Файл: Пні Математика Кні 31. 01. 2020ж Сынып.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 20

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Пәні: Математика

Күні: 31.01.2020ж

Сынып: 2 «А»

Сабақ № 78

Мектеп: №1 ҚЖББОМ

Мұғалім: А.К.Қонақбаева

Қатысқандар саны: 15

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

3 санына көбейту мен бөлу кестесін құрастыру. Қимылды ойындар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.2.4**2, 3, 4, 5сандарына көбейту мен бөлу кестесін құру, білу

жəне қолдану.


Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: 3-ке көбейту жəне бөлу кестесін құрастырады.

Көптеген оқушылар: 3-ке көбейту жəне бөлу кестесін бірдей қосылғыштардың сомасын табуға, мазмұнына қарай жəне бірдей бөліктерге бөлуге берілген есептерді талдауды жəне шығаруды біледі, қолданады

Кейбір оқушылар: 3-ке көбейту жəне бөлу кестесін есептеулерде қолданады, кері есептер құрастырады жəне шығарады.

Ойлау дағдылары

Білу, түсіну, қолдану.

Бағалау критерийлері

  • 3-ке көбейту және бөлу кестесін құрады.

  • Берілген тапсырмаларды талдайды, шығарады.

  • 3 санына көбейту және бөлу кестесін әртүрлі тапсырмаларда қолданады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

•3-ке көбейту кестесі қалай құрастырылғанын түсіндіреді.

Пəндік лексика жəне терминология:

3-ке көбейту жəне бөлу кестесі.

Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы

Талқылау:

3-ке көбейту кестесі қалай құрастырылған? Неліктен ол 33 түріндегі жағдайдан басталады?

Жазу: 3-ке көбейту жəне бөлу кестесін жазу.

Құндылықтарды дарыту

Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, өмір бойы білім алуға дарыту.

Пәнаралық байланыс

Музыка, әдебиеттік оқу

АКТ қолдану дағдылары

Слайд, интербелсенді тақта.

Тілдік құзыреттілік

Көбейту, бөлу, көбейту мен бөлудің байланысы.

Бастапқы білім

2 санына көбейту мен бөлу кестесін бекіту.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут


1.Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық:

Әрбір адам:

Туысым,досым, жұртым

Әрбір сабақ:

Үйрену,ұғу,ұлағат.

Әрбір ісің:

Тірлік,тірек, адамдық.

Әрбір сөзің:

Шындық, бірлік, адалдық.

-Балалар, сабаққа қандай көңіл-күймен келдіңдер (басбармақпен көрсетеді).

2. Топқа бөлу: Амалдар түрімен бөліну (қосу, азайту, көбейту) Қосу — берілген бірнеше санның қосындысы анықталатын арифметикалық амал. Қосудың компоннеттері : қосылғыш,қосылғыш, қосындының мәні. Азайту — негізгі төрт арифметикалық амалдардыӊ бірі, қосу амалына кері амал сандардыӊ айырымын анықтайды, «−» таӊбасымен белгіленеді. Азайтудың компоннеттері: азайғыш,азайтқыш,айырманың мәні. Көбейту мен бөлу өзара кері амалдар. Көбейтудің компоннеттері : көбейткіш,көбейткіш, көбейтіндінің мәні.Әр топ басшысы өз топтарына түсініктеме береді.

Ұ. Ширату жаттығулары: «Шапалақта» әдісі (зейінді шоғырландыру)

Нұсқау: айтылған пікір дұрыс болса «шапалақтаймыз», бұрыс болмаса топылдатамыз.

Тапсырма:

2*2=4 8:4=3 12:2=3

2*6=5 10:5=2 4*2=8

2*7=14 18:2=8 20:2=10

ҚБ. Айтылған пікірлерді ажырата алады.

Ынталандыру: «Тамаша!»

Хормен айту

Интербелсенді тақта

Сабақтың ортасы
20 минут

Ұ. Белсенді оқу (жаңа материалды түсіну)

Балалар, қазақ қандай сандарды қасиетті сандар деп есептейді? 3,5,7,9 сандары. Ендеше осы сандардың ішінен 3 саны туралы не білеміз?

