ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.12.2023
Просмотров: 73
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Коменский орынды да ақылға қонымды тәртіп принципін жариялады, балаларға жеке бастың үлгісімен, байыпты ұстаздық етумен,ақыл-кеңес берумен, ұялтумен, сөгумен ықпал етуді ұсынды. Ұрып-соғу жазасын тек шектен шыққан жағдайда ғана қолдану мүмкін деп есептеді ол.
Коменский адамгершілік тәрбиесін еңбек тәрбиесімен тығыз байланыстырды,еңбек тәрбиесі белгілі бір жасқа лайықты еңбек дағдыларының қалыптасуын ғана емес, сонымен бірге еңбекті сүюге және еңбекке әдеттенуге тәрбиелеуді көздейді.
Коменский мектепке дейінгі балалық шақты мектепте онан әрі жүйелі оқытудың даярлық кезеңі ретінде қарады. Ол ана мектебі балалардың нақты түсініктерді жинақтауына себепкер болуға тиіс деп есептеді және қоршаған дүние жөнінде мектеп жасына дейінгі бала игеруге тиісті қарапайым білімдердің неғұрлым кең шеңберін егжей-тегжейлі белгілеп берді. Мәселен, жеті жасқа қарай бала жаратылыстану саласында от, ауа, су және жер, жаңбыр, мұз, қорғасын, темір және т.б. дегендердің не екенін білуге тиіс, күнді, айды, жұлдыздарды айырып,күннің қашан ұзақ және қашан қысқа болатынын білуге тиіс. Математика саласында балаға 20-ға дейін санауды үйренуге, тақ және жұп сандарды білуге, 7-нің 5-тен, ал 15-тің 13-тен көп екенін білуге «ұзын», «қысқа», «кең», «тар» деген ұғымдарды игеруге, негізгі шеңбер,шаршы, крест фигуралаын,ұзындық пен көлемнің негізгі адым, қарсы, сүйем, тұтас, жарты, ширек өлшемдерін білуге тиіс.Географиялық танулар қала, деревня, егіс, бау деген екенін түсінуге,өз селосының немесе қаласының атын білуді қамтуға тиіс.Сонымен бірге жыл мерзімдерін білуге, «сағат», «күн», «апта», «ай», «жыл» деген терминдерді түсінуге тиісті.
Аналарға балалардың есі мен ойын дамытуға кеңес бере отырып, Коменский оларды тарих, экономика, саясат бастауларымен, қоғамдық қатынастармен түсінікті формада таныстыруды ұсынды. Ол баланың есіне ықпал етіп қоймай, сонымен бірге ең бастысы қоршаған дүниенің құбылыстарын ақыл-ойға сала қабылдап, ұғыну сезімін дамыту керек деп кеңес берді.
Коменскийдің көптеген қағидалары- дене тәрбиесі туралы тіл иен ойлау қабілетін дамыту туралы адамгершілік қастеттерін тәрбиелеу туралы дүние жүзілік педагогиканы дамвту ісіне қосылған маңызды үлес болды.Я.А.Коменскиийдің бұдан үш жарым ғасыр бұрын дерлік жазылған «Ана мектебі» атты көрнекті еңбегі мектепке дейінгі тәрбие теориясын жасаудағы бірінші және тамаша талаптанушылық болды,ол кішкентай балалардыцң жас ерекшеліктеріне қарай оармен ұйымдастырылған жұмыс жүргізуге негіз қалады.
Әрбір балаға әуел бастан оның бойына дамуға бейім келетін қасиеттердің нышаны тән деп есептеді Песталоций.Табиғи дарындылық приципін басшылыққа ала отырып, ол педагогтан балалардың жас мүмкіндіктерімен және ерекшеліктерімен санасуды талап етті. Песталоций оқыту процесін балалардың психологиялық даму заңдылықтарын есепке ала отырыып, ол оқыту процесінде бөлшектерден бүтінге, жақыннан алысқа,қарапайымнан күрделіге бірте-бірте көшуді, соның өзінде үздіксіздік пен дәйектілікті сақтауды ұсынды.
Песталоции тәрбие жүйесінің алдына барлық балалардың дене, еңбек, адамгершілік,ақыл-ой жағынан үйлесімді даму міндетін қойды. Ол бала үшін неғұрлым тән табиғи қозғалыстарға негізделген «элементарлық гимнастика» жүйесін ұсынды, «іскерлік әліппесі» деген қызықты идеяны алға тартты, одан әрі ол, «индустриялық гимнастика» болып дамуы тиіс еді.Бұл гимнастика,оның пікірі бойынша,балаларды еңбек іс-әрекетіне, оның ішінде өндірісте еңбек етуге даярлайды.
