 20<30

40>4 16>15
2 топ: Екі амалды өрнектер

100-30-10=60

60+30+10=100
3 топ: Жақшалы өрнектер

11+ (7-2)=16

(11+7)-2=16
4 топ: Өзара кері амалдар

30+10=40 40-30=10

10+30=40 40-10=30

№7. Жексенбінің тапсырмасы.

«Сәйкестендіру»

Балалар жарайсыңдар! Апта ананың балаларының тапсырмасын өте жақсы орындадыңыздар.


Жыл мезгілдері

Суреті


күнтізбе
Апта күндері



Соңы

Кері байланыс

Оқушылар «Бағдаршам» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты сигналдық таяқшаарқылы көрсетеді. Кері байланыста оқушылар өз топтарының жұмысымен бірге басқа топтың да жұмыстарын бағалады және ұсыныстарын берді.Бұл сабақта оқушылар шығармашылықпен жұмыста топтық жұмыстың пайдасын түсінді деп ойлаймын.




Қосымша мәліметтер

Саралау –оқушыларға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушға тапсырманы қалай түрлендіресіз ?

Смайлик арқылы бағаланып, кері байланыс сигналды таяқшалар арқылы жүзеге асырылды

Пәнаралық байланыс: АКТ –мен байланыс

Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)

Рефлексия







Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма ?

Бүгін оқущылар не үйренді ?

Сабақ қалай өтті,қандай деңгейде өтті ?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма ?

(тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым ?

Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге ?

  • Оқушылар уақыт аралықтары туралы білді.

  • Минут, сағат, апта, ай туралы түсініктері болды,

  • Уақыттың өлшем бірліктерін қолдануды үйренді

  • Сабақ жоғары деңгейде өтті

  • Уақытты тиімді пайдалана білдім

Оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеру­ деңгейін тексеру үшін сұрақтар қоюыңызға болады:

— Бір аптада неше күн бар?

— Бүгін аптаның қай күні?

— Сендер аптаның қай күні мектепке келесің­ дер?

— Сейсенбі аптаның қай күні?

— Дүйсенбіден кейін қай күн?

— Жексенбінің алдында қай күн?








14>