Үш асыл: Үш қуат: Үш арсыз:

1. Көз 1. Ақыл 1. Ұйқы

2. Тіл 2. Жүрек 2. Күлкі

3. Көңіл 3. Тіл 3. Тамақ
Үш жүз: Үш би: Үш артық:

1. Ұлы жүз 1. Төле би 1. Адалдық

2. Орта жүз 2. Қазыбек би 2.Еңбексүйгіштік 3. Кіші жүз 3. Әйтеке би 3. Өнерпаздық
Олай болса, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы 3 санына көбейту және бөлу кестесін құрастыру

–Біз алдымызға қандай мақсаттар қоямыз?

(3-кекөбейтужəне бөлу кестесінқұрастыру жəнеоны қолдануды үйрену)

Оқулық. №1. Үш-үштен сана.

3*5=15

5*3=15

15:3=5

15:5=3
Айсұлу әр секіргенде 3 бірлік бар. Екі, үш секіргенінде неше бірлік бар?

3*1=3

3 *2=6

3*3=9 т.б.

ҚБ. Оқушылар сурет бойынша өрнек құрастырады.

Бағалау : «Өте жақсы!»
Бірлескен оқу. «Ойлан тап!» әдісі (командаларға бірігіп жұмыс істеу)

Оқулық: №2. Нұсқау: Кестеге қара. 3 санына көбейту және бөлу кестесін құрастыруды жалғастырып, әр бағанды толықтыр.

–Қалай ойлайсыңдар, 3-ке көбейту кестесін құрастыруды қандай жағдайдан бастаймыз? Топта талдаңдар.

(Жауаптарəртүрлі болуымүмкін 3·1, 3·2)

  • Не себепті біз 3 · 1 жағдайынан бастамаймыз?

(Кез келген санды 1-ге көбейтсе, санның өзішығады дегенережені білеміз.)

  • Неліктен 3 · 2 жағдайынан бастамаймыз?

(Көбейткіштердің орнынауыстырғаннан,көбейтінді өзгермейді).

  • Демек, 3·3 жағдайынан бастаймыз.

  • 3-ке көбейту кестесінің нəтижелерінде қандай заңдылық байқалады?(Көбейтінді 3-ке артады.)



Бірінші баған қалай құрастырылғанын тағы бір рет талдаңдар (екінші көбейткіш артып отырады, бірінші көбейткіш – 3), екінші баған қалай құрастырылғанын талдаңдар (көбейткіштердің орындары ауыстырылды немесе бірінші көбейткіш артып отырады). Үшінші бағанда бөлгіш 3-ке тең, ал төртінші бағанда бөлінді– 3 саны.

  • Біз сендермен қандай операцияны орындадық?

(Кестеқұрастырдық.)

Ынталандыру: «Керемет»




  • Егер көбейткіштердің біреуі артса, көбейтінді қалай өзгереді? (Көбейтінді артады.)

  • 3-бағанға қараңдар.

  • Егер бөлінгіш артса, ал бөлгіш өзгермесе, бөліндіге не болады? (Бөлінді артады.)

  • 3-ке көбейту кестесін не үшін білу

керек? (Мысалдарды, есептерді шығару үшін.)


Саралау. Топтық жұмыс.

«Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі

3.
Нұсқау: есептерді шығар. Өрнектер құрастырып, олардың мәнін тап..

Тапсырма:

А) Сырым эстафеталық жарыста әр жүгірген сайын 3 доптан әкеледі. Егер ол 4 (5,6,9) рет жүгірсе, онда неше доп әкеледі?

4*3=12 5*3= 15 6*3=18 9*3=27

Ә) 12 (18, 9, 15) допты әр себетке 3-тен салатын болса, қанша себет қажет?

12: 3=4 18:3=6 9:3=3 15:3=5


Қ/Б: есептерді шығарады, есепті толықтырып, өрнектер құрастырады, олардың мәнін табады.

(оқушылардың жауаптары сараланады)

Ынталандыру: Жарайсың!

Топ бір-бірін бағалайды.
«Ойлан, салыстыр!» әдісі

4. Интербелсенді тақтамен жұмыс

Нұсқау: Өрнектің бірінші бөлігінің мәнін тап, екінші бөлігінің мәнін тап. Оларды салыстыр.

