ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 70

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

МАЗМҰНЫ

 

 

І. КІРІСПЕ....................................................................................................3

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ НЕГІЗІНДЕ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ ЖӘНЕ РУХАНИ – АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

2.1. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу…...............................5

2.2. Дамудағы әлеуметтік орта мен тәрбиенің жетекші ролі................11

2.3. Тәрбие жүйесінде мектеп жасына дейінгі балаларды жас шамасына қарай бөлу............................................................................................15

2.4. Мектеп жасына дейінгі балалардың таным үрдісінің даму...........21

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................24

IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...............................................26


  1. КІРІСПЕ


Жас ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы. ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Баланың шын мәнісіндегі адам болып қалыптасуы қыруар уақыт пен тер төгетін, зор еңбекті қажет ететін, ауқымы кең, жауапкершілігі мол жұмыс. Ұлы абай: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы-жаманды таниды дағы сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады», — десе, француз педагогы Жан Жак Руссо: «Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстінде шимайды қалай салсан, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді», — деген екен.

Адамның дамуы дене, психикалық және әлеуметтік жетілу, пісу процесі болып табылады да, туа біткен және өсе келе бойға сіңген қасиеттердің, сандық және сапалық өзгерістерінің бәрін қамтиды. Дене дамуы бойдың, салмақтың өзгеруімен, бұлшық еттер күшінің артуымен, сезім мүшелерінің жетілуімен, қимылдардың үйлесімділігімен т.б. байланысты. Психикалық даму процесінде танымдық, еріктік, эмоциялық процестерде, жеке адамның психикалық сипаттары мен белгілерінің қалыптасуында елеулі өзгерістер болады. Даму барысында баланың биологиялық индивид ретінде адамға, жеке адам ретінде адамзат қоғамының мүшесіне айналуы жүзеге асады. Адамның дамуы дегеніміз – оның тегінде бар және туа біткен белгілердің жай ғана сандық көрінісі емес. Даму – бұл ең алдымен айналадағы болмыстың ықпал жасауымен ағза мен психикада болып жатқан сапалық өзгерістер. Адамның дамуы мен оның жеке басының қалыптасуы біртұтас процесс.


Кейбір талант ерте танылады. Мысалы: Австрия композиторы В. А. Моцарттың (1756 – 1791) музыкаға қабілеті 3 жасында көрініс тауып, 7 жасында Европаны таңдандырған. Поляк композиторы Ф. Шопеннің анасы (музыкант) баласының талантын 2 – 3 жасында байқаған. Музыка естісе, көзіне жас келеді екен, оны арнаулы мұғалім оқытып, тәрбиелеген.

 Кейбір баланың қабілеттілігі өте кеш көрініс табады. Мысалы, неміс халқынын көрнекті географы, геофизигі, гидрографы, табиғат зерттеушісі Вильгелм Гумбольт жас кезінде ойға шорқақ, ағылшынның данышпан физигі, астрономы, математигі, ұлы ғалымы Исаак Ньютонның оқуға қабілеті төмен, ағылшынның ұлы физигі Майкл Фарадейдің есте сақтау қабілетін өте нашар болған.

 Баланың дұрыс дамуына қоғамдағы халықтың материалдық тұрмыс жағдайының жақсаруы, хал-ахуалы мен мәдени дәрежесінің артуы жеткіліксіз, оған мақсатқа бағытталған педагогикалық байыпты басшылық қажет. Педагог баланың бейімділігінтанып, оған сүйене отырып, қызыушылығының, ынтасының нақты қабілеттілікке айналуына, ан-жақты дамуына жағдай жасайды. Дарынды балаларға жеке әдіс-тәсіл қолдана отырып, дамуы уақытша кешеуілдеген балалардың дамуына толық жағдай тудыру абзал.