Песталоцци жүйесінде адамгершілік тәрбиесі, айналадағы адамдарға сүйіспеншілікпен қарау сезімін дамыту жетекші орын алады. Адамгершілік тәрбиесінің құралдары, біріншіден, айналадағы ең жақын ортадан балалардың алған мейірбандық,сүйіспеншілік көзқарасын адамдардың, құбылыстардың, заттардың неғұрлым кең шеңберіне және,екіншіден, педагогтардың көмегімен жинақталған балалардың жеке өздерінің тәжірибесін (бір қылықтан баланың өз бетінше безінуі және басқалардың мүддесі үшін бірдеңені құрбан етуі,қандайда болсын күш жұмсауы т.б.) тарату болып табылады.Адамгершілік сипатындағы қылықтарында жаттығудың осы тәрізді тәжірибе жасау негізінде бала жеке басының мүддесінен өз еркімен бас тартуға үйренеді, басқаларға көмектестім деген сана сезімнен ләззат алады.
Ақыл-ой тәрбиесі саласында Песталоццидің педагогика тарихындағы мәнін анықтап берген оның маңызды екі қағидасы бар.Біріншісі, оқыту процесінде көрнекілікті барынша кең қолдану қажеттігін дәлелдеу және насихаттау болды. Пестолоцци танымның басталар сәті сезімдік қабылдау деп есептелді және балалардың бойында бақылау мәдениетін қалыптастыру қажеттігін талап етті. Сан, форма, сөз барлық заттар үшін тән және қарапайым элементтер болып табылады, сондықтан баланы ең әуелі санауға, өлшеуге және сөйлеуге үйрету керек болады. Пестолоцци балаларға ана тілін, есепті және өлшемді ең алғаш оқыту методикасын талдап жасады, кез-келген шаруа әйел оны өз балаларымен сабақ өткізуде пайдалана алатындай етіп оңайлатты. Оның ұсынған дидактикалық материалдары кейінен кең таралды.
Песталотццидің өзге бір қағидасы дамыта отырып оқыту туралы идея болды, яғни оқу процесінің құрылымы мынадай болуға тиіс: тек мәліметтердің жинақталуына апарып қана қоймай, сонымен бірге балалар қабілетінің дамуынада апарады, оларды болашақта өздігінен қызмет етуге даярлайды. Бұл идея орасан жемісті болып шықты және көптеген педагогтардың еңбегінде онан әрі дамытыла түсті.
Петалоцци басты да таңдаулы тәрбиеші ана деп есептеді. Семьялық бастапқы тәрбиеге орасан зор маңыз бере келіп, оның дұрыс бағыт алуына қамқорлық ете отырып,ол «Аналар кітабы,немесе Балаларды бақылауға және сөйлеуге қалай үйрету жөнінде аналарға арналған басшылық»атты арнаулы құралды құрастыруға белсенді қатысты. Кітап материалдары баланың қоршаған орта жөніндегі түсінілген кеңейту және тәртіпке келтіру жағынан анаға көмек көрсетуге тиіс болды.
Песталоццидің қоғамдық-саяси көзқарастарының бүкіл тар шеңберлігі және утопиялығы бола тұрса да оның халыққа деген асқан сүйіспеешілігі, ағартушылық қызметі және оның ұсынған идеялары дүние жүзілік педагогикалық ой-пікірдің дамуына үлкен әскер әсер етті.
XIX ғасырдың екінші жартысында - XX ғасырдың басында Европада неміс педагогы Фридрих Фребельдің (1782-1852) мектепке дейінгі тәрбие теориясы кең таралды.
Фребель «балалар бақшасы» деген терминді енгізді, мұның өзі бүкіл дүние жүзінде жаппай қабылдады. Мектепке дейінгі мекеменің бұлай аталуынан, сондай-ақ тәрбиеші әйелді Фребель «баулаушы»деп атағандығынан оның балаларға деген сүйіспеншілігі, мақсатты педагогикалық ықпалдың маңызы жоғары баға бергені айқын көрсетілді.