Тапсырма:

3*9 # 5*3 3*8 # 9*2 5*2 # 3*7

3*2 # 3*4 3*5 # 2*8 6*3 # 2*4

Қ/Б: өрнектің екі бөлігін салыстырады.

Ынталандыру: «Жарайсың!»
Жұптық жұмыс. «Көршіңмен сырлас» әдісі ( оқушылардың өз ойын ауызша білдіруіне үйретеді)

Дәптердегі №2.

  • 3-ке көбейту жəне бөлу кестесін қолдана отырып, жауапты жұппен ізденейік.

Қ/Б: 3-ке көбейту жəне бөлу кестесін жұппен орындайды.

Ынталандыру: Жарайсыңдар!
Өзіндік жұмыс. «Тайм-менеджмент» әдісі (есептеу дағдыларының шапшаңдығын байқау мақсатында)

Нұсқау: берілген тапсырманы белгіленген уақытта орындау.

Дәптердегі : №3. (1 мин)

Бізге тапсырманы сəтті орындауға не көмектесті?(3-кекөбейту кестесін білу.)

1 топ

Белгісіз көбейткішті табу үшін , көбейтіндінің мәнін көбейткішке бөлу керек

3 * = 15

2 топ

Белгісіз бөлінгішті табу үшін бөліндінің мәнін бөлгішке көбейту керек

: 6 = 3
3топ

Белгісіз бөлгішті табу үшін ,бөлінгішті бөліндінің мәніне бөлу керек

12: = 3






Таныстырылым, оқулықпен жұмыс


Интербелсенді тақта

Тақтамен жұмыс

Фишкамен бағалау


Дәптермен жұмыс

Фишкамен бағалау

Тақтамен жұмыс

Сергіту сәті

1 минут

Нұсқау: Оқушылар, орнымыздан тұрып, әуенге ілесе отырып, Достар әніне қосылып бойымызды сергітіп алайық.

Ынталандыру: «Жарайсыңдар!»

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Сабақтың соңы

10 минут


Б екіту. Кэрролл диаграммасы - Кэрролл Льюис құрметіне аталған. Өмір жылдары 1832 – 1898. Ол - ағылшын жазушысы, математик, логика маманы, философ, фотограф. Ең танымал шығармасы — «Ғажайыптар еліндегі Алиса» және «Айна артындағы Алиса».


Интербелсенді тақта



1-топқа: « Кэрролл» диаграммасы

Геометриялық фигуралар





Үшбұрыштар

Жасыл







Үшбұрыштар емес










Жұп сандар

Бір таңбалы сандар


2

  1. 6

8

Бір таңбалы сандар емес


10

12

14 16

18

20



2-топқа: Қима қағаздар




Суретте сағат неше? Сол санды 3-ке көбейтіп, өрнек құрастыр.

3 * 1 = 3

С уретте не бейнеленген? Сол сөзден ш әрпін өшіріп тастасаң қандай сан шығады? Сол санды 3-ке көбейтіп, өрнек құрастыр. 2 * 3 = 6



Суретте не бейнеленген? Сол сөзден й әрпін өшіріп тастап, ш әрпін қойсаң қандай сан шығады? Сол санды 3-ке көбейтіп, өрнек құрастыр 3*3=9




Суретте не бейнеленген? Сол сөзден ю әрпін өшіріп тастап, н әрпін қойсаң қандай сан шығады? Сол санды 3-ке көбейтіп, өрнек

құрастыр. 3*10=30

3-топқа: «Домино» әдісі







Топтық жұмыс

4 минут

Бағалау. Кері байланыс: «Ақылды үкі»
Рефлексия.

Біз сабағымыздың мақсатына жеттік пе? (Иə.)

Негіздеңдер. (Біз 3-кекөбейту жəне бөлу кестесін құрастырдықжəнеоны қолдануды үйрендік.)

  • Не орындалды?

  • Біз 3-ке көбейту жəне бөлу кестесін сенімді түрде қолдануды үйрендік деп айта аламыз ба? (Жоқ.)

–Сендердің əрқайсыларың алдарыңа қандай мақсат қоюларың керек? (3-ке көбейтукестесін жаттапалуды.)

«Ақылды үкі»