 Қорыта келгенде, тұқым қуалаушылық жолымен ауысқан биологиялық ерекшеліктер адамның дүниеге көзқарасын, сенімін қалыптастыруға ықпал ете алмайды. Айналадағы орта мен мақсатқа бағытталған тәрбие, баланың жүйелі әрекетін ұйымдастыру, оған дұрыс басшылық ету ғана бала дамуында шешуші роль атқарады.

 Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу туралы айта отырып, Квинтилиан ата-аналарға, асыраушыға және педагогқа сөз тастайды. Асыраушыдан, дені сау болудан басқа, биік адамгершілік,жақсы да дұрыс тіл білу талап етіледі. Педагогты таңдау - өте күрделі іс, өйткені бала одан әлем туралы білім және мораль нормалары жөнінде түсініктер алады.

Квинтилиан мектепке дейін балалармен жүйелі сабақ жүргізу мүмкіндігі бар деп есептеді. Алайда соның өзінде берілетін білім ауқымды кең болмауға тиіс, оны беру методикасы «бала сүйіп үлгермеген оқудың жек көріп кетпеуі үшін» балалардың қуанышты көңіл күйін,ынтызарын туғызуы керек.

Мектепке дейінгі тәрбие теориясын дамытуға Швейцарияның аса көрнекті педагог-деиократы Генрих Песталоциий (1746-1827) үлкен үлес қосты.Ол феодалдық қоғамдық қатынастардың қирау және капитализмге көшу дәуірінде өмір сүрді, халықтың қатты қайыршылануын және бұрынғы маралдық норамалардың ыдырауын көзімен көрді.Халықтың жағдайы жақсаруын армандай отырып,Песталоциий бұған дұрыс тәрбиелеу және жалпыға бірдуй білім беру нәтижесінде қол жетуі мүмкін деп есептеді.Оның көзқарасының утопмялылығы: білім берудің өзі халық бұқарасының жақсы өмір сүруіне кепілдік береді деген бұлдыр сенімінде болды.




II. «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ НЕГІЗІНДЕ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ ЖӘНЕ РУХАНИ – АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

2.1. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу
Алғашқы қоғамдық құрылыс тұсындағы адамзат тарихының өте ерте кезеңдерінде балаларды өмірге даярлаудың негізгі тәсілі аң аулау мен еңбек құралдарын бейнелейтін қарапайым ойнашықтармен ойнау, ересектердің іс-әрекеттіріне еліктеу болды. Моральдық тәрбие беудің құралы өмірдің түрлі жай-жағдайларында жаңа ұрпақтарға мінез-құлық ережелері мен нормаларын беріп отырған фольклор(ертегі, аңыз, мақалдар мен мәтелдер) болды.

Антикалық Грецияда мектепке дейінгі жастағы балаларды семьяда тәрбиелеу жөніндегі идеяларды қамтыған педагогикалық теорияның нышандары пайда болды. Тәрбие берудің өзінің мақсаттары мен құралдары жағынан елеулі түрде ерекшеленген спарталық және афиналық жүйесі көбірек белгілі болады. Спартада, әскери құл иеленуші мемлекетте, олар болашақ әскери азаматтар тәрбиелеу міндеттерімен белгіленіп отырды. Қоғамдық мораль балаларды жас шағынан ер жүрек, шыныққан, ішер тамақ, киер киім таңдамайтын, жылап-сықтау,жасу дегенді білмейтін етіп тәрбиелеуді ұсынды. Балалардың болашақта дені сау болуына тырысушылық,қыз балалар мен бой жеткен қыздардың дене тәрбиесіне көңіл бөлумен байланысты болды.

Афиныда құл иеленушілердің балалары уақытты негізінен үйдің әйелдер тұратын бөлігінде өткізіп отыр. Олар спартандарға қарағанда неғұрлым биязы тәрбие алды. Асыраушының қолынан бала педагогтың (бұл екі сөз – «пайдос» - бала және «аго» - қолынан жетектеймін дегенннен шыққан) қолына беріледі,олар көбіне дене еңбегіне жарамсыз құлдар болып келетін.