Фребель дидактикалық ойындар мен алуан түрлі сабақтардың жүйесін құруды бастады,оларды жүргізу жөніндегі методикалық нұсқауларға талдау жасады. Ол балалармен олардың жасына сәйкес жұмыс жүргізудің алуан тәсілдеріне талдау жасай отырып, мектепке дейінгі тәрбие практикасын едәуір байытты. Фребель сәби және мектепке дейінгі балалардың тілін қалыптыстыру кезеңдерін егжей-тегжейлі көрсетті және затпен таныстырудан бұрын оның атын білу қажеттігін талап етті. Балалардың түрлі матералдармен істейтін жұмысы жөнінде Фребельдің ұсыныстарында көп құндылық болды.
2.2. Дамудағы әлеуметтік орта мен тәрбиенің жетекші ролі.
Мектепке дейінгі балалар әдетте ойынды, сурет салғанды жақсы көреді, ересектермен және өзі қатарлы балалармен лезде тіл табысып кетеді. Мектепке дейінгі шақтың әсіресе, алғашқы үш жылы психологияда «қауіпті» кезең аталып, өзіне зерттеушілердің үлкен зейінін аударуда. П. Бадалян «...осы уақытта сәби арнайы үйрету мен тәрбие көрмесе, кейін ол өте қиынға түсіп, тіпті кеш болуы да мүмкін» деген. Дер кезінде тәрбие мен үйрету көрген бала бес жасында еш қиындықсыз таза сөйлей білуі тиіс.
Сонымен мектепке дейінгі жас - ерте онтогенез кезеңіндегі ең ұзақ және күрделі психикалық даму көрінісі болып табылады. Мұның өзі психологиялық зерттеулердің объекті ретінде қосылды және ол ғылыми әдебиеттерде оқиғалардың әр алуандығылығы ретінде көрсетіледі.
Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Л.С. Выготский пікірінше, ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін жетекші, басты құбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырып, қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып үйрене бастайды. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойнайды, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері мен таным үрдістері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды.
Атақты психолог ғалымдары Л.С. Выготский, А.И. Леонтьев, А.С. Запорожец, Л.Д. Венгер, Д.Б. Эльконин, Е.И. Игнатьева, Ю.К. Бабанский, И.Я. Лернер т.б. зерттеушілердің еңбектерінде мектеп жасына дейінгі балалардың жеке басының қалыптасуына әсер ететін әртүрлі іс-әрекеттердің ішіндегі ең маңыздысы шығармашылық белсенділіктің сапалығына назар аударады. Алайда мектепке бару қарсаңында баланың психологиялық даму деңгейінде жекелей өзгешеліктер өсе түседі. Бұл өзгешеліктер мынадан көрінеді: балалар бір-бірінен ақыл-ой, адамгершілік және жекелей дамымен ажыратылады. Олай болатын болса, балаларға психологиялық қолдау жасау бiлiм беру мекемелерiнiң (балабақша, мектеп) ең негiзгi мiндетi болып табылады.
Тәрбие — жеке тұлғаның калыптасуынын шешуші факторы ретінде. Тұқым қуалаушылық, орта және тәрбие жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының негізгі объективті факторлары болып табылады.
Бұл орайда тұқым қуалаушылыққа(биологиялық факторға) жалпы адамзаттықпен қатар тұлғалық гендік қордыда қамтиды. Іс-әрекеттің кез-келген түріне деген анатомиялық-физиологиялық нышандар жеке тұлғаның дамуы мең қалыптасуында ерекше рөл атқарады.(мысалы, есту мүшелерінің құрылысы, ойлау қабілетіндегі ерекшеліктер, т.б.). Олар баланың қабілеттілігі, дарындылығы және дарыны дамуының алғышарттары болып табылады. Кейбір жағдайларда бұл нышандар өте ерте (сәби кезінде және мектепке дейінгі жасында), кейбір жағдайларда кешірек, ал енді бірде, ер жеткен кезде ғана көрініс бере бастайды.
Биологиялық нышандар мен қасиеттердің дамуы адамның функционалды пісіп жетілуі мен қалыптасу процесін сипаттайды, содан кейін оның сүйектері, бұлшық еттері, сонымен қатар ішкі мүшелері мен жүйелері дамиды. Адамның биологиялық пісіп жетілуі мен өзгеру процесі оның дамуы мен мінез-құлығының жас кезеңдерінде көрініс табады. Адамға табиғи берілген белгілерді дамьпуда ең маңыздысы, жанұяда болсын, қоғамдық тәрбиелік- білім