Файл: азастан тарихы пнінен тосанды жиынты баалау спецификациясы 10сынып.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.12.2023
Просмотров: 300
Скачиваний: 1
Бекітемін
Мектеп директоры
-------------------------
Н.Ахметов
«Қазақстан тарихы» пәнінен
тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы 10-сынып
(жаратылыстану-математикалық бағыт, қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
-
Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты 3 -
Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 3 -
«Қазақстан тарихы» пәнінен күтілетін нәтижелер 3 -
Ойлау дағдыларының деңгейі 4 -
Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу.. 5 6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі 5
-
Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты
-
Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
-
«Қазақстан тарихы» пәнінен күтілетін нәтижелер
-
Орталық Азиядағы ежелгі мәдени ошақтарды және олардың орналасқан жерлерін; -
көшпенділіктің тарихи түрлерін; -
еуразиялық дала өркениетінің қалыптасуы мен даму кезеңдерін; -
түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстан территориясындағы қалалық мәдениеттің даму ошақтарын; -
әлемдік мәдени-тарихи прогреске едәуір ықпал еткен Орталық Азия халықтарының жетістіктерін; -
Қазақстан мемлекеттігі дамуының тарихи кезеңдерді біледі.
Түсіну
-
Қазақстанның тарихи даму процестері мен құбылыстарының, негізгі оқиғалардың мәнін; -
ежелгі Орталық Азияның өркениет ошақтарын, көшпенділіктің әр түрлерінің, Қазақстан территориясындағы қалалық және көшпелі мәдениеттің сипатты белгілерін; -
әлемдік мәдени-тарихи прогресс үшін Орталық Азия халықтарының жетістіктерінің маңызын; -
түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстандағы саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени өзгерістерге ішкі және сыртқы факторлардың ықпалын түсінеді.
-
Қазақстан мен Орталық Азия территориясында өмір сүрген мемлекеттер мен мәдениет ошақтарын уақыт пен кеңістікте анықтау кезінде; -
Орталық Азия көшпенділер мәдениетінің қалыптасу мен даму ерекшеліктерін анықтауда; -
түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық мәдени даму ерекшеліктерін анықтау кезінде; -
Қазақстанның өткен және қазіргі кездегі оқиғалары мен құбылыстарына қатысты өз позициясын анықтау кезінде тарихи ойлау дағдыларын қолданады.
-
түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстан территориясындағы өркениеттер мен мемлекеттердің қалыптасуы мен дамуына түрлі факторлардың (географиялық, демографиялық, миграциялық, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және т.б.) ықпалын; -
себеп-салдар байланыстарын анықтау мақсатында Қазақстан тарихындағы тарихи оқиғалар, процестері мен құбылыстарды; -
Қазақстан аумағындағы этногенез, саяси және мәдени процестерге қатысты негізгі ғылыми теорияларды талдайды.
-
тарихи талдау әдістерін қолдана отырып шығармашылық, танымдық, зерттеушілік, жобалық сипаттағы жұмыстарды; -
Қазақстан тарихы туралы тұтас түсініктері мен тарихи санасын қалыптастыру үшін тұжырымдар мен гипотезаларды жинақтайды.
-
түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстанның дамуына (географиялық, демографиялық, көші-қон, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және т.б.) түрлі факторлардың ықпал ету дәрежесін; -
Орталық Азия халықтары мәдениетінің әлемдік өркениет дамуына қосқан үлесін; -
тарихи мәліметтердің шынайылығын; -
Қазақстан тарихының этникалық, саяси, мәдени, әлеуметтік-экономикалық мәселелері бойынша түрлі ғылыми теориялардың дәлелдік дәрежесін бағалайды.
-
Ойлау дағдыларының деңгейі
| Ойлау дағдыларының деңгейі | Сипаттама | Тапсырмалар түрлері |
| Білу және түсіну | Қазақстан аумағындағы ежелгі археологиялық мәдениеттерді және олардың ерекшеліктерін сипаттайды | КТБ - Көп таңдауы бар тапсырмалар ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар |
| Қолдану | Этникалық процестердің сабақтастығын анықтап, әлеуметтік жіктелу ұғымдарын түсіндіреді. Мемлекеттіліктің қалыптасу тарихы кезеңдерін түсіндіріп, Қазақстан аумағындағы тарихи процестердің заңды нәтижесін тұжырымдайды. Сонымен қатар қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымын түсіндіреді. | ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар ТЖ - Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар |
| Жоғары деңгей дағдылары | Ғалымдардың пікірін зерттеп, көзқарастарды талдау арқылы көшпенділер өркениетінің тарихи процестеріне баға береді. Орталық Азия халықтарының материалдық мәдениет жетістіктерін талдап, адамзаттың дамуына қосқан үлесін талдап, Кеңестік кезеңдегі Қазақстанның қоғамдық-саяси даму қайшылықтарын талдайды. Дала өркениетінің белгілі тарихи және мәдени ескерткіштерін зерттеп, Кеңестік дәуірдегі мәдениеттің даму ерекшеліктерін қорытындылай отырып, жетістіктер мен қайшылықтарды талдайды. | ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар ТЖ - Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар |
-
Тоқсандарға_ойлау_дағдыларының_деңгейіне_байланысты_тексерілетін_мақсаттарды_бөлу'>Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу
| Тоқсан | Білу және түсіну | Қолдану | Жоғары деңгей дағдылары |
| I | 25 % | 0% | 75% |
| II | 0 % | 50 % | 50 % |
| III | 0 % | 25% | 75 % |
| IV | 0% | 50 % | 50% |
| Барлығы | 6% | 31% | 63 % |
-
Жиынтық бағалауды өткізу ережесі
-
Модерация және балл қою
40 минут
Балл саны – 30 балл
Тапсырмалар түрлері:
КТБ – көп таңдауы бар тапсырмалар
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа/ толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады. Берілген нұсқа қысқа/ толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 5 тапсырмадан тұрады. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық дағдыларын көрсетеді.Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/ сұрақтардан тұрады. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұрады
I тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
| Бөлім | Тексерілетін оқу мақсаты | Ойлау дағдыларыны ң деңгейі | Тапсыр ма саны | Тапсырма № | Тапсы рма түрі | Орындауға берілетін уақыт | Балл | Бөлім бойынш а жалпы балл |
| Өркениет: даму ерекшеліктері | 10.1.1.2 Әлемдік өркениеттегі Орталық Азияның рөлі туралы ғалымдардың пікірін зерттеу | Жоғары деңгей дағдылары | 1 | 1 | ТЖ | 10 | 7 | 30 |
| 10.1.2.4 Қазақстан аумағындағы ежелгі археологиялық мәдениеттердің ерекшеліктерін сипаттау | Білу және түсіну | 1 | 2 | КТБ | 7 | 7 | ||
| 10.1.2.7 Әртүрлі көзқарастарды талдау арқылы ерте көшпенділер өркениетінің әлемдік тарихи процестер барысына әсерін бағалау | Жоғары деңгей дағдылары | 1 | 3 | ТЖ | 10 | 6 | ||
| 10.1.3.1 Орталық Азия халықтарының материалдық мәдениет жетістіктерін талдау арқылы адамзаттың дамуына қосқан үлесін қорытындылау | Жоғары деңгей дағдылары | 2 | 4-5 | ТЖ | 13 | 10 | ||
| БАРЛЫҒЫ | | 5 | - | - | 40 | 30 | 30 | |
| Еcкерту: *-өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер | ||||||||