Спартандық және афинылық жүйелер үшін олардың арасында айырмашылықтар болса да, құлдар мен дене еңбегіне жиіркене қарауды тәрбиелеу, білім алуға азат адамдардың монополиясы ретінде қарау ортақ болды.

Педагогикалық тоерия негіздерінің қалыптасуында Ежелгі Грецияның аса көрнекті философтары Платон мен Аристотель көзқарастарының ерекше маңызы болды.

Платон (б.э.д 427-347 жылдар) тәрбие мен оқыту мәні, қоғамдық құрылым мен тәрбиенің қатынасы сияқты аса маңызды педагогикалық ұғымдардың анықтамасын берген кісі. Ол азат азамат балаларын ерте бастан тәрбиелеудің мемлекеттік жүйесі туралы идеяны ұсынды. Платон ойынды тәрбие берудің маңызды құралы деп қарады, балаларды тәрбиелеумен шұғылданатын адамдарға қойылатын негізгі талаптарды айқындап берді.


Аристотель (б.э.д 384-322 жылдар)жеке адамның дене, ақыл-ой және адамгершілік тәрбиесін қамтитын үйлесімді даму идеясын тұжырымдады. Ол тәрбиенің табиғи дарындылығына үлкен мән берді. Аристотель мектепке дейінгі кезеңді жеке адамның қалыптасуындағы ерекше және маңызды шақ деп бөліп қарады. Бұл кезеңде,оның пікірі бойынша, алуан түрлі ойындармен қатар ақыл-ойды дамытатын әңгімелер пайдаланылуға тиіс, ал балаларды бес жасынан бастап мақсатты түрде мектепке даярлау керек.

Мектепке дейінгі тәрбие теориясы негіздерінің қалыптасуында рим педагогы Марк Фабий Квинтилиан (42-118) жазған «Шешенді тәрбиелеу туралы» арнаулы педагогтық трактат – педагогика тарихында тұңғыш маңызды роль атқарды. Квинтилиан балалардың бойында ең әуелгі – бастапқы түсініктердің қалыптастыруына қоршаған ортаның әсер ету маңызын атап көрсетті және мол заман қоғамының азғындыратын зиянды әсері болатынын көрсетті.

Феодализм кезеңінде балалар тәрбиесіне католик діні орасан зор ықпал етті, ол әр адамның бойында күнәһарлік нышан болды деп пайымдады. Шіркеу іліміне сәйкес, бұл күнәһарлықты жер бетіндегі өмірді ана дүние өміріне көшудің даярлық кезеңіне айналдыру арқылы ғана жеңуге болады. Болашақ жұмақ игілігіне ие болу үшін адам шіркеу парыздарына толық бағынып, құдайдан үнемі қорқып, құлдық етіп, өмір сүруі тиіс. Кішкентайынан бастап балалардың тентектік жасауға, жер бетінде ойын-сауыққа бөленуге , көңіл көтеруге әуестенуге деген ынтасын басып тастап отыру керек және қатаң шаралар, оның ішінде ұрып-соғу жазасын, қолдану арқылы мұндай қылықтарды тыю керек. Католик шіркеуі пұтқа табынушылар жасаған антикалық мәдениетке қарсы болды.

XIV-XVI ғасырларда,Қайта өрлеу дәуірінде қоғамдық ой-пікір адамға жаңадан үн қатып, гуманистікке,антика цивилизациясын-мәдениетін,өнерін,ғылымын-қайта өркендетуге шақырлы. Балаға деген көзқарас та өзгерді,гуманистер оны шадыман өмір сүруге,денесін өсіп жетілдіруге,ойын ойнауға,ақыл-ой іс-әрекеттерін жасауға провасы бар жан иесі ретінде қарайды. Бірақ Қайта өрлеу дәуірі,гумаизмінің аристократиялық сипаты болды, қоғамның тек артықшылықтағы бөлігі балаларының мүдделерін қорғады,ал халық балалары шіркеудің қанауында тәрбиелене берді.

Бірінші социолит-утопистер Томас Мордың (1478-1535) «Утопия» және Томмазо Кампанелланың (1568-1639) «Күн қаласы» деген еңбегінде жоқшылықтан,таптық теңсіздіктен,қанаудан азат қоғамдағы жетілген адам туралы армандар өз бейнесін тапты. Т.Мор мен Т. Кампанелла сипаттаған керемет мемлекеттерде мектеп жасына дейінгі барлық балаларға қоғамдық тәрбие беру енгізілген. Олардың дене дамуына үлкен көңіл бөлінеді, оқыту көрнекілікті кең қолданатын ойындар арқылы жүргізіледі.


Ғылыми педагогиканы дамытуды бастаған ұлы славян педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670) мектеп жасына дейінгі балаларға тәрбие беруге үлкен көңіл бөлді. Коменский католик дініне және феодалдық езгіге қарсы шыққан, Чехияның халық бұқарасын біріктірген Чех ағайындыларының діни қауымында болды. Ол дінге сенетін адам еді, бірақ оның дүниеге көзқарасында стихиялық материализм элеметтері де болды. Ол шіркеудің адам күнәһарлығы туралы ойларын жоққа шығарды. Табиғи жан иесі ретінде адам үнемі дамуда болады деп есептеді. Коменский тәрбие арқасында «қай баланы болса да адам етіп шығаруға болады» деп атап көрсетті.

Табиғи дарындылық принциптерін негізге ала отырып, оны табиғат пен адам даму заңдарының жан-жақтылығы, жалпыға бірдей ортақтығы деп түсінген Коменский жас кезеңдерін талдады. Адам дамуы кезеңдерін (балалық, есейгендік, жігіттік, сақалық) сипаттай отырып, ол солардың ішіндегі 6 жылға созылатын біріншісіне ерекше көңіл бөлді. Коменскийдің ойынша дене шапшаң өсіп, сезім органдары жедел дамыған бұл кезеңде кішкентай балалар педагогикалық қабілеті бар, өз тәрбиеленушілерін сүйетін дана аналар басқаратын ана мектептерінде, семьяда тәрбиеленуге тиіс. Коменскийдің мектеп жасына дейінгі балаларға тәрбие беру туралы «Ана мектебі » деген арнаулы еңбегі мектепке дейінгі тәрбие жөнінде дүние жүзінде бірінші программа және құрал болды. Коменский балалардың денсаулығына және дене дамуына мұқият қамқорлық жасауға шақырды. Ол әйелдің жүкті кезіндегі өмір салты туралы бірқатар маңызды да бағалы нұсқаулар берді, жаңа туған сәбиді бағып-қағу жөнінде, оның тамағы мен киім-кешегі,режим және т.б.туралы халық тәжірибесі мен өз заманындағы медицинаға сүйенетін ұсыныстар жасады. Балалардың , деп жазды Коменский, денесі өсіп дамуы үшін жағдай жасауға тиіс. Балалардың жүгіруіне орынсыз шек қойәмау керек, қайта керісінше, олардың басын тік ұстау, отыру, бір нәрсені ұстау, алу, майыстыру, ию, жинау, жинастыр және т.б.дағдыларын дамытып отыр қажет. Осы және басқа дағдыларды, ісакерлікті игеру тек қана ойын түрінде асырылуға тиіс, ал ойын – балаларды дамытудың негізгі құралы.

Коменский адамгершілік нормаларын игеру діни тәрбиемен тығыз байланысты, бірақ оның мақсаты құдайға құлшылық етуге даярлық болмауға тиіс, ал адамның адамгершілік бейнесі қоғамның нақты жағдайлары мен қажеттеріне сәйкес болуға тиіс деп есептеді. Коменсийдің іс-әрекет етуге талаптанушылық, еңбек сүйгіштік, шыншылдық, мұнтаздай таза жүргізушілік, сыпайылық және сол сияқты басқа қасиеттерді тәрбиелеу жөніндегі ұсыныстары да бағалы болды.